Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет79/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   129
оперативтік хир 8 н

Еркек мысықты пішу 
 
Көрсетуі. Либидосын басу және анальдық бездердің ерекше жағымсыз 
иісін азайту немесе біржолата жою үшін. 
Бекіту. Жанындағы адамдарды жарақаттамау үшін сақтықпен 
жасалады, негізінде нейролептик және жергілікті жансыздандыру қолдануы 
дұрыс болады. Себебі мысықтар ауырсынуға сезімталдығы зор болғандықтан 
операцияны өте ауыр көтереді. Жансыздырмай жасау арқылы пішуде 
жануардың жазылуы ұзаққа созылады. Нәзік тұқымды мысықтар шок 
әсерінен өліп кетуі мүмкін. 
Операцияның техникасы. Теріні 5% йод ерітіндісімен домдап, әр еннің 
ішіне жіңішке инемен 1 мл 0,5% новокаин ерітіндісін енгізеді. Сол қолдың 
саусақтарымен ұманы ұстап оның қабаттарын жарып тіледі. Қайшымен екі 
еннің жалпы қынап будаларын кесіп, жалпы қынап қабықтан босатып алады. 
Содан соң ен бауының екеуінде қан тоқтататын іскекпен қысып ұстап, екінші 
іскекпен оларды басып алып немесе қолмен ұстап айнала бұрап (торзильдеп) 
үзіп алады. Ен бауын бұрап алу орынына лигатура салуға болады. 
Су тышқандарын (нутрияны) пішу 
 (И.A. Калашников және т.б.) 
 
Көрсетуі. Басқыншылықты, тістеулерді жою үшін және олардан 
алынатын елтірінің сапасын жоғарлату үшін. Арқасына жатқызып кеуде және 
артқы аяқтарын біріктіріп ұстап бекемдейді. Тыныштандыруға ромпун 
немесе рометар қолданады. 
Операцияның техникасы. Малдың құрсағын қолымен басып ендерін 
жалпы қынаптық қабық қуысына ығыстырады. Еннің біреуін ен қабымен 
бірге сол қол саусақтарымен бекітіп ұстап, содан соң оның терісін қызғылты 


165 
түсті жалпы қынаптық қабығына дейін жарып ашады. Енді жалпы қынаптық 
қабығымен бірге доғал тәсілмен шаптық сақинаға дейін бөліп алады, енді ен 
бауымен бірге 180° бұрап шаптық сақинаға жақын маңда артериалдық 
іскекпен қысады. Екінші жақтағы енмен дәл осылай жасайды. Әр іскектің 
алдынан ен бауына тігіс лигатураны салады, артқы жағынан енді жалпы 
қынаптық қабықпен бірге кесіп өтеді. Кесікті 5 % йод ерітіндісін жағады. 
Теріні тікпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет