Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет98/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
78 
лама шегінде жүктеген тапсырмаларын орындау 
барысында) негізге ала отырып, зерттеудің 
қажетті əдістерін таңдау (ағымдағы əдістерді 
өзгертіп, жаңа түрлерін ойлап табу); 
- зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында 
қазіргі заманауи əдістерді, ақпараттық техноло-
гияларды қолдану; 
- алынған нəтижелерді өңдеу, саралау жəне 
дайын зерттеу өнімдерін (зерттеу жұмысы 
туралы есеп, мақала, магистрлік дисертация 
бөлімдері) таныстыру;
- атқарылған жұмыстың нəтижелерін редак-
циялау жəне қазіргі заманауи технологияларды 
пайдаланып, «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы 
есеп. Рəсімдеу құрылымы мен ережелері» 
ГОСТ 7.32-2001 талаптарына сəйкес рəсімдеу. 
3. Тəжірибе жүргізу орны мен мерзімі 
3.1 ЗТ аталған мамандық бойынша ма-
гистрларды даярлайтын əдеби шығармашылық 
жəне көркем аударма теориясы кафедрасында, 
университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу 
институтында, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұ-
мысын жүргізетін басқа ұйымдарда, кəсіп-орын-
дарда жəне мекемелерде келісім-шарт негізінде 
жүргізіледі. 
3.2 Ғылыми-зерттеу тəжірибесінің тапсыр-
масы мен өтетін орнын, магистрлік диссертация 
тақырыбын қазіргі аударматану теориясы мен 
тəжірибесі саласына сəйкес келетіндей етіп 
ғылыми жетекші мен магистрант таңдайды.
3.3 Тəжірибенің мерзімі мен ұзақтығы оқу 
жоспары мен жылдық оқу күнтізбеге (оқу 
кестесі) сəйкес бекітіледі.
4. Тəжірибе мазмұны 
4.1 ЗТ мазмұны ЖОО кейінгі білім берудің 
(магистратура) 
мемлекеттік 
стандарт-тары 
арқылы тəжірибе жүргізілетін бөлімшелердің 
мүддесі мен мүмкіндіктерін ескере отырып 
анықталады. ЗТ өту барысында магистрант 
мыналарды игеруі керек: 
- тəжірибелік жұмыстарды зерттеу жəне 
жүргізу əдістері мен зерттеу құралдарын 
пайдалану ережелерін; 
- тəжірибелік жəне эмпирикалық мəлі-
меттерді саралау мен өңдеу əдістері, мəлі-
меттерді өңдеу құралдары мен əдістерін; 
- отандық жəне шетелдік ғалымдардың 
қарастырылып отырған мəселе бойынша ғы-
лыми-теориялық əдістерін, зерттеу тақырыбы 
бойынша ғылыми салада жинақталған мəлі-
меттерді саралау əдістерін; 
- ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, 
жоспарлау жəне жүзеге асыру əдістерін, ғылы-
ми-зерттеу жұмысының нəтижелерін рəсімдеу 
бойынша білімдерін пайдалану; 
- арнайы дайындықтың таңдалған бағыты 
бойынша қажетті кəсіби біліктілікті меңгеру; 
- көркем əдебиетпен жұмыс жасау қабілеті 
мен қазіргі заманауи ақпараттық технология-
ларды қолдану арқылы библиографиялық жұ-
мыс жүргізу қабілетін, түпнұсқа мен аударма 
тіліндегі деректерді, сондай-ақ ғылыми əдебиет-
пен жеке жұмыс жасау қабілетін бекіту; 
- ғылыми зерттеу əдістерін меңгеру; 
- өз бетінше үздіксіз білім алу қажеттілігін 
қалыптастыру; 
- магистрлік диссертацияны дайындау үшін 
нақты материал жинақтау; 
- магистрлік диссертация тақырыбына 
байланысты статистикалық жəне əлеуметтік 
зерттеулер жүргізу; 
- сауалнама жүргізу жəне сұхбат алу 
əдістемелерін меңгеру (сауалнама жасау, 
сұрақнама, саралау жəне нəтиже шығару); 
-анықтама-библиографиялық жүйелерді, ақ-
парат іздеу əдістерін зерттеу; библиографиялық 
анықтамалықтармен жұмыс жасау қабілетін 
меңгеру, ғылыми-библиографиялық тізімдер 
жасау, ғылыми жұмыстарда библиографиялық 
сипаттауды пайдалану; 
- отандық жəне шетелдік кітапхана қор-
ларының электронды мəлімет базаларымен жұ-
мыс жасау; 
- ЖОО кейінгі білім беру жүйесі шегінде 
ғылыми зерттеу жұмыстарын жалғастыру үшін 
магистранттың зерттеу қызметінің нəтижелерін 
даярлау мен жалпылау. 
4.2 Магистранттың тəжірибе барысында 
орындайтын жұмысының негізгі түрлеріне 
мыналар жатады: 
- ұйымдастыру жұмысы; 
- негіздеуге бағытталған теориялық жұмыс
жоспарланған зерттеудің теориялық-əдістемелік 
базасын таңдау; 
- зерттеуді жүргізу жəне ұйымдастыруға, 
эмпирикалық 
мəліметтерді 
жинақтауға 
байланысты тəжірибелік жұмыс; 
- алынған нəтижелерді мақала, диссертация 
бөлімі мен ғылыми есеп түрінде жалпылау жəне 
рəсімдеу. 
Ұйымдастыру жұмысына - тəжірибе бойын-
ша бастапқы жəне қорытынды жиналыстар мен 
кеңестерге қатысу, тəжірибе қорытындысы 
бойынша есеп құжаттамасын даярлау кіреді.
Теориялық жұмысқа - жоспарланған жұмыс-
тың теориялық базасын, əдістемелік не тəжіри-
белік зерттеу құралдарын таңдау, зерттеудің 
мақсаттары мен міндеттерін қою, болжам жасау, 
зерттеу шараларын жүргізу жоспарын жасау 
мақсатында ұсынылған не бекітілген зерттеу 
тақырыбы бойынша ғылыми əдебиетпен танысу 
жатады. 
Тəжірибелік жұмысқа - зерттеу шараларын 
ұйымдастыру, жүргізу жəне бақылау, алғашқы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет