Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Әдебиетке шолу дегеніміз – ғылыми жобаның, диссертацияның, мақа-



Pdf көрінісі
бет37/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Әдебиетке шолу дегеніміз – ғылыми жобаның, диссертацияның, мақа-
ланың, ғылыми баяндаманың және ғылыми-зерттеу жұмысы есебінің 
міндетті де маңызды құрамдас бөлігі. Аталмыш бөлім әдетте 
кіріспеден кейін, әдіснама бөліміне дейін ұсынылады. Таңдалған зерт-
теу тақырыбы бойынша әдебиеттердің мазмұнын жүйелеу, талдау, 
талқылау зерттеу жұмысының ғылыми құндылығын айқындайды.


63
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
• заманауи тенденциялар туралы хабардар екендігін таныту 
мақсатында зерттеуді тарихи мәнмәтінде қарастыру.
Әдебиетке шолудың мазмұннан ерекшелігін ажырата білу 
маңызды, әдебиетке шолу зерттеліп отырған деректердің мазмұ-
нын сипаттайтын немесе алдыңғы зерттеулердің мазмұнын 
көшіріп беретін тізімдер жиынтығы емес. Шолу зерттеу тақыры-
бы бойынша заманауи білімдер жиынтығын ұсына алуы қажет; 
сондай-ақ, ізденушінің материалдарды талдаудағы зерттеушілік 
қарым-қатынасын көрсетуі тиіс. Сондықтан әдебиетке шолу жа-
сағанда дереккөздерді «өзара әңгімелескендей» етіп талқылау 
секілді беруге болады (Purdue University, n.d.). Блумберг пен Вол-
пе жазғандай (Bloomberg & Volpe, 2012), шолу жасау арқылы ізде-
нуші басқа зерттеушілер мен теоретиктердің арасындағы үздіксіз 
ғылыми талқылауға араласа бастайды: алдымен олардың не ту-
ралы «айтатынын» тыңдайды, содан соң диалогты жалғастыру 
үшін өз пікіріңізді тұжырымдайсыз. Осылайша, әдебиетке шолу 
бұрыннан белгілі нәрсені табуды, меңгеруді және де ғылыми 
талқылауға сыни да жаңашыл тұрғыдан келуді үйретеді. Басқаша 
айтқанда, зерттеушінің шолуы ғылыми әдебиеттерді сыни тұрғы-
дан талдау, оған қатысты белгілі бір тұжырым жасау арқылы «та-
рихты әңгімелейді».
Әдебиетке шолу екі түрлі қызметі атқарады. Біріншіден, ол 
оқырмандарға нақты бір тақырыпты зерттеу барысында зерттел-
ген дереккөздері жайында жалпылама түсінік береді. Екіншіден
шолу сіздің зерттеуіңіз ғылымның неғұрлым кең саласына қалай 
кірігетінін көрсетеді. Демек, зерттеу жұмысының бұл бөлігінің 
басты міндеті – негізгі концептілер мен теориялардың, сондай-ақ 
зерттеу тақырыбына тікелей қатысты деректердің нақты да үй-
лесімді ретін ұсыну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет