Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідей қасиеттері ескеріледі: - Морфологиялық (бактериалды жасшаның пішіні, көлемі, сыртқы түрі, өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу қабілеті, көбею түрі.
- Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, тыныс алу типі, патогендігі, температураның әсері және т.б)
- Дақылдық (тығыз және сүйық қоректік ортадаларда өсу сипаты, түзетін колонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі, колонияның шеттері және беткейі)
- Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі айырмашылықтары)
СИСТЕМАТИКА МИКРООРГАНИЗДЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ - БӨЛІМ
- КЛАСС
- РЕТІ
- ТҰҚЫМДАСТЫҚ
- ТҮР
- ТҮРІ
- СЕРО- ХЕМО-
- МОРФО- ВАРИАНТТАР ФАГО-
- БАКТЕРИОЦИНДІ ДАҚЫЛДЫҚ
МЫСАЛЫ: - БӨЛІМ- BACTERIA
- ТҰҚЫМДАСТЫҚ ENTEROBACTERIACEA
- ТУЫС- ESCHERICHIA
- ТҮРІ- ESCHERICHIA COLI (E.coli)
- МОРФОВАР- S-ФОРМА
- БИОВАР- Lac+
- ПАТОВАР- Ent+
- СЕРОВАР- O55
- ФАГОВАР- 2
- E.coli S-форма: Lac+: Ent+ :O55 :2
Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады. - ТҮР –шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын микроорганизмдер ортақ генотипке ие.
- ТАЗА ДАҚЫЛ – бір түрге жататын микроорганизмдердің жиынтығы.
- КОЛОНИЯ – тығыз қоректік ортаның түбінде және бетінде жиналған бір түрге жататын бактериялар
- ШТАММ – әр жерден немесе белгілі уақытта алынған бір түр бактериялардың таза дақылы
- КЛОН – бір бактериалды жасушадан өсіп өнген популяциясы (ұрпағы)
Бактериялардың 3 негізгі пішіні бар: шар тәріздес, таяқша тәріздес және иілген (спираль)тәріздес. Иректелген (спираль)тәрізіділер - I. Шар тәріздес (коктар):
- монококтар (микрококтар);
- диплококтар;
- тетракоктар;
- сарциналар;
- стрептококтар;
- стафилококтар;
- II. Таяқша тәрізділер – пішіні жасушаның орналасуына (диплобактериялар, стрептобактериялар), соңынын пішіні (қалыңдаған, үшкірленген, дөңгеленген, тік бөлінген) бойынша ажыратылады.
- III. Иректелген – иректер саны бойынша бір-бірінен ажыратылады
Бактерия жасушасының химиялық құрамы: - Су-70-90%-ға дейін
- Құрғақ зат:
- -ақуыздар-52%
- -көмірсулар-17%
- -майлар-9%
- -РНК-16%
- -ДНК-3%
- -минералды заттар-3%
- Микроб жасушасының химиялық элементтері:
- Азот -8-15%
- Оттегі-25-30%
- Көмірсу-45-55%
- Сутегі-6-8%
- Минералды заттар-2-15% құрайды
Достарыңызбен бөлісу: |