Ф,ғ,к.,аға оқытушы Саткенова Ж.Б
2-кур магистранты Жапаркулова Н
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Морфологияны оқытудағы
Тіл–жеткізуші, ойды жарыққа шығарушы басты құрал, коммуникацияның негізі. Сондықтан қазір тілді жалпылама, тереңінен зерттеп, сонымен қатар оны құраушы әрбір тіл бірлігінің, сөз бөлшегінің көңіл күйді жеткізіп, ойды құбылтып бере алудағы қызметіне дейін ерекше мән беріліп келеді. Тілдің осындай қырының ашылуы грамматикалық категориялардың зерттеліп, жүйеленуіне ықпал етті. Грамматикалық категориялар тілдік бірліктерді функционалды аспектінің түрлі деңгейінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Тілдің ойды жеткізудегі ерекшелігін көптеген ғалымдар тілдің ойлаумен, логикамен, ұғыммен байланысын анықтау арқылы толық зерттей аламыз деді. Тіл мен ойлауды бірге қарастыру туралы алғашқы көзқарастарды тұңғыш ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен кездестіре аламыз [14,23] Ғалым логикалық категория мен грамматикалық категория арасында байланыс бар екендігін айтады. Себебі белгілі бір жағдаятқа сәйкес айтылатын ойды ұғым десек, сол ұғым сөзден басқа ештеңемен таңбалана алмайды. Демек әрбір таңба, сөздің өзіндік қызметі бар. Әбу Насыр әл-Фараби екі ұғымға тән, яғни логика мен сөйлеуге қатысты терминдерді тура бөліп көрсете алған. Алайда ғалым логика мен грамматикалық ұғымның арасына теңдік таңбасын қоя алмаймыз дейді. Себебі белгілі бір мағына, ұғым тілдік бірліктер арқылы беріле алады да, ал белгілі бір функцияға ие тілдік бірлік мағынаға ие бола бермейді. Мысалы, -мақ, -мек қосымшалар жалғанса, іс-әрекет мақсатты түрде істелгенін біле аламыз. Ал сөз бен сөзді байланыстырушы жалғаулықтар, демеуліктер жеке өзі мағына бере алмайды. Яғни функционалды тіл білімі тілдік бірліктерді сөйлеу актісінде қарастыратын, грамматикадан да кең ұғым.
Сондықтан тілді тек құрылымдық жағынан алып зерттеу жеткіліксіз болды. Осы ретте ең алғаш рет Прага мектебінде функционалдық тұрғыдан қарастырыла бастады. Мұнда тілдік элементтердің қызметі, олардың құрылым жүйесі зерттелінді. Бұл бағыт бірден қолдау тапты. Себебі тілдің әрбір қабаты – фонология, лексика, грамматикада қарастырылған әрбір тілдік бірліктің жасалуы, оның сөйлемдегі орны, жағдаятқа байланысты ұқсас сөздердің таңдалып алынуы ойды жеткізуде үлкен маңызға ие екені даусыз. Дәл осы ерекшелік негізге алынып функционалды лингвистика пайда болды. Функционалды лингвистиканың пайда болуымен тіл білімінде жаңа терминдер қалыптасты. Функционалдылық тілдің ұғымнан тұлғаға (тілдік бірлікке), тұлғадан функцияға қарай әрекетін басшылыққа алды.
Функционалды лингвистикада сөйлеу барысында белгілі бір сөз өзінің жүйелі қалыбын сақтап қолданыла бермейтіндігіне байланысты функционалды-семантикалық категорияның грамматикасы ұғымы пайда болды. Яғни сөз жағдаятқа, мәнмәтінге байланысты өзгере алады. Функционалды-семантикалық категория грамматикасының негізін салушылар А.В.Бондарко мектебі еді. Функционалды-семантикалық категорияда қарым-қатынас кезінде болатын логика және ұғым категорияларымен ұштасып жатыр. Функционалды-семантикалық категория сөз бен логиканы өзара сәйкестендіре, барлық факторды ескере отырып зерттейді. Осылайша функционалды грамматика пайда болды.
Функционалды грамматика өте ерте уақыттан бері зерттеліп келе жатыр. Негізгі приципі – тіл бірліктерінің мағыналық жағын, қызметін сөйлеу жағдаятымен байланыстыра қарастыру. Негізгі мақсаты – адам ойын жеткізу барысында грамматикалық бірліктердің қызметін саралау. Функционалды грамматика ұғымдық категориямен тығыз байланысты. Ұғымдық категория болмыстың адам ойында бейнеленуі, ол ойлау мен сөйлеуді байланыстырады. Барлық адамдарда ұғымдық категория ұқсас келеді. Себебі барлығының өмірі бір-біріне ұқсас. Дәл осы ұғымдық категория тілдік категориялар арқылы жеткізіледі. Осы арқылы тілдік, ұғымдық, мазмұндық үштік пайда болады. Осының бәрі функционалды-семантикалық категория арқылы жүзеге асады. Функционалды-семантикалық категория/өріс - өзара байланысқа түсе алатын тілдік бірліктердің белгілі бір семантикалық функцияны орындау үшін біріккен жүйесі. Оның ауқымы кең: морфологиялық категориялар мен өзге де деңгейлерді қоса қарастырады.
Функционалды-семантикалық категорияның темпоралдылық, персоналдылық, модальділік, таксис, т.б. түрлері бар. Зерттеулерде оның 4 негізгі топтары деп бар көрсетіледі. Олар: 1) предикатты негізді; аспектуалды-темпоралды қатынасты білдіретін жинақ: аспектуалды, темпоралдық, таксис, шақтық өрістер мен акционалды-субъектілік және акционалды-объектілік қатынас өрісі: персоналдылық, етіс, т.б. 2) заттық негізді (белгілі/белгісіз, жанды/жансыз); 3) квалитативті-квантативті (сын-сапа, мөлшер); 4) пысықтауыштық (салыстыру, себеп,т.б.) [23, 61]
Тіл туралы зерттеулерде әрбір таңба мен бірліктің өзіне тән ұлттық ерекшеліктері ескеріледі. Оның ішінде морфологиялық тілдік бірліктің қызметі ұлттық діл, ойлау, сараптау, өңдеуге байланысты.
Морфологиялық бірліктердің функциональды аспектіде зерттелуі А.В.Бондарко еңбектерінен де орын алған. Мұнда морфологияның грамматикалық категориялары функциональдық-семантикалық өрістің құрамында басқа да тіл деңгейлерінің бірліктерімен талданады. А.В.Бондарко зерттеулерінде грамматикалық категориялардың 20 шақты өрісі талданған [11].
Н.А.Слюсарева морфологиялық категорияларды синтаксистің төрт аспектісімен байланыстыра сөз етеді. Олар: 1) актуальды; 2) логикалық; 3) құрылымдық; 4) аналогтік аспектілер. Актуальды және құрылымдық аспектілер қатысымдық қызмет атқарады да, логикалық пен аналогтік аспектілер когнитивтік қызмет атқарады [9].
Жалпы тіл білімінде морфологиялық бірліктердің қызметі ішінара қарастырылатын еңбектер, мақала көлемінде зерттеулер бар. Мысалы, етістіктің қызметі, көсемшенің қызметі, зат есімнің қызметі, рай категориясының қызметі т.т. Олар көбіне морфологиялық зерттеулерде, синтаксисті функциональды бағытта зерттеген еңбектерде қоса қамтылып отырады. Алайда морфологияны функциональды аспектіде зерттеген теориялық еңбектер әлә де болса аз.
Сондықтан да функциональды лингвистиканың теориялық зерттемесінде, әсіресе қазақ тіл білімі үшін, әлі де талдау, зерттеуді қажет ететін мәселелері көптеп саналады.
Әдебиеттер
1.
2.Бондарко А.В. Функциональная грамматика. Л.: Наука, 1984. - 136 стр.; Грамматическая категория и контекст. Л.: Наука, Л/о, 1971. - 116 стр.; 3.Бондарко А.В. и др. Теория функциональной грамматики. М.: Наука, 1987. - 348 стр. 4.Жакупов Ж. Казақ тілі функциональдық синтаксисі (контекст проблемасы). Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 1999. - 225 б.
Достарыңызбен бөлісу: |