107
Қазіргі кезде өлкетанулық үйірменің екі түрі дамуда: 1. өлкетану
жадығаттарының барлық
кешенін өз жұмысында қамтитын; 2. пән бойынша
тақырыптық үйірмелер (тарихи-өлкетанулық, әдеби-тарихи т.б.). Өз кезегінде
тарихи-өлкетанулық үйірмелер жұмыстарының мазмұны біршама тар көлемде
болады: этнографиялық, археологиялық т.б.
Тарих мұғалімі үйірмені ұйымдастырады және ондағы ғылыми-әдістемелік
басшылықты атқарады. Кез-келген үйірме жұмысында оның тақырыбын таңдау
мен жоспарын құруға көп көңіл бөлген жөн.
Үйірме жоспары тарихи облысты немесе жергілікті бөлек бір объектіні
терең зерттеуге (мәселен, мектеп, кәсіпорын, село, қаланың тарихы)
немесе
нақты бір тақырыпты зерттеуге (мәселен, «Өлкедегі халыққа білім беру саласы»
т.б.) бағытталады.
Тарихи-өлкетанулық үйірме жұмыстарының тақырыптарын анықтау мына
мәселелерді бақылауға алған соң ғана мүмкін: 1. мектептік бағдарламаның ең
күрделі тақырыбын; 2. бағдарламада көрсетілген сабақ тақырыбы барысында
жалпы ашылатын мәселелерін; 3. бағдарламаға кіретін сабақ тақырыбының
қарастырылмаған мәселелерін; 4. оқу бағдарламасына мүлдем кірмейтін, бірақ
зерттеуді қажет ететін мәселелерін.
Оқитындардың тарихи қоғамы. Тарихи қоғам
мектептегі сабақтан тыс
өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастырудың ең жоғарғы формасы. Қоғамның
жетекшісі, жұмыс жоспары мектептің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.
Қоғам өлкетану және түрлі пәндердің мұғалімдері басшылығымен мектептерде
құрылады және кешенді сипатта болады. Сондықтан қоғамға түрлі көзқарасты
ұстанған оқушылар кіреді. Қоғам көбіне тарихшылар, географтар, геологтар,
әдебиетшілер, музей қызметкерлері, техникалық нұсқаушылар секцияларынан
тұрады.
Жылма-жыл қоғам мүшелерінің жалпы
жиналысында кеңес құрамы
сайланады, оған – қоғам жетекшісі, кеңес төрағасы, не төрайымы, старосталар,
секция хатшылары кіреді.
Қоғам мүшелігіне кіруге деген дайындық көбінесе Ү-ҮІ сыныптардың
оқушыларынан «Достар тобын» құрудан басталады. Мұнда олар қоғам
жұмысымен танысады, жинақталған жадығаттарды өңдеудің тәжірибелік
дағдыларын меңгереді, ал экспедиция барысында бақылаушы болады. «Достар
тобында» болмағандар 2-3 ай сынақтан өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: