177
Сурет 134. Қабанның интравагинальдық жарығына операция жасау:
а - кесу орыны;
б - сыртқы шаптық сақина жақтары арқылы лигатура өткізу
Айғырларға операция жасау
Айғырда операцияны жабық пішу тәсілмен бірдей жүргізеді.
Бекіту және жансыздандыру. Наркоз және ұма мойын жергілікті
инфильтрациялық жансыздандыру. Ен қалыңдығына 10 мл 3 – 4% новокаин
ерітіндісін енгізеді. Малды бүйіріне жатқызады.
Операция техникасы. Алдымен
шыққан жарықтық мазмұндарын
орнына салады. Содан соң пішудегідей, жалпы қынаптық қабық бүтіндігінің
бұзбай ұманы бойлай жарып тіледі. Жалпы қынаптық қабықты сыртқы
шаптық сақинаға дейін қайшы және анжы арқылы ұма қабаттарынан бөліп
алады. Жалпы қынаптық қабық қуысында бөтен мазмұндар жоқ екеніне көзді
жеткізіп (күмәндік болғанда қабықты шағын кесіп оның қуысын қосымша
зерттейді), оны ең бауымен бірге 2 айналыммен қатты бұрайды. Сыртқы
шаптық сақинадан 3-4 см ара
қашықтықта лещеткалар салынады, оларды
лещеткалық бұрандамен жақындатып байланыстырады.
Ен бауларын лещеткалардан төмен 3-4 см ұзындық қалдыра қайшымен
кесіп тастайды. Ен бауы қынаптықпен қабықпен бірге тарқатылмау үшін,
лещеткаларды дәке салфеткамен орап оның шеттерін жара бұрыштарына
тігеді. Лещеткаларды 8 күннен кейін шешеді.
Операция барысында әртүрлі қиыншылықтар болуы мүмкін, мысалы
ішек қысылуы. Мына оқиғада жалпы қынаптық қабықты ашып, оның
жақтарын көмекші Мюзе қысқыштарымен бекітіп ұстап созады.
Содан соң
қынаптық қабық қуысын 1%-дық новокаин ерітіндісімен толтырады,
үрленген ішек ілмегін жіңішке инемен қосылған резеңке түтікпен қиғаш
теседі. Газдардың эвакуациясынан кейін тесу орынына дорбалық тігіс
салады.
178
Егер ішекті орнына салу мүмкін болмса онда қынаптық каналды
кеңейтеді. Ол үшін қынаптық канал қуысына түйме
тәрізді скальпельді
байқап енгізіп, оның жүзіне назар аударып, содан соң аралаушы
қозғалыстарымен қынаптық канал қабырғасын кеседі. Ішекті новокаин
ерітіндісімен дымдауын жалғастыра, оны құрсақ
қуысқа қайтадан салуға
тырысады.
Ішек ілмектері некрозға айналса оны сау бөлімге дейін сыртқа
шығарып, жарамсыз бөлімдерін резекцияалап, шеттерін ішек тігіспен тігіп
жалғастырып қайтадан салады.
Әрекеттерді сәтімен жүзеге асырғаннан кейін ен бауын ен мен бірге
жалпы қынаптық қабықпен жауып, лещеткаларды салып бұрап, жоғарғыдай
әрекеттерді атқарады. Операциядан
кейінгі мезгілде антибиотиктер,
ауырсынуды басатын және жүрек жұмысын жақсартатын құралдарды
тағайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: