Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


руға тырысыңыз. Зерттеуді орындау маңызды екені түсінікті, алайда



Pdf көрінісі
бет21/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

руға тырысыңыз. Зерттеуді орындау маңызды екені түсінікті, алайда 
оған жұмыс басында аса мән беру нәтижелі зерттеуге қол жеткізуге 
мүмкіндік бермеуі мүмкін. 
3. Өз зерттеу сұрақтарыңыз бен ойларыңызды әріптестеріңіздің 
шағын тобымен бөлісіңіз. Олардан сұрақтарды түсінгендігін, неліктен 
жауап беруге тұрарлық екендігін; жауап беруге тырысқанда олардың 
қандай мәселелерді көріп отырғанын; тағы басқа қандай сұрақтар қо-
юға болатынын және сұрақтарға қандай өзгеріс енгізе алатындығын 
сұраңыз. Сұрақтарды әзірлеу барысында әріптестеріңіздің пікірлерін 
ескеру үшін мүмкіндігінше олармен болған әңгіменің аудиожазбасын 
жасаңыз (Maxwell, 2013, 248-249 бб.).


35
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
биеттердегі олқылықты анықтаудың үш басты әдісі ұсынылады 
(Alvesson & Sandberg, 2013).
Енді осы әдістердің әрқайсысына қысқаша тоқталып өтей-
ік. Бұлардың біріншісі екіұштылықты анықтау деп аталады, ол 
белгілі бір мәселені зерттеудегі шатасудың басын ашып береді. 
Сіздің қарастырып отырған мәселеңіз бұрын зерттелген, деген-
мен онда келтірілген дәлелдер қарама-қайшы. Сіздің зерттеу 
сұрағыңыз осы құбылысты зерттеудегі екіұштылықты анықтап, 
ашуға бағытталады.
Зерттеу саласындағы олқылықты анықтаудың екінші жолы 
тақырып бойынша зерттеулердің мүлдем болмауы – ол беріл-
ген әлеуметтік құбылыстың зерттелмеген тұсын анықтап береді 
(Alvesson & Sandberg, 2013). 1.3-кестеде көрсетілгендей, бұл тақы-
рып бойынша зерттеулердің болмауы зерттеу пәнінің ұзақ жылдар 
бойы зерттеушілердің назарынан тыс қалуына, эмпирикалық мате-
риалдардың жоқтығына немесе жеткіліксіз деңгейде жиналғаны-
на байланысты деуге болады (мысалы, сауалнама жүргізілмеген, 
сұхбатқа негізделген сапалы деректер болмаған, тиісті құжаттар 
талданбаған және т.б.).
Олқылықты анықтаудың үшінші жолы – теорияға қосы-
латын толықтыруларды анықтау – ол аталған әлеуметтік құ-
былыстың теориялық негізінің жеткіліксіздігін айқындап береді. 
Алвессон мен Сандберг атап өткендей, «зерттеудің міндеті қа-
растырылып отырған тақырыпты одан әрі тереңірек түсіну үшін 
оған балама басымдықтарды ұсыну» болып табылады (Alvesson 
& Sandberg, 2013, 33-б.). Алвессон мен Сандберг зерттеліп оты-
рған саладағы олқылықтың орын алуын ашудың мысалы ретінде 
Оливер мен О’Рейлидің көші-қон мәселесі жөніндегі зерттеулерін 
келтіреді: авторлар аталмыш тақырыптағы зерттеулерде көші-қон-
дағы әлеуметтік тап рөлінің сирек көтерілетіндігін байқайды. Бұл 
жайтты түзету үшін Оливер мен О’Рейли өз зерттеулерінде әлеу-
меттік тап пен көші-қонды байланыстырып, мәселеге жаңа көзқа-
расты ұсынады (Alvesson & Sandberg, 2013).


36
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Алвессон мен Сандберг, сондай-ақ, зерттеулердегі олқылықты 
ашудың қосымша: 1) аталған пән бойынша кездесетін теориялар 
мен зерттеулердің сыни жағынан қарама-қайшылығы және 2) әле-
уметтік құбылысты қарастырудағы жаңа идея секілді екі әдісін 
ұсынады. 
Алғашқы тәсілде зерттеуші аталмыш мәселеге қатысты тео-
риялардың ағымдағы жағдайын қарастыруға сыни тұрғыдан қа-
райды. Мысалы, зерттеуші «капитал» ұғымының кеңейіп, оның 
тек экономикалық тұрғыдан ғана зерттеліп қоймай, сонымен қа-
тар «әлеуметтік капитал» және «мәдени капитал» (Пьер Бурдьенің 
мәдени капитал теориясы) түрінде де қарастырылатынын ескере 
келіп, адами капитал теориясына (адамның білім-дағдысының, қа-
білетінің артуы болашақ табыс көзі мен экономикалық жетістікке 
қол жеткізудің мүмкіндігі болып табылады) негізделген білім беру 
зерттеулеріндегі дәйектерді жоққа шығаруы мүмкін.
Зерттеулердегі олқылықты танудың қосымша екінші тәсілі құ-
былысты зерттеудегі жаңа идеялардың табылуынан көрінеді. Ол 
зерттеушінің аталған құбылысты қарастыруда бұрыннан бар тео-
риялар мен өзге авторлардың жұмыстарын айналып өтуі дегенді 
білдіреді. Зерттеулердегі олқылықты танудың аталмыш тәсілі ой-
лаудың өзіндік ерекшелігін және өз пайымдауларына сенімділік-
ті талап етеді. Аталмыш тәсіл зерттеу сұрақтарын әзірлеуде 
Олқылықтың орын алу 
амалдары
Олқылықтың орын алу амалдарын түсіндіру
Екіұштылықты анықтау Бірдей құбылыстарға қатысты бәсекелес түсіндірмелердің 
болуы
Аталмыш зерттеу 
тақырыбы бойынша 
зерттеулердің жоқтығы
Зерттеу саласының дұрыс бағаланбауы; жеткілікті деңгейде 
зерттелмеуі; зерттеудің эмпирикалық материалдарының 
болмауы немесе аталмыш бағытта нақты аспектіде зерттеу 
жұмысының жүргізілмеуі
Теорияға қосылатын 
толықтыруларды 
айқындау
Қолда бар әдебиеттерді кеңейтіп, толықтыру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет