Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет84/159
Дата10.05.2023
өлшемі5.92 Mb.
#473451
түріДиссертация
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Диссертация Маралбек Е.

қашықтық, көлем, сыйымдылық, уақыт, көп/аздық ұғымдарына бөлуге болады.
Ескерткіште салмақ семантикасы ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) сөздері 
арқылы беріледі. Бұл сөздер көбіне деректі заттардың нақты салмақ ұғымын 
білдіреді. Мысалы:
1) Ағыр тур тағтег ырғанма бу йелдін (ХШ, 92p-44) // Ауыр бол таудай
ырғалма бұл желден;
2) Йәсіргә теггәсән (ХШ, 92в-2) // Жеңілге тигенсің.
Таудың салмағы өлшеуге келмесе де, ауыр болатыны түсінікті. Ал бұл 
«салмақ» ұғымы образды түрде адамның қиындықтарға төзе білетін рухани 
күшінің мықтылығын бейнелеуге қолданылған. Ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) 
лексемалары өзара сатылы тіресім құрайды. Бұл градуалды салмақ 
семантикасының арасында түрлі салмақ өлшемдері бар. Олар тілде көбіне шырай 
қосымшалары арқылы беріледі. Кейде күшейткіш үстеулер арқылы да салмақ 


114 
семантикасының өрісін бұдан әрі кеңейтуге болады. Міне, бұлар түрлі 
шамалардан құралған біртұтас «салмақ мөлшері» ұғымын қалыптастырады. 
Э.Наджип бұл сөздің көне, орта ғасыр түркі ескерткіштерінде ауыр, салмақты, 
құрметті, бағалы, қымбат, берік, қатты, көп, т.б. көптеген мағыналарды 
білдіретінін айтады [27, Т
1
/ с. 224-226].
Поэмада кездесетін узун, узақ, йырақ, бәдук, ағлақ, йінічкә сын есімдері 
қашықтық семантикасын білдіреді. Мұнда узун, узақ, йырақ, ағлақ, йінічкә 
көлденең бағыттағы, бәдук тік бағыттағы деректі заттардың нақты қашықтық 
шамасын білдіреді. Мысалы: 
1) Бар ерді бір узун бодлуғ қыз (ХШ, 75в-27) // Бар еді бір ұзын бойлы қыз; 
2) Йырақ йер кәлміш ерді қайра сүрді (ХШ, 67в-31) // Жырақ жерге келген 
еді, қайта кетті; 
3) Ош анда бір бәдук қаршы қылыңыз (ХШ, 23p-4) // Сонда бір биік сарай 
салыңыз; 
4) Алардын адырылыб тутты узақ йол (ХШ, 30р-24) // Олардан айырылып, 
ұзақ жол жүрді; 
5) Айтурмән вәлі болса йер ағлақ (ХШ, 18p-36) // Жер аулақ болса дер едім; 
6) Қашытег йінічкә йолға сүрді Гулгун (ХШ, 93р-26) // Қасындай жіңішке 
жолға түсті Гулгун.
Мысалдағы узун сөзі мен оның семантикалық тіресімі (оппозициясы) қысқа 
сөзі ауыспалы мағынада уақыт мөлшері семантикасын білдіреді. Бұл туралы сын 
есімдердің семантикалық жүйесін арнайы қарастырған Ә.Ақкөзов те: «Ұзын сын 
есімі мәтінге қарай уақыт өлшемінің де мағынасында жұмсала алады», деп 
көрсетеді [203, 31 б.]. Ал аталған сын есім сөздерінің көпмағыналығын 
Р.Байымбетова егіз ұғымдардың концептуалдануымен байланыстырады: 
«Уақытқа қатысты құбылыстар мен ұғымдарды кеңістік аясында, кеңістікке 
қатысты ұғымдар мен құбылыстарды уақыт аясында саралау қазақтың тұрмыс-
тіршілігінен, тілінен айқын аңғарылады. Мысалы, қазақ тіліндегі ұзақ лексемасы 
уақытқа да, кеңістікке де қатысты қолданыла береді. Уақыт өлшемін білдіретін 
– ұзақ уақыт, күн ұзақ, уақытты ұзақ, ұзақ күн, жасы ұзақ, қыс ұзақ болды; 
кеңістік өлшемін білдіретін – ұзақ жол, ұзаққа кету, жол ұзарту тіркестерінде 
қолданылған ұзақ сөзі уақыт концептісінің де, кеңістік концептісінің де тілдік 
репрезентанттары болып табылады» [204, 108 б.]. Мұнда «кеңістік» концептісі – 
«қашықтық» ұғымын қамтып жататын жалпылама балама. Сапалық сын есімнің 
аталған семантикалық ерекшелігі қыпшақ тілі кезеңіне де тән. Мысалы:
1) Узун күн тыңмадын тағ қазмыш (ХШ, 67р-29) // Ұзын күн дем алмай тау 
қазған; 
2) Өмур қысқа ерүр һіммат бәдік қыл (ХШ, 115в-33) // Өмір қысқа болар, 
адамгершілікті биік қыл.
Берілген мысалдардағы узун күн, өмур қысқа тіркестерін алып, 
семантикалық ерекшелігін тіркескен сөздерімен қоса салыстырып қарасақ
логикалық қайшылықтың барлығы байқалады. Яғни бір күн ұзын болғанда, 
адамның тұтас өмірі қысқа болмасы анық. Демек, бұл сөздердің семантикасына 
екінші бір зат пен іс-әрекеттің ықпал етуімен қатар, субъектінің жеке 
көзқарасының да қатысы барлығы байқалады. Бұл – сын есім сөздерінің басты 
қасиеттерінің бірі.


115 
Поэмада көптік/аздық семантикасын білдіретін сөздер де көптеп кездеседі. 
Атап айтқанда, бәса // көп, көб // көп, көп // көп (2), аз // аз (2), өкуш // көп, өкүш 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет