Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы



Дата09.06.2016
өлшемі173.6 Kb.
#124699
УДК 343.1

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы


Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцент м.а.

Баяндина Майнұр Оқанқызы


Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы
Қылмыстық іс жүргізудегі жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасының жүзеге асырылу кепілдіктері

Резюме. Мақалада Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізудің негізін қалаушы және басқарушы негіз ретінде адамның жеке басына қол сұғылмаушылық қағидасының құқықтық табиғаты қарастырылады. Қылмыстық іс жүргізудегі адамның жеке басына тиіспеушіліктің құқықтық режимін анықтаушы заңды ары қарай жетілдіру қажеттігі өзектеледі. Жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасының жүзеге асырылуының кепілдіктеріне құқықтық талдау жасалған.

Негізгі сөздер: жеке басқа қол сұғылмаушылық қағидасы, қылмыстық іс жүргізу, сезіктіні ұстау, мәжбүрлеу шаралары.
Мухамадиева Гульжан Нусупжановна

Республика Казахстан, г.Алматы, и.о.доцента кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики юридического факультета КазНу им.аль-Фараби

Баяндина Майнур Окановна



Республика Казахстан, г.Алматы, старший преподаватель кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики КазНу им.аль-Фараби
Гарантии реализации принципа неприкосновенности личности в уголовном процессе

Аннотация. В статье рассматривается правовая природа принципа неприкосновенности личности как основополагающего и руководящего начала всего уголовного процесса Республики Казахстан. Актуализируется необходимость дальнейшего совершенствования законодательства, определяющего правовой режим неприкосновенности личности в уголовном процессе. Проведен правовой анализ гарантий реализации принципа неприкосновенности личности.

Ключевые слова: принцип неприкосновенности личности, уголовный процесс, гарантии, задержание подозреваемого, меры принуждения.
Mukhamadyeva G. N.

The Republic of Kazakhstan, Almaty, Associate Professor of Criminal Law, Criminal Procedure and Criminalistics Faculty of Law KazNU

Bayandina M.O.

The Republic of Kazakhstan, Almaty, senior lecturer in criminal law, criminal procedure and criminology KazNU


Guarantee the implementation of the principle of inviolability of the individual in criminal proceedings

Abstract. The article examines the legal nature of the principle of inviolability of the person as a fundamental guideline and start the criminal process of the Republic of Kazakhstan. Actualized need for further improvement of legislation defining the legal regime of personal immunity in criminal proceedings. An analysis of the legal guarantee of the principle of inviolability of the person.

Keywords: the principle of inviolability of the person, criminal procedure, guarantee the detention of the suspect, coercive measures.

Тұлғаның мәртебесін толық анықтау, Конституцияда және халықаралық актілерде көрсетілген оның бостандығының «жеткіліктілігі» үшін тұлғаның бостандығы ол қылмыстық сот өндірісінің аясына түскенде және мәжбүрлеу тәртібіндегі шектеулерге кездескен жағдайларда да мызғымайтын болып қалатын «анықталған шектер» қажет. Мұндай «шектер» құқықтықпен ең алдымен, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуының конституциялық кепілдіктерімен көрсетіледі. Қылмыстық-процессуалдық нормаларда кепілдіктер қылмыстық процестің ерекшелігіне және процессуалдық мәжбүрлеу шараларына қатысты нақтыланады.

Осы бір-біріне қарама қарсы бастамалардың (мәжбүрлеу; тұлғаның бостандығы; құқықтар мен бостандықтардың кепілдіктері) қысқаша мазмұнын біз еліміздің Конституциясының нормаларынан көреміз. Онда 16-баптың 1-бөлігінде: әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар деп бекітілген. Жеке бостандықтың мазмұнына заң шығарушы «адамның табиғи болмысынан туындайтын оның бөлінбейтін және абсолютті құқығын кіргізеді. Жеке бастың бостандығы адамзат прогресінің өлшеміндей қызмет ететін ең жоғары әлеуметтік құндылық пен принцип ретінде қарастырылуы тиіс» [1,72].

Жеке адамның бостандығын шектеудің мәселесі ол қылмыстық сот өндірісінің қатысушысы болғанда және процессуалдық мәжбүрлеудің нормативтік ережелерімен көрсетілген шектеулердің әрекетіне душар болғанда көңіл аудартатын мәселеге айналады. Сондықтан дәл осы жерде заң шығарушы қылмыстық сот өндірісінің аясына түскен жеке адамға оның мәртебесі процессуалдық құқық нормаларымен шектелгеніне қарамастан «қажетті» және «мызғымайтын» бостандықтың берілуіне әсер ететін бірнеше нық кепілдіктерді қалыптастырады. Осылайша, мысалы ҚР-ның Конституциясында адамның жеке басына қол сұғылмаушылық, қамауды және ұстауды қолдану барысында, құқықтық кепілдіктермен қорғалады.



Осылайша, қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында тұлғаның бостандығына қол сұқпаушылықтың 16-бапқа сәйкес конституциялық кепілдіктері болып:

  • заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен (тұтқындауға және қамауда ұстауға) (16-бап 2-бөлік);

  • шағымдануға құқық (16-бап 2-бөлік);

  • 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстау (прокурордың санкциясынсыз) (16-бап 2-бөлік);

  • қорғаушыға құқық (ұсталған, қамауға алынған кезден бастап) (16-бап 3-бөлік) табылады [2].

Бұл кепілдіктер ҚР-ның ҚІЖК-нің 14-бабына сәйкес өзге де кепілдіктермен толықтырылады. Оларға мыналар жатады:

  • күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыруға жол бермеу (тек соттың шешімімен немесе прокурордың санкциясымен) (14-бап 2-бөлік);

  • ұсталған адамға ұстаудың негізі, сондай-ақ ол жасады деп сезік келтірілген немесе айыпталған қылмыстың заңдық сипаттамасының жылдам хабарлануы (14-бап 3-бөлік);

  • соттың, қылмыстық ізге түсу органдарының заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, немесе медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған не заңда немесе үкімде көзделгендегіден артық мерзімге күзетпен ұсталған адамды дереу босатуға міндеттігі (14-бап 4-бөлік);

  • қылмыстық процеске қатысушы адамдардың ешқайсысына күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға болмайтындығы (14-бап 5-бөлік);

  • ешкімді де адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға тартуға болмайтындығы (14-бап 6-бөлік);

  • өзіне қатысты жолын кесу шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған адамды қамауда ұстау оның өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын жағдайларда жүзеге асырылуы тиістілігі (14-бап 7-бөлік);

  • заңсыз бас бостандығынан айыру, өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдайда ұстау, оған қатал қарау салдарынан азаматқа келтірілген зиян осы Кодексте көзделген тәртіппен өтелуге тиістілігі (14-бап 8-бөлік) [3].

Бүгінгі күнде қылмыстық процесте тұлғаны, оның конституциялық және процессуалдық бостандықтарына қол сұқпаушылықты қорғау Қазақстан Республикасында конституциялық заңдылықты сақтау дәрежесіне көтерілген мемлекеттік қажеттілік мәселесі болып табылады. Жалпы әлеуметтік, өнегелілік, психологиялық соларға ұқсас тенденцияларға сүйеніп, біз сонымен қатар қылмыстық-процессуалдық заңына сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған қылмыстық процестің қатысушыларының бостандықтарының шектелуі туралы айта аламыз. Мысалы, тергеуші ҚР-ның ҚІЖК-нің 197-бабының тәртібіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi. Бұл жерде азаматтар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие органдардың қарауына түседі және тергеушімен өзінің процессуалдық міндеттерін орындамаған жағдайларда қызметтік бассыздықтың зардап шегушісі болады. Осыған орай, біз өз кезегінде солар арқылы ҚР-ның барлық салалық заңдары үшін өзегі болып табылатын принциптерге негізделуші заң нормалары жүзеге асырылатын құқықтық кепілдіктер туралы айтамыз. Сондықтан, қылмыстық процесте тұлғаның құқықтары мен бостандықтары мәселесін өзекті қылып, заң шығарушы олардың сақталуының анықталғандығымен және кепілденгендігімен сипатталатын негізін қалаушы ережелердің қатал жүйесін тұрғызды. Бұл ережелер басшылық етуші болып келеді және қоғамның дамуының әлеуметтік-экономикалық шарттарына сәйкес қылмыстық процестің демократиялық, гумандық құрылымын анықтайды. Бұл жерде сөз әрине принциптер туралы қозғалып отыр, соның ішінде адамның жеке басына қол сұғылмаушылық принципі нық позицияға ие болған.

Жеке басына қол сұғылмаушылық принципі барлық қылмыстық процестің негізін қалаушы бастама болып табылатындықтан қылмыстық процестің аясына түскен адам басынан бастап қылмыстық-процессуалдық нормаларымен қол сұқпаушылықтың кепілдіктерімен қамтамасыз етілген.

Осыған байланысты Р.Т. Шуменованың «...қылмыстық-процессуалдық құқықтың барлық жүйесі процессуалдық кепілдіктер ретінде жүреді...» [4,119] деген пікірін келтіруге болады. Осы айтылғанға қатысты бұл жалпыланған категория деп айта кеткенді жөн көрдік, өйткені дағдылы процессуалдық әрекеттердің тәртібін анықтаушы нормалар да бар. Мәселені тереңірек қарасақ, бұл айтылған пікір дұрыс, бірақ оған заңның нормаларын және жүйесін талдау жолымен тоқтау керек. Конституция нормасынан бастайық, онда 16-бабында жеке басына қол сұғылмаушылық негізгі кепілдігі бекітілген. Осы бапқа сәйкес жеке басына қол сұғылмаушылық тұлғаның құқығы ретінде жүреді, дегенмен оның мемлекеттің негізгі заңының адам және азамат құқықтары мен бостандықтары бөлімінде бекітілуі оны конституциялық кепілдіктер дәрежесіне көтереді.

ҚР-ның қылмыстық істер жүргізу кодексі жеке басына қол сұғылмаушылық принципке көтереді, негізгі бастамалардың әр түрлі жағын нақтылаушы және талдаушы ҚІЖК-нің басқа нормалары және басқа да нормативтік құқықтық актілер арқылы бұл принцип жүзеге асырылуы тиіс. ҚІЖК-де жеке басына қол сұғылмаушылық принципінің жүзеге асырылуы, осылайша, ҚР-ның Конституциясымен кепілденеді.

Өз еңбегінде Р.Т. Шуменова қылмыстық процесс принциптерінің кепілдіктеріне екпін жасап, олардың құрылымын анықтайды:

1. принциптердің жүзеге асырылуының құқықтық базасын орналастырушы негізгі ережелердің ҚР-ның Конституциясында бекітілуі;

2. қылмыстық сот өндірісінің барлық стадияларында принциптердің жүзеге асырылуының процедурасын анықтаушы ережелердің қылмыстық-процессуалдық заңда талдануы;

3. процессуалдық қылмыстық-құқықтық институттар;

4. қылмыстық-процессуалдық нормалар [4,119].

Принциптердің жүзеге асырылуының процессуалдық кепілдігі болып, осы автордың тұжырымы бойынша, қылмыстық-процессуалдық әсер етудің типті қасиеті, қылмыстық сот өндірісінің міндеттеріне қылмыстық процестің қатысушыларының тәртібін сәйкестендіруді қамтамасыз етуші қылмыстық істі қозғаудың, тергеудің және шешудің ерекше процессуалдық процедурасы табылады» [4,114].

Қылмыстық-процессуалдық қарым-қатынастарға талдау жасай отырып, Л.Д. Кокорев пен В.Д. Лукашевичтің «қылмыстық сот өндірісінде тұлғаның кейбір субъективтік құқықтары – ол басқа субъективтік құқықтардың кепілдігі» [5,74] дегені және тұлғаның құқықтарының кепілдіктері туралы мәселелердің зерттелуі тек айыпталушыға ғана қатысты емес ол өзінің құқықтары мен мүдделерін қылмыстық сот өндірісінде қорғаушы, істің барысына жеке мүдделі қылмыстық процестің барлық қатысушыларына қатысты деп көрсеткені [5,109] орынды. Мысалы, анықтаушының анықтау органының бастығының әрекетіне шағымдану құқығы сезіктінің, айыпталушының қол сұқпаушылыққа құқығының жүзеге асырылуының кепілдігі болады.

Бұл авторлар процессуалдық кепілдіктерге қылмыстық сот өндірісінің принциптерін де жатқызады. Осы мәселені ашып алу қажет, өйткені Р.Т. Шуменова принциптер мен кепілдіктер әр түрлі мағынада деп көрсеткен. Принциптер және кепілдіктер – олар шындығында әртүрлі құқықтық категориялар. Кепілдіктер – қамтамасыз ету құралдары; ал принциптер- негізін қалаушы, бастама болушы құқықтық негіздер. Десе де, кейбір жағдайларда, принциптер шын мәнінде гаранттардың рөлінде жүреді. Мысалы, заңдылық принципі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының және жүзеге асырылуының гаранты рөлінде.

Қылмыстық процестің принциптерінің кепілдіктері аталып, әр түрлі авторлармен әр түрлі тізімдері беріледі. И.Л. Петрухин үш аспектіні көрсетеді:


  1. ұстау және қамау заңдылығын соттың бақылауы;

  2. тұлғаның негізгі құқықтарын қорғаудың әдісі ретінде дәлелдемелердің іске жіберілу институты;

  3. тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтарының шектелуінің рұқсат етілген шегі [6,60].

Процессуалдық кепілдіктер нақты қылмыстық-процессуалдық заңдар да және халықаралық құжаттарда да аталмаған, сондықтан бұл ғылым термині болғандықтан ол туралы ғалымдар әртүрлі интерпретация (түсіндірме) береді. Көптеген процессуалист ғалымдар кепілдіктерді процестің қатысушыларының құқықтарын және қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін қамтамасыз етуші амалдар деп санайды. Солардың ішінде М.С. Строгович процессуалдық кепілдіктер деп қылмыстық процеске қатысушы азаматтар солар арқылы өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңмен бекітілген амалдарды көрсетеді [7,56]; П.А. Лупинская процессуалдық-құқықтық кепілдіктер – ол қылмыстық-процессуалдық қызметтің барлық субъектілерінің міндеттерін орындауын және берілген құқықтарын қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуші құқықтың нормаларында бекітілген құқықтық амалдар деген [8,64]; К.Ф. Гуценко қылмыстық сот өндірісінің міндеттерін жүзеге асыру, және ең бірінші орында қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қылмыстық-процессуалдық нормалармен бекітілген амалдар деп көрсеткен [9,22];

Мұндай анықтама қазақстандық процессуалистердің арасында да қолдау тапқан. Осылайша, Е.Е. Ерешев «процессуалдық кепілдіктер - қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін және іске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің заңмен белгіленген құқықтық амалдары» деп көрсетеді [10,17-18];

Кейбір ғалымдар бұл анықтамалармен келісе отырып, қылмыстық қудалауды жүргізуші адамдардың қызметтерін, міндеттерін қосады, солардың ішінде Е.Г. Мартынчик құқықтық нормаларда бекітілген, солардың көмегімен сот өндірісінің барлық стадияларында айыпталушы өзіне берілген субъективтік құқықтарды жүзеге асыратын және заңды мүдделерін қорғайтын, өзінің құқықтарына қысым келтіруші және құқықтардың кепілдіктерінің жүзеге асырылуына кедергі келтіруші актілердің жойылуына заңмен бекітілген шараларды қабылдайтын амалдар, сондай-ақ заңға негізделген айыпталушының құқықтарын қамтамасыз ету бойынша соттың, прокурордың, тергеушінің және қорғаушының қызметі деген [11,69]. В.З. Лукашевич процессуалдық кепілдіктер деп 1) айыпталушының заңды мүдделерін қорғауға, өздерінің құқықтарын әрекетті жүзеге асыруын қамтамасыз етуге және түсіндіруге бағытталған заңда бекітілген анықтау, тергеу, прокуратура органдарының міндетін; 2) оған бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірудің, лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселені қоюдың фактілі мүмкіндігін беретін заңда бекітілген амалдарын; 3) қорғаушының қызметін көрсетеді [12,3].

Келесі процессуалистердің тобы құқық ретінде, солардың ішінде Э.Ф. Куцова айыпталушының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері болып соттың, прокурордың, тергеушінің, анықтаушының тиісті міндеттері, сондай-ақ қорғаушының құқықтары мен міндеттері; қылмыстық істегі қоғамдық өкілдердің тиісті құқықтары деп қарастырған [13,127-128]. Кепілдіктерді құқық ретінде қарастыру, біздің ойымызша, осы салаға түскен адамдарға еш көмек бере алмайды, өйткені бізге қажеті, осы құқықтардың жүзеге асырылуы.

Б.Х. Төлеубекова «кепілдіктер сақталуы іске қатысушы адамдардың заңмен бекітілген құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін ерекше құқықтық шарттар ретінде жүреді» [14,193] деген;

А.Н. Ахпанов процессуалдық мәжбүрлеу аясында тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерінің жүйесін төмендегі элементтердің жиынтығы ретінде көрсетеді:

а) принциптердің және қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеуді қолданудың жалпы шарттарының нормативтік реттелуі (іс барысында мүдделі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бассыз шектеуден сақтаушы процессуалдық ережелер) мәжбүрлеу аясындағы процестің қатысушыларының құқықтары мен міндеттері (немесе олардың процессуалдық мәртебесі): қылмыстық-процессуалдық заң нормаларында бекітілген процессуалдық мәжбүрлеудің белгілі бір шараларын қолданудың процедурасы (тәртібі);

б) объективизацияны-процессуалдық шешімде соның арқасында дәлелдемемен сондай маңыз берілген, заң қолдануға жатады деп танылған дәлелдер мен түсініктерді көрсетуді талап етуден білінетін процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы шешімді дәлелдеу;

в) өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау, мамандандырылған заң көмегін алу құқығы; шағымдануға құқық, соның ішінде процессуалдық мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық іс ойынша артық күрделі емес және жедел, қол жетерлік нысанда өндірісті жүргізуші адамның шешімдеріне және әрекеттеріне сотқа шағымдану;

г) ведомствалық процессуалдық бақылау жүйесі. Қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеуді қолдануға қатысты алдын ала тергеу және анықтау органдарының қызметін прокурорлық және соттық қадағалау;

д) азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын негізсіз бұзғаны және шектегені, процессуалдық мәжбүрлеу шараларын заңсыз және негізсіз қолданғаны үшін қылмыстық қудалауды жүргізуші органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігінің шаралары (заңсыз ұстағаны, қамағаны және т.б. үшін санкция белгілеуші Қылмыстық кодекстің қылмыстық-құқықтық нормалары; азаматтық-құқықтық; тәртіптік – прокурордың тәртіптік өндіріснің нұсқаулары, соттың жеке қаулылары; қылмыстық-процессуалдық – қылмыстық істерді қайта тергеуге жіберу, процессуалдық мәжбүрлеу шараларымен және т.б. байланысты заңсыз және негізсіз шешімдерді жою немесе өзгерту [15,15].

К.Ж. Капсалямов қылмыстық-процессуалдық кепілдіктер қылмыстық-процессуалдық заң нормаларымен көрсетілген қылмыстық сот өндірісінде адамның құықықтарын күзету, сондай-ақ оның міндеттері мен мақсаттарына тиімді жету амалдарының жүйесі деген анықтамамен [16,3-6] келісіп, процессуалдық кепілдіктер жүйесіне мыналарды жатқызады:

- қылмыстық сот өндірісінің принциптері;

- қылмыстық-процессуалдық нысан және процессуалдық шешімдерді негіздеу;

- норманы қолданудың процессуалдық тәртібі;

- сотқа шағымдану құқығы;

- прокурорлық қадағалау;

- сот бақылауы;

- қылмыстық-процессуалдық қызметті жүзеге асырушы лауазымды адамдардың заңсыз және негізсіз шешімдерімен азаматқа келтірілген зиянның орнын толтыру және ақтау [16,39].

Д.Қ. Канафин өзінің монографиясында «амалдар» терминінің қолданылуы кепілдіктер қатарына қылмыстық-процессуалдық элементтердің дәлелсіз кең тізімін кіргізуге мүмкіндік береді, ең ақырында бұл осы заң категориясының ақиқатты мазмұнын жояды және процессуалдық кепілдіктердің құқықтарды қамтамасыз ету немесе мақсаттарға жету амалдары ретінде дефинициялануы осы амалдардың мәнінің нақтылануын және түсіндірілуін қажет етеді, өйткені бұл кепілдіктердің пайда болуы және оның кепілдеуші әрекеті қалайша жүзеге асырылатыны кейде белгісіз деп көрсеткен. Процессуалдық кепілдіктерді құқықтың нормасы ретінде қарастыру дейді, бірақ ол қарастырып отырған құбылысты толық ашпайды. Құқық нормалары тұлғаның құқықтарының сақталуының нақты материалдық қамтамасыз етілуі емес, тек теориялық кепілдіктері болып табылады деген. Д.Қ. Канафин процессуалдық кепілдіктерді арнайы құқықтық шарттар ретінде қарастыру бұл анықтаманың әртүрлі түсінілуіне әкеп соғады деп тоқталған. Дефиницияда көрсетілген шарттар деп заң талаптарын түсінсек, онда ол процессуалдық кепілдіктерді құқық нормалары ретінде қарастырушы көзқарастармен үндес, ал егер бұл шарттар іс бойынша өндіріс барысында ескерілетін және ең соңында тұлғаның құқықтарын сақтауды қамтамасыз етеін объективті мән-жайлар болып саналса, оның анығырақ түсіндірілуі қажет деп келісуге болады дейді. Сондай-ақ осы автор А.Н. Ахпанов пен К.Ж. Капсалямовтың берген процессуалдық кепілдіктерінің мәні аса кең болуы себепті олардың ақиқатты мазмұны мен әрекетінің принциптерін жеткілікті нақты көрсетпейді деп тоқталған. Атап айтқанда, 1) қылмыстық процестің принциптері мен міндеттері кепілдік ретінде жүрмейді, өйткені олардың маңызы бүкіл қылмыстық процесс үшін жан-жақты және қылмыстық процесті қалыптастырушылардың бәріне қатысты, олардың мәнін анықтайды, бірақ олармен теңдестірілмейді деп көрсеткен. 2) Кепілідктер қатарына процессуалдық нысанды жатқызу күмән тудырмайды, десе де кепілдіктер ретінде процессуалдық тәртіпті және процессуалдық шешімді негіздеуді атау жөнсіз, өйткені процессуалдық нысан аталған тәртіпті қамтиды. 3) Прокурорлық қадағалау мен сот бақылауы тұлғаның құқықтарына қатысты бөліктерін ғана емес, толықтай заңдылықтың қамтамасыз етілу мәселесін шешуші процессуалдық қызметтің жекелеген бағыттары. Осыдан, прокурорлық қадағалау мен сот бақылауының пәні процессуалдық қатынастардың қатысушыларының құқықтарының сақталуына қарағанда кеңірек, олар құқықты кепілдендіру жүйесіне қатысады, бірақ өздері кепілдіктер болып саналмайды. 4) Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянның орнын толтыру мен ақтау бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді мақсат етіп қоятындықтан кепілдіктер ретінде санауға болмайды деп көрсетеді. Осылайша, процессуалдық кепілдіктерді ол құқықтардың фактілі қолданылуын және тиісті міндеттердің атқарылуын қамтамасыз етудің ерекше түрде жүзеге асырылатын әдістері мен тәсілдерінің, құралдары мен амалдарының жиынтығы, құқықтар мен міндеттердің өзі емес деп қарастырған [17,14-23].

Жоғарыдағы анықтамалардан әр ғалым қылмыстық процесс аясына түскен адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің жолдарын іздегенін көреміз.

Қазақстандық қылмыстық процестің негізгі буыны ретінде кепілдіктердің жүйесін, олардың қылмыстық сот өндірісі аясына түскен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуындағы рөлін анықтай отырып, біз құқықтық кепілдіктер деп – құқықтың нормалары мен принциптерінің жүзеге асырылуының негізгі құқықтық құралын айта аламыз. Қылмыстық өндірістің институттарының ерекшеліктеріне байланысты, көрсетілген кепілдіктер өзгеріп және толықтырылып отырылуы мүмкін. Мысалы, ұстау және қамау барысында қосымша кепілдік ретінде осыны жүргізген органдардың ұсталған адамның туыстарына хабарлау міндеті жүреді.

Негізгі кепілдіктер ҚР-ның Конституциясында бекітілген. Осындай құқықтық кепілдіктердің болмауы заңға декларативті сипат береді, жүзеге асырылуы аянышты нәтижелерге әкелуі мүмкін. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін аяққа басушы тоталитарлық режимнің көп жылдары жүзеге асырылуының кепілдігімен бекітілмеген норма - өмірде жүзеге асырылу нақты мүмкіндігі жоқ бос декларация екенін көрсетті және дәлелдеді.

Сонымен қатар, құқықтық реформалардың орамдары да құқық қолданудың практикасы мен құқықтың формалдылығы аса тығыз түрде өзара әрекеттесуі және байланысуы қажет деп дәлелдеген. Жүзеге асырылуының кепілдігімен – тіршілік әрекетінің негізгі себебімен нығайтылғанда ғана, құқық нормалары аяқталған және логикалық дұрыс түрге ие болады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. ҚР-ның Конституциясы. Түсініктеме. Ред. басқарған Ғ. Сапарғалиев.- Аударған С. Бақтыгерейұлы. - Алматы: Жеті Жарғы, 1999. – 424 б.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды // Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 жылғы N 4, 217-құжат
  3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ //  Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №№ 15-І, 15-ІІ, 88-құжат


  4. Шуменова Р.Т. Система процессуальных гарантий и обеспечение принципов в уголовном судопроизводстве. Диссер. на соискание ученой степени кандидата юр. наук. Алматы, 2001. - 186 с.

  5. Кокорев Л.Д., Лукашевич В.З. Процессуальные гарантии прав и законных интересов личности в уголовном судопроизводстве // Вестник ЛГУ. Серия 11. Экономика. Философия. Право. - Вып. 2, 1977. – №11. - С. 109-116.

  6. Петрухин И.Л. Судебные гарантии прав личности. Актуальные вопросы борьбы с преступностью в России и за рубежом. Вып.8. М., 1992. – 94 с.

  7. Строгович М.С. Курс советского уголовного процесса. Том 1: Основные положения науки советского уголовного процесса. М.: Изд-во Наука, 1968. - Т. 1. – 467 с.

  8. Уголовно-процессуальное право Российской Федерации: Учебник / Отв. ред. П.А. Лупинская. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Юристъ, 1999. – 696 с.

  9. Уголовный процесс. Учебник для студентов юридических вузов и факультетов (с источниками нормативных материалов, образцами процессуальных документов, схемами и ...) / Под ред. К.Ф. Гуценко. - М.: Зерцало, 1999. – 586 с.

  10. Ерешев Е.Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: Оқулық. – Алматы: Өлке баспасы, 2006. – 216 б.

  11. Мартынчик Е.Г. Гарантии прав обвиняемого в суде первой инстанции. Кишинев: Штиинца, 1975. – 198 с.

  12. Лукашевич В.З. Гарантии прав обвиняемого в стадиях предварительного расследования и предания суду. Автореф. дисс. канд. юр. наук. Л., 1967. – 19 с.

  13. Куцова Э.Ф. Гарантии прав личности в советском уголовном процессе М.: Юр.лит, 1973. – 151 с.

  14. Төлеубекова Б.Қ Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық. - Алматы: Жеті Жарғы, 2000. - 416 б.

  15. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. Алматы: Жеті-Жарғы, 1997. - 176 с.

  16. Капсалямов К.Ж. Уголовно-процессуальное принуждение: гарантии, принципы, реализация. – Астана: Фолиант, 2001. – 160 с.

  17. Канафин Д.К. Гарантии прав личности в уголовном судопроизводстве. Алматы, 2005. - 120 с.

References

  1. The Constitution of the Republic of Kazakhstan. Comment. Ed. G. headed. Saparğalïev.- translated by S. Baqtıgereyulı. Almaty: Seven of the Charter, 1999. - 424 p.

  2. The Constitution of the Republic of Kazakhstan. Constitution adopted at the national referendum on August 30, 1995 // Bulletin of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, 1996, No. 4, Article 217

  3. Penal Process Code of the Republic of Kazakhstan on July 4, 2014, No. 231-V // Bulletin of the Parliament of the Republic of Kazakhstan, 2014., No. 15-I, 15-II, Article 88

  4. Şwmenova RT System processwalnıx Teaching garantïy and principles of the criminal swdoproïzvodstve. Diss. soïskanïe candidate wçenoy degrees Jurassic. Sciences. Almaty, 2001. - 186 p.

  5. Kokorev LD, Lukashevich VZ Processwalnıe Garantiya truth and zakonnıx interests card in the criminal swdoproïzvodstve // Bulletin of LSU. 11. Economy series. Philosophy. Right. - Issue. 2, 1977. - 11. - S. 109-116.

  6. Petruhin IL Swdebnıe Garantiya true personality. Relevant issues Measures prestwpnostyu in Russia and abroad. Vıp.8. M., 1992. - 94 s.

  7. Strogovïç MS Course soviet wgolovnogo process. Volume 1: Basic provisions of Science Soviet wgolovnogo process. M .: Izd Science, 1968. - T. 1. 467 s.

  8. criminal processwalnoe Law of the Russian Federation: Textbook / Rep. Ed. PA Lwpïnskaya. 3rd ed., Pererab. and the ball. - A .: Yurist, 1999. - 696 p.

  9. Wgolovnıy process. Faculty textbook for students of universities and (c ïstoçnïkamï regulatory materials, obrazcamï processwalnıx documents, sxemamï and ...) / Ed. KF Gwcenko. - M .: Zercalo, 1999. - 586 p.

  10. EE Ereşev Criminal Procedure. General: Textbook. Almaty: Region's Press, 2006. - 216 p.

  11. EG Martynchik Garantiya truth from obvïnyaemogo Judges first ïnstancïï. Chisinau: Ştïïnca, 1975. - 198 p.

  12. Lukashevich VZ Garantiya truth from obvïnyaemogo stadïyax the Preliminary Investigation and predanïya swdw. Abstract. Diss. Associate. Jurassic. Sciences. L., 1967. - 19 s.

  13. KUTSOV EF Garantiya Personal Rights in the Soviet criminal process M .: Yur.lït, 1973. - 151 p.

  14. Toleubekova BK Criminal Procedure Law of the Republic of Kazakhstan. General: Textbook. Almaty: Seven of the Charter, 2000. - 416 p.

  15. AN Axpanov Problems in the criminal-processwalnogo prïnwjdenïya under construction in the Preliminary Investigation. Almaty: Seven-tired, 1997. - 176 p.

  16. Kapsaljamov KJ Criminal-processwalnoe prïnwjdenïe: Garantiya, principles, Realization. - Astana: Foliant, 2001. - 160 p.

  17. DK Kanafin Garantiya Personal Rights in criminal swdoproïzvodstve. Almaty, 2005. - 120 p.

Сведения об авторах

Мухамадиева Гульжан Нусупжановна - к.ю.н.. и.о. доцента кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики КазНУ им. аль-Фараби. Республика Казахстан, г.Алматы, Gucci_1978@mail.ru, тел.87017073105

Баяндина Майнур Окановна - старший преподаватель кафедры уголовного права, уголовного процесса и криминалистики КазНУ им. аль-Фараби. Республика Казахстан, г.Алматы.

Мухамадиева Гүлжан Нүсіпжанқызы – з.ғ.к., әл-Фараби ат.ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доцент м.а. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Gucci_1978@mail.ru, тел.87017073105

Баяндина Майнұр Оқанқызы - әл-Фараби ат.ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет