Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет111/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

205. Қақпан ойыны
Ойыншылар санына шек қойылмайды. Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Ойынның мақсаты: шеңбер құрып жүріп, араларынан өтіп бара жатқан ойыншыларды бірігіп ұстауға үйрену.
Ойынға дайындақ: ойыншылар санау арқылы үш топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер жасап, қолдарымен ұстасып тұрып, «қақпан құрады». Қалған екі топтағы балалар шеңбердің сыртында «тышқан, қасқыр» болып жүгіріп ойнап жүреді.
Ойын мазмұны: ойын бастаушының берген белгісінен кейін «тышқандар, қасқырлар» шеңбердің арасынан өтіп, алаңның екінші шетіне жылдам жүгіре өтуге тырысады. Ол жақта жатқан доптарды немесе заттарды алады. Ойын бастаушының қақпан құрыңдар «тышқандарды, қасқырларды» інге жібермей ұстаңдар деген белгісінен кейін «тышқандар, қасқырлар» доптарын, заттарын ұстаған бойда «қақпаннан» өтіп, өздерінің ініне қарай жарыса өтуге тырыса бастайды. Шеңбер құрып тұрған ойыншылар «тышқандар немесе қасқырларды» қақпанның ішіне көбірек ұстап қалуға тырысады.
Шеңберде тұрғандар «қақпанды жаптық» деп отыра қалған кезде шеңбердің ортасында қалған «тышқандар мен қасқырлар» қақпанға түсіп, ойыннан шығып тұрады. Ойын бірнеше қайтара ойналғаннан кейін топтар орындарын ауыстырып ойынды жалғастырады.
Ойын ережесі: «тышқан мен қасқырлар» індері алдын ала белгіленіп қояды, індер мен «қақпанның» арасы алшақ болуы керек. «Тышқан мен қасқырлар» тек берілген белгіден кейін ғана жүгіре алады. Жүрелерінен отырған ойыншылардың қолдарының үстінен аттап кетуге болмайды; «Тышқандар мен қасқырлар» міндетті түрде «қақпан» арқылы өтулері тиіс.
Әдістемелік нұсқаулар: шеңбер құрып тұрған ойыншылар бір орындарында тұрмай шеңбер бойымен айнала қозғалып тышқан мен қасқыр туралы өлең немесе тақпақ айтып жүріп қозғалады. Ойын жүргізуші барлық ойыншылардың қақпан арқылы өтуін қадағалап отырады. «Қақпанды» айналып өтіп кеткен бала ойыннан шығарылады.
Ойынның педагогикалық маңызы: балалар жарысып, шапшаң жүгірудің әдістерін үйренеді. Тез бағдарлауға, соған байланысты өзінің қимыл әрекеттерін сәйкестендіруге дағдыланады. Қауіптен, қиыншылықтан сескенбей, батылдыққа кішкентай кезінен үйрене бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет