Мысалдар турасында айтқанда қазақтың талантты қаламгерінің бірі Сәбетқазы Ақатаев



бет1/6
Дата08.04.2022
өлшемі38.28 Kb.
#456623
  1   2   3   4   5   6
Байтұрсынов А
Дәріс Дәнді дақылдар №1, Оптика. Есептер оқу құралы by Шыныкулова Г.Н. (z-lib.org), баланс, 40f35535e069a955ca6fc10d13d484b7, 42, Лекция-1634815154459, 1-зертхана Агрометеорология, 2-зертхана агрометеорология, 1-лаборотория, 2-практика агрометеорологии, 1-лаборотория.pptx, 1-Тәжірибелік сабақ Агрометеорология, Квалиметрия тест, Doc1 план

Мысалдар турасында айтқанда қазақтың талантты қаламгерінің бірі – Сәбетқазы Ақатаев ағылшын тілінен аударған туындысы бар.
Бұл кітап көне дəуірдің аты аңызға айналған ұлы мысалшы жазушысы Эзоптың мысалдары ізімен жазылған əңгімелер жинағы. Ол шығармалар ертед-егі Грекияда біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда пайда болған.
Эзоп мысалдары XIII ғасырдан бастап француз, неміс жəне ағылшын тілеріне аударыла бастады. Ресейде Петр патша дəуірі тұсында тəржімаланды. Өткен ғасырда Эзоп мысалдарын Крылов шығармасы арқылы Абай қазақ даласына таратты. 
Эзоп мысалдары маңызын əлі күнге дейін жойған жоқ. Мысқылшы мінепсынаған: сараңдық, қатыгездік,мақтаншақтық, арамзалық, екіжүзділік, опасыздық, қулық 
сияқты мінез-қылықтар əлі де кездесіп қалады. 
Шыншылдығымен, терең мағыналығымен дараланған 
көненің көзімен жасөспірім оқырмандарды да таныстыруды 
жөн көрдік. 
Кітаптағы əңгімелер қазақшаға ағылшын тілінен аударылды. 

Тауыс қанатын таққан қарға
Ерте заманда құс атаулы бір орманда бас қосып, үлкен құрылтай ашып хан сайламақ болыпты. 
– Итте ие, түлкіде тəңір бар, – деп шуласыпты олар.
– Ал біздің арамызда жол көрсетер басшы жоқ, Біздің де ханымыз 
болуы керек. 
– Ендеше, ең алдымен сол ханды сайлар төреші табалық, – 
депті ақылгөй Кептер. 
– Құдіреті күшті Арыстанның өзіне барайық, бізге ханды сол сайлап берсін, – деген ұсыныс жасапты Көкқұтан. 
Құстар шуласышұрқырасып Арыстанның үңгіріне келіп, бізге хан болуға 
лайықты құс таңдап беріңіз деп, өтініш етеді. Арыстан құстардың бұл қылығына мəз болып:
– Қанатты достарым-ау! Əрине, сендер секілді аспан жайлап, нұр емген құстардың ханы да теңдесі жоқ кербез де сымбатты сұлу болуы керек. Сондықтан ертең ертемен құс біткен 
үңгірімнің алдына келсін, ең тəуірін таңдайын. Қаласаңдар, сол сендердің ханда-рың болсын, – деген екен. 
Хан болуға кім дəмеленбесін! Арыстанның бұл ұсынысы олардың ойынан шығыпты. Өйткені, əр құстың көкейінде 
өзін басқадан артықпын деген ой бар екен де, ханның тəжін əрқайсысы өзім кисем деп армандапты. Арыстанның 
ақылдылығына шек келтірмепті. Сөйтіп, құстар келер күнді 
қарсы алу дайындығына кірісіпті. 
Олар өзен жағасына келіп, суға шомылады, қанаттарын 
кептіріп, тарана бастайды. Хан сайлауға байланысты хабарды 
естімеген жалғыз Қарға екен. Ол сол күні науқастанып қалып, 

құстардың ормандағы мəжілісіне қатынаса алмайды. Ойда 


жоқта құстардың жапатармағай суға шомылып жатқанына таң 
қалып, оның себебін білгісі келеді. 
– Неге мұнша жаппай шомыла қалдыңдар? – деп сұрайды, 
Қарға құстардан. 
– Ертең азанда Арыстан бірімізді хан сайламақ. Ол хан ең 
əсем, ең сұлу құс болмақ, – депті құстар. 
“Шіркін-ай, хан болғанға не жетсін! – деп ойланады Қарға. – 
Құс біткен ханына құрмет көрсетіп, жер-жерден дəмді тағамдар, 
көз көрмеген қымбат сəлемдемелер мен сыйлықтар əкеледі 
ғой. Соны алатын хан мен болсам...”. Көкейіндегі осы ойына 
əбден берілген Қарға басқа құстардан оқшаулау шығып, тағы 
да тұңғиық ойға батыпты. “Хан болғым келеді, ə! Сонда маған 
хандықты кім даярлап отыр? Қанатым болса, қара, жүнім ажар-
сыз”. Қарға енді қулыққа көшпек болады. 
Түн ортасы ауа барлық құс ұйқыға кеткен кезде, Қарға өзен 
жағасына келеді. Күндіз құстардан қалған қауырсындарды жинай 
бастайды. Олардың ішінде Жорғаторғайдың көк, Қызылтамақ 
шымшықтың қызыл, Күркетауықтың жылтырауық, Тауыстың 
жасыл қанаттары бар еді. Бəрінен де Тауыстың қанатын ұнатқан 
Қарға жасыл қауырсынды көбірек жинайды. 
“Енді сəнденуге болады”, – деп ойлаған Қарға ұясына ора-
лады. Түні бойы əуреленіп əр түрлі қанаттарды өз қанатының 
үстіне жапсырып шығады. Тауыстың ұзын жасыл қауырсынын 
құйрығына байлап қояды. 
Азанда Арыстан үңгірінен шығып, үлкен тастың үстіне келіп 
отырады. Барлық құс та осы жерге келеді. 
– Бастаңдар! – деп бұйырады Арыстан. 
Салтанатты ең кішкентай құстар ашады. Қанаттылар 
əрекетіне шаттанып отырған Арыстанға өз алдында бар өнері 
мен сымбатын көрсеткен қызыл қанатты Шымшық, көгілдір 
қанатты Жорғаторғай қатты ұнайды, бірақ ол ойын білдірмейді. 
Тауы шағылған бұл құстар орманға қайтып кетеді. 
Кішкене құстардан соң енді олардан ірірек құстардың көркін 
байқау басталады. Бұлардың ішінде жезқанатты Дуадақ, алтын 
қауырсынды Қырғауыл секілді сұлу құстар көп болыпты. Хан болуға тұрарлық 
құсты таңдау аса қиын соғып, Арыстан əбден торығыпты. Ең соңы үлкен қүстар – Күрке тауықтың əтеші, алып қанатты Бүркіт, Тотықұс, кербез Қызыл қаз жəне Көкқұтан өтіпті. Бұларды көрген Арыстан қандай шешімге келуін білмей, тіпті 
қиналады. Тауыс құйрығын жазып жіберіп, əсем кеудесін керіп тастап, Арыстан-ның алдынан ерсіліқарсылы теңселе басып өте бергенде, маңайды тамашалап отырған барлық құс ду қол шапалақтап жіберіпті. Салтанатқа қатысып отырғандардың 
қай-қайсысы болсын Тауысты ең сымбатты құс деп танып, хан 
сайланды деп санайды. Бірақ, кенеттен Арыстанның алдына 
қанаттары күн сəулесіне түрлі түспен құбылған беймəлім бір 
құс шыға келеді. Бұл əр құстың қанатын тағып алған кəдімгі 
өзіміздің қара Қарға еді. 
– Апыр-ай, бұл қай құс еді? – деп сұрасады бір-бірінен. – 
Мұндай құсты өмірімізде кездестірмеген едік. Өзі не деген əсем 
десеңізші!
Бұл құстың Қарға екенін алғашқыда ешкім білмейді, əрине. 
Тек біраздан кейін Жорғаторғай:
– Мына пəле менің қауырсынымды қайдан тауып, тағып 
алған, – деп, жүгіріп барып, тұмсығымен бір қызыл қауырсынды 
əлгі құстың қанатынан жұлып алады. 
– Құйрығы түгелдей менікі, – деп ашуланған Тауыс өз 
қанатын таниды. 
Жарқырауық қауырсындардан айрылған сəтте əлгі беймəлім 
құстың кəдімгі қара Қарға екенін барлық құс таниды. Оның бұл 
ісіне ашынған құстар Қарғаға жабыла ұмтылып, тұмсықтарымен 
шоқи бастайды. Қарға өзінің əумесерлігі мен опасыздығы үшін 
осылай жазаланған екен. 
Сөйтсе де, Қарға таққа отырудан əлі де үміт үзбесе керек. 
Өйткені жылтырауық нəрсе көрінсе болды, оны іліп алып
ұясына апаратын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет