Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К



Pdf көрінісі
бет7/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   129
оперативтік хир 8 н

В. С. Решетняк тәсілімен жығуды (басқа авторлармен бірге) үш 
көмекші, екі арқан көмегімен жүргізеді. Бір қысқа арқанмен алдыңғы екі 
аяқты бір-біріне байлап, тұсайды. Екінші ұзын арқан қайысты екі бүктеп, 


13 
артқы құлайтын жақ аяқтың тұсамыс буынына ілмекпен байлайды. Сонан соң 
жіптің екі ұшын кеуде аяқтарының арасынан өткізіп бір ұшын шоқтықтың 
үстінен асыра лақтырады, екінші ұшын брінші жіпке қарсы шығарады. 
Қайыстардың ұштарын қарама-қарсы жақтарға тартады. Үшінші көмекші 
жылқы басын арқан қайыс бағытынан шетке апарып бекемдейді. Жылқы 
жаймен жатады (сурет 6). Артқы аяқтарын бекемдеу малға жасайтын 
әрекетке байланысты. Мысалы пішу үшін, мойынға қайыс арқан ілмек салып 
онан әрі орыс тәсіліндегідей, жылжымайтын қылып байлап, оның ұшын 
көмекшінің біреуіне ұстатып қояды. 
.
Сурет 6. В. С. Решетник тәсілімен жылқының аяқтарын бекемдеу
Жылқыны берлин және ағылшын тәсілдерімен жығуға айыл бастары 
және шығырықтары бар бөлшектеніп жиналатын қайыс арқандарды 
қолданады. Бір қайыс арқан негізгі болады. Оны жығуға қарама-қарсы тұрған 
кеуде аяғына бекітеді. Кеуде аяқтарының арасынан өткізіп, арқанды 
денесінен асыра лақтырады Сонан соң шынжыр арқылы біріктірілген төрт 
қайыс арқандарын аяқтарына кигізіп бекітеді. Жылқыны жығуға төрт адам 
қатысады;олар бір-бірден бас, кеуде және құйрық тұсында тұрады, 
шынжырды тартып аяқтарды біріне-біріне жақындатады. Оларды сол түрде 
қалтыру үшін бас тұсамыс белдіктің бір шығырығына құлыптың доңғалағын 
салады.
Малды арқасына оңай жатқызуға, керекті аяғынан тұсамысты шешіп 
қажетті қалыпта бекемдеуге болады (сурет 7). 
Ірі қара малды түрегеп тұрған жағдайда бекемдеу. Ең алдымен 
мүйіздерімен зақым келтірмеу үшін басты бекітуді талап етеді. Ол үшін 
саусақтармен немесе арнаулы танау қысқыштармен (сурет 8) танау пердесін 
қысады және бір мүйізді басып ұстайды (сурет 9).


14 
Сурет 7. Жылқыны берлин тәсілімен жығуға арналған құралдар 
I - негізгі қайыс тұсамыс; II – жығатын арқанның жалпы түрі; 
А–жылқыны жығу алдындағы бекемдеу;
Б–жылқыны арқасына жатқызып бекемдеу. 
Сурет 8. Гармстың танау қысқышы 
а
б 
Сурет 9. Ірі қара малды бекемдеу. 
а- танау пердесін саусақтармен қысу; б— арнаулы танау қысқышымен қысу 
Бұқаларға әдетте өмірлік, тұрақты танау сақинасын тұмсығынан өткізіп 
кигізіп қояды. Оларды бекемдеуді қолмен жүргізеді немесе арнайы ағаштан, 


15 
металдан жасалған бағандар қолданады. Бекемділігі берік болу үшін басты 
арнайы бағанаға байлайды (сурет10).
 
Сурет 10. Ірі қара малдың басын жіппен ағашқа бекемдеу 
а- ірі қара малды тұмсығымен бекемдеу; б- ірі қара малды маңдай тұсынан 
бекемдеу; в- ірі қара малды бір мүйізімен бекемдеу; г- ірі қара малды тұмсығынан арқан 
арқылы бекемдеу. 
Кеуде аяқтарын көтеріп немесе бүгіп арқан ілмекпен иық тұсындағы 
буынға бекемдейді; кейде аяқты білек буыннан бүгіп, жіліншік аумағына 
арқанмен байлайды (сурет 11 а). 
Артқы аяқтарын бекемдеуде арнайы арқан ілмегі қолданылады, 
онымен екі аяқтың тілерсек буындарынан жоғарырақ алып қысып буады 
(сурет 11 б). Ең қарапайым тәсіл – құйрықты аяқтардың арасынан өткізіп
тізе буын деңгейінде ұстап тұру (сурет 11 в). Малды құйрығы мен тұмсық 
пердесінен бірге ұстап бекемдеу (сурет 11 г). Арқан бұрауды сирақ буынына 
салғанда, мал артқы аяқпен соққы жасай алмайды (сурет 11, д). Тұяқты 
тазарту және басқа операциялар жасағанда артқы аяқтарын берік ұстату үшін 
бекітеді. Малды жалпы бекемдеуді көлденең қойылған сырғауыл ағаштың 
үстіне қойу арқылы жасайды (сурет 11 е). Екі бөренені бір-біріне х тәрізді 
қойыпбекемдеу. (сурет 11 ж). 
Ең жақсы бекіту станоктарда жүзеге асады. Ірі қара малға арналған 
станоктардың құрылысы жылқылардың станоктарынан аса ерекше 
болмайды. Жуас малды кейбір операцияларға артқы аяқтарын таяқпен 
аластатып қабырға немесе дуалдың жанына бекемдеуге болады (сурет 12).


16 
д
е 
ж 
Сурет 11. Ірі қара малды бекемдеу тәсілдері 
а- аяқты жіліншік аумағына арқанмен байлау. Кеуде аяқтарын көтеріп немесе 
бүгіп арқан ілмекпен иық тұсындағы буынға бекемдеу; б- артқы аяқтарын бір 
– біріне тілерсек буындарынан жоғарырақ алып қысып байлап бекемдеу; в- 
құйрықты артқы аяқтарының арасынан өткізіп, тізе буын деңгейінде ұстап 
тұру; г- малды құйрығы мен тұмсық пердесінен бірге ұстап бекемдеу; д- 
арқан бұрауды артқы аяқтың сирақ буынына салу; е- көлденең қойылған 
сырғауыл ағаштың үстіне қойу арқылы бекемдеу ж- екі бөренені бір-біріне х 
тәрізді қойыпбекемдеу. 
Сурет 12. Ірі мұйізді малды дуалдың жанына бекемдеу 


17 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет