Мұсылман ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне берген жауаптары



бет9/10
Дата10.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#126830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Шынайы түрде сендердің қамқоршыларың - тек қана Аллаһ және Оның Елшісі және намазды толық орындайтын, зекет беретін әрі рұкұғ қылушы мүміндер. Кім Аллаһқа, Елшісіне және мүміндерге жақындықты іздесе, міне солар - шынайы түрде Аллаһты жақтаушылар. Солар, жеңіске ие болады». (әл-Мәидә сүресі, 55-56 аятттар).

Және иманды болу деген - түрлі құдайлардан және оларға ғибадат етуден өзін аулақ етуді білдіреді, өйткені Аллаһ Тағала айтады:



«Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: "Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім; мені жаратқан (Аллаһқа) ғана (құлшылық етемін). Расында, Ол мені тура жолға салады", - деді. Ибраһим өз ұрпақтарына бұл сөзді121 (айнымас) мұра етіп, қалдырды. Әрине, олар осыған қайта оралар122». (әз-Зухруф сүресі; 26-28-аяттар).

Сөйтіп, иманның негізі - оған деген жақындық және күпірліктен, Аллаһтан өзге кімге болса да ғибадат етуден өзін аулақ ұстау болып табылады, ал бұл - иман келтіргендермен достық қарым-қатынаста болып, кәпірлерге қатысы болмауды білдіреді.

Достық қатынастарды дін және дүние істерінде танытуға болады. Егер сөз дүние істері туралы болып жатса, онда бұл мұсылманды діннен шығармайды. Бұның мысалы болып - құрмет көрсету, кішіпейілділік таныту, діңге шақыру және сөйлесу табылады. Мұсылман адам осылайша христиан-әйелімен, немесе мұсылман болмаған әкесімен қарым-қатынас жасай алады.

2. Жақындасу мақсатымен емес, тек қана ортақ дүниелік мүдделер үшін ғана болған достық қарым-қатынас, тіпті бұл дін мәселесіне қатысты кейбір кемшіліктерге соқтырса да. Бұған мына аят нұсқайды:

«Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).

Бұл жерде олар иман келтірмегендерге сүйіспеншілік көрсеткендігі айтылуда, дегенмен Аллаһ оларды иман келтіргендер деп атап тұр. Көптеген ислам ғалымдары Аллаһтың бұл сөздері мұндай адамдардың әрекеттері күпірліктің сипаты болмайтындығына нұсқайды деді.

Міне сондықтан, белгілі хадисте жеткізілетініндей, Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Хатибтен, оның сырды жариялауын ескеріп: «О Хатиб, мұны істеуге сені не мәжбүрледі?» - деп сұрады. Хатиб, Аллаһ оған разы болсын, бұған жауап беріп, мұны діни мүдделерді емес, дүние мүдделерін көздеп істегенін айтты.

Кәпірмен оның дініне байланысты достық қарым-қатынасты ұстау: яғни сүйіспеншілік танытудың және қолдау көрсетудің себебі болып көпқұдайшылдық табылса, басқаша айтқанда кәпірді оның дініне байланысты жақсы көру. Мұндай жағдайларда достық қарым-қатынасты ұстау мұсылманды кәпір етеді, өйткені бұл - Аллаһ сақтауға бұйырған кемел дінмен үйлеспейді. Аллаһ тағала айтады:



«Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген адамдардың Аллаһқа, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің». (Мужәдәлә сүресі, 22-аят).

Ал көпқұдайшыларға қолдау көрсетуге және оларға мұсылмандарға қарсы көмектесуге келер болсақ, мұндай әрекеттер адамды Исламның шеңберінен тыс қояды, бұған нұсқау ханбәлилердің фикх еңбектерінде келеді. Ғалымдар, солардың ішінде шейх-уль-ислам Мұхаммед бин Абд әл-Уаххаб, бұл адамның Исламын жоққа шығаратын он нәрсенің құрамына кіреді және екі нәрсеге: қолдауға және көмекке негізделеді деген.

Шейх: «Көпқұдайшыларды қолдау және оларға мұсылмандарға қарсы көмек көрсету», - деді. Бұл жерде кез-келген әдістермен қолдау көрсету, мұсылмандардан болған әлде кім көпқұдайшыларды, олардың жағына шығып қорғау және оларды қорғау үшін мұсылмандармен соғысу тұспалданып тұр.

Ал көмекке келер болсақ, сөз күпірлік Исламнан үстем болуына ұмтылу туралы болып тұр, өйткені көпқұдайшылға көмек көрсетудің жай өзі ғана мұсылманның күпірлігіне айғақ бола алмайды. Сол сияқты, Хатиб та өзінің қылығымен көпқұдайшыларға Аллаһтың Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қарсы көмек көрсетті, ал бұл оның оларға Аллаһтың Елшісі жорыққа шығайын деп жатқанын хабарлап хат жазуында көрініс тапқан еді. Бұдан хабардар болған Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, одан мұның рет-жөні туралы сұрай бастады, ал бұл нәрсе егер мұсылман көпқұдайшыларға көмек көрсеткен жағдайда істің барлық жағдайын анықтап алу қажеттігіне нұсқайды. Мұндай әрекеттер туралы Аллаһ Тағала былай деді:



«Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят), дегенмен мұндай әрекет тек бір белгілі мақсатты көздеп іске асырылғанда ғана күпірлікке нұсқау бола алады. Хатиб былай деді: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Мен мұны Исламнан кейін күпірлікке ұмтылғаннан істемедім. (Істің мәні мынада) мен құрайштердің арасында өмір сүрдім, бірақ олардың қатарынан емес едім. Сенің жаныңдағы мухажирлердің Меккеде туысқандары бар, ал олар олардың отбасылары мен мал-мүлкін қорғайды. Ал менің (құрайштар) арасында туысқандарым жоқ болғандықтан, мен, өзімнің жақындарымды қорғау үшін, оларға бір нәрсе істегім келді». (Оны тыңдап болып) Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Аллаһ Бәдр қатысушыларына қарады да: «Нені қаласаңдар соны істеңдер! Мен сендерді кешіріп қойдым!» - деді». әл-Бухари «Сахих», № 4890 хадис; Муслим «Сахих», №2494 хадис.

Хатибтің істегенінің екі аспектісін көрсетуге болады. Біріншісі – одан рет-жөні сұралған нәрсе. Ол мұны күпірлік Исламнан үстем болсын деген мақсатпен істеді ма, осыны анықтау қажет еді. Мұндай жағдайда ол күмәнсіз күпірлікте айыпталуға лайық болар еді және, Бадр соғысына қатысуына қарамастан, кешірілуге тиісті болмас еді, өйткені мұндай іс діннен шығумен пара-пар.

Екіншісі – оның адасу және күнә болатын белгілі мағынада көпқұдайшыларға көмек көрсеткен болуы мүмкін екендігі, өйткені Аллаһ Тағала былай деді:

«Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да, өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де, оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят).

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты:

«Сендерден кім бұны істесе, расында ол тура жолдан адасты». (әл-Мумтәхинә сүресі, 1-аят) Мұның барлығы осындай істерде істің мән-жайын анықтау қажеттілігі айқын екендігіне нұсқайды. Ал егер көпқұдайшыларға оларды қорғау мақсатымен қолдау көрсету және олармен бірге мұсылмандарға қарсы шығуға келер болсақ, мұндай әрекеттер, діндар-ғалымдар түсіндіргендей, адамның Исламын жоққа шығарады.

Мұндай сұрақтар кең және ұзақ жауаптарды талап етеді. Көптеген тиісті зерттеулер шейх Абд әл-Азиз Ибн Баз және шейх Мұхаммед бин Усаймин тарапынан алдақашан жүргізіліп жатқанына қарамастан, мұндай сұрақтар, өкінішке орай, қайталанып қойылуда және біз өзгелерді күпірлікте айыптау әдеті адамдардың арасында солайымен жойылмайды ма деп қорқамыз.

Хауариждер және хауариждік көзқарастар ешқашан жойылмайды, ал адамдар өздерін түзетпесе және сақтық танытпаса, үнемі бір нәрседе адасуда болады.

Біз барлығымыз сақтық танытуымыз, ақиқатты тануға тырысуымыз, бірімізді-біріміз оны ұстануға талпындыруымыз және Пайғамбарлардың мирасқорлары болған дін ғалымдарын қаралауды өзімізге рұқсат етпеуіміз керек. Ибн Асакир өзінің «Жалақордың өтірігіне нұсқау» атты кітабының басында: «Ғалымдардың еті уланған123 және Аллаһ оларды қаралаушылармен не істейтіні белгілі», - деп өте жақсы айтқан. Мұның барлығы - ақиқат және тәжірибемен расталады.

Бізді де, сізді де Аллаһ қате сөздерден мен істерден және жаман көзқарастардан сақтасын, Ол адасқан мұсылмандарды ақиқат жолына шығарсын және біз бен сізге ақиқатты түсіндірсін.

Күпірлікте айыптауға және адасуға қатысты мәселелерде өзгеше көзқарастарды ұстанатын және заттарды олардың іс жүзіндегі кейпінен өзгеше көрсетуге тырысатын адамдарға қалайша жауап беру керектігін біз түсініп алуымыз қажет.

Біріншіден, өтірікке өтірікпен жауап бермеу керек, өйткені жалғанға ақиқатты қарсы қою керек. Егер каңдай да бір адам бізді күпірлікте айыптаса, біз оны бұл үшін күпірлікте айыптамауымыз керек, егер қандай да бір адам бізді діңге жаңалақ енгізушілікте айыптаса, біз осы үшін оған да осындай айып тақпауымыз керек. Мұндай жағдайларда өтірікке тек ақиқатты ғана қарсы қою керек, Сүннет пен келісім жақтаушыларының имамдарынан болған біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдері де осылай істеген.

Екіншіден, мұндай адамдарға ақиқат жолын насихаттауға тырысу керек және оларға қандай әдістер қолайлы болатындығы жөнінде ойлану керек. Егер олар ізгі насихатқа мұқтаж болса, оларға мұндай насихатты беру керек, ал егер күмән туғызатын нәрселерді түсіндіру керек болса, оларға қажетті түсіндірмелерді беру керек, мүмкін осылар арқылы Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ олардың кейбіреуін ақиқат жолына, Ибн Аббас, Аллаһ оған разы болсын, арқылы хауариждердің кейбірін салғандай, салар.

Бұдан тыс, өзінің Ұлы Раббысынан ғана олардан пана таба алатын, барлық тоқыраулардың, бүліктердің және жұтаулардың кезінде, адам Оған тілек–дұғалармен жалбарынуы керек. Кім өзінің Раббысымен байланысын үзіп, Оған дұға-тілектерімен көмек сұрап жалбарынбаса, опат болады. Егер тіпті Аллаһтың қолдауына ие болған және ақиқатқа уахи арқылы бағытталып отырған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «О Аллаһ, Өзіңнің рұқсатыңмен мені, (адамдар арасында) оған қатысты қайшылық туындаған, ақиқатқа бағытта! Ақиқатында, тура жолға Сен қалағаныңды саласың!» - деп жалбарынатын болса, біз және біз сияқтылар туралы не айтуға болады? Біз, әрине, тілеу мен жалбарынуға көбірек мұқтажбыз. Біз өзіміз үшін және осындай мәселеде олар ақиқатқа қарсы шығып жатқаны бізге мәлім болғандар үшін дұға етуіміз керек.

Алайда, егер біреу басқаларды күпірлікте айыптап, адасып, адамдарға дұшпандық танытып және оларды қаралап, дұрыс істемей жатса, бұл - біз де оларға солайша жауап беруіміз керек дегенді білдірмейді. Жоқ, бұл жерде сабр танытып, мұндай адам үшін дұға етуіміз керек, өйткені білім ізденушінің мақсаты – адамдарды түзеуде. Олар сенің сөздеріңді тыңдауы не тыңдамауы мүмкін, бірақ оларды тура жолға салу міндеті саған жүктелмеген, өйткені мұны Аллаһ қалағанына нұсқайды.



ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ

ДІНДАР-ҒАЛЫМДАРДЫ БАЛАҒАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШЕШІМ
Умар бин Салимнің, Мұхаммед бин Абд әл-Ләтифтің және Абдуллаһ әл-Анкаридің, Аллаһ оларға рахым етсін, мәлімдемесі
Діндар-ғалымдарды жағымпаздануда, селқостықта, өз міндеттерін орындаудан бас тартуда, сондай-ақ өздеріне белгілі болған ақиқатты жасырып айтпай қоюда айыптайтын надан тұлғалардың көптеген әрекеттеріне назар аудару қажет. Бұл надан адамдар діндар-ғалымдарға жаман сөздер айту және иман келтіргендердің намысын қорлау - жойқын у, жасырын дерттің айғағы және айқын күнә болып табылатындығын білмейді, өйткені Аллаһ Тағала былай деп айтты:

«Сондай мүмін ер, мүмін әйелдерді жазықсыз кейіткендер124, әрине олар жала жауып, ашық күнә жүктеп алды». (әл-Ахзаб сүресі, 58-аят).

Егер әділетті адам осындай аяттарды және сол мағынадағы хадистерді, және Пайғамбардың сахабалары мен білім мен ақылға ие адамдардың айтқандарын естісе, және Аллаһтың Алдына тұратынын, және өзі не айтып-істегені үшін жауапқа тартылатынын түсінсе, ол тоқтайды және алдағы уақытта мұндай әрекетті жасамайды.

Ал өзінің надандығының және қалауларының ықпалына түсіп өз пікірімен сүйсінетіндерге келер болсақ, бізде оларға ықпал ету мүмкіндігіміз жоқ. Аллаһтан өзімізге және Исламдағы бауырларымызға игілік тілейміз, өйткені бұл Оған тәуелді және Ол бұны істей алады.

فتاوى الأئمة

في النوازل المدلهمة
جمعية إحياء التراث الإسلامي

الكويت



جمعية إحياء التراث الإسلامي - الكويت


1 Суннет – өнеге; әдет; жол. Бүкіл мұсылман үмметі және әрбір жеке мұсылман үшін өмір сүрудегі басшылық ретінде Мухаммед Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмір өнегесі аталып тұр. Сүннетті хадистер құрайды. Хадис деп Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтқаны, істегені, құптағаны туралы куәгер сөзінен жеткен хабар аталады.

2 Аят – таңғаларлық құбылыс, белгі; ғажайып; Кұран мәтінінен бөлінетін ең шағын үзінді.

3 Пәтуа – діни-құқықтық мәселе бойынша беделді құзыретті тұлға шығаратын шешім.

4 Жәхилиет – нандандық, исламға дейінгі заман, көпқұдайшылық және пұтқа табынушылық кезең.

5 Ислам және оған қатысты барлық нәрсе айтылып тұр.

6 Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

7 Яғни оның өмірін сақтап қалады.

8 Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

9 Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

10 Ибн Касир және Әл-Қуртуби – Құранның көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

11 Ислам фикхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 - Шешім, 32-ші сессиясында қабылданған 24.08.1988 ж. (х. 12.01.1409 ж.)


12 Яғни оған, осы жасағаны үшін, Тозақ жеткілікті жаза болады.

13 Қорғау астында болғандардың қатарына Кітап иелері, яғни яхуди мен христиандар жатады.

14 «Муахад» - исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман территориясында келім бойынша өмір сүріп жизья (жеке басына төленетін салық) төлеп тұратын адам.

15 «Әд-Дава» журналы, №1548 18.06.1997 ж. (х. 12.02.1418 ж.).

16 Тәпсірлердің біріне сәйкес бұл жерде Қасиетті Мешіт аймағында кез-келген күнә жасалу айтылып тұр.

17 Шейх Абд әл-Азиз Ибн Баздың, Аллаһ оған рахым етсін, пәтуалары мен мақалаларының жинағы.

18 Аллаһтың елшілері көрсеткен мұғжизалары және олар өзімен алып келген заңдары айтылып тұр.

19 Бұл жерде шейхтың Саудия теледидарына шығып сөйлеген сөзінің мәтіні келтірілген.

20 Яғни монахтың.

21 Джихад (тілдік мағынасы - күшті барынша жұмылдыру) – мазмұны өте сыйымды ислам термині. Жалпы қолданыста дін үшін күресті білдіреді, оған жүректің джихады да (өз нәпсісінің жаман жақтарымен күресу), тілдің джихады да (жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтару), қылыштың джихады да (дінді қарумен қорғау) т.б.кіреді.

Еуропалық қоғамдық санада джихад туралы тек қылыш джихады деген түсінік қалыптасып қалған, алайда Құран мен Сүннетке сәйкес бұл ұғым көп мағыналы болып табылады.



22 Шейх-уль-ислам (исламның ақсақалы) – кейбір көрнекті діндарлар алып жүрген құрметті атақ.

23 Таки ад-дин Ахмад ибн Таймийя (1263-1328 жж.) – ханбали мазхабының теологы және құқықтанушысы.

24 Имам (тілдік мағынасы – алда тұрушы, жетекші) – намазда алда тұрушының, рухани жетекшінің, мұсылман қауымдастығы басшысының, көрнекті діни тұлғалардың және діни-саяси жетекшілердің титулы. Шейх деген атақ сияқты, имам деген атақ та ислам әлемінің кейбір атақты қайраткерлерінің атының ажырамас сипаты болып қалыптасып қалды, мысалы: имам Мәлик, имам аш-Шафи’и.

25 Имамат – мұсылман үмметіне жоғары басшылық жасау.

26 Бұған Құран аяттарының бірінде немесе Пайғамбар Сүннетінде, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, айқын нұсқау аталып тұр.

27 Басқаша айтқанда әмірге бойсынудан шыққандар мойынсынбайтын күнәһарлар сияқты өледі.

28 Мысалы, егер ыза өзінің қандастарын немесе руластарын, олардікі дұрыс немесе дұрыс еместігіне қарамастан, қолдауға деген қалаудан туындаса.

29 Бұл парыздар – «Аллаһтан өзге кұлшылыққа лайықты құдай жоқ және Мұхаммед – Оның елшісі» деп куәлік беру, намазды орындау, зекет төлеу, қажылық жасау және рамазан айында ораза ұстау.

30 Әмірге, тіпті ол пасық болса да, бағыну - Аллаһқа құлшылық етудің бір түрі болып табылады.

31 Бұл жерде мұсылман әмірі елде осындай намаздардың қалдырылмай орындалуына жауапты екендігі айтылып тұр.

32 Әл-Уасиқ (842 - 847 жж.) – Аббасилер әулетінің халифасы.

33 Факих – мұсылман құқығының білгірі.

34 Имам Ахмад бин Ханбәл, Аллаһ оны рақымына бөлесін.

35 Бұл жерде әңгіме сол кезде биліктің қолдауына ие болған адасқан муътәзилә ағымының Құранның жаратылғандығы жөніндегі тезисі жөнінде және ғалымдармен факихтардың айыптауын туғызған басқа да кейбір істер туралы жүріп жатыр.

36 Бұл жерде әмірге бағынбау айтылып тұр.

37 Бұған Құран аяттарының бірінде немесе Пайғамбар Сүннетінде, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, айқын нұсқаудың болуы аталып тұр.

38 әл-Бухари «Сахих», №3344 хадис; Муслим «Сахих», №1064 хадис; Абу Дауд «Сунан, №4764 хадис; ән-Нәсәи «Сунан», 5/87.

39 Мінбер – мешіттің ішіндегі имам құтпа (уағыз) айтатын биіктік.

40 Усман, Аллаһ оған разы болсын, үшінші салиқалы халифа еді, және 656 ж. өлтірілді.

41 Усама бин Зәйд, Аллаһ оған разы болсын – пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ең көрнекті сахабаларының бірі еді.

42 Басқаша айтқанда, Усама әмірдің істерін көпшіліктің алдында талқылайтын алғашқы адам болғысы келмеді.

43 Мұғауя (661 - 680 жж.) – Умайялар әулетін шыққан алғашқы халифа.

44 «Нәсиха» сөзі ықылас танытудың объектісі болған адамға игілік қалауды және шын шыректен қарым-қатынас жасауды білдіру үшін қызмет атқарады және көп мағыналы болып табылады, басқа да мағыналарға қоса ол игі кеңесті, пайдалы насихатты, шынайы ықылас пен шын жүректен жасалған қатынасты білдіреді.

45 Бұл – Аллаһқа иман келтіруде, Оның әмірлеріне мойынсынуда, Ол тыйым салған барлық нәрседен тыйылуда, көпқұдайшылықтың кез-келген түрінен бас тартуда және тағы да басқа сол сияқты амалдарда көрінеді.

46 Бұл – Құран – Аллаһтың сөзі екендігіне шын ықыласпен сенуді тұспалдайды.

47 Аллаһтын Елшісіне деген, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ықыласты қатынастың көрінісі болып оның алып келген жолдауы ақиқат екендігіне кәміл сену, оның әмірлерінің барлығына мойынсыну және оны ардақтап сүю табылады.

48 Бұл мыналарда көрініс табу керек: әмірлерге игі нәрселердің барлығында болысу; оларға шариғатқа қайшы келмейтін нәрселердің барлығында бағыну; және қажет болған жағдайда оларды барлық жамандықтан тосып қалуға талпыныс жасау.

49 Мұсылмандарға деген ықыласты қатынас олармен бауырлық қарым-қатынас жасауға, оларға көмектесуге, игі кеңестер беруге ұмтылуда, тағы да басқаларда көріну керек.

50 Немесе шариғат айыптайтын бір нәрсе істеліп жатқандығы жөнінде хабардар болса.

51 Мысалы, шарап сатып жатқандардың ыдыстарын сындырып тастап.

52 Мысалы, шариғаттың үкімдерін бұзып жатқан адамдарды көпшілік алдында айыптап.

53 Бұл жерде орын алып жатқан нәрсемен іштей келіспеушілік білдіру жіне оны тәрк ету туралы айтылып тұр, егер көпшілік алдында айыптау мұсылманға едәуір зиян тигізетін болса.

54 «шейх Абд аль-Азиз бин Абдуллах Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/245.

55 «шейх Абд аль-Азиз бин Абдуллах Ибн Баздың пәтуалар жинағы», 8/246.

56 Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

57 Бұл жерде ең жақсы дәлел-дәйектер мен тұрпайылықтың кез-келген түрін жоққа шығаратын пікірталас жүргізудің ең жақсы тәсілдері айтылуда.

58 Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

59 Пайғамбарлар.

60 «Хақ» дегенде бұл жерде иман және игі амалдарды жасау, басқаша айтқанда өзінің діни міндеттерін атқару және адамдарға жақсылық жасау түсініледі.

61 Аллаһқа мойынсынуда және оған бойұсынбаудан бас тартуда сабырлық таныту, сондай-ақ барлық ауыртпалықтарды сабырлықпен көтеру айтылып тұр.

62 Не көпқұдайшылық, не қарақшылық, зорлық, қирату және сол сияқты қылмыстар айтылып тұр.

63 Яғни оның өмірін сақтап қалады.

64 Оң қолы мен сол аяғы айтылып тұр.

65 Яғни адамдарға Аллаһтың елшілері жіберілгеннен кейін.

66 Ибн Касир және Әл-Қуртуби – Құранның көпке әйгілі және көрнекті тәпсіршілері.

67 Ислам фикхы қоғамының журналы, № 2, 181-бет. ,№ 148 - шешім, 32-ші сессиясында қабылданған 24.08.1988 ж. (х. 12.01.1409 ж.)


68 Мазхаб – діни мектеп.

69 Муслим «Сахих», № 3005 хадис. Бұл хадисте бір патша оған өз дінінен бас тартуды бұйырған жасөспірім туралы баяндалады. Жасөспірім бұған келіспеді, сонда патша оны өлтіруді әмір етті, бірақ, оның қызметкерлері бұл әмірді орындауға қанша тырысса да, оған еш нәрсе істей алмады. Әрі қарай бұл хадисте былай баяндалады:

«Жасөспірім патшаға: «Менің бұйырғанымды істемесең, Сен мені ешқашан өлтіре алмайсың!» - деді. Патша одан: «Ол не?» - деп сұрады. (Жасөспірім): «Адамдарды бір төбеге жина да, мені пальманың діңгегіне байлап таста. Сосын менің жебе қабымнан жебені ал да, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» - деп айт, ал содан кейін ат. Ақиқатында, сен мені осыны істесең ғана өлтіре аласың», - деп жауап берді. Сонда (патша) бір төбеге адамдарды жинап, (жасөспірімді) пальманың діңгегіне байлап, оның жебе қабынан жебе алып, оны садақтың ортасына қойып: «Бұл жасөспірімнің Раббысы – Аллаһтың атымен!» - деп оқ атты, оқ жасөспірімнің самайына қадалды. Ол өз самайын қолымен ұстаған күйінде өлді, ал адамдар: «Біз бұл жасөспірімнің Раббысына иман келтірдік!» - деп айта бастады. Содан соң патшаға (оның адамдары) келіп: «Сен өзің сескенген нәрсең туралы не айтасың? Аллаһтың атымен ант етеміз, сенің қорыққан нәрсең басыңа келді, өйткені адамдар иман келтірді!» - деді. Сонда патша (қала) қақпаларының қасынан орлар (қазуды) бұйырды, ал орлар қазылып болып, оларға от жағылған соң, (патша): «Өз дінінен бас тартпағанның әрбірін отқа тастаңдар!» - деді.



70 Бұл хадисте Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнына үздіксіз соға береді», - деп айтқаны жеткізіледі. әл-Бухари «Сахих», № 5778.

71 Шахид — дін үшін болған соғыста қаза болған адам.

72 Яғни осы сөздерді айтқан адамға, немесе болса, сол адамға.

73 Осы сөздер кімге айтылған болса, сол адам.

74 Тәпсірлерде бұл жерде не қара түнек қараңғылық, не әртүрлі қиындықтар, не азаптар мен жазалар айтылады деп нұсқалады.

75 Яғни өлтірілген адам.

76 «Муахад» - исламды қабылдамаған, бірақ мұсылман территориясында келісім бойынша өмір сүріп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет