«...Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар57». (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят).
Сөйтіп, Құдыретті де Ұлы Аллаһ Өзінің құлдарына адамдарды Аллаһқа шақыруды бұйырды және шақыруды даналықпен, яғни біліммен іске асыру керектігін нұсқады. Бұл дегеніміз: (шақыруда) Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерін келтіру керек, игі насихатты қолдану қажет, және күмәнді нәрсенің барлығы жойылғанға дейін, адамдармен пікір таластарды ең жақсы құралдар арқылы жүргізу керек.
Алжирда Аллаһқа шақырып жүргендерден кімде кім мен оларға полицияшыларды өлтіруді немесе (Исламға) шақыруда қару қолдануды айттым десе, онда мұндай сөздер – жәй қателік емес, олар – жалған болып табылады.
Шақыруды тек игі құралдар арқылы жүргізу керек. Бұл дегеніміз: Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерің келтіру керек, адамдарға үгіт-насихат айту керек, оларды талпындыру керек және оларда Аллаһтан қорқу сезімін ояту керек. Пайғамбар да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның сахабалары да, Меккеде өмір сүрген және билікке ие болмаған кездерінде Исламға шақыруды дәл осылай жүргізген еді. Олар адамдарды Құран аяттарының, игі сөздердің және ең жақсы әдістердің көмегімен Аллаһқа шақырды, өйткені бұл - ізгілікке жақындау және ақиқаттың қабылдануына көбірек ықпал етеді.
Адамдарды өлтіру немесе ұрып-соғу арқылы іске асырылатын шақыруға келер болсақ, онда ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне де, оның сахабалары қолданған әдістерге де ешқандай қатысы жоқ. Аллаһ Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, джихад жүргізуді және шариғат бекіткен жазаларды қолдануды ол оған Мәдинада билік сыйлаған кезде міндеткерлік етіп бекітті, сондықтан Пайғамбар тек Мәдинаға қоныс тепкен соң ғана көпқұдайшыларға қарсы джихад жүргізуді және Аллаһтың әмірлеріне сәйкес жаза қолдануды орындай бастады.
Аллаһқа шақырушылар Құранның аяттары мен Пайғамбардың хадистерін пайдаланып, жақсы әдістерге жүгінуі керек екендігін тағы да бір рет рет ескеріп өтеміз. Егер шақыруды дұрыс деңгейде жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда әмірге жүгіну кажет және оған: «Осылай және осылай істеу керек», - деп игі насихаттар беру керек, және әртүрлі әмірлердің арасында, мейлі олар корольдар, әмірлер немесе републикалардың президенттері болсын, өзара түсінушілікке қол жеткізілгенге дейін осылай істеу керек.
Түрмеге жабу, өлімге кесу немесе шариғат белгілеген жазаларды қолдану қажет болған жағдайларда (исламға) шақырушылар әмірлерге жүгінуі қажет. Олар жақсы әдістерді және көркем сөздерді пайдаланып, әмірлерге насихат айтуы және оларды игілікке бағыттауы керек. Міне сондықтан Аллаһ Тағала:
«Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: "Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Құдайымыз да, сендердің Құдайларың да - біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз!" - деңдер», - деді. (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят)
Егер Кітап иелерінен біреу әділетсіздікке жол берсе, әмір оған қатысты, кінәлі адам неге лайықты болса, сондай шара қолдануы кажет, ал шақырушылар ізгілік танытып, даналықты ұстануы керек, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ізгілік үнемі өзі араласқан нәрсесін көркем етеді, ал қашан бір нәрсе ізгіліктен арылса, бұл міндетті түрде шарапатсыздыққа әкеледі», - деді. Муслим «Сахих», № 2594 хадис.
Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ, былай деді: «Ізгіліктен айырылған - игіліктен де толық жұрдай болды». Муслим «Сахих», № 2592 хадис.
Шақырушылар адамдарға үгіт-насихатты Құран аяттары және хадистермен жүргізуі тиіс, ал біреуде күмән туындап жатса, оны ең жақсы болған әдіспен үгіттеу керек, аяттың немесе хадистің мағынасы неде екенін көрсету керек және Аллаһ пен Пайғамбардың сөздеріне, ақиқат айқын болып, күмән жойылғанша сілтеме жасау керек.
Алжирдағы және Алжирда болмаған бауырларымыз да міне осыларды істеу керек. Олар Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кезде амал істегендеріндей амал істеу керек, ал олар шақыруды игі сөздер және ең жақсы әдістер арқылы жасады. Аллаһқа шақырушылар даналық жасап, әмірге және өзге де билік өкілдеріне игі насихаттар беруі керек, сөйтіп барлығы бір-біріне қылмыскерлерді ұстауда және ақиқатты орнатуда көмек көрсетуге тырысуы қажет.
Сонымен, атқару - басшыларға жүктеледі, ал діндарлар және Аллаһқа шақырушылар игі кеңестер беруге, адамдарға барлық қажетті болған нәрселерді жеткізуге және түсіндіруді талап ететін нәрсені түсіндіруге міндетті, ал біз болсақ Аллаһтан баршаға дұрыс жол нұсқауын тілейміз».
Сұрақ: «Бұл топтың өкілдері хиджап жамылудан бас тартқан әйелдерді өлтіреді. Оларға осылай істеуге рұқсат бар ма?»
Жауап: «Бұл да - қателік болып табылады. Бұлай істеуге оларға рұқсат етілмейді, ал міндетті болып насихат айту табылады. Әйелдерге, олар хиджап кигенге дейін насихат айту керек. Намаздан бас тартқандарға, олар намаздарын орындағанға дейін; өсімқорларға, олар өсімқорлықпен айналысуын тоқтатқанға дейін; зинақорларға, олар зина жасаудан бас тартқанға дейін насихат беру керек, және шарап ішушілерге, олар ішіуін тоқтатқанға дейін насихат айту керек.
Аллаһтың сөздеріне және Пайғамбардың хадистеріне жүгініп, және адамдарды Ақырет Күні олар тап болуы мүмкін Аллаһтың қаһары мен азабынан сақтандырып, әркімге ізгі насихаттар беру керек.
Ал зорлық-зомбырлық акцияларына, адам өлтіруге және басқа да сол сияқты әрекеттерге келер болсақ, олар шақыру ісіне тура келмейді, өйткені жиіркеніш туғызады. Аллаһқа шақырумен айналысатын адамдар кішіпейілділігімен және сабырлылығымен ерекшеленуі керек, игілік жасаушылардың саны көбейіп, ал жауыздық жасаушылардың саны азаюы үшін, және адамдар (Исламға) шақырудан пайда алып, оған жауап беруі үшін, олар өздеріне тиіп жатқан ренжітулерге төзім танытып, мешіттерде және басқа жерлерлерде жақсы сөздер айта білуі қажет».
Сұрақ: «Адам өлтіру және сол сияқты әрекеттерді жасап жүргендерге қандай насихат беруге болады?»
Жауап: «Оларға Аллаһқа тәубе етуі және даналықтың, игі насихаттың, сондай-ақ ең жақсы әдістермен пікірталас жүргізудің көмегімен адамдарды Аллаһқа шақырған біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміз жүрген жолдан ауытқымай жүруі туралы кеңес беріңдер. Аллаһ Тағала айтты:
«Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсынғандардың бірімін!» - деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы ...» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).
Шақырушылар шақыру ісінде қиындықтар туғызатын және өзге шақырушыларға және білімі жетіспейтіндерге сәтсіздіктер әкелетін істермен айналыспауы керек. Егер шақыру игі сөздермен және жақсы әдістермен іске асырылса, шақырумен айналысатын адамдардың саны көбее түседі, адамдар олардың сөздерін тыңдайтын болады және олардың себебінен пайдаға қол жеткізеді, ал мешіттерде және басқа жерлерде білім ізденушілердің үйірмелері жинала бастайды.
Аллаһ баршаға тура жол нұсқасын, және біз Аллаһтан баршаны дұрыс жолға салуын және баршаға көмектесуін тілейміз». «Көрнекті діндарлардың пәтуалары», 61-68 - беттер.
Сұрақ: «Шет ел туристеріне және де мұсылман елдеріне келіп кететін өзге де адамдарға шабуыл жасау мәселесі бойынша қаншай шешім шығаруға болады?
Жауап: «Бұл адамдарға да, басқа кез-келген адамдарға да, олар турист немесе жұмысшылар болсын, шабуыл жасауға мүлде болмайды, өйткені олар елге бейбіт кірді және қорғау астында болып табылады. Тіпті, мемлекеттік органдарға мұндай адамдарды дұрыс емес нәрселердің барлығынан қорғаштау керектігін ұсыну керек, ал оларға шабуыл жасауға жол берілмеу керек. Ешкім оларды өлтірмеуі де, ұрып-соқпауы да, ренжітпеуі де тиіс, ал қандай да бір келеңсіздіктер орын алған жағдайда билікке жүгіну керек. Мұндай адамдарға шабуыл жасауға жол берілмейді, өйткені бұл (шабуылдар) бейбіт келген адамдарға қарсы бағытталған, ал олардың елге кіруіне кедергі келтіруі, немесе мұндай адамдарға қандай да бір бөгет жасауы мүмкін болғандарға жүгіну - айқын түрде сөгіске лайықты. Оларға игі насихаттар беріп, Исламға шақыру керек, немесе, олар мұсылман болса, айыпталатын нәрселелерден бас тартуға шақыру керек, және осы шақыруларды шариғаттың нұсқауларымен күшейтіп, Аллаһтан көмек тілеу қажет. Аллаһтан өзге ешкім де күш-қуатқа ие емес, және Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын». «Пәтуалар жинағы», 8/239.
Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Алжирдағы Исламға шақырушылардың біреуі өзінің жазған бір кітабында адам өлтіру Сүннетке сәйкес келеді, бірақ ол Сүннеттің ұмытылған әдеттеріне қатысты деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде ол Кааб бин әл-Ашрафты және мұсылман әйеліне көз тігіп қараған яхудиді өлтіру туралы хабарларды келтіреді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»
Жауап: «Кааб бин әл-Ашрафты өлтіру туралы хабар адам өлтіруді рұқсат етуге дәлел бола алмайды, өйткені Кааб бин әл-Ашраф сол кезде әмір болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы бойынша өлтірілді, және Кааб бин әл-Ашраф, белгілі келісім-шартқа сәйкес, оның қоластындағылардың қатарына жататын еді. Бұл адам келісім-шарттың шарттарын бұзды да, сатқындық жасады, ал бұл жағдай оның өлтірілуін рұқсат етті, ал мұның мақсаты бұл адамды ол мұсылмандарға тигізіп жатқан зияннан тоқтату болды. Ол, қазір туристтерді өлтіруге байланысты орын алып жатқандай, әмірден тәуелсіз түрде әрекет жасайтын жеке бір тұлғалардың немесе адамдардың топтарының үкімі бойынша өлтірілмеді. Ондай әрекеттер анархия деп бағаланады, ал Ислам оларды құптамайды, өйткені олар Исламға және мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді».
шейх Салих бин Али әл-Гисуәннің, Аллаһ оған есендік берсін, жауаптары
Сұрақ: «Соңғы екі жыл бойы біз ислам шақыруымен айналысып жүрген кейбір адамдардың шақыру ісінде және қайтарылатын нәрселерді айыптауда қолданылатын құралдар туралы үнемі айтып жүргенін және олар осы құралдардың қатарына шерулерді, ұйымдасқан түрде көшелерден жүріп өтуді және адам өлтіруді жатқызатынын және осыны ислам джихады деп атайтынын естіп жүрміз.
Біз Сізден екі сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз:
а) Жоғарыда аталғандарды шариғи құралдар деп санауға болады ма, әлде олар айыпталуға лайықты болған болған бидғаттар мен тыйым салынған әдістердің қатарына жатады ма?
б) Шариғат осындай әрекеттерге шақыратындарға және оларды насихаттайтындарға қатысты не істеуді бұйырады?»
Жауап: «Аллаһқа мадақ. Жақсылыққа үндеу, жамандықтан тосу, Аллаһқа шақыру және адамдарға тура жол сілтеу Аллаһтың дінінің негізіне жататыны белгігі, алайда Аллаһ Тағала былай деді:
«Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен58 пікірталасты көркем түрде жүргіз. Күдіксіз, Раббың Оның жолынан ауытқығандар туралы бәрінен жақсы біледі, және Ол, тура жол тапқандар туралы да бәрінен жақсы біледі.» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят).
Аллаһ Муса мен Харунды59 перғауынға жіберіп оларға: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар, немесе қорқар», - деп бұйырды. (Та ха сүресі, 44-аят)
Мұхаммед Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға даналықпен келді және Исламға шақырумен айналысатындарға өз шақыруларын даналықты басшылыққа алып және сабыр танытып іске асыруларын әмір етті. Бұдан тыс Құранда былай делінген:
«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне хақты60 үгіттесіп, сабырды61 үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды». (әл-Аср сүресі, 1-3-аяттар).
Сөйтіп, адамдарды Аллаһқа шақырушы, оларды құпталатын нәрселерге талпындырып, айыпталатын нәрселерден тыйюға тырысатын адам сабырлық танытып, Аллаһтың сыйынан үміт етуі керек. Бұдан тыс, ол өзінің шақыру жолында естуі немесе кездесуі мүмкін болған жағымсыз нәрселерді төзімділікпен көтере білуі керек. Ал адамдармен тұрпайы түрде сөйлесіп, оларды ренжітетін (Аллаһ бізді ондайдан сақтасын), немесе тәртіпсіздікке ұмтылатын, немесе адамдарды дау-жанжалдарға және алауыздыққа келтіруге талпынатын адамдарға келер болсақ, онда мұның барлығы шайтанның амалдарының қатарына кіреді және хауариждердің шақыруының негізінде жатыр. Олар қайтарылатын нәрсеге деген сөгісті қару арқылы танытатын еді, ал егер бір нәрсе олардың көзқарастарына қайшы келсе, олар қан төгуден, адамдарды күпірлікте айыптаудан және сол сияқты істерден тайынбайтын еді.
Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының және біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміз іске асырған шақыруының хауриждердің, және олардан өнеге алғандардың шақыруынан айырмашылығы: сахабалар өз шақыруын даналықтың, ақиқатты насихаттаудың және түсіндірудің көмегімен, сабырлық таныта отырып, Аллаһтың сыйынан үміт етіп іске асырғандығында. Ал хауариждер адамдармен соғысып, олардың қанын төкті, оларды күпірлікте айыптады және мұсылмандардың арасына тартыстар енгізді, ал бұл - жеккөрінішті және айыпталатын бидғаттардың қатарына жатады.
Мұндай нәрселерге шақырушылардан аулақ болып, оларға сенбеу керек, өйткені мұндай адамдар мұсылмандардың бытыраңқылыққа келуіне себебші болды, мұнысы үшін оларды Аллаһтың кек алуы және жазасы күтуде, Аллаһ бізді ондайдан сақтасын! Егер мұсылмандар игілікке деген ұмтылыстарында бірігіп, біртұтас болғанда еді, олар, күмәнсіз, жоғары мәртебеге жетіп, құрметке ие болар еді.
Мұсылмандар партияларға және топтарға бөлінгенде, олардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болады және олардың өздерінің ортасынан шыққан дұшпандар оларға жол табады. Бұл жаман жолмен бидғатардың жақтаушылары жүреді, ал алғашқылар болып бұл жолға мұсылмандардың арасына араздық егіп, халифа Али инб Талибпен және оны қолдаған сахабалармен соғысқан адамдар түсті. Олар Алимен жақсы өзгерістерді қалап соғысты, бірақ ақиқатында азғындауға, бидғаттарға және ыдырауға себеп болды, өйткені мұсылмандарды бытыранқылыққа әкелген және оларды әлсіреткен солар еді. Міне осылар, олардың сөздерін қайталап, олардың көзқарастарына ортақтасатын және оларды насихаттайтын әрбір адамға қатысты. Мұндай адам жаман көзқарастарды ұстанады және одан аулақ болу керек, өйткені ол өз қауымына, өз серіктеріне және өзі қатынасатын барлық адамдарға зиян тигізеді. Ал іс жүзінде мұсылман адам жасампаз әрекеттермен айналысуы керек, тек игілікке талпындырып, өзі де оған ұмтылуы керек, ақиқат сөздерін айтып, ең мықты дәйектерді пайдаланып және жұмсақтық танытып Исламға шақыруы керек, өз бауырлары туралы дұрыс пікірде болып, кемелдікке жету өте қиын екендігін және күнә істеуден тек Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, қорғалғандығын есте сақтауы керек. Сондай-ақ, олар өздері қарсы шығып жатқан адамдары, олар әмірлер, ресми тұлғалар немесе басқа біреулер болсын, жойылса, олардың орнына олардан жамандау болатындар келетінін де ұмытпауы керек, өйткені қандай заман өтсе де, оның орнына тек қана жаман замандар келеді. Адамдардан кемелдік күтуші, немесе олар еш қателік жібермеуіне және ешбір жамандық жасамауына қол жеткізуді қалайтын адам адасқан болып табылады. Мұндай адамдар мұсылмандарды бөлінушілікке әкелген және оларға көп зиян тигізген хауариждердің мирасқорлары болып табылады, ал мұндай мақсаттарды Сүннет пен келісімнің жақтаушыларына қарсылас болған рафидилер, хауариждер, муътәзиләлар және басқа да арам пиғылды тұлғалардан және бидғаттың жақтаушыларынан болғандар көздеді.
БЕСІНШІ БӨЛІМ
ҰШАҚТАРДЫ БАСЫП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ИМАМДАРДЫҢ БЕРГЕН ЖАУАПТАРЫ
Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің шешімі
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Тақуаларды соңында игілік күтеді, ал жауласуды тек қана залымдарға қатысты көрсету керек, және Қиямет күніне дейін Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның жаратқандарының ішіндегі ең абзалы болған Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның ең дұрыс болған жетекшілігінің арқасында тура жолға түскендердің барлығына болсын.
Хижра жыл санауы бойынша 1409 жылы, мухаррам айының 12-нен 18-дейін (1988 жылдың 24 тамызынан 30 тамызына дейін) ат-Таиф қаласында өткен Ең ірі ислам ғалымдарының Комитеті Кеңесінің 32-сессия мәжілісі террористік актілердің орын алғандығы жөніндегі анықталған фактілері бойынша өткізілді. Бұл терактілердің салдарынан көп мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде көптеген жазықсыз адамдар құрбан болды және қоғамдық мүліктің және қоғамдық мекемелердің жойылуы орын алды. Бұл келеңсіз уақиғаларға имандары пәс, немесе тіпті иманнан жұрдай, нәпсілерін дерт және жеккөрушілік жаулап алған адамдар жауапты.
Үйлерді жару, қоғамдық мүлікті өртеу, көпір мен туннельдерді жару, сондай-ақ, ұшақтарды жару немесе басып алу - қопарушылықтың осындай іс-әрекеттерінің мысалы бола алады. Бірнеше алыс және жақын елдерде осындай қылмыстар жиі қайталанатындықтан және Сауд Арабиясы да, басқа да елдер сияқты, осындай қопарушылық іс-әрекеттерінің объектісі болғандықтан, Ең ірі ислам ғалымдарының Кеңесі, ол іс-әрекет зиян тигізу немесе қоғамдық тыныштықты бұзу мақсатымен, мейлі қоғамдық және үкіметтік мекемелерге қарсы бағытталсын, мейлі – басқа бір нәрселерге бағытталсын, қопарушылық іс-әрекетімен айналысатын адамдарға бұлтарғыш бастау бола алатын жазаны орнату мәселесін қарастыруды міндетті деп тапты.
Кеңес шариғат қағидалары жалпы алғанда бес міндетті нәрсені: атап айтқанда - дінді, өмірді, ар-намысты, ақыл-есті және мүлікті қорғау және сақтау міндетіне қатысты екендігі туралы ғалымдардың нұсқауларымен танысты. Кеңес мұсылмандардың өміріне, ар-намысына және мал-мүлкіне қол сұғу қандай ұлы қауіптермен қаншылықты қатерлі екендігіне, сондай-ақ қопарушылық іс-әрекет қоғамдық тыныштықтың бұзылуына, анархияға, бүлікке, мұсылмандарды үрейлендіруге және олардың мал-мүлкіне қауіп төнуіне әкелетіндігіне өзіне толық есеп береді.
Аллаһ Тағала, оған мадақтар болсын, жазаларды, олар арқылы қоғамдық және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, қолдануды заңдастырып, адамдардың дінін, денелерін, өмірлерін, ар-намысын, ақыл-есін және мал-мүлкін қорғады. Аллаһтың мына сөздері осының түсіндірмесі болады: «Соның салдарынан Исраил ұрпақтарына: «Кім кісі өлтірмеген, немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған62 біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен; және кім оны тірілтсе63, барлық адамды тірілткенмен тең», - деп жаздық». (әл-Мәида сүресі, 32-аят).
Аллаһ Тағала айтты: «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері64, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар...» (әл-Мәида сүресі, 33-аят)
Осы аяттарда аталған жазаларды қолдану қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз етуге және мұсылмандардың өмірі мен мал-мүлкіне қол сұғуға нәпсісі итермелеген кез келген адамды жүгендеуге кепілдеме береді. Негізінде, ғалымдар қалалардың ішінде соғыс әрекеттерін жүргізудің басқа жерлерде соғыс әрекеттерін жүргізуден ешбір айырмашылығы жоқ дейді, өйткені Аллаһ Тағала: «...және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің …», - деді.
Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңырқатады да, Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді», - деді. (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар).
Аллаһ Тағала сондай-ақ: «Жер жүзі түзетілгеннен кейін65 бүлікшілік қылмаңдар», - деп бұйырды. (әл-Ағраф сүресі, 56-аят).
Ибн Касир, Аллаһ оны рахымына бөлесін: «Аллаһ Тағала жер бетінде бұзақылық (жасауға) және ол (жер) түзетілгеннен кейін оған зиян тигізетін нәрселерді таратуға тыйым салады, өйткені, егер алғашында істер дұрыс бағытта жүрген болса, ал кейіннен барлығы бұзылған болса, бұл - Аллаһтың құлдары үшін ең зиянды болып табылады, сөйтіп Аллаһ Тағала бұған тыйым салды», - деді.
Әл-Қуртуби66: «Аллаһ Тағала, Оған мадақтар болсын, түзетуден кейін қандай болса да, кез келген бұзақылық жасауға тыйым салды, және бұл (үкім) барлық (адамға) қатысты», - деді.
Жоғарыда баяндалғандарға негізделіп және жоғарыда аталған іс-әрекеттер, материалдық немесе өзге де мүдделер үшін соғысып жатқандардың іс-әрекеттермен салыстырғанда, қауіптірек болып табылатынындығына сүйеніп, өйткені, қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға, мұсылман үмметін қиратуға, оның ақидасын жоюға және оны Раббымыз көрсеткен жолынан тайдыруға ұмтылып жатқандығы себепті, Кеңес төмендегідей шешім шығарды:
-
Егер адамның қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірген: үйлерді, мешіттерді, мектептерді, ауруханаларды, көпірлерді, қару қоймаларын, сумен қамтамасыз ету көздерін және мұнай құбырларын немесе ұшақтарды жару яки басып алу және соған ұқсас іс-әрекеттер арқылы өзге адамдардың өміріне және жеке немесе қоғамдық мүлікке қарсы қастандық жасау жолымен қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүргені, немесе жер бетінде бұзақылықты таратып жүргені шариғатқа сәйкес анықталса, осыған күнәлі адам өлім жазасына лайықты.
Бұған осындай әрекеттерді істеп жүргені үшін күнәлі адам өлім жазасына лайықты болады деген жоғарыда келтірілген Құранның аяттары, және қопарушылық іс-әрекетімен айналысып жүрген адамдар үлкен қауіп төндіретіндігі және қарақшылардан да көп зиян әкелетіндігі нұсқау бола алады.
Жеке адамға ғана оны өлтіру немесе тонау арқылы қастандық жасаған қарақшыға Аллаһ осындай жазаны бекіткен болса, ал көптеген жазықсыз адамдарға қайғы-қасірет тигізетін террористер оған тіпті лайық.
-
Бірінші тармақта айтылған жазаны қолданудан бұрын шариғат соттары, тергеу органдары және Жоғарғы сот тарапынан іске асатын дәлелдерді жинақтау жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл өз парызымызды толық өтеу үшін, абай болудың қажетті іс-шараларын орындау үшін және бұл мемлекет қылмыстарды тергеуге және оларға жаза белгілеуге байланысты шариғат бекіткен барлық рәсімдерді ауытқымай ұстанатынын көрсету үшін қажет.
-
Кеңес мұндай жазаның бекітілгендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялану қажет деп есептейді.
Аллаһтың игілігі мен сәлемі Оның құлы және елшісі - пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және сахабаларына болсын.
Ең ірі ғалымдар комитетінің Кеңесі67
Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары
Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.
Бір тамшыдай болса да ақыл-парасатқа ие болған адамға ұшақтарды басып алу, сондай-ақ елшіліктердің қызметкерлерін немесе басқа адамдарды кепілдікке алып тұтқындау - жазығы болмаған адамдарға көптеген қасіреттер мен үлкен зиян тигізетін, салдары едәуір салмақты болатын ауыр халықаралық қылмыстардың қатарына жататыны - айдан анық.
Мұндай қылмыстар тек жеке мемлекеттер мен адамдардың топтарына ғана емес, бүкіл дүние жүзіне зиян тигізетіні де – анық, демек үкіметтер мен барлық ресми тұлғалар, соның ішінде діндарлар да, еш күмәнсіз, оларға ерекше назар бөліп, бұл жауыздықты толығымен тоқтатуға мүмкіндігі барынша күш салу керек. Аллаһ Тағала қасиетті Құранды барлық нәрсеге түсіндірме, мұсылмандар үшін басшылық, рахмет және игі хабар ретінде түсірді, адамдарға Өзінің Пайғамбары Мұхаммедті, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол бүкіл әлемдерге рахмет және Аллаһтың барлық құлдарына дәлел болуы үшін және баршаға Оның шариғатын басшылыққа алуды, ал тартыстар пайда болған жағдайда Құран мен Сүннетке жүгінуді міндеттеу үшін жіберді. Аллаһ Тағала былай деді:
«Жоқ, Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды». (ән-Ниса сүресі, 65-аят)
Аллаһ тағала сондай-ақ былай деді:
«Олар жаһилиет дәуірінің үкімін іздей ме? Мығым иманға ие болғандар үшін Аллаһтан жақсы үкім беруші кім?» (әл-Мәидә сүресі, 50-аят).
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала:
Достарыңызбен бөлісу: |