Молекула аралық өзара әсер



Дата30.10.2023
өлшемі16.98 Kb.
#481960
молекула


Молекула аралық өзара әсер – электрлік қасиеті жағынан бейтарап молекулалар немесе атомдар арасындағы өзара әсер. Молекула аралық өзара әсер молекула аралық қашықтыққа (r) тәуелді және өзара әсердің потенциалдық энергиясы U(r) арқылы өрнектеледі. Заттардың көптеген қасиеттері мен агрегаттық күйі осы U(r)-дің шамасы арқылы анықталады. Молекула аралық өзара әсер ұғымын (1873) голланд ғалымы Я. Д. Ван-дер-Ваальс нақты газдар мен сұйықтықтардың қасиетін түсіндіруге қолданды. Оның болжамы бойынша бір-біріне жақын орналасқан молекулалар арасында тебіліс күштері әсер етеді де, ал молекула аралық қашықтық (r) артқанда бұл күштер тартылыс күштерімен алмасады. Осы болжамдарды пайдалана отырып ол нақты газдардың күй теңдеуін (Ван-дер-Ваальс теңдеуін) қорытып шығарды. Молекула аралық өзара әсердің табиғаты электрлік және ол тартылыс күштері (ориентац., индукц., дисперс.) мен тебіліс күштерінен тұрады. 
Молекула – дипольдердің электрлік күштер дипольдің бағытына тәуелді, сондықтан бұл күштерді бағдарлық бағдарлық күштер деп атайды. Бағдарлық күштермен қатар дисперсиялық және индукциялық күштер де болады.
Тебілу күштеріне қатысты жағдай мынадай: 1) олар молекулалар немесе атомдардың арақашықтығы азайғанда өте тез артады; 2) тебілу күштеріне тән жағдай - олардың жеке молекуланың түріне тәуелділігі, мұны ескеру және басқа молекулаларға тарату өте қиын.
Есептеулер көрсеткендей, тебілу күштері молекулалар бір-біріне жақындағанда 1/r қатынасына пропорционал артады.
Газ өзінің көлемін де сақтамайды, себебі өте әлсіз өзара әрекеттесу күштері оларды бірбірінің қасында ұстап тұра алмайды
Сұйықтардағы молекулалық қозғалысты кеңес физигі Я.И.Френкель зерттеген.
Сұйықтың молекулалары тығыз орналасқандықтан, оларды сығылмайды деуге болады, міне
сондықтан олар қысым тудырады. Барлық сұйықтар аққыш , яғни олар пішінін сақтамайды,
оның есесіне олар көлемін сақтайды. Сұйық молекулаларының кинетикалық энергиясы олардың
потенциялдық энергиясымен шамалас.
Қатты денелер кристалдық торлардың әртүрлігімен ерекшеленеді, себебі молекулалар арасындағы
өзара әрекеттесу күштері мен денелердегі молекулалардың немесе атомдардың орналасулары да
әр түрлі. Кристалдық торлардың мынадай түрлерін атауға болады:
1. Иондық – оның түйіндерінде оң және теріс иондар орналасқан.
2. Атомдық - оның түйіндерінде бейтарап атомдар орналасқан.
3. Молекулалық - оның түйіндерінде оң иондар орналасқан.
4. Металдық - оның түйіндерінде оң иондар орналасқан.
Егер кристалдың өсуіне кедергі жасамаса, онда атомдардың ішкі орналасуы дұрыс
геометриялық- монокристалдар құрады. Қатты денелерде молекулалардың кинетикалық
энергиясы олардың потенциалдық энергиясынан аз болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет