Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау және оған қойылатын біліктілік талаптары
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «мүлiкті бағалау» деген сөздерден кейін «(зияткерлік меншік объектiлерiн, материалдық емес активтердiң құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау» деген сөздермен толықтырылсын.
3. Мыналардың:
1) «Мүлікті бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат) 1-тармағы 1) тармақшасының,
2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 821 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 438-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2007 жылғы 8 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |