Минусовки, оригиналы, тексты песен и многое другое на сайте



Дата11.06.2016
өлшемі26.35 Kb.
#128854

powerpluswatermarkobject6104470Минусовки, оригиналы, тексты песен и многое другое на сайте http://Kumarov.jimdo.com/

Ал халайық халайық

Берменінек келіңдер

Осы тойға себепші

Жас келінді көріңдер

Сыбырласып өсек қып

қызықтан сендер қалмаңдар

Бастаймын мен беташар

беташарды тыңдандар

Беташарды бастайын

өсиет айтып тастайын

шаршамаса тілмен жақ

жарты сағат қасайын

о ағайын ағайын

құтқа толы маңайың

бетін ашып келіннің

көрімдігін алайын



сыр алдырмай көбейіп

сыңқылдап бір көрейін

Көктемдегі өзендей

Көңіренте жүре төгейін

Домбыраны тартайын

Даусым әлсіз демейін

Келіп түскен келіннің

Бетін ашып берейін

Бекер бекер майдалап

Жақсы сөзге шекер бал

Аз өсиет айтамын

Қарағым келін құлақ сал

Ақыл айтам мен саған

Құлақ салып тыңдағын

өзім бәрін білем деп

Құлақ аспай тұрмағын

Үй сыртынан бұқпалап

тың тыңдама келіншек

Көрінгенге көз салып

Қылтыңдама келіншек

Қарсы келсе қарт адам

Қайқаңдама келіншек

( )жақсы көрді деп

Тайтаңдама келіншек

Ақ бетіңді сірмелеп

Бойай берме келіншек

Етегіңді түрмелеп

Тонай берме келіншек

Жуасал деп еденді

Жорғалама келіншек

Айналдырма енеңді

Қол балаға келіншек

( ) ұрасса ашумен

Сөз қайтарма мыңқылдап

Төсектен ( ) тұрғанша

шайың тұрсын бұрқылдап

( ) сені жұмсаса

Магазинге барып қайт

Магазинде жоқ болса

Туыстардан алып алып қайт

Салтымыз ғой бет ашар

Жас келінге жол ашар

Екі жасың біріксе

Бәйге атындай жарасар

Осы отырған жамағат

әр сөзге етер қанағат

Келін келді деген соң

тон пішеді шамалап

Әлеуметке бер сәлем

Атаңды сыйла әуелі

бәйтерегі мәуелі

Деп ойлама мұнымды

айтасалған әйен ай

Көрдіңбе келін атаңды

берем деп тұр ғой батаңды

Ата-енесін сыйлаған

жақсы келін атанды

Ата енеңе бер сәлем

Сыйласа келін енесін

Даридағы кемесін

Құлақ салыр тыңдаса

ақылменен кеңесін

Енең айтар ақылын

Жан ашырың жақынық

Бұрынғының мұрасы

Сәлем берші ақырын

Енеңізге бер сәлем

Кейінгі көмек қанын аға

қайнаға жарар пайдаңа

Қайнағыңның көзінше

тоты құстай тарнып қарай берме айнаға

Қайын ағаларға бер сәлем

Кейінгі көмек абысын

абысын білер намасын

Абысыннан кем болса

сынып қиып шабысын

Абысын айтса ұғып тұр,

ұрсамын десе бұғып тұр

Қайын ағама айтам деп

жымиып қана көліп тұр

Жеңгелермен абысындарға бір сәлем

Аты аталмай қатардан

қалғандар барма қарашы

Аталғандардың өздері

болды екен қанша санашы

Қалып қойып жүрмесін

аты аталмай нағашы

Өкпелейтін түрі бар

тойдан қалса шамасы

Нағашыларға бір сәлем

Ал келінжан келінжан

анау қайын апаңыз

Тілегі ол кісінің

болмасын дейді ай қатаңыз

Адалдықтан нәр алған

ақылдан нұрдан жаралған

Ақ көңілі гүл бақша

апа-жезделерге бер сәлем






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет