Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Келешектегі салдарын ескермей тұрып, зерттеуге қаты-



Pdf көрінісі
бет101/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Келешектегі салдарын ескермей тұрып, зерттеуге қаты-
судан бас тарту құқығы
«Келешектегі салдарын ескермей тұрып, зерттеуге қатысудан 
бас тарту құқығы» принципі әлеуетті қатысушының зерттеуге қа-
тысу/қатыспауы турасындағы өзін-өзі танып, шешімді өзі шығару 
құқығының маңыздылығын танытады. Өзін-өзі тану қатысушы-
лардың зерттеуге қатысу тәуекелі мен пайдасын салыстыра қара-
уға және оған қатысу/қатыспауды өздері шешуге құқылы болуын 
талап етеді (Cohen et al., 2011; Howe & Moses, 1999). Оның үсті-
не әлеуетті қатысушы зерттеудің кез келген кезеңінде зерттеуге 
қатысуды тоқтатуға құқылы. Жеке тұлғаның зерттеуге қатыспау 


160
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
немесе одан бас тарту жөніндегі шешімі оның әлеуметтік немесе 
кәсіби мәртебесіне кері ықпал етпеуі керек. Мысалы, егер мектеп 
мұғалімі сіздің зерттеуіңіздің әлеуетті қатысушысы ретінде сіз бер-
ген барлық ақпаратты ауызша және жазбаша қарастырып, қандай 
да бір жеке себептерге байланысты зерттеуге қатыспауды шешсе, 
онда мұғалімнің бұл шешімі оның болашақ қызметіне немесе кәсі-
би мәртебесіне кері ықпал етпеуі тиіс. 
7.1.2 Белмонт баяндамасы: әдептің үш принципі
1979 жылы әзірленген Белмонт баяндамасы (Belmont Report) 
әлеуметтік ғылымдардағы, оның ішінде білім беру зерттеу әдебінің 
дамуындағы екінші тарихи маңызды құжат болып табылады. Есеп 
авторлары – «АҚШ-тың биомедициналық және мінез-құлық зертте-
улерінің адам субъектілерін қорғау жөніндегі ұлттық комиссиясы-
ның өкілдері» (US National Commission for the Protection of Human 
Subjects of Biomedical and Behaviorial Research). 1978 жылы АҚШ 
Конгресінің тапсырмасымен құрылған бұл комиссия 11 адамнан 
(негізінен Америка университеттерінің өкілдерінен) құралды және 
АҚШ «Ұлттық зерттеу заңы» (National Research Act) негізінде жұмыс 
істеді. Белмонт баяндамасы
25
Комиссияның талқылау барысында 
анықтаған негізгі әдеп принциптерін жалпылама қорытындылауға 
тырысты. Нәтижесінде адамдардың қатысуымен зерттеу жүргізу-
дегі әдептің үш принципі Белмонт баяндамасына негізделді, олар: 
жеке тұлғаны құрметтеу принципі (шешім қабылдаудағы әлеуетті 
қатысушы тұлғасының дербестігін мойындау), қамқорлық прин-
ципі (зерттеу жұмысынан пайда келтіре отырып, зерттеуге қаты-
сушыларға зиян келтіруді азайту) және әділдік принципі (зерттеуге 
қатысудың пайдасы мен тәуекелдерін әділ, дұрыс бөлу, зерттеуге 
қатысушыларды әділ жолмен таңдау)
26
(7.2-суретті қараңыз).
25
Белмонт баяндамасы 1976 жылдың ақпанында Смитсон институтының Белмонт конвенция ор-
талығында өткен төрт күндік қызу талқылаудың нәтижесі болып табылады. Ол төрт жылға жуық 
уақыт бойы жалғасқан ай сайынғы комиссия талқылауларымен толықтырылды (The Belmont Report, 
US Department of Health and Human Services). Баяндаманың ағылшын тіліндегі түпнұсқа мәтінімен 
мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.hhs.gov/ohrp/regulations-and-policy/belmont-
report/read-the-belmont-report/index.html
26
Белмонт баяндамасының орыс тіліндегі аудармасын мына сілтемеден табуға болады: http://www.
bioethics.ru/rus/library/id/388/


161
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Белмонт баяндамасының әдеп принциптері 1970 жылдары 
Нюрнберг кодексі негізінде жасалған бірқатар әдеп кодексінің жа-
уабы болып табылады. Баяндама авторларының пікірінше, бұл ко-
декс принциптері бір-біріне қайшы келді. Сол себепті тәжірибеде 
қолданғанда оларды түсіндіру қиын болды. Белмонт баяндамасы-
ның авторлары көптеген әдеп принципінің сәйкес келмеуі мен күр-
делілігіне байланысты адамдардың қатысуымен жүргізілетін кез 
келген зерттеуде ұстануға тиісті үш принципті ғана тұжырымдаған. 
Бұл үш принциптің басты белгілері ықшамдық пен жалпылық бо-
лып табылады. Зерттеу әдебінің одан әрі дамуындағы Белмонт 
баяндамасының маңыздылығы туралы баяндама авторларының 
ұстанымы мен мақсатын танытатын мына сөздерін келтіре кетуге 
болады: «Әдеп принциптерінің кең ауқымдылығы жекелеген ере-
желерді тұжырымдап, оларды сыни тұрғыдан талдап, түсіндіріп бе-
реді. Аталған құжат адамның зерттеуге қатысуына байланысты үш 
принципті немесе жалпы прескриптивті мәлімдемені айқындайды. 
Өзге принциптер де тиімді болуы мүмкін. Сонымен қатар бұл үш 
принцип қысқа түрде болып келеді. Ол ғалымдарға, зерттеуге қа-
тысушыларға, әдеп комитеті мүшелеріне, сондай-ақ адамның қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет