Қытай лимоннигінің тұнбасы. 95 % спирттегі ертіндісі қызғылт түсті, ащы-қышқыл дәмді мөлдір сұйық. Құрамында схизандрин, эфир майлары, органикалық қышқылдар, көміртегі, С витамині бар. Орталық нерв жүйесін қоздырады, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің қызметтеріне дем береді, оңды шартты рефлекстерді үдетеді, гипотония кезінде артериялық қысымды жоғарылатады, организмнің физикалық әлжуаз кезінде оның жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Ауыз қуысы арқылы береді.
Женьшень тұнбасы – Panax Cinseng. (қытайша «жень» - адам, «шень» - тамыр. Адам тәрізді тамыр). Аралий тұқымына жататын көп жылдық өсімдік. Препарат дайындауға өсімдіктің тамыры қолданылады. Тұнбасы сарғыш түсті мөлдір сұйық. Құрамында эфир, майлар, пектиндер, көміртегі, гликозидтер, В тобының витаминдері, аскорбин мен фосфор қышқылдары, темір, марганец және т.б. заттар бар. Олардың ішіндегі ең маңыздылары: панацен, панаксин және гинзенин. Панацен бас мидың сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдығын төмендетеді; панаксин – керісінше нерв жүйесінің, бұлшық еттердің тонусы әлсірегенде оны жақсартады; гинзенин – зат алмасу процессіне, әсіресе көміртегінің алмасуына жақсы әсер етеді. Препараттың құрамында радийдің ізі бар, ол күшті стимулятор.
Орталық, вегетативті нерв жүйелерінің реакциялары төмендегенде; организм жалпы әлсірегенде; бауыр, бүйрек, жүрек, ішкі секрет бездерінің қызметтері нашарлағанда спирттегі тұнбасы жиі қолданылады. 50 мл–лік шыны ыдыста шығарылады, жарық түспейтін жерде сақтайды.
Бемитил – Bemithylum. Организмге дем беруші дәрі ретінде әсер етеді. Организмнің оттегінің жеткіліксіздігіне тұрақтылығын жоғарылатады, күш түскенде жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Препаратты малды азықтандырғаннан кейін береді. Бемитилмен емдеу кезінде малды көміртегі мол азықтармен азықтандырады. Иттердің құсуы мүмкін.
Гипогликемияда қолдануға болмайды.
0,125 – 0,25 г таблетка түрінде шығарылады. «Б» тізімі бойынша сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |