Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет65/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1-тапсырма
Зерттеуге қатысушыларды іріктеу
Зерттеу сұрағыңызға жауап беру үшін зерттеуіңізге кімдерді тартар едіңіз? 
Ол адамдарды зерттеуіңізге қалай тартуды жоспарлайсыз? Зерттеуіңізге қа-
тысушыларды тартпас бұрын, зерттеу сұрағыңызға тағы бір назар аударып 
алыңыз. Зерттеуге қатысатындардың құрамы мүмкіндігінше әртүрлі болға-
ны жөн. Қатысушыларды таңдау кезінде ескерілетін басты мәселе – зерт-
теуші мен қатысушылардың мүмкіндіктерін, сондай-ақ зерттеу тиімділігін 
ескеру (www.topiconline.co.uk).


104
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер

4 мысал. 
Зерттеу құралдары
Іс-әрекеттегі зерттеуде мен сапалық зерттеу әдістерін қолдандым, сол 
арқылы зерттеуге қатысушылардың белгілі бір ұйымда, қоғамда және 
жүйеде жүргізілген эксперименттік бағдарламаға деген көзқарастары мен 
түсініктерін бағалауға мүмкіндік алдым (Miles, Huberman & Saldana, 2014). 
Жиналған деректердің сенімділігін арттыру үшін (а) сұхбат, (ә) бақылау, 
(б) құжаттарды талдау, (в) зерттеу журналы (Kanayeva, 2019) секілді бірне-
ше зерттеу әдісін пайдаландым (McDonald, 2012). 
мәселені шешуге бағытталған сұрақтар (қалай? қайтіп? Мысалы, 
Мектептегі оқушылардың қауіпсіздігін қалай арттырамыз?). Әдет-
те, іс-әрекетті зерттеуде мәселені шешуге бағытталған сұрақтар 
жиі қолданылады. Мысалы, Қазақстандағы мектептерде жүр-
гізілген сыни қатыспалы іс-әрекетті зерттеу сұрағы төмендегідей 
басталады: орта білім беру саласының тұрақты дамуын қамтама-
сыз ету және ұстаздардың қоғамдағы рөлін арттыру мақсатында 
ұстаз көшбасшылығын дамытуды мүмкін ететін стартегияны 
қалай әзірлеуге және бағалауға болады? (www.topiconline.co.uk; 
Kanayeva, 2019). 
4.3.3 Зерттеу құралдарын айқындау
Әдетте іс-әрекетті зерттеулерді жүргізу кезінде аралас (құрамда-
стырылған) немесе сапалық зерттеу әдістері қолданылады. Онда 
сауалнама жүргізу, сұхбат алу; сырттай бақылау (мысалы, сабақ 
барысындағы бақылау), құжаттарды талдау (мысалы, оқушылар-
дың жазба жұмыстары); зерттеу күнделігін (рефлексия жасауға ар-
налған күнделік) жүргізу және т.б. сияқты әдіс-тәсілдерді пайдала-
нуға болады. Дей тұрғанмен әрбір әдістің өзіндік кемшілігі болуы 
да мүмкін, сондықтан бірнеше (әдетте кемінде үш әдіс) зерттеу 
әдісін пайдаланған дұрыс (төмендегі 4-мысалды қараңыз).


105
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет