Қ.Мадибаева
ВОПРОСЫ ИССЛЕДОВАНИЯ СТИХОСЛОЖЕНИЯ АБАЯ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Стихотворения Абая. Стихосложение. История,
современное состояние и перспективы исследования стихосложения Абая.
Ключевые слова: Абай,стих, стихотворение, стихосложение, изученность, история, современное
состояние, перспективы.
K.Madibaeva
THE ISSUES OF RESEARCH OF ABAI’S POEMS’ STRUCTURE
Abstract. The issues dealt in this article.
The poems of Abai. Versification. History, current status and
prospects of studies of Abai’s poems’ structure.
Keywords: Abay, verse, poem, poetry, research, history, current status and prospects.
Абай өлеңі – ақындықтың алуан құбылған
мінезі. Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге
қуаныш жайылған сəт. Тылсымға қамалып,
тығырыққа тіреліп, болымсызға болдырып
отырған шарасыз күй. Жан жанып, жанарда
күн ойнап қайтадан тірілген құштарлық...
Абай жырының өлмейтін өлең мəніндегі
құпиясының бірі оның құрылымында. Сол
негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу
қашан да мəнді.
Кейінгі кезеңде Абай ақындығы, Абай
дүниетанымы, Абайдың өмірбаяны, Абайдың
əдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында
елеулі жаңа ғылыми бағыттар айқын-дала
түсіп отыр. Өскен, озған жұрттардың өнеге-
сінде Абайдың ақындық əлеміне біз де түбе-
гейлі бас қою мүмкіндігіне ие болдық. Тарих
қазақтың тағдырын сан мəрте талқыға салған
тұстарда тұтас танымға тарту мүмкін болмаған
Абай ақындығы айналасына барып тірелетін
тарихи-əлеуметтік, мəдени негіздер мен көр-
кемдік заңдылықтардың дəстүрлі, жаңа-
шылдық бағыттар аясындағы өрісі қазіргі
кезеңде соны саралаудан өтіп, тың пайым-
даулармен тұғырлана түсуі – абайтануың
қазіргі кезеңдегі ғылыми нəтижелері əрі келе-
шек зерттеу бағдарлары. Абай ақынығын осы
тұрғыда ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің түрі
мен тегі туралы тұғырлы тұтас таным аясында
жүйелі ғылыми негізде бағалап, саралаудың
өзіндік мəні бар.
Абай ақындығының айналасын айқындай
түсуде, ұлттық арқау, шығыстық, батыстық
негіздерін игеруге ұмтылуда Абаймен тұстас,
|