МоөЖ – 1 Тақырыбы: Картографияның теориялық концепциялары, картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны Орындаған



Дата03.12.2022
өлшемі149.62 Kb.
#466389
Фрунзеқұл Нұржан МОӨЖ 1


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті


МОӨЖ – 1


Тақырыбы: Картографияның теориялық концепциялары , картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Орындаған: Фрунзеқұл Н.Е
1-курс магистрант, тарих және география мамандығы
Тексерген: профессор м.а. Қозғамбаева Г.Б

Алматы, 2022 ж.


Картографияның теориялық концепциялары , картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны

Жоспары:
Кіріспе
1. Картографияның теориялық концепциялары
2. Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық картамен басқа да картографиялық өнімдермен кескіндеу жəне оларды құру, пайдалану əдістемелері туралы ғылым. Картографияның жетістіктері карталарда атластар мен глобустарда көрініс тапқан. Картография бойынша ғылыми зерт- теулер Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын- да, жоғары оқу орындары мен картографиялық кəсіпорындарында жүргізіледі.


Əрбір географиялық картаның атқаратын қызметі болады. Оны ғылым мен білімнің, өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік танымжорықтың жетекшілері, оқушылар маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктері айқын ашылып көрсетіле түседі. Картографияның басқа ғылымдармен байланысының ауқымы өте кең. Қоғамдық ғылымдардан экономикалық жəне əлеуметтік география, тарих тағы басқа салалармен тығыз байланысты. Жа- ратылыстану ғылымдарынан - табиғатты зерттейтін физикалық география, геология, ландшафтану, топырақтану, метеороло- гия жəне климатология сияқты салалық ғылымдармен, нақты ғылымдардың ішінде математика, геодезия (Жердің пішіні мен өлшемі, жер бетінде өлшеу жұмыстарын жүргізу туралы ғылым), кибернетика, статистикамен тығыз байланысты.Астрономиялық-геодезиялық өлшеу жұмыстарының нəтижесінде картография жердің пішіні мен өлшемі, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны жөнінде маңызды дерек- тер алады.Географиялық карталар, атластар тағы басқа картографиялық өнімдер жасау арқылы картография халық шаруашылығы мен адамның мəдени қажеттілігін өтеуде.Карталар шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара бай- ланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған қасиеттер картаның маңызы мен құндылығын анықтайды.
Карталардың ғылыми-зерттеу құралы ретінде, əсіресе, географиялық зерттеулердегі маңызы өте зор. Əрбір геогра- фиялық зерттеулер қолда бар карталарға негізделіп, жинақталған жаңа материалдар арқылы толықтырылып одан əрі жетілдіріледі. Геология, геоморфология, климатология сияқты білімнің бірқатар салаларында карталар негізгі зерттеу нысаны ретінде қолданылады. Зерттеулердің нəтижесінде жергілікті жердің геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалардың таралу заңды- лықтарын анықтап, оларды табуға жол ашатын білімнің жиынтығы геологиялық картаны құру болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс қарқынының артуына сəйкес картаны ғылыми зерттеу құралы ретінде қолдану аясы да кеңеюде. Қазіргі ғылымға үлгілеу əдістерінің қарқынды енуі қандай да бір нақты зерттеу мақсаты үшін маңызды, шынайы əлемге тəн қасиеттер мен үрдістерді жан-жақты ашып көрсететін жинақталған кеңістіктік бейнелі картографиялық үлгісін құруға мүмкіндік берді. Карталар жаңа білім алуға, көптеген үрдістер мен құбылыстарды оқып-үйреніп, дамуын болжауға мүмкіндік береді. Картаны ғылыми-зерттеу құралы ретінде қолдану əдістерін жасау, қазіргі картографияның маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.


  1. Картографияның теориялық концепциялары

Теориялық тұғырнама – (бұл картография пəні мен оның əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқын- дайтын үрдістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастырылады.


Тұғырнама ғылымның бұрынғы тəжірибелерін жинақтап болашақтағы даму үдерісін бағалайды. Бірақ онда əрқашан ғылымды түсінудің бүгінгі жағдайы мен болашағын ашып көр- сетіп, қазіргі көзқарастары мен өзекті мəселелері талқыланады. Тұғырнаманың эволюциясын жаңа прогрессивті заманауи əдістер мен технологияны, озық тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру дəрежесіне сəйкес ескінің жаңаға орын беруі арқылы көрініс та- батын ғылым теориясының біртіндеп даму жолы айқындайды. Қа- зіргі кезеңде картографияда бірнеше теориялық тұғырнама бар.
Танымдық немесе үлгілік-танымдық тұғырнама карто- графияны шындықты картографиялық үлгілеу құралы арқылы тану туралы ғылым деп қарастырып, картаны шындықтың үлгісі ретінде алады. Бұл анықтама картографияны жаратылыстану жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдарға жəне таным теория- сына жақын танымдық ғылым ретінде көрсетеді. Картографияға қатысты бұл тұғырнаманы Н. Н. Баранский, К. А. Салищев, А. Д. Гедымин, А. Г. Исаченко мен олардың ізбасарлары 1940 жылдары негіздеді.
Коммуникативтік тұғырнама картографияны кеңістіктік ақпаратты беру туралы ғылым, ол картаны ақпараттың арнасы жəне коммуникация құралы ретінде қарастырады. Бұл жағдайда картография ақпарат теориясымен, автоматикамен, қабылдау тео- риясымен тығыз байланысты ақпараттанудың бір саласы болып табылады. Бұл тұғырнаманың негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылда- ры батыс картографтары Е. Арнберг, А. Колачный, А. Робинсон тағы да басқа ғалымдар қалады.
Тілдік (картаның тілдік) тұғырнама картографияны картаның тілі туралы ғылым, ол картаны шартты белгілердің көмегімен құрылған ерекше мəтін ретінде қарастырады. Бұл көзқарастар жүйесі ХХ ғасырдың 70-80 жылдары А. Ф. Асланикашвилидің, А. А. Лютыйдың, Я. Правданың еңбектерінің нəтижесінде дамыды.
Картографияның өзге де ерекшеліктеріне баса назар ау- даратын жəне əр түрлі көзқарастармен үйлесетін басқа да теориялық ойлар да бар. Олардың қатарына картографияның үлгілік жəне коммуникативтік қызметі туралы түсініктер, басқа да бірқатар тұғырнамалар өзара үйлестірілген бейнелеу теориясының логикалық-философиялық қағидаларына негізделіп картографияның жалпы теориясы құрылатын метакартография (А. Ф. Асланикашвили бойынша) жəне картология (Л. Ратай- ский бойынша) жатады.Жоғарыда аталған тұғырнамалардың əрқайысының шынайы негіздемелері, тиімді түйіндері бар. Олар картографияны бірі дүниені тану туралы ғылым, екіншісі коммуникация құралы, үшіншісі білім берудің ерекше тілі ретінде қарастырады.Бұл картографияның сан қырлы екенін, қасиеті мен атқаратын қызметі алуан түрлі болатын карта шындықтың үлгісі, кеңістіктік ақпаратты берудің арнасы болумен қатар география мен Жер тура- лы ғылымның басқа түрлерінің ерекше тілі бар екенін айғақтайды.Қазіргі кезеңде картографияда біртіндеп конвергенция үдерісі басым бола бастауы байқалып, картографияның пəніне қатысты əр түрлі көзқарастар жақындасып, картография мен картаның үлгілік, коммуникативтік, тілдік қызметтері туралы ұғымдар құрамдасуда.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында картографияны ақпараттық- картографиялық жүйелі үлгілеу жəне геожүйені тану тура- лы ғылым ретінде қарастыратын жаңа геоақпараттанулық тұғырнама қалыптаса бастады. Геоақпараттану Жер туралы ғылымдармен жəне қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.
Картографияның құрылымы. Картография құрылымы жағынанкүрделіпəндержүйесінқұрайды.Оныңмаңыздықұрамдас бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық кар- тография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру (картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономи- касы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық то- понимика пəндері кіреді.
Картатану – ғылым ретінде пəннің жалпы мəселелерін, пəнін, зерттеу əдістерін, картаны құру мен пайдаланудың əдіснамасын, географиялық карта жəне оның түрлерін, қасиеттері мен құрамдас бөліктерін, даму тарихын, пайдалану əдістерін зерттейді.
Картография тарихы картографиялық ойлар мен түсініктер- дің, картография өндірісінің даму тарихын, сонымен қатар, ескі картографиялық өндірісті оқытады.
Математикалық картография – жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық əдістерін зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құрудың теориясы мен əдістері жасалып, белгіленген шартқа сəйкес бұр- маланулардың таралуы мен картографиялық торға талдау жасалады.
Картометрия – картадағы əртүрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын өлшеу жұмыстарын жүргізу əдістерін жасап шығарады.Топография – географиялық жəне геометриялық əдістерді пай- далана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі мас- штабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның бір саласы. Картаны жобалау жəне құру-карталарды зерт- хана жағдайында құру жəне саралау əдстерін жасап, оларды оқып-үйрену мəселелерін қарастырады. Ол өз кезегінде жалпы географиялық жəне тақырыптық карталарды жобалау мен құру мəселелерімен айналысатын бірнеше тараулардан тұрады.Картографиялық семиотика – картография мен лингвис- тика ғылымының аралығындағы географиялық карталардың тілі болып табылатын картографиялық белгілер жүйесінің қасиетін зерттейді. Оның шегінде картографиялық шартты белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері мен қызметіне картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген мəселелер қарастырылады. Картографиялық семиотика синтактика, семан- тика, прагматика бөлімдерінен тұрады.
Картографиялық семантика шартты белгілер мен картада кескінделетін нысандар мен құбылыстардың арасалмағын зерттейді. Картографиялық прагматика картаны оқитын оқырман- дардың қабылдау ерекшеліктерін, коммуникация құралы ретіндегі шартты белгілердің ақпараттық құндылығын зерттейді.Кейде картографиялық семиотиканың құрамына картография- лық өнімнің атқаратын қызметіне сəйкес кескіндеу мақамы мен құралдарын таңдау факторларын анықтау мəселелерін қарас-
тыратын картографиялық стилистика бөлімі де енгізіледі. Картаны безендіру картографиялық өнімдерді баспа жəне компьютерлік құралдардың көмегімен көркем жəне графиктік жобалаудың жəне олардың сызықтарын безендірудің теориясын, əдістері мен құралдарын дайындап, оны басып шығаруға даярлау мəселелерін оқытады.Картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру –өндірісті жоспарлау жəне оңтайлы ұйымдастыру, картографиялық құралдар мен материалдарды, еңбек қорларын тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін көтеру мəселелерін оқытатын картография мен экономикаға ортақ пəн.
Картаны басып шығару – карталарды, атластарды жəне басқа да картографиялық өнімдерді басып шығару технологиясын жа- сайтын техникалық пəн.Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді (карталар, атластар, глобустар т.б.) мəдениет, білім беру, ғылым, өндіріс салаларында іс жүзінде пайдаланудың теориясы мен əдістерін жасайды. Бұл пəн картада кескінделген құбылыстарды тануды көздейтін картографиялық зерттеу əдісіне негіз болады.
Картографиялық деректану картаны құру барысында қолданылатын картографиялық деректерді (карталар, түсірілім- дер, статистикалық жəне тағы да басқа деректер) жүйелеу мəселе- лерін қарастырып, бағалау əдістерін жасайды.Картографиялық ақпараттану картаны жинау, сақтау, жүйелеу жəне оларды талдау, бағалау, тұтынушыларға картогра- фиялық өнім мен деректер туралы ақпараттарды ұсыну тарату мəселелерін қарастырып, əдістерін жасайды. Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда бола- ды. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бас- тады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына бай- ланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа жерсеріктік позициялау бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда, картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады.Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық, топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда.
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне қарай:
- нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;
- əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;
- масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;
- жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтети-
калық;
- автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автоматтандырылған (интербелсенді), автоматты деп ажыратуға болады.
Картаның тілі – картографияда шартты белгілерді, кескіндеу əдістерін, оларды жасау ережелерін қамтитын белгілер жүйесін картаны құру мен оларды оқу барысында пайдалану.
Картаның тілі адамзат ойлап тапқан мəдениет пен өркениет- тің баға жетпес құнды элементтерінің бірі болып табылады. Мəдениет пен өнердің туындысы ретінде оның өркендеуі ғылыми- техникалық прогрестің даму деңгейімен тығыз байланысты. Барлық уақытта картаның тілі кеңістіктік-уақыттық ақпаратты сақтау мен оларды беруді қамтамасыз етумен қатар Жер туралы ғылымдар мен оған жақын білім салаларының жалпы тілі қызметін атқарды.Картографияны автоматтандыру мен компьютерлендіруге байланысты картаның тіліне аударылатын назар арта түсті. Картосемиотикалық тұрғыдан алғанда карта тілінің санаттары мен құрамдас бөліктері, оның грамматикасы мен құрылымы, қызмет атқару тетіктері, шартты белгілерді пайдалану ережелері зерттеледі. Іс жүзінде қолданылатын электронды карталардың сапасын арттыруға бағытталған бұл зерттеулер жалпы семио- тикамен, машиналық кескіндемемен, көркем дизайнмен жəне қабылдау психологиясымен тығыз байланысты.
Зерттеулер картаның тілінде ең аз дегенде екі қабат бар екенін көрсетті.
Олардың біріншісі-картографиялық нысандардың орнала- суын, олардың кеңістіктік формаларын, бағдарын, өзара ор- наласуын, ал екіншісі-картада кескінделген құбылыстар мен үрдістердің мазмұндық мəнін, олардың ішкі құрылымын, сандық жəне сапалық сипатын көрсетеді. Екі тіл тармағының да грамма- тикасын картографиялық семиотикардың ережелері айқындайды.Бұл картаның тілін жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан картографияның нысандық тілі.

2. Картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны


Картаның қолданылмайтын саласы жоқ. Әскери, қорғаныс саласынан бастап, оқу жүйесі, байланыс, ал қазір жарнама үшін де пайдаланылады.
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.
«Картография» ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді.
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде.
Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс. Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып, картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс. Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді. Топография – географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:


1. Картография с основами топографии./ Г. Ю. Грюнберг, Н. А. Лап- кина, Н. И. Малахов и др.; под ред. Г. Ю. Грюнберга – М.: Просвещение, 1991– 364с.
2. Берлянт А. М. Картоведение. – М.: Аспект-Пресс, 2003.– 477 с.
3. Берлянт А. М. Картография. – М.: Аспект-Пресс, 2002.– 270 с.
4. Южанов В. С. Картография с основами топографии. М.: Высшая
школа, 2001.– 300с.
5. Фокина Л. А. Картография с основами топографии.- М.: ВЛАДОС,
2005 – 335с.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет