Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет113/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

Атасын білмес алыспын 
(Бұқар жырау, Садыр, қайда барасың, 95 б.).
Бұл мысалдардағы қиян сөзі сын есімге айналған зат есім де, аз, көп, ұзақ 
сөздері заттанған сын есімдер. Қиян сөзі әуелде екі-үш өзеннің қосылған 
сағасын білдірген. Кейін келе мағынасы ауысып, қазір сын есім сөзі ретінде 
танылады. Тіпті тұрақты құрылымдардың құрамында да кездеседі. Мысалы, үш 
қиян, итарқасы қиянда, қиялы қиянға, қиядан қиянға т.б. Осы құрылымдардан да 
қиян сөзінің түпкі мағынасын табуға болатын сияқты. Яғни қиян сөзінің 
«атырап», «шартарап», «алыс жер», «биік» деген сындық мағыналары 
айқындалады. Ал Еділ деген қиянға метафорасын «Еділ деген өзеннің сағасы» 
немесе «Еділ деген алыс жер» деп түсінуге болса керек. Екінші мысалдағы жіктік 
жалғауының бірінші жағындағы алыспын сөзі – заттанған сын есімдер. Негізінде 
жіктік жалғауында келудің өзі метафораның грамматикалық формасының бір 
белгісі. Мұнда алыс сын есімі ауыспалы мағынада жұмсалып, жаумын, 


162 
дұшпанмын, жатпын мағыналарын білдіреді. Адамдардың генетикалық 
байланысы және рухани әлемдегі көңілдің алыс-жақындығы «арақашықтық» 
ұғымы сияқты образға ие болып, метафоралы танымға негіз болған.
Мөлшерлік метафоралар сан есімдердің қатысы арқылы да жасалады. 
Есептік сан есімдер зат есімдердің сандық мәнін немесе іс-қимылдың жүзеге асу 
санының ортақ аты есебінде мағынасы ауысып жұмсалады. Мысалы: 
Тоқсан бес деген тор екен,
Найза бойы жар екен,
Түбі терең көл екен 
(Бұқар жырау, Ай, Абылай сен он бір жасыңда, 94-95 бб.).
Мысалдағы тоқсан бес күрделі сан есімі метафоралы мәнде жұмсалған. 
Аталған есептік сан есімі нақты санның атауы ретінде емес, адам өмірінің 
уақытпен есептелген өлшемінің атауы ретінде алынып, «кәрілік» ұғымының 
орнына ауысып жұмсалып тұр. Жай алынып қоймайды, сан нақты заттық ұғым 
ретінде сипатталады. Яғни тоқсан бес жас құрылған тор, шыға алмайтын «терең 
жар», шыңырауына батыратын «өмірдің теңізі» іспетті образды ұғымдарға 
баламаланған. Сан есімдер метафоралы құрылымдардың құрамында заттың 
есебін дәл білдіру үшін емес, тыңдаушыға ерекше әсер ету үшін қолданылып, 
жинақтауыштық, күшейтпелілік мағына береді. 
Сан есімдердің қатысымен жасалған мөлшерлік метафоралардың ендігі бір 
шоғыры құрамында есептік сан есімі бар күрделі сөздер болып келеді. Мысалы:  
 Алты арысқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің?! 
(Үмбетей жырау, Ей, Ақтамберді, Қабанбай, 75 б.).
Мысалдардағы алты арыс тіркесі – метафоралы қолданыс. Мұндағы алты 
сан есімі нақты сандық мәнді білдірумен қатар, «қалың қазақ, тұтас ел» 
мағынасын да білдіреді. Бір жағы образдылық үшін қолданылып тұр. Ал арыс 
сөзі арбаның қамытқа киілетін арқауы екені белгілі. Демек, алты арыс сөзі 
біртұтас ұғым ретінде «қазақтың арқалы алты бұтағын», «қалың ел», «тұтас 
қазақ» мағынасын білдіреді.
Сан есімдердің қатысымен жасалған бұл мөлшерлік метафоралардың 
тақырыбы әр алуан, бірақ көбіне адам өміріне, адам баласының өмір жолында 
туылатын оқиғаларға қатысты айтылады. Метафоралы сөзқолданыстарды 
зерттеген Б.Хасанов та сан есімдердің метафоралық қызметін арнайы сөз ете 
келіп, мынадай қорытынды жасайды: «Қорыта келгенде, сан есімдер де кейде 
тұрақты ауыс мағына алып, кейбір реттерде мөлшерді екіұшты білдіріп
метафоралық мәнде қолданылады» [215, 128 б.]. Бұл пікірді қуаттай келіп, мына 
бір тұсын одан сайын нақтылай түсу керек сияқты. Бұл жерде «мөлшерді екі 
ұшты білдіру» емес, «образды түрде білдіреді» дегеніміз дұрыстау болар еді.
Жыраулар поэзиясындағы мөлшерлік метафоралар етістіктерден де 
жасалады. Етістіктер тек заттың қимыл-қозғалысын, әрекет-амалын ғана емес, 
оның суретті бейнесін де білдіреді. Мөлшер тек қана заттарда болатын қасиет 
емес, сонымен қатар қимыл-қозғалыста да болады. Сондықтан да бұл топтағы 
сөздер есімдерге қарағанда бейнелі, образды келеді. Мұндай бейнелі сөздерден 
түзілген метафоралардың да образдылық қуаты тіптен күшті болады. Бір затқа 
тән қимыл-қозғалысты екінші заттың қимыл-қозғалысы ретінде телінгенде, онда 
мүлде жаңа мағына, қуатты образды ұғым туып, метафораланады.


163 
Етістіктердің қатысымен жасалған мөлшерлік метафоралардың өзі де 
етістіктің мағыналық топтарына қарай әртүрлі болады. Етістіктер дара тұрып 
метафоралана бермейді, басқа сөздермен түрлі синтаксистік қатынаста келуі 
арқылы метафораланады. Мөлшерлік метафоралар түзетін етістіктер көбіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет