106
тарқатып айналдырып, байлайды. Әрбір тур жүргізгенде, алдынғы
айналымдарды келесісі толық жабады. Қорыта келгенде, циркулярлық
таңғыш ені, бинт енінің шамасынан аспайды.
Циркулярлық таңғыштар
шектелген дене аумақтарына қолданылады; сонымен қатар онымен барлық
бинттік таңғыштарын бастайды және сонымен аяқтайды (сурет 81).
Шиыршықты таңғыш – бинт төмен жағынан жоғары турларының
шиыршықты жүруімен сипатталады және де әрбір тур келесіні 1/3 – 1/2
бөлігіне жабады. Бинттеуді 2-3 циркулярлық турлармен бастайды және
аяқтайды.
Шиыршықты майыстырулармен таңу – таңудың шиыршықты түрі
дұрыс ұстамағанда және басқа жағдайларда көрсетілген. Мысалы, дененің әр
бөлімдерінің жуандықтары бірдей болмағанда (білек аумағы, сирақ ). Бұл
таңғышты циркулярлық турлармен бастайды. Майыстыру болу үшін
шиыршықты
таңуды қиғаш бағыттайды, сол қолдың үлкен саусағымен
бинттің төменгі жағын бекітеді, ал оң қолымен бинттың басын басқа жаққа
бұрады, ішкі бөлімі сыртта болып, ал сыртқы бөлімі ішінде қалу керек. Әрбір
турдан кейін бинт алдындағы турды жартылай жабуы керек. Таңғышты
циркулярдық турлармен аяқтайды.
Жорғалап жүруші таңғыш - төменгі жағынан жоғары қарай бинт
турлары бұранды тәрізді жүреді, және әрбір тур келесіден бинт еніндей
қашықта орналасады. Шиыршықты таңғыштай басталады және аяқталады.
Жорғалап жүруші таңғышпен бекемдейтін таңғыштың астына салатын
материалды ұстау үшін салады.
Сегізтәрізді таңғыш – бинт жүруі сегіздікті суреттеуші ерекшелігімен
аталады. Оны беті тегіс емес дене бөлімдеріне
шиыршықты таңғыш
тұрмайтын жерге қолданады, мысалы, тұсамыс немесе білек буына,.
Циркулярлық турлармен төмен буынды бинттей бастайды, ал содан соң
бинтты оңнан солға қарай жоғары қиғаш жүргізеді. Алдындағыға буынның
үстінен жоғарырақ буынға дәл осылай бірнеше циркулярлық турларды
салады да одан кейін бинтті қайтадан төменгі
буынға қиғаш бағытталып
қайтадан төменгі буынға таңылады, таңулар толық жабылуға дейін
қайталайды, қадағалайды.
107
Сурет 81. Бинттіқ таңғыштарды аяққтарға салу тәсілдері 1) циркулярлық; 2)
шиыршықты; 3) шиыршықты майыстырулармен; 4) сегіз тәрізді; 5) жорғалап жүруші
6)
тасбақа тәрізді (
а)
ажырайтын,
б) қосылатын
Мүйіздерге таңғышты салу. Бинттеуді сау мүйізден бірнеше
циркулярдық турлармен бастайды. Одан кейін бинтті алдын ала дәкемен
жабалған ауру мүйізге жүргізіп, оны циркулярлық турлармен 2-3 орап
таңады. Кейін шиыршықты майыстырулармен бинттеу жүргізеді, оның мүйіз
негізінен бастап, үшына дейін апарады. Ұшын бинтпен жабады және
шиыршықты турлар кері бағытта қайтады (мүйіз негізіне дейін үстіңгі
жағынан төмен), таңғышын сау мүйізде бекітіп аяқтайды.
Тұяқтарға т
аңғыш салу. Көтерілген аяқтарға тұяқтың майтабанына
батырып, мақта - дәке компресімен толтырады. Бинт циркулярлық турлармен
бірнеше таңылады, тұсамыс буынында бинтті бір рет байлап алады. Бинттің
бір ұшын 20-25 см ұзындықпен бос қалдырып, екінші ұшымен барлық келесі
турларды сол арқылы бекітеді. Бинтті содан
соң тұяқ арқылы ұлтанға
аударады және бинттың азат ұшынан айналдырып өткізеді, ұшын тартылған
күйде барлық уақыт көмекші ұстап тұрады. Содан соң кері бағытта ұлтан
арқылы тұяқ тәжіна дейін бинтты қайта бағыттайды. Бинттеу мүйіз кебісі
және тәжі толық жабылғанша сол ретте жалғасады, кейіннен бинт ұштарын
бір-біріне байлайды. (сурет 82).
108
Сурет 82. Тұяқты бинтпен таңу тәсілдері:
а – жылқының тұяғын; б - ірі қара малдың тұяғын
Бинт таңғышын ластанудан, суланудан сақтау және ұзақ мезгіл
тоздырмау мақсатымен оның үстіңгі жағына брезент немесе клеенка орап
жауып, тоқыма бауымен немесе мықты жіппен бекітіп байлайды (сурет 83).
Осы тәсілмен салынған таңғыштарды екі үш күннен кейін ауыстырады. Егер
күнде ауыстырса пайда болған грануляциялық ұплалар және демаркациялық
қоршауы күйрейді, ондай жағдайда жара созылмалы түрге айналуы ықтимал.
Сурет 83. Тұяқ
таңғышын қорғау тәсілі
Достарыңызбен бөлісу: