Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет94/151
Дата21.02.2022
өлшемі481.78 Kb.
#455585
түріМонография
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

166. Торы бие
Жиналған балалар ортасынан ең ұзын бойлы үлкенін және ең кішкентайын таңдап алады. Үлкені «бие», кішісі «құлын» болады. Қалған ойыншылардың барлығы аулағырақ барып отырады. Бұдан соң бір ойыншыны биенің құлындағанын біліп келуге жұмсайды. Ол барып «биенің» желіндеп тұрғанын айтып келеді. Отырғандар екінші адамды жібереді, ол барып биенің құлындағанын, бірақ биенің құлынға ешкімді жақын жібермейтінін айтады. Барлық балалар құлынды көруге тұра жүгіреді, бірақ «бие» ешкімді де құлынға жақындатпайды. Балалар барып: «Менің бием жуас», «менің бием жуас», – деп жылы сөзбен алдандырады.
Осыны пайдаланып «құлын» біресе балаларға, біресе «биеге» қарай жүгіреді. Бие құлынын қызғанып, ойыншыларды қуып жақындатпауға әрекет етеді. Ойыншылар мақсаты – «биені» алдап, «құлынды» жетектеп әкету.
167. Ит пен қоян
Жазық алаңда балалар бір ойыншыны «ит» етіп тағайындайды. Қалған ойыншылардың барлығы да «қоян» болады. Мұнан кейін белгі бойынша ит «қояндарды» қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары «итке» айналады. Сөйтіп "иттер" көбейе береді, барлық «қояндар» «итке» айналғанша ойын жалғаса береді.
168. Қарлығаш
Ойынға катысушылар екі топқа бөлінеді. Ойын жасырынуға болатын ойлы-қырлы жерде өтеді. Ойыншылар бір жерді меже етіп белгілейді де, екі топ өзінің ойын кезегін таяқты кезектесіп ұстасу арқылы анықтайды. Кезекті бірінші алған топ аулағырақ барып жасырынады. Екінші топ оларды іздеуге шығады.
Іздеушілер келе жатып «Қарлығаш орныңнан тұра қаш» деп үздіксіз дауыстап отырады. Олар жақындап қалғанда жасырынған топтың ойыншылары межеге қарай тұра жөнеледі. Іздеуші топ жасырынған топтың бір ойыншысына жетіп ұстап алатын болса, онда тығылушылар қуушыларды межеге дейін арқалап баратын болады. Ойыншылардың арасында қыз балалар бар болса, жазаның орнына ән салып, би билеп өз өнерін көрсетеді.
169. Ақ байпақ
Жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындардың бірі – «Ақ байпақ» ойыны. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Ойыншылардың барлығы жүресінен дөңгелене отырып орталарына бір ойыншыны «бота» деп, көрсетпей жауып қояды. Бір ойыншы «інген» болып тағайындалады. Алыстан боздап, «ботасын» іздеп «інген» келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.
Ойыншы: – Ақ иығымның үстіндегі кім?
«Інген» – Ақ байпақ.
Ойыншы: – Нең жоқ?
«Інген» – «Ботам» жоқ.
Ойыншы: – «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр.
Осы кезде «інген» орнынан тұрып 4–5 адымдай жерге барып келіп: «Бө-ө-ө-ө, «Ботам» жоқ қой», – деп иығына, арқасынан ұрып кетеді. «Інген» екінші ойыншының иығына барып отырады. Ол да солай: «Ботаң шөпшек теріп жүр», – дейді. Келесі ойыншы: «Ботаң ұйықтап жатыр», – дейді.
Осылайша барлық ойыншының иығына отырып болған кезде, ойнаушылардың әрқайсысы «ботаға» не бергендерін айтып, біреуі су бердім, екіншісі шөп бердім, үшіншісі тамақ бердім, тағысын тағы деп барлығы айтып болысымен «ботаны» тастай сала жан-жаққа барлығы бытырай қаша жөнеледі. Жаны жай тауып «ботасын» көрген «інген» не берді?» – деп ботасынан сұрай бастайды. Ботаның айтуымен оған жөндеп тамақ бермегендер «інгеннің» бұйрығымен жазаланады, демек өнер көрсетеді. Жаза біткеннен кейін «інген» мен «ботаның» орнын басқалар ауыстырады да, ойын қайта жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет