71
рет шабуыл жасады; төрт йолы сүңүшдім (БҚ, 30)
// төрт жол соғыстым; сү
екі йегірмі.../
сүңүшдім/
(КТү., 28)
// он екі /рет/ соғыстым т.б.
Бұл мөлшерлік құрылымдарда
алты // алты, біш // бес, екі // екі, төрт //
төрт, екі йегірмі // он екі сан есімдері – әдеттегідей, мөлшерлік конструкцияның
бірінші компоненті. Бұл сан есімдер қимылдың дүркіндік мөлшерін сипаттайды.
Қимылдың дүркіндік мөлшерін білдіретін мөлшерлік конструкцияларда да
бір
сан есімі, жоғарыда баяндалғандай, көпмағыналы,
абстрактілі болып келсе,
сандық мән бір санынан жоғарылаған сайын нақтылана түседі.
Йол // жол, йолы
// жолы, йор // рет мөлшерліктері – конструкцияның екінші компоненті. Олар
сан есімдердің көмегімен белгілі іс-әрекеттің (соғыстың) қайталану мөлшерін
білдіріп тұр. Мұнда осы екінші компонент тұрақтылық сипатымен ерекшеленеді.
Ал
сүңүшдім // соғыстым, сүңүшдіміз // соғыстық, тіді // шабуыл жасады
сөздері мөлшерлік конструкцияның үшінші компоненті болып, шамасы
(дүркіндігі) өлшенетін қимыл-әрекет саналады. Осы үштік компонент біртұтас
синтаксистік қатынаста, бірбүтін семантикалық байланыста келіп, қандай да іс-
қимылдың орындалу мөлшерін білдіреді. Мысалы:
Отуз йашыма Бесбалық
тапа сүледім, алты йол сүңүшдім...сүсін қоп өлүртім (БҚ, 28)
// Отыз жасымда
Бесбалыққа қарай аттандым, алты жол соғыстым, әскерін көп қырдым.
Үзіндіде Білге қағанның түркі халықтарын біріктіру жолындағы ұлы
соғыстары, қағанның Бесбалықта
алты рет соғысқаны айтылады. Мұнда
йол
мөлшерлігі жеке-дара тұрып мөлшерлік мағына білдірмейді,
конструкция
құрамында тұрып, соғыстың дүркіндік мөлшерін, дәрежесін білдіреді және
мөлшерлік конструкцияны синтаксистік тұрғыдан байланыстырады.
Мөлшерлік конструкцияның тағы бір айрықша формасы бар. Онда
конструкция құрамындағы үш компоненттің біреуі (яғни екіншісі) ығысып
шығып қалады. Ескерткіштерде де осындай
формада келетін мөлшерлік
бірліктер кездеседі:
йеті йегірімі сүңүсді (Тон., 49)
// он жеті /рет/ соғысты;
бес сүңүсді (Тон., 49)
// бес /рет/ соғысты; йеті сүңүсді (Тон., 49)
// жеті /рет/
соғысты; ікі йаңықа сүңүсдім (МЧ, 13)
// екінші /рет/ тағы соғыстым т.б.
Көріп отырғанымыздай, бір компоненті қысқарып қалса да, мөлшерлік
мағына сақталады. Мұны тілдік қажетке қарай
конструкция құрамындағы
компоненттердің ықшамдалуы деп түсіну керек. Мұнда конструкция
компоненттері құрылымнан нақты көрініс таппағанымен,
логикалық компонент
ретінде ойда тұрады. Қайткенде де оның мағынасы ойша түсінікті болады.
Мысалы:
Табғачқа йеті йегірімі сүңүсді қытанқа йеті сүңүсді оғузқа бес сүңүсді
(Тон., 49)
// Табғаштармен он жеті рет соғысты. Қытандармен жеті /рет/
соғысты, оғыздармен бес рет соғысты. «Тониқуқ» ескерткішіндегі бұл мәтінде
Табығач (қытайға) пен Қытанға (Кидан) қарсы соғыстың дүркіндік мәні
рет
сөзімен анықталатыны айқын. Ол ескерткіштерде, кей тұстарда нақты көрініс
тауып отырады. Кейде тілдің ықшамдалу заңдылығы
мөлшерлік конструкция
шегінде де іске асады.
2. Синтаксистік модельдер:
Жалпы тілде «мөлшер» ұғымын берудің синтаксистік тәсілдері біршама
көп. Ескерткіштер мәтінінде соның көпшілігі кездеседі және ол бүгінгі қазақ
тілінің синтаксистік құрылымымен негізінен ұқсас. Солардың бірі – синтаксистік
модельдер. Олардың өзі төмендегідей бірнеше түрлі болып келеді:
72
Сан есімдер мен тәуелдік жалғаудың байланысы арқылы «бүтін заттың
бөлшегі» семантикасы беріледі. Бұл құрылымды
(сан)+ ы, (сан)+ і формасында
өрнектеуге болады. Ескерткіштер мәтінінде бұл модельмен берілетін мынадай
құрылымдар
кездеседі:
бір үлүгі йадағ (Тон., 4)
// бір бөлегі жаяу; екі үлүгі атлығ
(Тон., 4)
// екі бөлегі атты т.б.
Бұл құрылымдарда бірнеше бөлікке бөлінген бірбүтін шаманың бір бөлігі
және екі бөлігі айтылып тұр. Бір бүтін шама қанша бөлікке бөлінсе де, оның
бөліктері белгілі сандық немесе одан да басқа мөлшерлік семантиканы білдіреді.
Осы тіркестердің семантикасына толық мәтін ішінде талдау жасап қарайық.
«Тониқуқ» ескерткішінде былай беріледі:
Ыда ташта қалмысы қубранып йеті
Достарыңызбен бөлісу: