Қорытынды
Педагогикалық теория мен тәжірибеде білімді бағалауға қатысты қайшылықтар орын алды. Бағалау жүйесіне оқушылардың сенімі болған жағдайда ғана баға оң әсер ете алады. Кез келген баға, ол оң болсын, теріс болсын, оқушылардың уәжіне (мотив) әсер етеді, олардың әрекеттері мен мінез-құлықтарын ыныталандырады, сондай-ақ тұлғаны толық дамытуға әсер етеді. Сондықтан объективті баға негізінде өз мінезін реттейтін оқушы келешекте жақсы нәтижелерге жету артықшылығына ие.
Критериалды бағалау оқушылардың оқу нәтижелері туралы объективті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды ынталандыруға және оқу үдерісінде олардың ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін үнемі көмек беруге бағытталған. Бағалау стандарттары, дифференциалды критерийлерді және механизмдерді құру анықтықты, валидтілікті, объективтілікті, айқындықты қамтамасыз ететін бағалау рәсімдерінің сапасын арттырады, әр оқушының оқудағы қажеттіліктері мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Жаңа критериалды бағалау жүйесі үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіреді және білім беру сапасын арттырудағы нақты артықшылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дұрыс қойылған басымдық пен анық критериалды бағалау жүйесінің әдістемесі:
• оқушылардың оқу жетістіктерін объективті және анық бағалауға жетуіге;
• оқу, оқыту және бағалауды жетілдіру мен интеграциялауға бағытталған бағалау жүйесін жүзеге асыру механизмдерінің реттілігін қалыптастыруға;
• бағалау құралдарын құрастыруға, оның ішінде жоғары деңгей дағдыларының қалыптасқанын тексеру үшін;
• оқудың жеке траекториясын бақылау арқылы оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсер етуге (оқуға деген ынтасын, өзін-өзі реттеуін, жауапкершілігін, бірлесе жұмыс жасауын арттыру);
• тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау үшін ақпараттық негізді ұсынуға (саясаттың тиімділігі, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, мұғалімдердің біліктілігін арттыру және т.б.) мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіс. құрал. /О.И.Можаева,А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 54 б
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен.Астана, 2016. - 46 б.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ / О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 48 б.
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б.
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. – 107 б.
Оспанова Р.С.Сабақтағы бағалау үрдісі. А.: Педагогика, 2010. – 87 б.
Black, P. Wiliam, D. (1998) Inside the Black Box. King's College London.
Boyle, B. Charles, M. (2010) «Leading learning through assessment for learning», School Leadership and Management, 30(3), pp. 285-300. 8. Brennan, R. (2006) Educational measurement. 4th Edition. Westport, CT: Praeger Publishers.
Достарыңызбен бөлісу: |