Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары



бет6/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Әй мүміндер. Аллаһқа бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, Пайғамбарға ұсыныңдар: егер сендер Аллаһқа, Ахирет Күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы - хайырлы да, нәтиже де жақсы», - деді. (ән-Нисә сүресі, 59-аят).

Аллаһқа ұсыну деген Құранға жүгіну дегенді білдіретіні, ал Елшіге ұсыну деген оның көзі тірісінде тікелей өзіне, ал ол өлген соң – оның Сүннетіне жүгіну дегенді білдіретіні жайлы барлық мұсылман ғалымдарының пікірлері ұштасқан, ал Аллаһ Тағала былай деп бұйырады:



«Сендер не нәрседе тартыссаңдар да, шешім үшін Аллаһқа (жүгініңдер)». (әш-Шура сүресі, 10-аят).

Баршаға зиян тигізетін мұндай істердің қатарына ұшақтарды басып алу да жатады. Ұшақтарды басып алған адамдар қолына түскен мұсылман мемлекеті оларды шариғат бойынша соттау керек, өйткені мұндай жиіркенішті қылмысты жасау Аллаһқа мойынсынбау және Оның құлдарының құқықтарын бұзу болып табылады. Мұндай қылмыстарға тосқауыл қоюдың бірден бір құралы – Құранда түсірілген Аллаһтың шешімін іске асыру болып табылады. Оны адамдарға жеткізу үшін Ол адамдардың ең ықыластысы және ең лайықтысы болған Мұхаммед Пайғамбарды, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жіберді. Бұл шешімнің мағынасын ұшақты басып алған адамдар және осыған қатысы барлардың барлығы түсінуі керек. Егер олар мұсылман болса, онда олар бұл шешімге қанағаттануы керек, ал (мұсылман) болмаса, онда Аллаһ бәрібір Пайғамбарға оларды шариғат бойынша соттауды бұйырды, бұған Аллаһтың мына сөздері нұсқайды:



«Олардың араларына Аллаһтың түсіргенімен үкім ет. Олардың ойларына ілеспе...» (әл-Мәидә сүресі, 49-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:



«Ал егер араларына үкім берсең, әділдік бойынша үкім бер...» (әл-Мәидә сүресі, 42-аят).

Жоғарыда баяндағанымызға сәйкес, ұшақты басып алған адамдар пана сұрап жүгінген кез-келген мұсылман мемлекеті, бұл істі қарап шығып, оны жан-жақты зерттеп, Кұран мен Сүннеттің нұсқауларының негізінде шариғатқа сәйкес келетін шешім шығару үшін, діндарлардан комиссия құруы міндетті болып табылады. Комиссия мүшелері «Аллаһ және Елшісімен соғысқандардың және жер жүзінде бұзақылық жасап жүргендердің жазасы - өлтірілулері, не асылулары, яқи, қол-аяқтарының қиғашталып кесілулері, немесе жерден айдалулары. Бұл - олардың дүниедегі жапасы. Және олар үшін Ахиретте ірі азап бар...» деген аятқа қатысты басқа да ғалымдардың пікірлерін, сондай-ақ барлық мазхабтардың68 ғалымдары қарақшылық жөнінде не айтқандарын назарға алуы керек.

Ұшақ басып алған адамдар өздеріне пана іздеген мұсылман мемлекетінің үкіметі діндарлар комиссиясының шешімін міндетті түрде орындау керек, бұл Аллаһқа мойынсынуды, мұндай ауыр қылмыстардың қайталануынан аман қалуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұмтылуды таныту, сондай-ақ басып алудың құрбаны болған адамдарға рахымдылық пен әділет көрсету болады.

Мұндай қылмыстардың ауырлығы мен қаіуптілігін ескерген түрде, мұсылмандарға игі насихат беруім, өз парызымды орындауым және ресми тұлғаларға жәрдемдесуім үшін, менің айтқандарымды жариялау міндетті деп есептеймін.

Аллаһтан мұсылмандардың істерін тәртіпке келтіруін, оларды тура жолмен жетелеуді жалғастыруын және олардың үкіметтеріне шариғат негізінде шешім қабылдауына және оны барлық нәрседе басшылыққа алуына көмектесуін тілеймін. Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

АЛТЫНШЫ БӨЛІМ

ЕРЕУІЛДЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ
шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усайминнің,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары
Сұрақ: «Мұсылман елінде ереуіл өткізу туралы қандай шешім шығаруға болады, ереуілдің мақсаты - зайырлы режимді құлату болса?»

Жауап: «Мұсылман жастарына дұрыс бағдар беру қажеттілігін назарға алсақ, бұл сұрақ, маңызды екені күмәнсіз. Еруілдерді өткізуге негіз бола алатын шариғат нұсқаулары, жеке немесе мемлекеттік кәсіпорны немесе мекемесі туралы айтылып тұрғанына қарамастан, маған беймәлім. Ереуіл көп зиян тигізетіні және оның көлемі мен ұзақтығы үлкен болған сайын, зияны да ұлғаятыны айдан анық. Ереуілдер үкіметке кысым көрсетудің бір құралы ретінде қолданылатына күмән жоқ, алайда ереуілдің мақсаты – зайырлы режимді құлату болып табылады деп аталғандықтан, ең алдымен сол режим зайырлы екенін дәлелдеу керек. Алайда, режим зайырлы болса да, билікке қарсы шығуға тек белгілі шарттар болғанда ғана рұқсат етілетіндігін естен шығармау керек».

Сұрақ: «Ереуіл басталған соң оның ұйымдастырушылары өз талаптарын ұсына бастайды. Егер тұрған режим осы талаптарды қанағаттырудан бас тартса оған қарсы революциялық баскөтерулер ұйымдастыруға болады ма?»

Жауап: «Мен мұндай жағдайларда халықты революциялық күреске үндеу керек деп есептемеймін, өйткені, белгілі болғандай, күш үкімет жақта, ал адамдарда ас пышақтарымен шопан таяқтардан басқа ешнәрсе жоқ, ал олармен танктерге және қаруға қарсы шығу мүмкін емес. Бұдан тыс, уақиғаларды асықтыруға болмайды, өйткені көп жылдар бойы отар болған кез-келген ел бір күннің ішінде ислам мемлекеті бола алмайды, ал қалаған нәрсеге жету үшін сабыр керек. Сарай салғысы келген адам, оған ол сарайда тұру нәсіп ете ме, әлде ол онда тұрмай-ақ көз жұмып кете ме, бұған қарамастан, ең алдымен оның негізін қалайды. Исламның ғимаратын көтеру маңызды, тіпті қалаған нәрсе көп жылдардан кейін іске асса да. Міне, сондықтан мен мұндай істерде асықпау керек деп есептеймін, тура сол сияқты адамдарды, көбінесе у-шумен ғана шектелетін және мығым негізі жоқ болған, революциялық баскөтерулерге итермелемеу керек. Өйткені, егер солдаттар белгілі бір тұрғын кварталына келіп, бір неше адамды өлтірсе, қалғандары сол үшін өздері бас көтерген нәрселерінен бас тартады.


ЖЕТІНШІ БӨЛІМ
ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРУ АКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ШЕШІМ
шейх Мұхаммед бин Салих әл-Усайминннің,

Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауаптары
Қазылған орлардағы от-жалынға тасталып өлтірілген иман келтіргендер69 туралы айтылатын хадистің мағынасын түсіндіріп және одан алынатын пайдаларға нұсқап, шейх, Аллаһ оны рахымына бөлесін, былай деп айтты:

«Адам барлық мұсылмандардың игілігі үшін өзін қиюы мүмкін. Сөйтіп, осы жасөспірім патшаға ол соны жасаса өзінің (жасөспірімнің) қаза болуына әкелетін нәрсені нұсқады.

Шейх-уль-ислам Ибн Тәймийә былай деді:

«Бұл - Аллаһтың жолындағы джихад болғандықтан, адамдар иман келтірді, ал ол ешнәрсе жоғалтпады, өйткені ол - ерте ме, кеш пе - өлер еді».

Ал өзінің денесіне жарылғыш заттарды байлап алып, өзге діндегілердің аламан арасына кіріп, өзін олармен қоса жарып жіберетін кейбір адамдардың әрекеттеріне келер болсақ, бұл – өзін-өзі өлтіру болып табылады, бұдан бізді Аллаһ сақтасын, өйткені өзін-өзі өлтіруші тозақ отында мәңгі қалады, бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылады70. Мұндай өзін-өзі өлтірушілік мұсылмандардың мүддесіне сәйкес келмейді, өйткені адам өз-өзін опат етсе және өзімен қоса он, жүз немесе екі жүз өзге өмірлерді алып кетіп жатса, бұл Исламға пайда әкелмейді, өйткені бұдан кейін өзге адамдар, хадисте келтірілген жасөспірім өлгеннен кейін оның дінін қабылдаған оның өлімінің куәгерлері сияқты Исламды қабылдамайды. Қала берсе, мұндай әрекеттер дұшпандарды одан әрі ызаландырады, сөйтіп олар мұсылмандарды ең сұрапыл тәсілдермен қыруға кіріседі.

Израиль үкіметінің палестиналықтарға қатысты істеп жатқан әрекеттері бұған мысал бола алады. Палестиналық біреу өзін-өзі жарып, бес-алты адамды өлтіргеннен кейін билік одан он есе көп палестиналықтарды тұтқындайды, ал бұл - мұсылмандарға да, араларында осындай жарылыстар орын алып жатқан адамдарға да ешқандай пайда әкелмейді.

Міне, сондықтан біз осылайша істеп жатқан адамдар хақысыз өздерін-өздері өлтіріп жатыр, және бұл оларды міндетті түрде тозаққа әкеледі деп есептейміз, Аллаһ бізді одан сақтасын. Мұндай адам шахид болып табылмайды71. Егер ол мұны қателесіп, өзінің істеп жатқанын рұқсат етілген амал деп есептеп, істесе, біз оның күнәсі кешіріледі деп үміттенеміз, алайда ол шахид болып табылмайды, өйткені ол шахид істеуге тиіс болған амал істеген жоқ.

Сұрақ: «Өзге діндегілердің ортасында, олардан кек алу үшін, өзін-өзі жарып жіберетін адам туралы қандай шариғи шешім шығару керек? Мұндай әрекеттерді өзін өлтіруді нұсқаған жасөспірім туралы хадиске жүгініп ақтауға болады ма?»

Жауап: «Дұшпандарды өлтіру үшін өзін-өзі жарылғышпен орап алатын адам – өзін-өзі өлтіруші, және бұл жөнінде сахих хадистердің бірінде айтылғандай, ол тозақ отында өзін-өзі өлтірген нәрсесімен мәңгі азапталады.

Міне сондықтан Аллаһ Тағаланың: «...өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер, (өйткені) ақиқатында Аллаһ сендерге рахымды» (ән-Нисә сүресі, 29-аят), - деген сөздерін оқып, кейін осындай амалдарды жасайтын адамдар таң қалдырады. Олардың амалдарының нәтижесінде дұшпан жеңіліс табуда ма? Әлде мұндай жарылыстардан кейін, Израильде болып жатқандай, дұшпандар мұсылмандарға қатысты бұрыңғысынан да көбірек тәкәппарлық пен сұрапылдық танытуда ма? Ал қазірше біз ол жақтағы соңғы референдумда арабтарды өлтіріп-жоюды қалаған оңшылдар жетістікке жеткенін көрудеміз.

Алайда біз Аллаһ Тағаладан мұндай қадамға надандықпен, осы оны Аллаһқа жақындатады деп, барған адамдарды жазаламауын тілейміз.

Жасөспірім туралы хадиске жүгіну туралы айтар болсақ, онда ол жерде дұшпаннан кек алу туралы емес, адамдар Ислам қабылдағаны туралы айтылып жатқанын ұмытпау керек. Патша адамдарды жинап, жасөспірімнің жебе қабынан жебені алып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» - деген кезде, барлық адамдар: «Бұл жасөспірімнің Раббысы - Раббы болып табылады!» - деп айқайлай бастады. Сөйтіп, осының себебімен көп адамдар Исламды қабылдады. Ал егер жарылыстардан кейін де осылай болғанда, онда біз: «Бұл хадисті дәлел ретінде келтіруге болады және Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оны бізге соған сәйкес келетін қорытындылар шығару үшін жеткізді», - деп айтар едік. Ал іс жүзінде, өз өмірін қиып, он немесе жүз шақты дұшпанды өлтіруді қажетті деп есептейтін адамдардың әрекеттері, дұшпандардың одан сайын ызалануына және өздерінің ұстанымында одан сайын табанды тұруына әкеледі.


СЕГІЗІНШІ БӨЛІМ

КҮПІРЛІКТЕ АЙЫПТАУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ
Ең ірі ғалымдар Комитетінің мәлімдемесі
Аллаһқа мадақ, Аллаһтың Елшісіне, оның отбасына, барлық сахабаларына және оның жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Таиф қаласында 26.07.1998 ж. (х. 02.04.1419 ж.) өткен Ең ірі ғалымдар Комитетінің 49-сессиясында, бұл ұйымның Кеңесі күпірлікте айыптау және көптеген мұсылман және мұсылман емес мемлекеттерінде орын алған және қантөгіс пен қирауларға әкелген жарылыстар туралы мәселені қарап шықты.

Салдары жазықсыз адамдардың опат болуына, мал-мүліктің жойылуына, бейбіт тұрғындардың қорқытылуына және қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуына әкелетін мұндай келеңсіз оқиғалар маңызды болғандықтан, Кеңес бұл мәселе бойынша шешімнің түсіндірмесі берілетін осы мәлімдемені жариялауды қажетті деп санайды. Бұл мәлімдеменің мақсаты – Аллаһтың құлдарына игі насихат беру, өз парызымызды орындау және мәселе әлі түсінікті болмағандардың түсінігіндегі былықты жою.

Аллаһтан көмек сұрап, біз төмендегіні мәлімдейміз:

1. Күпірлікте айыптау, белгілі бір істердің рұқсат етілгендігі, тыйым салынғандығы немесе міндетті екендігі туралы шешімдер сияқты, Құран мен Сүннеттің негізінде қабылданатын шешім болып табылады.

Күпірліктің көрінісі болып танылатын кез-келген сөзді немесе істі, адамды діннен шығаратын үлкен күпірліктің көрінісі деп есептеуге болмайды.

Күпірлікте айыптау Құранның немесе Сүннеттің анық нұсқауларына негізделуі керек болғандықтан, біз адамды осындай нұсқау бар болған жағдайда ғана кәпір деп есептей аламыз, алайда ешбір күмәнді немесе болжанбалы нәрсе бұған негіз бола алмайды, өйткені мұндай айыптаулардың салдары өте салмақты.

Күмәнді жағдайларда шариғат бекіткен жазалар қолданылмайды, оларды қолданудың салдарының ауырлығы, күпірлікте айыптаудан аздау болса да. Бұл дегеніміз – егер іс күмән тудырса, күпірлікте айыптаудан тіпті тыйылу керек.

Міне сондықтан Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, кәпір емес адамға кәпір деген үкім шығарудан сақ болу керектігін ескерткен. Пайғамбардың:

«Егер адам өзінің (Исламдағы) бауырына: «Әй, кәпір!» - десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады72, ал ол (адам)73 ол туралы айтылғандай болса (ол соған лайықты),керісінше болған жағдайда (айтылған нәрсе айтқан адамға) қайтады. әл-Бухари «Сахих», №6104 хадис; Муслим «Сахих», №60 хадис.

Кейде сондай Құран аяттары мен хадистер кездеседі, олардың мазмұнынан белгілі бір сөз, амал немесе сенім күпірліктің көрінісі болатынын түсүсінуге болады, бірақ дегенмен мұндай сөздерді айтатын, мұндай амалдарды жасайтын немесе мұндай сенімдерді ұстанатындарды, белгілі кедергілер болғандықтан, кұпірлікте айыптауға болмайды.

Мұндай шешімді шығару үшін белгілі себептердің және шарттардың болуы және белгілі кедергілердің болмауы қажет, ал бұл басқа да жағдайларға қатысты. Мысалы, егер өлген мұсылманның ағайыны басқа дінді ұстанса, бұл оның (өлген туысқанының) мирасын иемденуіне кедергі болатынындай. Ал күпірліктің кейбір көріністері туралы айтар болсақ, бұл үшін иман келтірген адам сөгіске лайықты болады, бірақ мұның негізінде оны күпірлікте айыптамау керек.

Қатты қуаныштың, ашу-ызаның немесе басқа сезімнің ықпалымен мұсылман адам формальды түрде күпірлікке айғақ болатын нәрселерді еріксіз айтып қоюы мүмкін, бұл жөнінде хадистердің бірінде былай деп айтылғандай: «...сөйтіп ол: «О Аллаһ, Сен – менің құлымсың, ал мен – Сенің Раббыңмын!» - деп, (өзін баулап алған) қатты қуаныштың себебінен қателікке жол беріп, дауыстай салды» Муслим «Сахих», №2747 хадис, алайда мұндай жағдайларда оны күпірлікте айыптамау керек.

Бұл жерде асығыстыққа жол берілмейді, өйткені күпірлікте айыпталған адам діннен шыққан адам алатындай жаза алуы мүмкін, ендеше иман келтірген адамды азғантай ғана күдікке бола мұнымен айыптауға қалайша болады?! Бұл мәселеге әсіресе әмірлер туралы айтылатын кезде ерекше абайлықпен келу керек, өйткені әмірді күпірлікте айыптау қарулы көтеріліске, анархияның таралуына, қантөгіске және басқа да апаттарға әкеп соғуы мүмкін.

Дәл осы үшін де Пайғамбар және оның сахабалары әмірлерге қарсы шығуға тыйым салатын, ал Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Тек қана (оның) айқын күпірлікке кіргенін көрмесеңдер, бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса», - деді. әл-Бухари «Сахих», № 7056 хадис; Муслим «Сахих», № 1709 хадис.



«Тек қана... көрмесеңдер» деген сөздер, жалғыз күдіктер мен ел ішінде жүрген әңгімелер жеткіліксіз екенін білдіреді; күпірлік туралы айту – тіпті әмір - зұлымдық көрсететін, шарап ішетін, құмар ойнайтын және құқығы болмаған нәрселерді иемденіп алатын пасық болса да, бұлар оны күпірлікте айыптауға жеткіліксіз екенін білдіреді; «айқын» деген сөз ашық және еш нәрсемен бүркелмеген күпірліктің меңзеліп тұрғанына нұсқайды; «бұл жөнінде сендерде Аллаһтан дәлелдер болса» деген сөздер абсолютті сенімді болған көзден алынған айдан анық нұсқау болуы керектігін білдіреді, ал толық айқын емес нұсқау жеткіліксіз болып табылады; «Аллаһтан» деген сөздер бір ғана діндардың сөзі, ол қаншалықты білімдар болса да және қаншалықты сенімге ие болса да, егер ол Құран немесе Сүннеттен айқын және сенімді нұсқаумен бекемделмеген болса, есепке алынбайтынын білдіреді.

Жоғарыда аталған барлық шарттар мұндай мәселе қаншалықты маңыз беріп қарау керектігін көрсетеді.

Күпірлікте айыптаудаудағы асығыстық едәуір қауіпті, өйткені Аллаһ Тағала былай деді: «Күдіксіз Раббым, арсыздықтарды ғана, олардың көрнеу, көмесін, және (барлық) күнәны, орынсыз озбырлықты, және сендер Аллаһ оған байланысты ешбір дәлел түсірмеген нәрсеге Онымен қатар ғибадат етулеріңді және Аллаһ туралы білмейтін нәрселерді сөйлеулеріңді арам қылды», - де!» (әл-Ағраф сүресі, 33-аят).

2. Күпірлікте айыптаумен байланысты қате көзқарастардың салдары болып кейбір адамдардың өздеріне басқа адамдарды өлтіру және қорлау, жеке және қоғамдық мүлікті тәркілеу, үйлер мен көлік құралдарын жару және түрлі кәсіпорындар мен мекемелерді қирату рұқсат етілген деп есептей бастайтыны табылады. Ислам ғалымдарының бірауызды пікірінше мұндай және осыған ұқсас әрекеттерге шариғат тыйым салады, өйткені олар жеке тұлғаға және мал-мүлікке қол сұғылмаушылыққа қатысты озбырлық болып табылады және қоғамдық қауіпсіздік пен жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Ислам мұсылмандардың мал-мүлкіне, ар-намысына және жеке тұлғасына қол сұғылмашулықты бұзуға тыйым салады, және бұл - Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қоштасу қажылығында өзінің үмметіне жеткізген ең соңғы өсиеті еді. Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:

«Ақиқатында, сендердің өмірлерің, мал-мүліктерің және ар-намыстарың тура осы айдағы, тура осы қаладағы, тура осы күндей қасиетті (болуы керек). Мен (осыны сендерге) жеткіздім ба?»

Бұған сахабалар былай деп жауап берді:

«Сен жеткіздің, және (өзіңе жүктелгенді) орындадың, және (үмметіңе) игі насихат бердің деп күәлік береміз».

Содан соң Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллаһ, күәгер бол, я, Аллаһ, күәгер бол!» - деп қайта-қайта айтып, саусағымен бірде аспанға, бірде жерге көрсете берді. әл-Бухари «Сахих», №1741 хадис; Муслим «Сахихы», №1679 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Әрбір мұсылманға басқа мұсылманның ар-намысы, мал-мүлкі және өмірі мызғымайтын(болуы керек)...», - деді. Муслим «Сахих», №2564.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай дегені жеткізіледі: «Зұлымдықтан қорқыңдар, өйткені, ақиқатында, Ахирет Күні зұлымдық (қою) қараңғылыққа74 (айналады)…» Муслим «Сахих», № 2578.

Аллаһ Тағала, иман келтірген адамды қасақана өлтіру туралы:: «Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы - ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, оған Аллаһтың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған!» (ән-Ниса сүресі, 93-аят) - деп, адамды хақысыз өлтіретіндерге ең қорқынышты сеспен ескерту білдірді.

Ал мұсылмандардың қорғауында болған кәпірді қателікпен өлтіруге келер болсақ, бұл жөнінде Құранда былай делінген: «Ал егер ол75 (өлтірілген) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек». (ән-Ниса сүресі, 92-аят)

Ал егер қорғау астында болған адамды білместікпен өлтіргені үшін құн төлеп, айыпты өтеу амалдарын жасау қажет болса, онда мұндай адамды әтейі өлтіру туралы не айтуға болады? Мұндай адам өлтіру едәуір ауыр қылмыс және едәуір салмақты күнә болып табылады, ал сахих хадистердің бірінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Муахадты76 өлтірген (адам) қырық жылдық жолдан жұпар иісі сезілетін Жәннәттың иісін де сезбейді» - дегені хабарланады. (әл-Бухари «Сахих», №3166 хадис)

3. Кеңес адамдарды дәлелсіз айыптау мәселесі бойынша шешімнің және мұндай айыптаулар ауыр теріс салдарымен өте қауіпті болатындығының мәнін түсіндіреді және әлемге мыналарды жариялайды:

Исламның мұндай қате көзқарастармен ортақты жоқ. Ал кейбір елдерде орын алып жатқан жазықсыз адамдарды өлтіру, тұрғын үйлерді, көлік құралдарын, мемелекеттік және жеке мекемелерді жару туралы айтар болсақ, бұл әрекеттер қылмыс болып табылады, ал Исламның олармен еш ортақтығы жоқ.

Тура сол сияқты Аллаһқа және Соңғы Күнге иман келтірген кез келген мұсылманның да онымен ешқандай ортақтығы жоқ. Мұндай амалдарды тек қана бұрмаланған көзқарасқа және бұзылған сенімге ие болған адам ғана жасай алады. Ол өзінің күнәсына және өзінің қылмысына жауапкершілік тартады және оның әрекеттерін Исламмен де, іс жүзінде Исламның бекіткен ережелерін басшылыққа алып Құран мен Сүннеттің нұсқауларын ұстанатын мұсылмандармен де байланыстыруға болмайды, өйткені мұндай іс-әрекеттер - нағыз пасықтық және қылмыс болып табылады, және шариғатпен де, адамның табиғатының өзімен де тәрк етіледі. Міне сондықтан да Құран мен Сүннет мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді тыйым салады және оларды жасап жүргендермен байланыста болудан сақтану керектігі туралы қатаң ескертеді. Мысалы Аллаһ Тағала былай деді:



«Адамдардан кейбіреулерінің дүние тіршілігіндегі сөзі өзіңді таңарқатады да, (олар) Аллаһты жүрегіндегісіне айғақ қылады. Ол - өте сотқар қаскүнем. Қашан беті бұрылса, жер жүзінде сотқарлық істеуге, сондай-ақ егінді, малды жоқ етуге тырысады, ал Аллаһ жауыздықты жақсы көрмейді». (әл-Бақара сүресі, 204-205-аяттар).

Барлық мұсылмандар, олар қай жерде өмір сүрсе де, ақиқатты ұстануы, бір-біріне игі насихат беруі, салиқалылықпен пен тақуалық амалдарында бір-біріне көмектесуі, адамдардарды даналықпен және игі сөздермен жақсылыққа үндеп және жамандықтан қайтаруы, сондай-ақ пікірталасты ең көркем нәрселер арқылы жүргізуі керек. Бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай дейді:



«Жақсылыққа, тақуалыққа бір біріңе жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа бір-біріңе жәрдемдеспеңдер...» (әл-Мәида сүресі, 2-аят)

Аллаһ Тағала сондай-ақ:



«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер - бір-біріне қамқоршы: олар дұрыстыққа талпындырып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ, олар намаздарын толық орындап, зекет беріп, Аллаһқа, Елшісіне бой ұсынады. Соларды Аллаһ мәрхаметіне бөлейді. Расында, Аллаһ тым үстем, аса дана», - деді. (әт-Тәубә сүресі, 71-аят).

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деді:



«Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне хақты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды». (әл-Аср сүресі, 1-3-аяттар).

Абу Рукәйә Тамим бин Аус ад-Даридің, Аллаһ оған разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «(Бірде) Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Дін – бұл ықылас таныту», - деді. Біз одан: «Кімге қатысты ықылас таныту?» - деп сұрадық. Ол: «Аллаһқа77 оның Кітабына78, және оның Елшісіне79, және мұсылмандардың басшыларына80, және жалпы барлық мұсылмандарға81», - деп жауап берді. Муслим «Сахих Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Бір-біріне деген сүйіспеншілікте, мейірімділікте және жанашырлықта мүміндер (біртұтас) дене секілді: оның (бір) бөлігіне сырқат тисе, барлық дене бұған ұйқысыздық және қызумен жауап қатады». әл-Бухари «Сахих», №6011 хадис; Муслим «Сахих», №2586 хадис.

Бұл туралы айтылатын басқа да көптеген аяттар мен хадистер мәлім.

Сондай-ақ, біз Аллаһтан барлық мұсылмандардан жамандықтың бетін аулақ етуін, барлық мұсылман әмірлеріне елдерге және Аллаһтың құлдарына пайда әкелетін істерді орындауға, бұзақылық пен бұзықыларды басып тастауға көмектесуін, олар арқылы Оның дініне көмектесуін, Оның сөзін ұлықтап-биіктетуін және барша мұсылмандардың, олар қай жерде өмір сүрсе де, істерін ретке келтіруін, сондай-ақ ақиқатты қолдауын тілейміз, өйткені бұл Оған ғана тәуелді және Ол мұны істей алады.

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына және оның сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Ең ірі ғалымдар Комитетінің Кеңесі

Шейх мухаддис82 Насир ад-Дина әл-Әлбанидің, Аллаһ оны рахымына бөлесін, жауабы
Сұрақ: «Құрметті шейх, бүгіңгі күні Ауғаныстанда дұрыс жолдан ауытқыған көптеген топтар әрекет етіп жатқаны сізге мәлім. Өкінішке орай, олар біздің алдыңғы ізгі буын өкілдеріміздің жолына ешбір қатысы жоқ өздерінің идеяларын, кейбір өкілдері Ауғаныстанда соғысқан, жастарымыздың арасында таратып үлгерді. Әңгіме әмірлерді күпірлікте айыптау жөнінде және олар Сүннеттің ұмытылған әдет-ғұрыптары деп атайтын нәрселерді қайта жандандыру туралы болып тұр. Қазіргі, соғыс аяқталған және бұл жастар үйіне қайта оралған кезде, олардың кейбіреулері жоғарыда аталып өткен күмәнді көзқарастарды өздері тұратын жерлерде тарата бастады. Бізге Сіздің бір бауырымызбен күпірлікте айыптау мәселесі бойынша ұзақ пікірталас жүргізгеніңіз мәлім. Бұл пікірталас аудиотаспасының сапасы нашар болғандықтан, біз сізден осы мәселе бойынша түсіндірме беруіңізді сұраймыз, және Аллаһ Сізге игілігімен қайырсын».

Жауап: «Аллаһқа мадақ, біз Оны ғана мадақтаймыз және одан көмек және кешірім тілейміз. Аллаһтан өз нәпсіміздің жамандығынан және өзіміздің жаман істерімізден пана тілейміз; кімді Аллаһ тура жолға салса – оны ешкім адастыра алмайды, ал кімді Аллаһ тура жолдан тайдырса, оған оны ешкім нұсқай алмайды. Ешбір серігі жоқ Аллаһтан өзге құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екендігіне күәлік беремін.

Іс жүзінде күпірлікте айыптау мәселесі тек қана әмірлерге ғана емес, қоластындағыларға да қатысты (болып табылады). Мұның барлығы - басын бір мұсылман сектасы бастап кеткен көне бүліктің жаңғырығы болып табылады. Оның мүшелері хауаридж деп аталып кетті. Мұсылман секталары туралы жазылған кітаптарда хабарланатынындай, хауариждер бірнеше топқа бөлінді. Олардың біреуі бүгіңгі күнге дейін бар, ал оның мүшелері ибадия деп аталады. Бүгіңгі күнге дейін ибадия өзіне толық бекінген секта болатын және осы күні шақыру деп аталып кеткен уағыздаумен айналыспайтын. Алайда, осыдан бірнеше жыл бұрын олар белсенділігін күшейтіп, өздерінің (бүркену мақсатында қолданатын шиғалардың «такийә»83 деп аталатын тәсілін айтпағанда) баяғы заман хауариждерінің көзқарастарынан еш айырмашылығы жоқ көзқарастарын насихаттайтын жолдаулар таратуға кірісті.

Олар өздерін хауариж емеспіз дейді, алайда атауға байланысты заттың мәні өзгермейтіні сіздің барлыңызға мәлім. Өзге де нәрселермен қатар, оларды хауариждермен біріктіретіні – олар ауыр күнә жасайтын күнәһарларды кәпір деп есептейтіні. Қазіргі кезде тек кейбір топтарда ғана ақиқатқа шақыруда Құран мен Сүннетке ілесетін адамдар бар, бұл, менің ойымша, екі себеппен түсіндіріледі.

Біріншісі – терең білімнің жоқтығы және дінді терең түсінуге деген жеткіліксіз ұмтылыс.

Екінші маңызды себеп - адамдар исламға дұрыс шақырудың негізінде жататын шариғи принциптерді игермеуі. Мұндай принциптердің біріне сәйкес дұрыс жолдан ауытқыған және Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бірнеше рет мақтау айтқан топтан алыстап кеткен кез-келген топ Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы шығады. Сондай-ақ, бұл топ жөнінде Аллаһ Тағалада ескертіп, былай деді:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет