Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары



бет10/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

77 Бұл – Аллаһқа иман келтіруде, Оның әмірлеріне мойынсынуда, Ол тыйым салған барлық нәрседен тыйылуда, көпқұдайшылықтың кез-келген түрінен бас тартуда және тағы да басқа сол сияқты амалдарда көрінеді.

78 Бұл – Құран – Аллаһтың сөзі екендігіне шын ықыласпен сенуді тұспалдайды.

79 Аллаһтын Елшісіне деген, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ықыласты қатынастың көрінісі болып оның алып келген жолдауы ақиқат екендігіне кәміл сену, оның әмірлерінің барлығына мойынсыну және оны ардақтап сүю табылады.

80 Бұл мыналарда көрініс табу керек: әмірлерге игі нәрселердің барлығында болысу; оларға шариғатқа қайшы келмейтін нәрселердің барлығында бағыну; және қажет болған жағдайда оларды барлық жамандықтан тосып қалуға талпыныс жасау.

81 Мұсылмандарға деген ықыласты қатынас олармен бауырлық қарым-қатынас жасауға, оларға көмектесуге, игі кеңестер беруге ұмтылуда, тағы да басқаларда көріну керек.

82 Мухаддис - «хадис білгірі».

83 Такийа (саналылық, сақтық) – шиғалар басшылыққа алатын негізгі принциптердің бірі болып табылатын «өз дінін саналылықпен жасыруды» білдіретін техникалық термин.

84 Яғни оны кәпірлерге және адасқандарға қосып қоямыз.

85 Бұл жерде мұсылманның мұсылманды балағаттауы және мұсылмандырдың өзара соғысуы туралы айтылуда.

86 Яғни соғысты тоқтатып, талас мәселелерді шариғат бойынша шешуге келіспеген.

87 Яғни осы сөздерді айтқан адамға, немесе осы сөздер кімге қатысты айтылған болса, сол адамға.

88 Осы сөздер кімге айтылған болса, сол адам.

89 Басқаша айтқанда, бұл адам Исламды қабылдағанын жариядалады.

90 Бұл сөздер астарлы болып табылады және «Әлде сен оның жүрегінің ішіне қарап, онда осыны көрдің бе?» дегенді білдіреді.

91 Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын , иман адамның жүрегінде жасырылғандығы туралы айтқысы келді, ал бұл – адамның сенгені немесе сенбегені туралы бір ғана Аллаһ үкім шығара алады дегенді білдіреді.

92 Туралық - «худа» дегенде адамдарды ақиқат жолына шығаратын барлық нәрсе тұспалданады.

93 Мұзылмандардың Эфиопияға (615 ж.) және Мәдинаға қоныс тебуі айтылып тұр (622 ж.).

94 Яғни менің өлімімнен кейін.

95 Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

96 Хайбар – алқаптың (оазистің) аты.

97 Мұндай түйелер сол заманда арабтардың ең құнды мүлкі болып табылатын еді.

98 «Ад-дава ас-саудийә» журналы, №1511, қыркүйек 1995 ж. (жумәдә әл-улә айы, х.1416 ж.).

99 Көпқұдайшылар меңзеліп тұр.

100 Жәхилийә – исламға дейінгі дәіур, пұтқа табынушылық кезеңі. Кейбіреулер бұл мемлекеттерде өмір сүріп жатқан адамдарды пұтқа табынушыларға теңейді деген айтылып тұр.

101 Шариғатқа сәйкес, әмірлерден Құранда бекітілген, бұлжытпай орындалуға тиісті жазаларды қолданбауды сұрап баруға тыйым салынады.

102 Яғни өздерің ойларыңнан шығарған және ешбір мығым негізі болмаған ешбір нәрсені рұқсат етпеңдер және тыйым салмаңдар.

103 Бұл жерде қандайда бір діни-құқықтық мәселе бойынша шығарылатын шешім меңзеліп тұр.

104 Кеңес дұрыс емес болып, ал оған ілескен адам күнә жасаған жағдай айтылып тұр.

105 Хатиб құрайштерді Пайғамбар Меккеге жорыққа дайындалып жатқандығы туралы хабардар еткісі келді.

106 Құрайштар – Пайғамбар Мухаммед, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, шыққан Меккелік араб тайпасы.

107 Алдын Хатиб құрайштардың одақтасы еді және олармен бірге тұратын, бірақ шыққан тегі бойынша ол құрайш тайпасынан емес еді.

108 Мухажирлер – Пайғамбармен бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударған оның сахабалары.

109 Сөйтіп, Хатиб, егер құрайштар мұсылмандардың Меккеге жорығы туралы біліп қалса, олар Пайғамбарлардың сахабаларының өздерінің арасында қалып қойған отбасыларын құдалай бастайды деп қорықты.

110 624 ж. болған бұл шайқаста мұсылмандар құрайштар үстінен өзінің ең алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Оның қатысушылары мұсылмандардың арасында ерекше құрметке ие.

111 Яғни Исламды қабылдағанын жариялаған адамды.

112 Яғни сен осындай сөздерді айтқан адамды өлтіргенің Аллаһтың алдында үшін қалай ақталасың?

113 Бұл жерде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары аталып тұр.

114 Үшінші ізгі халифа Усман бин Аффан 644 - 656 жж. ел басқарды.

115 Ибн Аббас - Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, немере-інісі, мұсылмандардың арасында үлкен құрметке ие болған Құранның ең алғашқы тәпсірлеушілерінің бірі.

116 Яғни сіздер белгілі уақыт бойы өздеріңнің мінез-құлықтарыңмен өзгелерге иман келтірген екендеріңді білдіруге тырысқан соң, өздеріңнің күпірліктеріңді білдірдіңдер.

117 Муржиялар («иржә» - «кейінге қалдыру» сөзінен) – иманды амалдан биік қоятын және адамның бұл дүниедегі қалпы туралы үкімді «кейінге қалдыратын» түрлі догматикалық мектептерге ілесушілердің жалпы атауы.

118 Яғни осы сөздерді айтқан адамға, немесе осы сөздер кімге қатысты айтылған болса, сол адамға.

119 Фикх – кең мағынада мұсылмандық құқық; мұсылманның мінез-құлық ережелері туралы доктрина.

120 Ижтихад – Құран мен Сүннетте тікелей нұсқау келмеген діни-құқықтық сипаттағы мәселелерді дербес шешуге құқығы бар абыройлы діндар-ғалымның іс-әрекеті. Ижтихадпен тек араб тілін мүлтіксіз игерген, Құранды және оның тәпсірлерін жатқа білетін, Сүннетті және оның түсіндірмесін жетік танитын және басқа да бірқатар талаптарға сәйкес келетін тұлғалар ғана айналыса алады.

121 «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты құдай жоқ» сөздері айтылып тұр.

122 Яғни олардың ішінен көпқұдайшылыққа түскендері бірқұдайшылықты мығым ұстанатындардың шақыруына құлақ салып, ақиқат жолына қайта оралатынына үміт етіп.

123 Ғалымдарды қаралайтын адам өзіне Аллаһтың қаһарлы жазасын шақырып алуы мүмкін екендігіне нұсқайтын астарлы сөз.

124 Сөзбен және іспен ренжіту аталып тұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет