мотивация Мотивация-психология ғылымы бойынша адамға алға қарай ұмтылуға, талпынуға көмектесетін, қазіргі заман мәдениетінде кең қолданатын ұғым мотивация – материалдық және рухани құндылықтармен өтелетін белгілі бір мақсатты орындауға адамды саналы түрде тарту; - адамның мақсатқа жетуге деген ұмтылысының көрінісі, ішкі және сыртқы күйлердің өзгеруінен көрінеді; мотивация – адамның рухани аспектілеріне, оның алдына биік мақсаттар қоя білуіне әсер ететін анықтама; жетістік мотивациясы – ең жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу, жаңа мақсаттар мен міндеттерге ұмтылу; мотивация – материалдық, биологиялық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті мен ұмтылысы; - нәтижеге жетуге ұмтылу, адамның мінез-құлқын, эмоциясын, іс-әрекетін бақылайтын психофизиологиялық процесс. Жалпақ тілмен айтқанда, мотивация әр адамға күш беріп, қанаттандыратын сөз. Және ол сан түрлі болуы мүмкін. Себебі, әр адам мотивацияны әр жерден алады. Кей біреулер өзінің үлгі тұтатын адамынан шабыт алып, жігерленсе, енді бірі әке-шешесінен, бауырларынан алады. Әрине, бәріміз білетін әлеуметтік желіден, кітаптан оқитын қанатты сөздеріміз тағы бар. Туған-туысқаның, жақындарың, достарың көрсеткен қолдаудыда мотивация десек артық айтқанымыз болмас. Тіпті, өмір сүруге күш беретін әуендерде осы қатарға жатады. Жалпы айтқанда, мотивацияны адам кез-келген жерден,кез-келген заттан ала алады. Адами мінез-құлықтардыда жақсы жағынан пайдалана біліңіз. Өзгенің жетістіктеріне қызғанып емес қуанып қараңыз. Себебі, тек өзіне сенімді адамдар ғана бұлай жасай алады. Өзгеде болған нәрсе сіздеде болмасына кім кепіл? Бақыт, байлық әр кімге әр уақытта кезігеді. Тек сабырыңыз бен талпынысыңызды жоғалтпаңыз! Және ең бастысы, адам өз өзін жігерлендіре білген дұрыс. Ол үшін міндетті түрде белгілі бір жетістіктерге жету маңызды емес. Маңыздысы, өзіңді жақсы көрсең болғаны. Өзіңді жақсы көруді “эгоизм” деп емес, өзіңе деген сыйластығың деп қара. Мүмкін сонда өмір сүру жеңілірек болады? Және де мотивациялық фильмдер мен кітаптар артық болмайды!
Бұл тізімдегі ең ерекше фильмдердің бірі. Басты кейіпкер - 11 жасар бала. Оның өмірін бақытты деу қиын, өйткені оның ата-анасы ажырасқан, анасы екі жұмыспен айналысады және бос уақытын бөтелкемен өткізуді жөн көреді. Бірақ бала үмітін үзбейді. Ол әлемді мейірімді етудің өзіндік әдісін ұсынады.
Алға төлеңіз 2000ж
“Екінші болма” кітабы. Кітаптың сыртында “Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы” деп жазылған. Бұл ‒ мақсатқа жетелейтін қазақы ұстанымға сай кітап. Кітапта бай болудың, арманға қол жеткізудің жолдары айтылады. Кәсіпке бағытталған мотивациялық қазақша кітаптардың ішіндегі танымалы десем артық емес.
Достарыңызбен бөлісу: |