Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Икемді білім беру зерттеу дизайны



Pdf көрінісі
бет26/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

1.5.2 Икемді білім беру зерттеу дизайны
Икемді дизайнда зерттеуші зерттеу мәселесінің қойылуын, 
зерттеу мақсатын, зерттеу сұрақтарын, зерттеу жүргізу үдерісінде-
гі деректерді жинау, талдау әдістерін өзгерте алады. Сандық зерт-
теудің дәстүрлі сызықтық моделінен айырмашылығы сандық зерт-
теу дизайны бекітілмейді. Зерттеуші белгілі бір ғылыми болжамын 
дәлелдеуге тырыспай-ақ зерттеуге қатысушылармен сұхбаттасу 
арқылы алынған сапалық мәліметтерді түсіндіре отырып, өзі де 
зерттеу нысаны болып саналады (Robson & McCartan, 2016). 
Икемді дизайнға негізделген сапалық зерттеудің сандық зерт-
теулердің бекітілген дизайнынан айырмашылығы оның теори-
ялық/концептуалдық аясы әртүрлі теориядан тұрады. Сонымен 
қатар сапалық зерттеуді жақтаушылар белгілі бір теорияның рөлін 
ғана атап өтпей, зерттеушінің жеке пайымы мен тәжірибесін та-
Сандық зерттеулердегі сұрақтарды құрылымдау мысалдары:
1. [X факторы] [Z белгілі бір мәнмәтінде, кеңістікте немесе уақытта] [Y 
факторына] ықпал ете ме?
2. [X фактордың] [Z белгілі бір мәнмәтінде, кеңістікте немесе уақытта] [Y 
факторына] қандай ықпалы болады? 
3. [Z фактор, әлеуметтік құрылым немесе мәнмәтін] [Z белгілі бір мән-
мәтінде, кеңістікте немесе уақытта] [Y факторына] қандай деңгейде 
[ықпал етеді, қалыптастырады, шектейді, анықтайды]? 
4. X пен Y арасында байланыс бар ма? 
5. [X факторы] мен [Y факторы] [Z белгілі бір кеңістікте немесе мән-
мәтінде] өзара қалай [байланысады]? 


43
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
ныту үшін де «концептуалдық ая» терминін пайдалануды ұсынады. 
Сапалық зерттеулерде қолданылатын теория (концептуалдық ая 
түрінде) зерттеуде пайдаланылатын дайын білім емес, оның не-
гізін зерттеушінің өзі қалайды (Maxwell, 2013). 
Сапалық зерттеуді жақтаушылар өз жұмыстарында теорияны 
қалай қолданады? Кресуэлл және Кресуэлл оның негізгі төрт тәсілін 
көрсетеді (Creswell & Creswell, 2020). Біріншіден, сапалық зерт-
теулерде дайын теориялардың сирек қолданылуына қарамастан, 
әлеуметтік немесе пәнаралық ғылымдардың кейбір қағидаттары 
(мысалы, мәдени антропология) адам мінез-құлқының теориялық 
түсіндірмесі бола алады. Осылайша, әлеуметтік бақылаудың тео-
риялық негізі, өзгерістерді басқару теориясы немесе қоғамдағы 
ұйымдардың қызмет етуінің әлеуметтік анықтамасы сапалы зерт-
теулердің концептуалды аясы бола алады. 
Екіншіден, зерттеуші сапалық деректерді жинақтап, талдап, 
түсіндіруге көмектесетін «теориялық линзаны» пайдалануы мүм-
кін. «Теориялық линза» әдіснамасы деп қоғамға және адамның 
мінез-құлқына теориялық көзқарас тұрғысынан қарау дегенді 
түсінеміз. Мысалы, феминизм теориясы қоғамдағы әйелдің рөлін 
қарастыра отырып, әйелге қатысты әлеуметтік әділеттілік мәсе-
лесін көтереді. Не болмаса жынысы, нәсілі немесе әлеуметтік 
жағдайы тұрғысынан әлеуметтік теңсіздік мәселесін талдайтын 
сыни теорияны алайық. Зерттеуші феминизмнің немесе сыни тео-
рияның «теориялық линзасын» қолдана отырып, әлеуметтік мәсе-
лелерді аталған теория арқылы қарастырады. Осылайша, теория 
сапалық зерттеулерде осы екі әдіс арқылы деректерді әрі қарай 
жинап, талдауға көмектеседі, сәйкесінше ол детерминдену сипа-
тына ие болады.
Зерттеуші деректерді жинап, талдап болған соң үшінші тәсіл-
дің көмегімен өз теориясын жасақтай алады. Сәйкесінше, зерттеліп 
отырған құбылыстың теориялық анықтамасын жасау сапалық зерт-
теудің соңғы кезеңі болып табылады. Индуктивті тәсілдің көмегімен 
қалыптасқан теорияны қолдану әдісі «негізделген теория» деп ата-
латын стратегияға жатады (Strauss & Corbin, 2015; Charmaz, 2014). 
«Негізделген теория» сапалық зерттеудің әдісі болып табылады, 
онда теория «зерттелетін құбылысқа қатысты деректерді жүйелі түр-
де жинап, талдау арқылы әртүрлі жағдайда жасалады, дамытылып, 


44
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
тексеріледі» (Дембицкий, 2010, 66-б.). 1.6-сурет сапалық зерттеу 
теорияларын әзірлеудің индуктивті әдістерін ұсынады (Creswell & 
Creswell, 2020). Зерттеуші зерттеуге қатысушылардан сұхбат алып, 
деректерді жинауда деректердің бәрін бір тақырып төңірегіне жи-
найды
9
. Тақырыптар, өз кезегінде, зерттеушінің тәжірибесі арқылы 
немесе аталмыш мәселе бойынша қолда бар әдебиеттермен салы-
стыратын тұжырымдамалар мен теориялар түрінде рәсімделеді 
(Creswell & Creswell, 2020). 
9
Сапалық зерттеу әдіснамасы мәнмәтініндегі «тақырып» термині сұхбат транскриптінің белгілі бір 
бөлшегінің мәнін немесе идеясын беретін негізгі сөз тіркесін немесе сөйлемді білдіреді (Saldana, 
2013).
Зерттеуші деректерді жинайды 
(мысалы, сұхбат және бақылау әдісі)
Зерттеуші қатысушыларға ашық сұрақтар қояды немесе зерттеуге 
қатысушыларға сұхбат немесе бақылау жүргізу процесінде 
жазбалар жасайды
Зерттеуші тақықырыптарды немесе категорияларды 
қалыптастыру үшін деректерді талдайды
Зерттеуші талданатын тақырыптарға немесе категорияларға 
негізделген жалпы заңдылықтарды, жалпылауларды немесе 
теорияларды іздейді
Зерттеуші қорытынды жасайды немесе өткен тәжірибесі 
мен әдебиетті талдау негізінде теория жасайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет