Министерство науки и высшего образования республики казахстан


уровень (средней сложности)



бет3/4
Дата01.02.2024
өлшемі241.58 Kb.
#490461
1   2   3   4
Емтихан сұрақтары-2023 1

2 уровень (средней сложности)
Максим. балл - 20



Сұрақ / Вопрос

1

Q =8нКл және Q = - 6нКл екі нүктелік зарядтың ортасында жатқан нүктедегі электр өрісінің кернеулігін анықта. Екі заряд арасындағы арақашықтық r=10см;
(ε= 1,k=9·109Н·м2 /Кл2).

2

Жазық конденсатордың пластиналары арасындағы потенциалдар айырымы U=90 B. Әрбір пластина ауданы S=60см2 , оның заряды q=1нКл. Пластиналар бір-бірінен қандай d арақашықтықта орналасқан?

3

ЭҚК – і ε = 2 В элементтің ішкі кедергісі r = 0,5 Ом. Тізбекте тогы I = 0,25 А элементтің ішкі Ur потенциалының кемуін табу керек. Осы кездегі тізбектің сыртқы кедергісі қандай?

4

Сыйымдылығы C=20мкФ конденсатор U=100В потенциалдар айырымына дейін зарядталған. Осы конденсатордың W энергиясы қандай ?

5

Лампылы реостат параллель қосылған кедергілері ri=300 Ом бес электр лампысынан тұрады. Реостаттың кедергісін табу керек: а) барлық лампы жанады; б) бір, екі, үш төрт лампы бұрап шығарылды.

6

Кернеулігі H=79,6 кА/м біртекті магнит өрісінде квадрат рама орналасқан. Рама жазықтығы магнит өрісінің бағытымен 450 бұрыш жасайды. Рама қабырғалары a=4 см . Раманы тесіп өтетін Ф магнит ағынын табу керек.

7

Бойымен I=1А ток өтіп жатқан радиусы R=1см дөңгелек сым орамының центріндегі магнит өрісінің H кернеулігін анықтау керек.

8

Индукциясы В = 0,1Тл біртекті магнит өрісінде ауданы S=25см2 квадрат рама орналасқан. Рама жазықтығына түсірілген нормаль магнит өрісінің бағытымен 600 бұрыш жасайды. Егер рама бойымен I = 1А ток өтсе, оған әсер ететін М айналдырушы момент қандай?

9

Жинағын линзаның қисықтық радиусы R=20см Линзадан a1=30см арақашықтықта биіктігі у1=1см АВ денесі орналасқан. Бейненің орны a2 мен биіктігін у2 табу керек. Сызбасын беріңіз, алынған бейненің сипаттамасын жазыңыз.

10

Нәрседен жұқа линзаға дейін 5см, ал линзадан бейнеге дейін 5см, фокустық арақашықтық неге тең?

11

Саңылауға толқын ұзындығы λ монохро-матты жарық сәулелері параллель келіп түседі. Саңылаудың ені 6 λ болса, спектр-дің үшінші минимумы қандай бұрышпен көрінеді?

12

Егер дифракция торының периоды 3,6 мкм болса, дифракцияның 3-ретінде қандай толқын ұзындығы байқалады?

13

Радиусы 5 см қыздырылған шар 5 секунд уақыт ішінде 0,5 МДж энергия шығарады. Қыздырылған шарды абсолют қара дене деп есептеп, оның температурасын табыңыз. (σ =5,67·10-8Вт/м2К4)

14

Абсолют қара дененің 2000 К температурадағы энергетикалық жарықталынуы және шығару қабілеттілігінің максимумына сәйкес толқын ұзындығын табыңыз.
(σ =5,67·10-8Вт/м2К4; в=2,9·10-3м·К)

15

Екі абсолют қара дененің біреуінің температурасы 1200 К. Егер бірінші дененің жарық шығару қабілеттілігінің максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығынан екінші дененің жарық шығару қабілеттілігінің максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 1,45 мкм-ге қысқа болса, онда екінші дененің температурасын табыңыз.
(в=2,9·10-3м·К)

16

Металл үшін фотоэффектінің қызыл шегі 2×1015 Гц толқын жиілігіне сәйкес келеді. Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы 1,5 эВ тең болғандағы жарықтың толқын ұзындығын табыңыз
(h=6,63·10-34Дж·с; с=3·108м/с)

17

Фотоэффектінің қызыл шекарасы кейбір металдар үшін 1.2·1015Гц жиілігіне сәйкес келеді.Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясы 1,3эВ болған кездегі сәулелену толқын ұзындығын табу керек. (h=6,63·10-34Дж·с)

18

Фототок 1,5В бөгеуші потенциалдар айырымында тоқтайды. Металл бетінен ұшып шыққан фотоэлектрондардың максимал импульсын анықтаңыз.
(е=1,6·10-19Кл, mе=9.11·10-31кг)

19

Электронның импульсі толқын ұзындығы 550 нм фотонның импульсіне тең деп есептеп, электронның жылдамдығын табыңыз. (h=6,63·10-34Дж·с; mе=9.11·10-31кг)

20

Фотонның энергиясын электронның тыныштық күйдегі энергиясына тең деп есептеп, фотонның толқын ұзындығын табыңыз.
(h=6,63·10-34Дж·с; mе=9.11·10-31кг; с=3·108м/с)

21

Егер атомда алғашқы үш электрондық қабат толық толтырылған болса, ал төртінші қабатта 4s және 4p, 4d қабатшалар толтырылған, ал бесінші қабатта 5s, 5р – қабатша толтырылған болса, элементтердің периодтық жүйесінде элементтің реттік номерін анықтау керек. Әрбір қабаттағы және қабатшадағы электрондар санын көрсетіңіз.

22

Рентген сәулелері еркін электрондармен соқтығысып комптонша шашырайды. Толқын ұзындығы 12 пм шашыраған сәуле 600 бұрыш жасайды. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығын (пикометрде) табыңыз.
(h=6,63·10-34Дж·с; mе=9.11·10-31кг; с=3·108м/с)

23

Еркін электрондарда комптон шашырауынан кейін рентген сәулесінің толқын ұзындығы 3,63 пм-ге ұзарды. Шашырау бұрышын табыңыз.

24

Толқын ұзындығы 484 нм жарықпен жарықтандырылған металдан электронның шығу жұмысы 2,1 эВ болса, онда бөгеуші потенциалдар айырымын табыңыз.
(h=6,63·10-34Дж·с; е=1,6·10-19Кл; с=3·108м/с)

25

Сутегі атомындағы электрон төртінші энергетикалық күйден екіншіге өткен кезде шығаратын фотонның импульсін табыңыз.
(h=6,63·10-34Дж·с; R=3,29·1015Гц; с=3·108м/с)

26

Төртінші энергетикалық күйден екіншіге өткендегі сутегі атомы жарығының толқын ұзындығы үшінші күйден бірінші күйге өткен кездегі толқын ұзындығынан неше есе үлкен?
(R=3,29·1015Гц; с=3·108м/с)

27

Сутегітектес гелий атомының электроны үшінші энергетикалық күйден негізгі энергетикалық күйге орын ауыстырғанда шығарылған фотонның энергиясын (жауабын эВ-пен көрсет) табу керек.

28

Мырыш атомының ядросы ( ) K қабығынан электронды алып, біраз уақыттан кейін позитрон шығарды. Осы процестер нәтижесінде пайда болған ядродағы протондар санының нейтрондар санына қатынасын табыңыз.

29

Термоядролық реакцияларда бөлініп шығатын энергияны табу керек:

(m(6Li3)=4,00260м.а.б., m(2H1)=2,01410м.а.б., m(4He2)=4,00260м.а.б., с2=931,4(МэВ/м.а.б.)

30

атомы ядросындағы барлық бөлшектердің қосынды массасын табу керек.

31

Берілген ядролық реакциялардағы белгісіз элементті анықтау керек:



32

уран атомы ядросының радиусы гелий атомы ядросының радиусынан қанша есе үлкен? (α=1,3·10-15м).

33

Мынадай реакция кезінде бөлініп шығатын энергияны табу керек:

(m(7Li3)=6,01512 м.а.б., m(2H1)=2,01410 м.а.б., m(8Be4)=8,00531 м.а.б., m(1n0)=1,008665 м.а.б., с2=931.4МэВ/м.а.б)

34

литий атомы ядросының W байланыс энергиясын табыңыз: (mp=1,00814м.а.б., mn=1,00899м.а.б., mя=7,01813м.а.б., с2=931,4(МэВ/м.а.б.).

35

Реакциялардағы жетпей тұрған белгіні жазу керек:

Төмендегі ядролық реакцияның екінші затын (өнімін) табыңыз:








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет