Модуль – 4 псиология дәрі Психологияға кіріспе Жоспар



Дата18.09.2024
өлшемі16.08 Kb.
#503766
1 дәріс. Модуль-4 Психология


МОДУЛЬ – 4 ПСИОЛОГИЯ


Дәрі 1. Психологияға кіріспе
Жоспар:

  1. Психология ғылым ретінде, адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері, әдістері.

  2. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні.

3 Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).

Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу пәнi болып келеді. Адамзаттың өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнiнiң негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдiстерi, қасиеттерi кiредi.


С.Л. Рубинштейн /1/ “Жалпы психология негіздері” еңбегінде (1940) былай деп жазды: “Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...”.
Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі – жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы – тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарладың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен және сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда – адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәнi болмас бұрын, адамдардың бірі-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.
Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде тарлауына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесi, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз /2/ психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ, - деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі, - деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-“жан”, логос-“iлiм”) жан туралы iлiм дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты – жалпы, жанды – жеке, - деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру – психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне – материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың ара қатынасына –байланысты болған.
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, ХІХ ғасырдаың екінші жартысындағы әртүрлі мақсаттағы және зерттеудің әртүрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты.
Вундт 1879 жылы Лейпцигте алғашқы эксперименталды психологиялық лабораторияны ұыймдастырды. Сана психологиясында төмендегідей мағынадағы эксперимент жасалуы мүмкін. Зерттеуші нақтылы сыртқы жағдайларды жасай отырып, осы кездегі үрдістер ағымын бақылайды. Алайда, адамның өзін-өзі, жеке ішкі күйлерін, сезімдерін, ойларын бақылауы түріндегі бұл бақылаулар интроспекция (“ішке үңілу”) әдісі деген атқа ие болды.
Психология ғылымын зерттеу нәтижелерi бұл пәннiң барлық салалары мен тармақтарын оқып меңгеруде мынандай негiзгi екi бөлiмiн қарастырамыз:
а) психикалық үрдiстер; б) тұлғалық қасиеттер;
а) психикалық үрдiстер: түйсiк, қабылдау, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес;
б) тұлғаның қасиеттерi: зейiн, сезiм және эмоция, ерiк, темперамент, мiнез, қабiлет.
Сонымен, психология дегеніміз психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
Жалпы психологияның міндеттері
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Б.Ф.Ломов /5/ “Психологияның әдіснамалық және теориялық мәселелері” деген еңбегінде қазіргі кезеңдегi ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта “психология ғылымының әдіснамалық мiселелерiн және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда”, - деп айтты.
Қазіргі кезеңдегi психология және оның ғылымдар жүйесіндегі орны мен салалары
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады.
Қандайда бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгiсiнiң жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған «сызықтық емес» жіктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгi - бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін үш бұрыш пішінді. Осылай орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердiң пайда болуына әкеледі.
Психология мен педагогиканың байланысына ерекше тоқталу керек. Бұл байланыс барлық кезде болатыны анық. К.Д.Ушинский былай деп айтқан: “Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін, оны жан-жақты зерттеу керек”. Психологияның тәжірибелік мағынасы осыдан анық көрінеді.
Егер педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жайлы білімге сүйенбесе, онда ол педагогикалық кеңестердің қарапайым жиынтығына айналып, мұғалімге көмек беретін шынайы ғылым болуын тоқтатады. Педагогика салаларының барлығының (жалпы теорияның, дидактиканың, жеке әдістемелердің, тәрбиелеу теориясының) дамуы кезінде, психологиялық зерттеуді қажет ететін мәселелер пайда болады.
Педагогика тәрбиелеу мәселесiне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық, екіншіден табиғи, үшіншіден әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.
Психология басқа ғылымдар байланыстарының барлығында өзінің мағынасын, өзінің теориялық принциптерін және өзінің осы мағынаны зерттеу әдістерін сақтайтынын естен шығармау керек. Білімнің ерекше саласы ретіндегі психологияда арнайы пәндердің бірқатары бірігеді (мәселен, психофизиология және әлеуметтік психология). Олар бір-біріне сай емес болып көрінсе де, ғылымның бір саласына жатады. Олардың ортақ міндеті – психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық арнайы психологиялық пәндердің бірігетін базасы болып, негізгі психологиялық мәселелердi эксперименттік және теориялық түрде өңдейтін, жалпы психология саналады. Психологиялық пәндер жүйесінің зерттейтін басты объектісі біреу. Бұл – адам, оның психикалық үрдістері, күйлері және қасиеттері.
Психологиялық білімнің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдармен байланыста болуына ғана тәуелді болмайды. Олар қоғамдық тәжірибе талаптырының күшеюіне де байланысты анықталады.
Алғашқыда, психология, теориялысы басым пән болғаны белгілі, ал қазір ол өзінің танымдық рөлін сақтап отырып, өнер кәсіптегі, мемлекетті басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық сақтаудағы, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің саласы болып қалыптасуда.
Психологияның ғылымының ішінен төмендегідей салалары бөлінiп шығады:
Еңбек психологиясы,Педагогикалық психология,Медициналық психология, Заң психологиясы, Әскери психологиясы, Спорт психологиясы,Даму психологиясы, Спорт психологиясы, Арнайы психология, Салыстырмалы психология, Әлеуметтiк психология, Басқару психологиясы, Көркем әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология.
Еңбек психологиясы адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық психология адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесiн, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруi мен ұстаз-шәкiрт арасындағы өзара қарым-қатынастарыды реттеудiң түйiндi мәселелерiн қарастырады.
Медициналық психология дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесiн, оның әдiс-тәсiлдерiн айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтiн патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзiндiк психикалық ерекшелiктерiн зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететiн клиникалық психологиядан.
Жалпы психологияның принциптері
Детерминизм принципі
Детерминизм, психика өмір сүру үлгісімен анықталып, өмір сүру үлгісі өзгерсе, ол да өзгереді дегенді білдіреді. Жануар психикасын табиғи сұрыптау, ал адам санасының дамуын қоғамдық даму заңдары, өндіріс әдісінің даму заңдары анықтайды.
Детерминизм принципін жүзеге асырудағы басты кезең болып Выготскийдің тарихи-мәдени концепцияны жасауы саналады. Детерминизм ұстанымы психологияның теориясы мен тәжірибесінде тағы бір мәселені – психикалық дамуды, оқытуды және тәрбиелеуді – жүзеге асырады.
Жалпы психологияның әдiстерi. Психология ғылымының – жеке әдістері немесе әдістемелері бар біртұтас жүйе. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері дамып, түрлененіп отырады.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік:
1.Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелiк, іс-әрекеті бойынша әртүрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әртүрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәлімметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4. Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет