Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



Pdf көрінісі
бет49/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

Жабық сұрақтың үлгісі:
Анаңыздың білім деңгейі
Орта
Кәсіби-орта 
Жоғары
Магистратура/докторантура
Кіріспе бөлімде зерттеудің мақсат-міндеттері, сауалнаманы 
толтыру ережесі және сауалнаманы толтыруға қажетті уақыт мөл-
шері түсіндіріледі. Қажет болған жағдайда сауалнаманы толтыруға 
және жекелеген сұрақтарға қатысты түсіндірмелер беріледі. Ре-
спонденттің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасында респон-
денттің жынысы, білімі, тұрғылықты жері және іріктеуді талдап, 
сипаттауға арналған қажетті басқа да сипаттары қамтылады.
Негізгі бөлімде зерттеушінің зерттеу сұрақтарына жауап алуға 
көмектесетін сұрақтар қатары беріледі. Сұрақтар шартты түрде 
жабық (ұсынылған бірнеше жауаптың нұсқасын таңдау ұсыныла-
ды), ашық (жауапты респондент өзі құрастыра алады) және жар-
тылай ашық (ұсынылған жауап нұсқаларымен келіспеген жағдай-
да респондентке өз жауабын жазу ұсынылады) болып бөлінеді.
Жартылай ашық сұрақтың үлгісі:
Қандай мектепті бітірдіңіз?
қалалық жалпы білім беру мектебін 
лицей немесе гимназияны
ауылдық мектепті
Басқа (төменге жазыңыз)
______________________________________________________
2-тапсырма
Зерттеу жұмысыңызға респонденттердің демографиялық сипаттамасының 
маңызы қаншалықты екенін ойланыңыз.


83
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Ашық сұрақтың үлгісі:
Отбасыңыздың бір адамға шаққандағы орташа табысы қандай? 
______________________________________________________
Сауалнама сұрақтарын құрастыру барысында күрделі 
құрылымдардан аулақ болған жөн: сұрақтар қарапайым және сау-
алнама алушының бәріне түсінікті болуы керек. Сондай-ақ жауап-
тардың межесін дұрыс таңдау қажет. Әдетте көп таңбалы жауаптар 
межесі бар сұрақтар (Лайкерт межесі, Likertscale) пайдаланылады. 
Ең көп таралғаны – бес таңбалы жауап межесі. Сауалнама сұрақта-
ры өзінің табиғаты жағынан көбінесе баламалы болып келеді, яғни 
респондент берілген бірнеше жауап нұсқаларының ішінен бір ғана 
жауапты таңдауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет