Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет111/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

бөрі сөзі ауыспалы мағынада алғыр, батыр ер ұғымының орнына алынған. Ал 
«абадан» батырлардың батыры, арыстардың арысы, көшбасшысы ұғымын 
білдіреді. Осы абадан сөзі ерлік, батырлық қасиеттердің ең жоғарғы сапасын 
білдіреді. Сондықтан да біз мұны сапа мөлшері ұғымына жатқызамыз.
Екінші мысалда адамның жас шамасына қарай толысу кезеңдері белгілі 
заттық ұғымдар арқылы сипатталған. Халық танымында жаға «үлкендік, бедел» 
ұғымдарына балама болса, жең сөзі қол сөзіне балама ретінде «іс» ұғымын 
сипаттайды деп ойлаймыз. Сондықтан алтын тонның жеңі метафорасы ел 
ішіндегі атқамінер ер-азаматтарға тән қасиеттің ең жоғарғы сапасын көрсетеді. 
Бұл да – «сапа» ұғымы аясында метафораланған мөлшер ұғымы.
Үшінші мысалда тұтас бір рулы ел жалғыз адам кейпінде сипатталып отыр. 
Арыс сөзі тұтас ел, бар қазақтың үлкен бір бұтағын білдірсе, аузы кере қарыс 
тіркесі азулы сөзінің екінші баламасы ретінде қолданылған. Ешкімге дес 
бермейтін азулы жыртқыш бейнесінде сипатталған арғын руының іргелі
ықпалды ру екендігін ескерту мақсаты көзделген. Мұнда арғын руының айбаты, 
тегеурін қуаты «азу» ұғымы арқылы метафораланып, «ұзындық, кеңдік» 
ұғымдары аясында сипатталған. Сонымен қатар, арғын руының іргесі кең 
жайылған елдігі «аудан», «кеңістік» ұғымдарымен беріледі. Яғни талыс пен 
шөншік етене таныс тұрмыстық заттар болса да, «ауқымы» (үлкендік) 
матафоралауға басты негіз болып тұр. Атасын білмес алыспын тіркесіндегі алыс 
сөзі жат деген мағынасында қолданылған. Тура мағынасында алыс сөзі 
«қашықтық» ұғымын білдірсе, ол санада образды ұғымға айналып, екі туысқан 
елдің де арасын білдіретін абстрактілі ұғымға айналған. Сол арқылы аталас екі 
басты рулардың өзара туыстық, достық байланысы сипатталған.
Бұқар жыраудағы метафоралы сөзқолданыстарын арнайы сөз еткен 
Қ.Өмірәлиев бұл туралы былай дейді: «Сен бұзау терісі шөніксің, Мен өгіз терісі 
талыспын, – дегенде «мен-нің», «сен-нің» сыртында екі рулы ел ескеріліп отыр. 
Солардың ауқымын, мөлшерлі шамасын «бұзау терісі шөнікке», «өгіз терісі 
талысқа» балама жасайды. Бүкіл үлкендік атаулы мен кішілік атаулыдан 
Бұқардың таңдап тапқаны өзінің үй мүлкі – шөнік пен талыс қана» [29, 179 б.]. 
Заттық ұғымдарға негізделген мөлшерлік метафоралардың үлкен бөлігі Бұқар 
жырауда кездеседі. Бұқар жыраудың адами қасиеттерді құндылық ретінде 
сипаттауы қазақ әдебиетінде жаңа туа бастаған образ жасауға деген 
талпыныстың белгісі болса керек. Мұны Р.Сыздық та: «Ақындарда портрет 
жасау активтенеді»,  деп тұжырымдайды [218, 156 б.]. Бұл – дұрыс пікір. Бұқар 
мен одан кейінгі ақындардан басталған «портрет жасау» талпынысы қазақ тілі 
мен қазақ әдебиетінің «кенжелігін» көрсетпейді. Керісінше, қазақы тіл өнерінің 
ұлттық «мінезін» көрсетсе керек. Портрет түзу, образ жасауды әлемдік 
әдебиеттің қазақ әдебиетіне келген жаңа үлгісі ретінде қарастыру керек. Қазақ 
«сөз өнерінде» (әдебиет) «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту» – басты 
қасиет. Адам образын, портретін жиынтық заттық ұғымдар арқылы беру – 
ертеден келе жатқан дәстүрлі үлгі. Бұл дәстүрді Қазтуған жырауда кездесетін 
«ұстаса – Қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы» 


159 
немесе «сен – алтынсың, мен – пұлмын, сен – жібексің, мен – жүнмін» деген 
іркес-тіркес келген метафоралы мөлшерліктер де айғақтайды. Олай болса, 
адамның жиынтық образын беруде ең ұтымды тәсілдердің бірі – метафора болса, 
метафоралауға ең икемді ұғымдардың бірі – «мөлшер» ұғымы дер едік. Зат 
есімдерден туған мөлшерлік метафоралардың дені адам тақырыбына 
байланысты. Яғни адами қасиеттерді «сапа, құн мөлшері» ұғымы аясында 
сипаттау – жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшерлік метафоралардың ең 
үлкен ерекшеліктерінің бірі.
Зат есімдердің қатысымен жасалған мөлшерлік метафоралардың ендігі бір 
шоғыры адамдар тобына қатысты айтылады. Жеке адам турасында айтылғанда, 
адами қасиеттер метафораланудың басты нысаны болады да, адамдар тобына 
қатысты айтылғанда, адам саны, қоныстанған аумағының үлкендігі негізгі нысан 
болып келеді. Айталық, төртінші мысалда халық пен теңіз өзара ұқсас ұғымдар 
ретінде алынған. Мұнда метафора түзуге өзек болып отырған теңіз сөзінің 
екінші бір ауыспалы мағынасы – «молдық, көптік, кеңдік» семантикасы. Кейде 
әр заттың ішкі-сыртқы пішініндегі ерекшеліктер де сол заттың екінші бір 
мағынасы ретінде халық жадында орнығады. Теңіз арнасына сыймай, асып-
тасып жатады немесе қараса көз жетпейтін ұшы-қиырсыз кең алқапты алып 
жатады. Теңізге тән осы бір құбылыс халықтың көптігін сипаттайтын элемент 
ретінде автор танымында репрезентацияланып, метафораға айналған. Ал бесінші 
мысалдағы байтақ сөзі арғы тарихи кезеңде метафораланудың нәтижесінде 
мағынасы ауысқан сөз. Қазір бұл кең аумақты, жазық даланы, шетсіз-шексіз 
кеңістікті білдіретін сөз екені белгілі. Әуелде заттық мағынаны білдірген бұл сөз 
образдың үстемдік алуының нәтижесінде мағына ауыстырған. Метафоралану 
үдерісінде заттарға тән басты-басты қасиеттер таңдалады да, ол образды бейнеде 
екінші бір ұғымға көшіріледі. Байтақ сөзі тіл тарихын зерттеуші ғалымдардың 
айтуынша, ел, жұрт, халық мағынасын білдіреді. Олай болса, ел-жұрт көп 
болатыны және ол кең алқапты ала қоныстанатыны белгілі. Осындағы кеңістік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет