Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет64/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

ұйымдастыру және оны жүргізу 
4.3.1 Зерттеуге қатысушыларды іріктеу
Іс-әрекетті зерттеу сандық емес, сапалық зерттеу әдіснамала-
рының тізіміне кіреді. Әдетте сапалық зерттеу жүргізу барысында 
қатысушыларды таңдау зерттеудің мақсатына тікелей тәуелді бо-
лады, өйткені аталмыш зерттеу түрлері саннан гөрі мәнді іздейді 


103
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
және зерттеу нәтижелерін жалпылауды өзіне мақсат етіп қоймай-
ды (Cohen et al., 2011; Flick, 2011; Miles et al., 2014). Әлеуметтік 
зерттеу болғандықтан, іс-әрекетті зерттеу аясында қатысушыларды 
таңдау әдістерін қолданудан гөрі өз еркімен қатысу принципін қол-
данған маңызды, себебі, жоғарыда айтқандай, іс-әрекетті зерттеу 
қатысушылардан өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізуге деген ынтаны 
талап етеді (Kanayeva, 2019). Зерттеуге қатысушыларды таңдау ба-
рысында ескерілуі қажет негізгі сұрақтар төменде берілген.
4.3.2 Зерттеу сұрақтарын анықтау
Іс-әрекетті зерттеуде зерттеу сұрағы зерттеушінің қы-
зығушылығы мен тәжірибесінің негізінде туындайды. Мысалы, 
ұстаздың өз тәжірибесін зерттеуінде, зерттеу сұрағы оның кәсі-
би мәселесінен туындауы мүмкін. Зерттеуді күрделі емес сұрақтар 
мен әдістерден бастаған абзал. Себебі, күрделі сұрақтар мен әдістер 
тым көп ақпарат пен дұрыс сарапталмаған қорытындыға алып ке-
луі мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу сұрақтары нақты (сұрақтағы 
қолданылған сөздер зерттеу нысанын нақты анықтауы керек); қол-
жетімді (белгіленген уақыт аралығында мәселені зерттеуге және 
оған жауап/шешім табуға болатын) және пайдалы (маңызды және 
басқа әріптестері де қолдана алатындай) болуы қажет. Жалпы, 
зерттеу сұрақтарын келесідей түрлерге бөлуге болады: 1) мәсе-
лені сипаттауға бағытталған сұрақтар (не? қандай? қайда? Мы-
салы, Мектепте ең жиі қолданылатын АКТ-ның түрі қандай?); 2) 
мәселені түсіндіруге бағытталған сұрақтар (неге? Мысалы, Біздің 
мектептің білім деңгейі соңғы үш жылда неге төмендеп кетті?); 3) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет