Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет87/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

М.Бекболғанова 
Ғылыми жетекшісі Б.Шалабай 
Ғ.МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛІ: ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
ТАЛДАУ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер.Ғ.Мүсірепов шығармашылығы.Жазушы 
шығармаларындағы этнографизмдер. Этнолингвистикалық талдау. 
Тірек сөздер:Мүсірепов, шығармалар,этнографизмдер, этнолингвистика, талдау. 
М.Бекболганова 
Научный руководитель Б.Шалабай 
ЯЗЫК ПРОИЗВЕДЕНИЙ Г.МУСРЕПОВА: ЭТНОЛИНГВИСТИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Творчество Г.Мусрепова. Этнографизм 
произведений писателя. Этнолингвистический анализ. 
Ключевые слова: Г. Мусрепов, произведения, этнографизмы, этнолингвистика, анализ 
M.Bekbolganova 
scientific аdvisor B.Shalabai 
LANGUAGE OF G. MUSREPOV’S WORKS: ETHNOLINGUISTIC ANALYSIS 
AbstractThe issues dealt in this article. Creativity of G.MusrepovEthnographism in the writer's works. 
Ethnolinguistic analysis.
 


 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
69 
Keywords: G. Musrepov, works ethnographism, ethnolinguistics, analysis.
 
«Этнолингвистика - этностың нысандық 
болмысынан туып, санасында сараланып, 
тарихи жадында сақталып, тілі арқылы қалып-
тасып, қорланып рухани-мəдени мұра ретінде 
атадан балаға, əулеттен нəсілге үзілмей ауып 
келе жатқан дəстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-
жақты зерттеп, танымдық мəнін ашып, болашақ 
ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге 
келген тіл білімінің күрделі де құнарлы 
саласы»[1]. 
Этнолингвистиканың негізін салған ғалым 
В.Гумбольдт (1767-1835) «Ява аралдарындағы 
киви тілдері» атты еңбегінің алғысөзінде этно-
лингвистикалық ұстанымдардың тиянақты кон-
цепциясын баяндап берді. Л.Вайсгербер оның 
идеясын жалғастырып (1950), «Неміс тілінің 
күші туралы» атты төрт томдық еңбегінде неміс 
мəдениетінің ұлттық сипатын зерттеді. Тіл бір-
ліктерінің астарында этностың қасиеттері мен 
мəдени асыл қазыналарының мол қабаты 
көрініс беретіндіктен, бұл мəселенің шешімін 
ізденуші этногроф, философ, əлеуметтанушы, 
психолог ғалымдар да əр дəуірде сан алуан ой-
пікірлер айтты. Бұл бағытта зерттеудің алғашқы 
нысандарын ХУШ-ХІХ-ғы неміс ғалымы Иоган 
Гердердің еңбектерінен бастау алатынын атауы-
мызға болады. Ол ұлттың, этностың рухани құн-
дылығы — миф, таным-түсінік, тіл, моральдық 
нормалар, əдет-ғұрып, салт-дəстүр қағидаларын 
уақыт пен кеңістік аясында қарастыруға ерекше 
назар аударса, тіл білімінің аса көрнекті ғүла-
масы Вильгельм Фон Гумбольдт — тілдің жа-
рыққа шығуы адам-заттың ішкі қажеттілігімен 
байланысты, ол тек адамдар арасындағы қарым-
қатынас құралы ғана емес, адамда жара-
тылысынан бар рухани күш пен дүниетанымдық 
білімді дамыту үшін керек, яғни əр халық өз 
тілін - адам іс-əрекетінің қаруы ретінде жасайды, 
- деп түжырымдайды[2]. 
Этнолингвистика ғылымына қазақ ға-
лымдарының ішінен өз үлестерін қосып келе 
жатқан ғалымдар қатарына Ə.Қайдар, М.Копы-
ленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Р.Сыздық, 
Н.Уэлиев, Б.Қалиүлы, Г.Смағұлова, Б.Момы-
нова, Ғ.Аронов, Р.Шойбеков, Қ.Ғабитханүлы, 
Ш.Сейітова, Р.Иманалиева, Б.Қарағұ-лова сын-
ды ғалымдарды жатқызуға болады. 
Алдымен, Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы 
этнографизмдерді талдамас бұрын, Ə.Қайдар-
дың еңбегінен қазақ этнолингвистикасының 
өзіндік ерекшеліктерін танытатын тұжырым-
дарды келтірейік. 
Қалай болған жағдайда да: қазақ этно-
лингвистикасының бүгінде өзінше түйген ой-
түжырымы, өзінше бағамдап, бағдарлауы, өзіме 
тəн деп айта алатын ерекшеліктері жоқ емес. 
Солардың біразын санамалап өтейік: 
1. Қазақ этнолингвистикасының өзі үшін 
біржолата басын ашып, айқындап алған мəсе-
лесі - қазақ этносының ұлттық бейнесін, өзіндік 
болмысын толық та түбегейлі түрде тек оның 
тіл байлығы - «тіл əлемі» арқылы ғана жан-
жақты танып-білуге болатындығы. 
2. Қазақ этнолингвистикасы алдына қойған 
мақсаттың мүддесінен шығу үшін этнос тіліне 
қатысты көптеген қоғамдық пəндермен де, лин-
гвистика салаларымен де бірлесе отырып, өзара 
сыбайласа, іліктесе əрекет ететін, бірақ олардың 
бірде-біреуінің шылауында жүрмейтін, пəн-
аралық қызмет атқарып, «қолбала» да бол-
майтын, өзіндік үрдісі мен принципін сақтаушы 
əмбебап ғылым. 
3. Қазақ этнолингвистикасы қазақ тілінің 
лексикалық байлығын мүмкін болғанша түгел 
қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. Тіл əле-
міндегі этнос бейнесін тек лексика қорының жиі 
қолданылатын «үстіңгі қабатындағы» мағы-
налық бірліктер негізінде ғана емес, сонымен 
қатар оның төменг қабаттарында, қой-науында 
тұнып жатқан сөз маржандары ар-қылы да 
жаңғыртуға тырысады. Этнолингвистикалық 
зерттеулердің өзіндік ерекшелігі - əдеттегі сөз-
діктерге ене бермейтін құнарлы да сапалы, бей-
нелі де көркем, көне де байырғы сөз өрнектерін, 
тіпті айтуға тыйым салынған «ұят» сөз 
деректерді де, əзіл-қалжыңдарды да қамтуында. 
4.Қазақ этнолингвистикасының тағы бір 
принципі - лексикалық байлықтың мазмұны мен 
мəн-мағынасын этностық таным тұрғысынан 
толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы 
мағлұматтар мен құнды деректерді түгел 
сөйлету, тілдің өзіне тəн бояу-нақышымен бей-
нелі де көркем түрде суреттеу. 
Бұл принциптер мыңдаған бірлікті екі түрлі 
деңгейде - алғашқы номинативтік мағынасы мен 
этностық танымынан туындаған «этнолингвис-
тикалық мағынасы» деңгейінде түсіндіруді, 
анықтауды, топшылауды, сипаттауды талап 
етеді.
5. Қазақ этнолингвистикасының мықтап 
ұстанатын принциптерінің тағы бірі жүйе-
лілік.Мұны этнолингвистикалық зерттеу-лерде 
тұрақты да бірізділікпен қолдану əдіс-тəсіл-
дерінің бірі жəне ең тиімді тетігі деп санаға жөн 
[1,2]. 
Жоғарыда айтылған академик Ə.Қайдардың 
пікіріне сүйене отырып, 
қазақтың баршамызға 
танымал жазушысы, қоғам жəне мемлекет қай-
раткері Ғ.Мүсірепов шығармалары тілінің ұлт-
тық болмысты танытатын қырларына соқпай 
өте алмаймыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет