Ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларды рувиминмен емдеу.
Шартты рефлекстік әрекеттердің бұзылу негізінде ми нейрондары мембраналарында липидтердің асқын тотығуы әсерленуі жататындығы белгілі [Нурмухамбетов А.Н., 1992]. Осы себептен ЕҚШР мен БҚШР қалыптасуын, есте сақталып, қайта жаңғырылуының ауыр металдардың әсерінен туындаған бұзылыстарын түзету мақсатында антиоксидант ретінде флавоноидтардың қоспасынан тұратын препарат рувимин қолданылды.
Біздің зерттеулердің нәтижесі рувиминді (50 мг/кг) жануарларға ауыз арқылы енгізгенде олардың жалпы жағдайының жақсарғандығын өлімге шалдықпағандығынан, жануарлардың жалпы жағдайлары мен қимыл-қозғалыс әрекеттерін көрсететін «ашық алаң» сынамасында бақылау жануарларынан айырмашылық болмағандығынан көреміз.
Кесте 1 – металдар қоспасы енгізіліп, емдеген жануарлардың белсенді қашулық шартты рефлекс нәтижелері (М±m)
Көрсеткіштер
|
Белсенді қашу серпілісі
|
Жасырын кезеңі
|
Үйрету
|
Тексеру
|
Үйрету
|
Тексеру
|
1 апталық
|
Бақылау жануарлары
|
5,1±1,2
|
10,7±1,1*
|
1,9±0,2
|
2,3±0,1
|
Металл енгізілгендер
|
0,6±0,3**
|
1,5±1,2**
|
3,7±0,3**
|
4,3±0,4**
|
Металл +рувимин
|
1,70,3***
|
5,71,5 */***
|
1,90,4***
|
2,40,2***
|
Металл + полифепан
|
2,61,7 **/***
|
8,41,8*/***
|
1,60,4***
|
3,00,1***
|
Ауыр металл+цеолит
|
1,80,3 **/***
|
5,41,5 **/***
|
2,00,4***
|
2,50,2***
|
Рувимин+ металл+цеол
|
2,50,7 **/***
|
11,23,3*/***
|
1,90,4***
|
2,60,3***
|
2 апталық
|
Бақылау жануарлары
|
1,9 ± 1,7
|
8,8 ± 3,5*
|
2,7 ± 0,25
|
2,4 ± 0,23
|
Металл енгізілгендер
|
1,4 ± 0,7
|
1,8 ± 0,1**
|
3,2 ± 0,46
|
3,7 ± 0,7**
|
Металдар + рувимин
|
0,85±0,3
|
8,3±3,3***
|
2,7±0,25
|
2,6±0,23***
|
Металл + полифепан
|
1,3±0,3
|
10,7±4,4 */***
|
3,0±0,34
|
2,8±0,29***
|
Ауыр металл + цеолит
|
2,3±1
|
13,4±4,1***
|
3,0±0,34
|
2,7±0,25 ***
|
1 айлық
|
Бақылау жануарлары
|
4,5±1,8
|
10±4,0*
|
2,9±0,6
|
1,7±0,4*
|
Металл енгізілгендер
|
1,2±0,4**
|
1,6±0,2**
|
3,9±0,5
|
3,5±0,4**
|
Металл +рувимин
|
2,11,1
|
6,61,8*/***
|
2,70,6 ***
|
2,20,4***
|
Металл + полифепан
|
2,61,7 **/***
|
8,41,8*/***
|
1,60,4***
|
3,00,1**
|
Металл + цеолит
|
1,20,3**
|
72,7*/***
|
3,00,6
|
2,60,4
|
Металл +рув +цеолит
|
4,52,7***
|
10,44,6***
|
2,70,6***
|
2,50,4***
|
Ескерту * - р 0,05 үйретумен салыстырғанда
** - р 0,05 бақылау жануарларымен салыстырғанда
***- р 0,05 ауыр металл қабылдап, емдемеген жануарлармен салыстырғанда
|
Ауыр металл қоспасы 1 ай бойы енгізіліп 7 тәулік рувиминмен емдеген егеуқұйрықтардың қимылдық әрекеттері емдемеген жануарлардан парықты түрде артып, бақылау тобының көрсеткіштеріне жақындады. Олардың шарлаған текше саны 46,2 %-ға, артқы аяқтарына тұру саны 56,2 % -ға артты. Сипалану санының бақылау жануарларының деңгейіне жетуі егеуқұйрықтардың эмоциялық белсенділігінің артқандығын көрсетсе, болюсінің 3,5 есеге парықты артуы дербес жүйке жүйесінің межеқуаты жоғарылағандығынан деп жорамалдауға болады.
Рувиминмен емдеген жануарларда ЕҚШР-дің қалыптасуы 1 апталық жануарларда 2,5 есеге парықты түрде ұзарса, оның есте сақталуы мен қайта жаңғырылуы емдемегендерден 1,5 есеге артып, бақылау топтамасына теңелді. БҚШР дің қалыптасу тәжірибесінде қашу серпілісінің саны ауыр металл енгізілгендерден 2,5 есеге артса, оның жасырын кезеңінің уақыты 2 есеге парықты түрде қысқарып, бақылау жануарларының көрсеткішіне жетті. Осы байланыстардың есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексеруде қашу серпілісі 3,3 есеге көбейіп, оның жасырын кезеңінің уақыты 1,8 есеге парықты қысқарды (кесте 1).
1 апталық жануарларды рувиминмен емдеу нәтижесінде гиппокамп тамырлары айналасындағы ісіну үрдісі, ядролардың аз боялғыштығы аз мөлшерде сақталып, ми пішіні өзгеруі және нейронның жұмсарған ошақтары сирек кездеседі. Ми қан тамырларының кеңеюі азайып, қанға толуы орташа болды. Эндотелий жасушаларының сыдырылуы, ядрода хроматиннің жойылуы азайды. Емдемеген жануарларға қарағанда, ядроның ауданы, периметрі, ұзындығы және экватордың диаметрі парықты түрде кішірейді. Осыдан ауыр металл қоспасы енгізілген жануарларда рувиминнің әсерінен нейрон ядроларының ісінуі біршама азайғандығын байқауға болады. Дегенмен, бұл көрсеткіш бақылау жануарларынан артық болуы нейрон ядролары қызметінің көтерілуін көрсетуі мүмкін. Оған дәлел ретінде жоғарыда келтірілген қорғаныстық шартты рефлекстерді зерттеу кезіндегі жануарлар миындағы шартты байланыстардың жадыда сақталуы мен қайта жаңғырылуының біршама жақсарғанын келтіруге болады.
Қанның жалпы талданымында металдар енгізілген жануарларда айтарлықтай өзгерістер болмағандықтан, рувиминмен емдеген жануарлардың қан жасушаларында сандық өзгеріс байқалмады. 1 апта бойы металл енгізілген жануарларда эритроциттердің төмендеген осмостық төзімділігі натрий хлоридінің барлық ерітінділерде бақылау жануарларының көрсеткішіне жақындады. Сонымен, қызыл мия түбірінен алынған препарат рувимин эритроциттердің мембранасын тұрақтандырады деп тұжырымдауға болады. Оның бұл әсері мембранадағы липидтердің асқын тотығуына антиоксиданттық ықпалымен байланысты болуы мүмкін.
Бұл жануарларда қанның ұю уақыты емдемеген жануарлармен салыстырғанда ұзарып, бақылау жануарларының деңгейіне парықты түрде жақындады. Қан коагулограммасы нәтижелерінен ауыр металл 1 апта бойы енгізілген жануарларда жоғарылаған фибриноген саны рувиминмен емдегеннен кейін азайып, бақылау жануарларының көрсеткішіне жақындағанын көруге болады.
2 апта бойы металл қоспасы енгізіліп, рувиминмен емдеген жануарларда ЕҚШР-дің қалыптасуы емдемегендерден біршама қысқаруы парықсыз болды, ал оның есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексеруде 2,1 есеге ұзарды. Егер БҚШР-ді қалыптастыру тәжірибесінде белсенді қашу серпілісіне емдік әсері мардымсыз болса, онда бұл серпілістің жасырын кезеңінің уақыты бақылау жануарларының көрсеткішіндей болды. Осы байланыстарды тексеруде қашу серпілісінің саны емдемеген жануарлардан 4,5 есеге артты, оның жасырын кезеңінің уақыты емдемегендерден парықты түрде қысқарып, бақылау тобының көрсеткіштеріне теңелді (кесте 1).
Осы жануарлардың гиппокамп құрылымында кейбір жерлерде жасуша шекарасының анық еместігі, хроматиндерінің бірыңғай таралуы, жасуша сыртында ісіну және ядроның гиперхромиясы аз мөлшерде сақталып, емдемеген жануарларда байқалатын ұсақ жылауықтар жойылды, ми затының құрылымы қалпына келді. Ми жасушаларының пішіні оңалды. Осы жануарлардың нейрондар кариометриясы көрсеткіштерінде емдемеген жануарлармен салыстырғанда, ядроның ауданы 2,6 пайызға кемігенімен, оның периметрі, ұзындығы және экватордың диаметрі 5,3 %, 8,8 % және 5 % сәйкес артты. Бұл деректерді жоғарыда келтірілген шартты байланыстардың мида бекуі мен қайта жаңғырылуының жақсаруымен байланыстыра отырып, түсіндіру қиын. Дегенмен ядроның жалпы ауданының емдемеген жануарлармен салыстырғанда, кемуі маңызды болуы мүмкін. Ядроның қалған көрсеткіштері ұлғаюының маңызын түсіндіру үшін ары қарай зерттеулерді қажет етеді. Бұл өзгерістерден жануарларды рувиминмен 3 күн емдеу жеткіліксіз болуы мүмкін деуге болады.
1 ай бойы металдар қоспасы енгізілген жануарларды 7 тәулік бойы емдеудің нәтижесінде «інге кіру» рефлексінің уақыты емдемегендерден 1,5 есеге парықты түрде қысқа мерзімді көрсетті. Ал осы рефлекстің есте сақталуына, қайта жаңғырылуына оң емдік әсерін көрсеткенін емдемегендерден – 1,4 есеге парықты түрде ұзаруынан көруге болады. БҚШР үйретуде осы жануарларда қашу серпілісінің саны, емдемеген жануарлармен салыстырғанда, 1,7 есеге артып, бұл серпілістің жасырын кезеңінің уақыты бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді. Ал тексеру тәжірибесінде қашу серпілісінің саны емдемегендерден 4 есеге артты, қашу серпілісінің жасырын кезеңінің уақыты 1,6 есеге қысқарып, бақылау жануарларындай уақытты көрсетті (1 – кесте). Бұдан рувиминнің шартты байланыстардың қалыптасуына, бекуі мен қайта жаңғырылуына жағымды әсер ететіндігін байқауға болады.
1 айлық жануарларда рувиминнің әсерінен ми затының ісінуі азайып, жасуша шекаралары мен пішіні қалыптыдан өзгермеді. Ядроның орташа гиперхромиясы, оның шекаралары сақталған. Бұдан металдардың әсерінен дамыған гиппокамптың құрылымдық өзгерістерін рувиминнің қалпына келтіргенін көреміз. Рувиминмен емдеген соң, емдемеген жануарлармен салыстырғанда, нейрондар ядроларының барлық көрсеткіштерінің парықты түрде артқандығы байқалды, яғни, ядролар ауданы 62 %, периметрі 34,7 %, ұзындығы 39,3 %, ені 25 %, экватордың диаметрі 33,4 % үлкейді.
Рувиминмен емдеген жануарлардың қан жасушаларында сандық өзгеріс байқалмады. 1 ай бойы металдар қоспасы енгізілген жануарларда 0,85 % ерітіндіде төмендеген эритроциттердің осмостық төзімділігі рувиминнің әсерінен парықты түрде артып, бақылау жануарларының көрсеткіштеріне теңелді. Қысқарған қан ұю уақыты рувиминнің әсерінен ұзарып, бақылау жануарларының деңгейіне жақындауы парықты болды. Қан коагулограммасы нәтижелерінен емдемеген жануарларға қарағанда жоғарылаған ЕФМК мөлшері рувиминмен емдегеннен кейін азайғанын көруге болады.
Келтірілген деректерді қорыта келе, рувиминмен емдеген 1 және 2 апталық жануарларда ЕҚШР-дің қалыптасуы болмағанмен, оның есте сақталуы және қайта жаңғырылуы, БҚШР-дің қалыптасуы, оның есте сақталуы мен қайта жаңғырылуы жақсарды. Ал металдар қоспасы ұзақ мерзім (1 ай) енгізілген жануарларды рувимин препаратымен емдеудің нәтижесінде енжар және белсенді қашулық қорғаныстық рефлекстердің орталық жүйке жүйесінде бекуі, есте сақталуы және қайта жаңғырылуы жақсарды. Шамалы мөлшерлерде ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларда анемия дамуы байқалмады, эритроциттердің осмостық төзімділігі азайды және қанның ұю уақыты қысқарды. Осыдан ауыр металдар әсерінен эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеуі гемолиздік анемия дамуына бейімдейтін ықпал болуы мүмкін деуге болады. Ал қанның ұю уақыты қысқаруынан тамыр ішінде қан қатпаларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Рувиминмен емдеудің нәтижесінде эритроциттердің осмостық төзімділігі және қан ұю уақыты бақылау жануарларының көрсеткіштеріне теңелді. Осыдан, рувимин эритроциттер мембранасының тұрақтылығын арттырады және тромбоз дамуынан сақтандырады деп тұжырымдауға болады.
Ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларды полифепанмен емдеу.
Организмде ауыр металдар бірнеше жылдар жинақталып сақталады. Сол себепті олардың әсерлері де ұзаққа созылады. Осы орайда металдарды организмнен тезірек шығару ойластырылды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін соңғы жылдары сорбциялық уытсыздандыру әдісі, яғни энтеросорбция қолданылып жүр [Кулкыбаев Г.А., 2005, Абеуов Б.А., 1996, Eybe V., 1985]. Осы мақсатта полифепанның организмге бірнеше металдардың біріккен әсеріне емдік қасиеті зерттелмегендіктен, біз оны қолдануды жөн көрдік.
Біздің зерттеулерімізде ванадий, хром, қорғасын қоспалары енгізіліп, полифепанмен емдеген жануарлардың жалпы жағдайы оңалып, олардың жүндерінің түсі бастапқы қалпына келді, тәбеті жақсарды, салмақтарын азайтқаны шектеліп, бірендеген жануарлар салмақ қосты. Емдеген жануарлардың арасында өлімге ұшырағандары болмады.
ЕҚШР қалыптасуына ауыр металл қоспалары 1 апта бойы енгізілген жануарлардың жарық бөлікте отыру уақытының ұзақтығында полифепанмен үш күш емдеген жануарлар мен емдемеген жануарлардың арасында айқын айырмашылық байқалмады. Бірақ, 7 тәуліктен кейін жануарлардың шартты байланыстарды есте сақтау қабілетін қайта тексеру тәжірибесінде, ол 19 %-ға артып, бақылау топтамасының көрсеткішіне жақындады. Полифепанның БҚШР қалыптасуына, бекуіне және қайта жаңғырылуына оң емдік әсер көрсеткендігін белсенді қашу серпілісінің емдемегендерден 4 есеге артса, оның жасырын кезеңінің 2 есеге қысқарғанын, ал тексеру тәжірибесінде бұл көрсеткіштер - 5,5 және 1,4 есеге сәйкес өзгергенінен байқаймыз (кесте 1).
Полифепанның әсерінен гиппокамптың микроқұрылымы оңалды деуге болады, мұны тәжірибелік жануарлардың гиппокампындағы жасуша сыртындағы ісінудің аздап сақталғанымен, оның шекаралары анық, дистрофиялық бұзылыстардың болмауынан көреміз. Осы жануарларда ядролардың ауданы – 1,5 есеге, ұзындығы – 1,3 есеге, ені мен экватордың диаметрі – 1,2 есеге емдемегендерден парықты түрде кішірейіп, бақылау жануарларына теңелді. Бұл келтірілген деректерден полифепанның әсерінен гиппокамптың микроқұрылымы мардымды өзгерістерге ұшырамады, ауыр металдардың әсерінен ісінген нейрон ядроларының көлемі бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді деп тұжырымдауға болады.
Ауыр металдар жиынтығы 1 апта енгізілгендерде қан жасушаларының (эритроцит, тромбоцит, лейкоцит) саны өзгеріске ұшырамағандықтан, 3 күн полифепанмен емдеген жануарларда бұл көрсеткіштер өзгермеді. Полифепан қанның жасушалық құрамына және гемоглобин мөлшеріне теріс ықпал етпеді.
Емдемеген жануарларда натрий хлоридінің барлық ерітіндісінде жоғарылаған эритроциттердің гемолизі полифепанмен емдеу әсерінен парықты түрде бақылау жануарларының көрсеткішіндей болды. Осыдан ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларда полифепан эритроциттердің осмостық төзімділігіне металдардың теріс ықпалын әлсіретті деп тұжырымдауға болады.
Қан ұю уақыты емдемеген жануарларға қарағанда 2 есеге ұзарып, бақылау жануарларының көрсеткішіне жақындады.
Полифепанмен 2 апталық жануарларды емдеудің нәтижесінде ЕҚШР-дің қалыптасуы емдемеген жануарлардың деңгейінен айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Осы рефлекстердің бекуін тексеру тәжірибесінде 2,6 есеге артып, жануарлардың есте сақтау және қайта жаңғырылу үрдістерін полифепанның жақсартқанын көрсетеді. БҚШР-дің қалыптасу үрдісінде 2 апталық жануарларда емдемегендерден айырмашылық аз болса, қайта тексеру кезінде қашу серпілісі 6 есеге артып, қашу серпілісінің жасырын кезеңінің уақыты парықты түрде қысқарды (кесте 1).
2 апталық полифепанмен емдеген жануарларда ми затының құрылымы сақталған, жасуша келбеттері айқын. Ядро хроматиндері біркелкі таралған, ядроның гиперхромдылығы басым. Нейрон ядроларының көрсеткіштерінде емдемегендерден айтарлықтай айырмашылық болмады. Бұдан металдардың әсерін 3 күн емдеу аз деп болжауға болады.
Ауыр металл қоспасы 1 ай бойы енгізіліп, 7 тәулік полифепанмен (1 г/кг) емдеген жануарлардың, емдемеген егеуқұйрықтармен салыстырғанда, қимыл-қозғалысы онша артпағанымен, эмоциялық белсенділігін көрсететін сипалану 4,5 есеге және дербес жүйке жүйесін сипаттайтын болюс сандары 5 есеге сәйкес артқандығын байқауға болады. Бұл жануарлардың ЕҚШР-ді қалыптастыру тәжірибесінде жарық бөлікте отыру уақытының емдемегендерден 2,3 есеге қысқарып, бақылау жануарларындай болды, тексеру тәжірибесінде 10 %-ға ғана артты. БҚШР-ді қалыптастыру кезінде қашу серпілісінің саны емдемегендерден 3,3 есеге парықты түрде артып, оның жасырын кезеңі бақылау жануарларына теңелді. 1 аптадан кейін шартты байланыстардың есте сақталуын тексеруде қашу серпілісі емдемеген жануарлардан 5 есеге артып, жасырын кезеңі 54 %-ға парықты түрде қысқарды (кесте 1).
Қорғасынмен жекелеп уландырылған жануарларды полифепанмен емдеудің нәтижесінде улану белгілері азаятындығы туралы мәлімет әдебиеттерде кездеседі [Федорук А.А., 2001]. Осыған ұқсас мәліметті қорғасын мен төртхлорлы көміртегі және этил спиртімен уланған жануарларды полифепанмен емдегенде де байқаған [Шилов В.В., 2004, Лим Т.Е. 2004].
Ауыр металдар қоспасы 1 ай бойы енгізілген жануарларды 7 тәулік бойы полифепанмен емдеу нәтижесінде гиппокамп препараты суретінде ми құрылымы сақталды, ми затының кейбір жерлерінде ғана ісіну, босаңсу байқалды. Кейбір бөліктерінде жасуша сыртында айқын емес ісіну үрдісі көрінеді, ядролары көбінесе гиперхромды. Нейрон ядролары көрсеткіштері: ядроның ауданы 1,3 есеге, периметрі, ұзындығы және ені - 1,2 есеге ұлғайып, бақылау жануарларының көрсеткіштеріне жақындады.
Бұл жануарларда қан жасушаларының (эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер және лейкоциттік өрнек) саны өзгеріске ұшырамады. Содан полифепан қанның жасушалық құрамына және гемоглобин мөлшеріне теріс ықпал етпеді деуге болады. Емдемеген жануарларда натрий хлоридінің 0,85 % ерітіндісінде 77 пайызға артқан эритроциттердің гемолизі полифепанмен емдеген соң бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді.
Көрсетілген нәтижелерден полифепан 1 және 2 апталық жануарларда шартты байланыстардың қалыптасуына әсер етпей, 1 айлық жануарларда бұл көрсеткішті жақсартуымен қатар, қорғаныстық рефлекстердің бекуін және есте сақталуын жүзеге асырады деп тұжырымдауға болады. Полифепанның әсерінен ауыр металдардың қоспасы енгізілген жануарларда эритроциттердің осмостық төзімділігі оңалып, қалыпты деңгейге жетті және қанның ұю уақыты бақылау жануарларының көрсеткішіндей болды.
Ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларды цеолитпен емдеу.
Қазіргі кезде энтеросорбция бағытында табиғи энтеросорбенттер шығуда. Соның бірі – цеолит. Осы орайда жергілікті Шанқанай жерінен алынған табиғи цеолитті металдардың біріккен зақымдаушы әсерін түзетуде пайдалану қызығушылық тудырды.
Ауыр металл қоспасы енгізіліп, емдік мақсатта Шанқанай жерінен алынған табиғи энтеросорбент - цеолитті қоса қабылдаған жануарларды емдемегендермен салыстырғанда, олардың жалпы жағдайы, жүндерінің түсі бастапқы қалпына келіп, тәбеті жақсарды, салмақтарын азайтқаны шектелді, емдеген жануарлардың ішінде өлімге ұшырағаны болмады. Әдебиеттерден төртхлорлы көміртегімен уланған жануарларда цеолит оң емдік әсер ететіні белгілі [Иванова М.Л., 1999].
1 апта бойы металл қоспасы енгізіліп, соңғы 3 күнінде цеолитті қоса қабылдаған жануарлардың ЕҚШР-тің қалыптасуында емдемегендерден айырмашылық болмады, оның есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексергенде олардан 32,6 %-ға артты. БҚШР-ді қалыптастыру тәжірибесінде қашу серпілісінің саны емдемегендерден 2,8 есеге артып, оның жасырын кезеңінің уақыты 1,9 есеге кеміді. Осы рефлекстердің есте сақталуы мен қайта жаңғырылуын тексергенде, қашу серпілісінің саны - 3,8 есеге көбейіп, оның жасырын кезеңінің уақыты 1,8 есеге қысқарды (кесте 1).
Ауыр металдар қоспасы 1 апта бойы енгізіліп, цеолитпен емделген жануарларда гиппокамп микроқұрылымындағы жасуша сыртындағы ісіну үрдісі, ұсақ жылауықтар жойылып, біршама оңалды деуге болады. Емдемеген жануарларда ядро көлемінің ұлғаюы олардың ісінуін көрсететін белгі болса, цеолитпен емдегеннен кейін ядроның көлемі кішірейіп, бақылау жануарларының көрсеткіштеріне жақындады.
1 апталық жануарларды 3 күн цеолитпен емдеу қан құрамына теріс әсер етпеді. Цеолиттің әсерінен ауыр металдар қоспасы енгізілген жануарларда эритроциттердің осмостық төзімділігі натрий хлоридінің 0,85 %, 0,65 % ерітінділерінде бақылау топтамасы жануарларының көрсеткішіне жақындады, қан ұю уақыты бақылау жануарының деңгейіне жетті.
Ауыр металл қоспасы 2 апта бойы енгізіліп, цеолитпен емдеген жануарларды ЕҚШР-ге үйрету кезінде, емдемеген жануарлармен салыстырғанда, ашық бөлікте отыру уақытында айырмашылық аз, ал осы рефлекстердің есте сақталуын қайта тексеру кезінде бұл серпіліс 2 есеге артты. БҚШР-ді үйретуде цеолитпен емдеген жануарларда электр соққыдан қашу серпілісі емдемегендерден 1,6 есеге артты, оның жасырын кезеңінің уақытында айтарлықтай айырмашылық болмады. Осы рефлекстердің есте сақталуын, оның бекуін және қайта жаңғырылуын тексергенде белсенді қашу серпілісі емдемеген жануарлардан 7,4 есеге артты, бұл серпілістің жасырын кезеңінің уақыты 1,4 есеге парықты түрде қысқарды (кесте 1).
Ауыр металдар қоспасы 1 ай бойы енгізілген жануарларды цеолитпен емдеудің нәтижесінде ЕҚШР-тің көрсеткіштері екі тәжірибеде де аса айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Бұл жануарларда белсенді қашу серпілісі қалыптасуы өзгермей, оның есте сақталуы мен қайта жаңғырылуы емдемегендерге қарағанда 4,4 есеге көбейді (кесте 1).
1 ай бойы ауыр металдар енгізілген жануарларды цеолитпен емдеудің нәтижесінде олардың қанында және ми тінінде қорғасын деңгейі емдемеген жануарларға қарағанда азайып, бақылау топтамасындағы жануарлардың деңгейіне жетті. Ал, хромның мөлшері қанда емдемеген жануарларға қарағанда 6,9 %-ға ғана азайып, бақылау тобындағы жануарлардан 35,8 %-ға жоғары деңгейде сақталып қалды. Соған қарамай, мида бұл металдың мөлшері емдемеген жануарлардан 1,7 есеге кеміп, бақылау тобының көрсеткіштерінен 8,5 % ғана жоғары болды. Емдеген жануарлардың қанында ванадийдің деңгейі емдемегендерден парықты түрде 42,1 %-ға азайғанымен, бақылау тобынан 22,2 %-ға ғана жоғары болды. Мида металдардың мөлшері емдемегендерден 2,8 есеге парықты түрде азайып, бақылау тобының деңгейіне жетті.
Ауыр металл қоспасы 1 ай бойы енгізілген жануарларда ядро көлемінің кішіреюі оның тығыздалып, атқаратын қызметінің төмендегенін көрсетсе, цеолитпен емдеудің нәтижесінде ядро көлемі ұлғайып бақылау жануарларының көрсеткішіне теңелді. Бұл көрсеткіштерге цеолиттің әсерін полифепанмен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық болмады.
Ауыр металл қоспасы 1 ай бойы енгізілген жануарларды цеолитпен емдеу қанның жасушалық құрамына теріс әсер етпеді. Натрий хлоридінің 0,85 % ерітіндісінде көтерілген эритроциттердің гемолизін цеолит бақылау топтамасының көрсеткішіне теңестірді. Емдеген жануарларда қан ұю уақыты емдемегендерден 1,7 есеге ұзарып, бақылау жануарларына жақындады.
Қорыта келгенде, жергілікті энтеросорбент цеолитпен емдеген жануарлардың көрсеткіштері клиникада кеңінен қолданылып жүрген энтеросорбент полифепанмен салыстырғанда аталған көрсеткіштер бойынша айтарлықтай айырмашылық болмады. Бұл табиғи энтеросорбент цеолиттің емдік әсерінің полифепаннан қалыспайтынын айқындайды. Осындай нәтиже әдебиеттерде келтірілген ағаш көгінен алынған полифепан мен фитомиксті қорғасынның жоғары мөлшерімен, төртхлорлы көміртегімен, этил спиртімен уланған жануарларға қолданғанда екі препараттың емдік және профилактикалық әсері бірдей екендігін және полифепан вирустық гепатиті бар науқастарда майлардың асқын тотығу өнімдерін азайтса, полифепанды цеолитпен қосып бергенде, вирустық гепатиттің клиникалық-биохимиялық белгілері жойылатындығы туралы мәліметтермен сәйкес келеді [Калинина Э.Н., 2005, Шилов В.В., 2004, Лим Т.Е., 2004].
Дегенмен, зерттелінген энтеросорбенттердің (полифепан, цеолит) әсерінен металдар қоспасы енгізілген жануарлардың жалпы жағдайы, қимыл-әрекеттері, шартты байланыстардың есте сақталуы, қайта жаңғырылуы, эритроциттердің осмостық төзімділігі, қан ұюы түзелді, ал шартты байланыстардың қалыптасуы мен гиппокамптың құрылымы толық оңалмады деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |