Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік


қазынашы — мекеменің, ұйымның ақшасын немесе бағалы заттарын сақтаушы. Жұмабек — қажының қазынашысы



бет25/42
Дата09.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#124208
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42

қазынашымекеменің, ұйымның ақшасын немесе бағалы заттарын сақтаушы. Жұмабек — қажының қазынашысы іспетті адам (Б. Нұржекеев);

қазинелі. Қырық нарға жүк арттырған, Қымқап зерлі кілемді, Жүк үстінен жаптырған. Қазинелі қырық нарға, Жібектен арқан тарттырған («Қыз Жібек»);

қазыналыдәулетті, бай. Еңбек еткен ерлердің қазыналы асыл жері бар (Қ. Қуанышбаев). Түпнұсқамен тең түсетін, ең болмағанда, соған мейлінше жақындайтын құнды аударма жасауға әбден болады, бірақ ол үшін шеберлік пен дарындылықтың үстіне тынбай іздену керек, кең дарқан орыс тілін, мол қазыналы қазақ тілін жетік білу керек (Қ. Сағындықов);

қазыналық 1) байлық, дәулеттілік; 2) мемлекеттік. Көшпелі халықтың пайдасы болмаса керек. Пайдасы болмайтындығы — көшпелі халықтың пайдаланып отырған жері өзінікі болмай, әман қазыналық болып, хисап етіледі, мынау артық деген жер әман қазына пайдасына алына береді (М. Сералин).

خسر (хусрун) құсыр1) жоғалту, айрылу; 2) зиянға қалу; 3) ұтылып қалу; 4) жолды жоғалту; адасу. 5) апат болу. Обал-ай малдың құсырына жолығар болар (Ғ. Мұстафин).

خسيس (хасйсун) қасисарам, жаман ниетті, арамза, оңбаған. Қазаққа өлең жаздым ашық қылып, Қасистердің жүрегін ашыттырып... (Ақмолда);

خصلة (хаслатун) хаслат1) сапа, қасиет, ерекшелік; 2) даналық ереже. Белгілі жәуахмәртлік үш хаслат бірлән болар деген сиддық... (Абай). Үш хаслаттың иелерінің алды — пайғамбарлар, онан соң — әулиелер, онан соң — хакимдер (Абай).

صوص (хусусун) хұсус1) ерекшелік, өзгешелік, жекелік, бөлектік; 2) қатынас, байланыс.

хұсусанбасқаша, ерекше, әсіресе. Моллалар тұра тұрсын, хұсусан бұл заманның ишандарына бек сақ болыңдар. Олар — фитне ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды (Абай). Жастық туралы жазылған ол, хұсусан,— қыздарға жазған... (С. Мұқанов);

құсуси. Бұлардан басқа «құсуси» оқып жүрген ақмолалық үш бала бар (С. Сейфуллин).

خصومة (хуқуматун) құсумәт1) талас, егес, айтыс, ұрыс-керіс; 2) дұшпандық, қастық, жаулық. Мысалы, жоғарыдағы текстегі құсумәт (I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев).

خضر (хидрун) қыдыр (қызыр)1) көк (көзге сүйкімді, жағымды); 2) діни. Ілияс «пайғамбардың» лақап аты. Егесің екеуіңнің бітпей тұрып, Жобалап жөнге келмес іздегенің. «Қырықтың бірі — қыдыр» дегендей-ақ, Сол үшін бір жақсы еді көздегенім (Шәкей сал Дәуіш қызы). Ежелден дегларлымсың тұқымы оңған, Малыңа, басыңа да қыдыр қонған (С. Торайғыров);

Қыдыр-Ілияс. «Уа, Қыдыр-Ілияс, өзің демей гөр қолтығымнан!» деген тапал қара қадам басқан сайын шұңқырға, не апанға құлап кететіндей су кезген аяғын жерден айырмай, ақырын ғана, қыбырлай жылжиды (А Сатаев);

қыдырсызқасиетсіз. Кемітпе қыдырсыз деп Қызылқұмды, Жерің ғой биыл сенің пайда көрген (Дәме қыз);

қыдырлықасиетті. ...Қарағай қапталдағы, жыныш арша, Қыдырлы малдың құтты келесіндей (І. Жансүгіров). Киінген қыз секілді түзін көрдім. Көзі деп қостым жырға жүзімдерін. Қыдырған қыдырлы өңір бауларында, Бақытты коммунизм жүзін көрдім (Ғ. Орманов);

خط (хаттун) хат1) сызық; 2) қатар; 3) хат (жазба, жазу). Еңбекші хаты — ел махаббаты (мақал). Аяғының астында, Тақтай тастың бетінде, Жазылған таста хат жатыр. Хатқа бала қараса, Іші толған тамаша («Алпамыс»). Оқытқан «әліппесін» надан молда, ...Үш жылда хат таныған шала-зорға (С. Торайғыров);

қат. Долгоносов Сүтемгенге аштырып оқытатын да, арыз болсын, я басқаша қат болсын, айырып-айырып лақтырып жіберетін (С. Мұқанов);

хатталухатқа жазылу, есепке алыну. Осының бәрі ертелі-кеш, әйтеуір, қағаз бетіне түсіп, хатталуы керек емес пе, былайғы халыққа жетуі керек емес пе?— деп ойлайды Ә. Нұрпейісов (О. Сәрсенбаев);

хаттаужазып алу, есепке алу. Нөмірлеріңіз қандай? Айтыңдаршы! Айттық. Хаттап жазып алды (Т. Әлімқұлов). Әлгі қызыл көз бәле бәрін хаттап алып кетті ғой,— деді Матай . Кереева);

хаттаусызжазып алынбаған, есепке кірмеген, хатқа түспеген («Қ. Т. О. С.»).

хатшы1) хат жазушы; 2) іс жүргізуші (жеке кісінің, мекеменің); 3) мекеменің, ұйымның басшы қызметінің аты. «Төрем» дегені — Жақсылық дейтін жас бала жігіт. Сайлау болғанда Раушанға хатшы қылып белгілеген, істі де жүргізе біледі (Б. Майлин). Дерсіңдер, «Танымадық, бұл адам кім?» Әрине, айыбы жоқ сұрағанның. Аупартком хатшысымын, інішегім, Сырыңа сырттан қанық бір ағаңмын (М. Әлімбаев);

хатшылықхат жазушылық, кеңсе ісін жүргізушілік. Омар Шипин — 1916 жылғы Аманкелді басқарған ұлт-азаттық көтерілісіне қатынасушылардың бірі, сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақпен жабдықтау ісін басқарушы, көтерілісшілер штабының хатшылық қызметін атқарушы Қ. Ә. Т.»). Бұл сапардың хатшылығына меркіттердің Хара-Хото қаласынан келіп қосылған (Д. Досжанов);

хат-мат хат немесе сол сияқты басқа бір нәрсе арқылы хабар білдіретін қос сөз. Ауылға келгелі Кенжетаймен таныс болған ол бүгін хат-мат бар ма екен деп, Кенжетайға еріп, қалаға келген еді (С. Мұқанов);

тілхат. Жас ана! Көз алдымда күнде менің, Баяғы қыз тұлғаңды бір көргенім, Қырманнан қайтарыңда тілхат үшін, Қиырдан зорға жетіп үлгергенмін (X. Ерғалиев), Шығанақтың долбарына Иван әуел баста қарсы болып, тілхат алған (Ғ. Мұстафин);

тілхатшы1) хатшы; 2) ауыс. Жәрдемші, көмекші. Ұлпан Есенейдің жай тілхатшысы болса, Есеней өзі дәуірлеп тұрған кезінде, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған шағында қайда қалған? (Ж. Ысмағұлов);

қолхат бір нәрсені алғаны үшін қол қойып берген хат, документ. «Шәмілден қыруар қазына жедім», - деген бектің қолхаты бар бізде, — деді Исмаил (Д. Досжанов); Алғандарыңызға қолхат берсеңіз,—деді Сания абыржыған үнмен (Т. Нұртазин);

сенімхатбіреудің атынан басқа біреуге әрекет жасауға право беретін документ. Сенімхат Молдахметовтың атына жазылған (Т. Еркімбаев);

үндеухатхат арқылы үндеу. В.И.Ленин еңбектері және басқа саяси әдебиет, кітапша, үндеухат, плакат түрінде, сондай-ақ «Қазақ дұрыстығы» газеті арқылы Бөкей болысында ғана емес, Қазақстанның басқа да жерлеріне таратылып отырды (Қ. Сағындықов). Өнертабыс (изобретение), қолөнер (ремесло), үндеухат (листовка) сияқты бір топ сөздер лексикаға енбейтін болғандықтан, тар мағынадағы ғылыми-техникалық терминология көлемінде қалады (І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев);

хаттаушыжазып алушы, хатқа түсіруші, есепке алушы («Қ. Т. О. С.»). хаттаулыжазып алынған, есепке алынған, жазулы. Жер үстінде өткен оқиғалар халық жүрегінде хаттаулы (Қ. Мұханбетқалиев);

хат-хабар жазулы хабар. Ою-өрнек ертеректе хат-хабар ретінде де қолданылған екен (С. Сарыбаев). Корреспонденцияны қазақша хат-хабар деп алған жөн (Қ. Сағындықов).

خطاء (хатаун) қате1) терістік, қате жіберу; 2) мүлт кету, жаза басу. Халық айтса, қате айтпайды (мақал). Жасымнан көрдім жетімдік, Жоқ болды ғой, ол кемдік. Өз ісім менің қате екен, Бармақ шайнап, өкіндік («Арқалық батыр»). ...Қалыпқа ешбір адам келтірмейді, Тап, қате деген сүйдеп, айтылған сөз (Шегебай);

қата. Ойласаң бұл бір ғибрат аталарға, Аталар салсын көзін қаталарға (М. Сералин). Көңіліміз қатты сөзден қалатұғын, Ойың жоқ қабатыңа алатұғын. Аузыңнан айып қата сөзің шықса, Әдетің ұстады ғой танатұғын (Керімқұл);

хата. Баланы жас уағында билер әке. Жеткенше он екіге балағаттың. Баланың мұнан кейін еркі өзінде, Сабыр мен жақсы, жаман қанағаттың. Егерда осы сөзді хата десең, Салайық кітабына Ахметтің (Ахмет деп Мұхаметті, оның кітабы деп құранды айтып отыр, ақын Н. О.) (Назым). Арабтың тілін біздің молдамыздың өзі де білмейді. Кейін байқасақ, араб, фарсы сөздерін ол хата оқиды екен (С. Мұқанов);

хате. Қалғанын оқып, түсін жазған хаттан, Шығардым бұл қисаны көңіл шаттан. Бар болса хате жері жетіспеген, Түзеуін біз тілейміз жамағаттан (М. Сералин);

кәте. Рас! Бір кәтесі жоқ! — деді Қалиса (С. Мұқанов). Дәмеміз кәте кетпейтін еді,— деді молла (С. Жүнісов);

қатесізқатесі жоқ. Халық — қатесіз сыншы (мақал). «Мен қыздың бетіне қарап, бар сырын, сол кезде не ойлап тұрғанын айна қатесіз сеземін де қоямын», - деп бір тоқтады (А. Смайлов);

қатасыз. Дүниенің кең қазына жалғанында, Жарасар араздығым алғаныма. Қатасыз, қамтамасыз бенде болмас, Толқынды заманының аңғарында (Нұрила);

хатасыз. Бір жұмыс күллі ғаламға тегіс мәлім, Құмар боп барлық мақұлық салар жанын. Ұстазсыз я білгеннен тағлім алмай, Хатасыз істеп жатыр барлығы оның (Байдырақ).

қателесуқате жіберу, шатасу. Қателескеннен қатені түзетпеген жаман (мақал). Кейде мамандық таңдауда жастар қателеседі... мүмкін, мен де қате түскен болармын (С. Шәймерденов). Ақын өзінің адасқанын айқын түсінді. Шынында, Сұлтанмахмұт өзінің қателескенін мұнан бұрынырақ сезе бастаған еді (Б. Кенжебаев);

қаталасу. Хан қаталасса — халықтың соры (мақал);

қателікжаза басушылық, жаңылушылық, шатасушылық. Қарағым, Володя, алды-артыңды байқа, қателік істеп жүрме,—деді Рахмет (С. Ерубаев). Патшаға сенен биік барам, міне. Алтын боп, «пұл да» болсам, жаннан асып. Уәзір сонда біліп қателігін. Көңіліне қайғы түскен, жаман сасып (Күзен);

хателік. Шындықты, адамның харекеті сияқтыны, саясатты, парасатты, оқиғаларды алдын ала болжау үшін, жаттап алған негізде іс қылуға тура келсе, ондай адам хателіктен, шатасу қаупінен халас бола алмайды (құтыла алмайды), өйткені, адамдардың істері, сол сияқты барлық жағдайлары біріне-бірі ұқсай бермейді деді (А. Машанов).

خطاف (хаттафун) қатап1) ұрлаушы, алып қашушы, ұрлап қашушы; 2) талаушы, тонаушы. Бәрі де мал басының жатақ болды, Ақ үйліге қоян жыл қатап келді. Аяғы ұзын, жүйрік ел арғымақты — Әр тоғайға кісендеп матап берді (Майлықожа).

خطبة (хутбатун) құтпа1) сөз сөйлеу; 2) уағыз, насихат. Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы, Мүнәжәт уәлилердің зар наласы (Абай). Бір жағымнан мынау күйдіріп, бір жағымнан екі куәнің өтірік «разы», «разы» деген сөзіменен, ақсақалдардың алдыма су толтырып қойып, «құтпа оқы!» деп бір теңгені алдыма қойып, сылдырлатып қалласуы, ай, не керек! (С. Торайғыров);

хутба. Азырақ ұйықтап кетіп, көзін ашса, Бір сұлу әйел отыр нақ қасында. Көрген соң бірін-бірі болды ғашық... Ойланды сабыр етіп хәзрет Адам Халал ма, харам ба деп осы нәсіп?... Жабырайыл неках қиып, хутба оқып, Жұптылық болды мирас ошал күні (Байдырақ);

хұтпа. Мешітте мырза Жәдігердің атына құтпа оқуға бұйрық берілді (Айбек). Намаз алдында мен имамға хал-жайыңды айтып, хұтпа соңынан, халықтан жылу жинауын өтінемін (С. Мұқанов).

خطر (хатарун) қатерқауіп, қорқыныш. Қауіп қайдан болса, қатер содан (мақал). Тәкежан теріс боп, Абайдыкі оң боп шықса — қатер көп (М. Әуезов). Сақтап сәби жанды қауіп, қатерден, Сен болғанда мені өмірге әкелген. Мен екенмін, мейірімін молайтып, Тұңғыш рет ана атағын әперген (Ғ. Қайырбеков). Ұлыққа қошаметшіл құл сықылды, Қатерге аяқ баспас, көрмей артын (Абай);

хатер. Хатер жеті күнге дейін, онан өтсе тағы да ұзақ жақсылық (А. Машанов). Өрт ордасы айналасы, Жау қамалы - тап ортасы. Күшін жиған жанталасы, Бару хатер сол ортаға (С. Бегалин);

қатер-қауіп. Басталды қатер-қауіп жарық күнде, Жан қалмай дүркіреді каютада. Қамалап арс-ұрс етіп алып мұздар, Кемені гүрсілдетті үсті-үстіне (I. Жансүгіров);

қатерсізқауіпсіз. — Құртып жібермегеннен де, қатерсіз ету қажет болар.— Деев Саусақовты қостай сөйледі (М. Қаратаев). Ақылсыз, атақ іздеген, Мансапқорлық билеген, Есеп білмес есірік. Мен ғанамын «мен» десе, Одан басқа сөзі жоқ. Қиын жерде өзі жоқ, Қатерсіз жерде ерсініп, Қылышын босқа сермесе (Б. Момышұлы);

қатерліқауіпті, қорқынышты. Бұл не?— деп тағы да айтты Әзім сорлы, Қашқаның не қылғаның мұнша ғұрлы? Шырағым, мұның өзі қатерлі жер, Бір қаскөй, жәдігөй дәудің орны (Абай). Оның әрбір сөзі Хикметке қатерлі, қорқынышты болып көрінеді («Т. С.»). Өзінің еңбегінде Ленин оппортунизмді сау денеге жабысқан қатерлі дерт, мерезге теңейді (Қ. Сағындықов).

خطيب (хатйбун) хатип1) шешен; 2) уағызшы (құтпа оқушы). Хатип арабша — уағызшы, уағыздаушы; бата беруші, мақтаушы (Т. Жанұзақов). Ғалым молла (хатип) атағын алғысы келген адам түрлі «фәндерді», мысалы, астрономияны (ғылмул-әфләк) оқуға міндетті (Ы. Алтынсарин);

хатиб. Әлгі аталған арықтардың иесі — шайх Ислам, Мутауалла, қазы, молда, хатиб (С. Сматаев).

خفى (хафййун) I қапы1) құпия, жасырын сыр; 2) көрінбейтін, көзге түспейтін, байқалмайтын, елеусіз; 3) ауыс. жасырын сырын ашу, ретін табу. Ылдисыз өр болмайды, Қапысын таппайтын ер болмайды (мақал). Әсіресе, бүгінгідей кәдел күндері жау қапысын тауып, бір қимыл жасап қалу да ықтимал еді (Ә. Нұрпейісов). Күйдіргі еді, докторға айтпай, «Құдай сақтар өзі» деп, қапы кетті (С. Торайғыров);

қапи. Ишарат — сапи, Білгенге — напи, Білмегенге — қапи (Таубайдың Жүсібі);

II қапы ауыс. өкініш, арман, бейқамдық. Бұл күйге нағып түсті қалай оңай, Аңдаусыз қапы қалды абайламай (И. Байзақов). Ақтоқты шашың жібек, жүзің айдай, Адамзат сипатыңа таңғалғандай! Әлемнен таңдап алған жан сәулемсің, Тілекті жеткізейін қапы қалмай (Ақан сері);

қапыдаелеусіз, арманда, өкініште. Қапыда өткен дүние-ай, Аяғына айдай таға қақтырып, Еділдің күзгі қатқан көкше мұзындай, Шауып кетсем таялмас («Ер Тарғын»). Жаманнан бойың тартып ерте сақтан, Қапыда өтпес пышақ қол кеседі (Ақан сері);

қапысызқұпиясыз, жасырын сырсыз. Ең бастысы, бұл салада еңбектеніп жүргендеріміздің көбі адамсыз ақиқат жоғын, ақиқат адамға, адам ақиқатқа қызмет етуі керек екеніне қапысыз қанығыпты (Т. Әлімқұлов). С.Көбеев Крылов мысалдарындағы адамгершілік сарындардың мораль философиясының сол кездегі болған қазақ қауымына қапысыз жетуін, әбден түсінікті болуын көздеген («Қ. Ә. Т. )

қапылыққұпиялық, елеусіздік, байқаусыздық. Қапылық істеген болсам, ақылды кісілер қатемді нұқып, мені аяусыз түйрей берсін (А. Бек).

құпияжасырын сыр. Күннен нұр, айдан раушан, сәулетайым, Сен гауһар жанып тұрған мәңгі жарық. Жазған хат, құпия сөз жауап сізден, Күтемін лебізіңді құмарланып (Ақан сері). Қара көз қарап маған, көп қадалған, Құпия қайғы өртеніп, бойын алған (Абай);

қапияда1) құпияда, қапыда, бейқамдықта, байқаусызда; 2) ауыс. қапелімде, табанда, лезде. Қаша алмай қапияда қалғандығы, Сол үшін ол байғұстың жанғандығы (С. Торайғыров). Күмістей он саусағың тартқан сымға, Құрайын тұзағымды тартып жымға. Құрысын Ақан атым жете алмасам, Қор қылсам қапияда сені сұмға (Ақан сері);

құпиясызқұпия емес. Мұның бәрін қалай құпия сақтасын, Миы жеткен ойлап көріп бақыласын. Мына дүние ашып қана тастайды-ау, Көзі барға құпиясыз сахнасын . Салықов);

құпиялаужасыру, сыр айтпау. Сегіз би съезіне салдырмай-ақ, Кел, екеуіміз бітейік құпиялап (Біржан). Ойы жоқ болар деген шабыншылық, Елі жиі отыратын қалыңшылық. Бір түнде ауа көшіп кетеміз деп, Еткен ел құпиялап дайыншылық (Н. Ахметбеков);

құпиялыжасырын. Оған ғана емес, құстар дүниесі, олардың өмірі, әсіресе, ұзақ-ұзақ сапарлы жолдары Қамбарбек жанының құпиялы ғашығы, ынтызары еді (С. Бақбергенов).

خلاص (халасун) халас1) құтқару, босату; 2) төлеу; 3) ауыс. қалас болу, таза болу (бәледен); 4) аяқталған, біткен (кейбір тілдерде бұл сөзді осы мағынада қолданады). Сол себепті сізді, ұлы дәрежелі генерал мырза, ел сүйген ақылшы кәрие сұлтан Бақытжан Қаратаевты кіріптарлықтан халас етеді деп сенеміз (X. Есенжанов). Болмаққа тақсыр халас сынамақтан (Қаңлы Жүсіп);

қалас. Нағашың Ермұхамед бин Көлдейбек, Мейлің сен, кәдімгідей біздің ықылас. Милаға мың тоғыз жүз сегізінші, Февральда жиырма жетінші еттім қалас (Ерімбет). Мұнымды ырия деме Манат ақын, Харамға қалас кісі жүрмес жақын. Тілеймін қалал жолмен алмағымды, Қоштаса, көңілің бізді, көріп мақұл (Молда Мұса );

халес. Тапсырайын аманат, Жақыпқа сәлем айт, - деді... Қолымда жоқ бұ күнде, Беретін сәлем хат, - деді, Халес болсам зынданнан, Болсын көңілім шат, - деді («Ғашық-наме»).

خلاف (хилафун) хилаф1) қайшылық; 2) талас, шатақ; 3) келіспеушілік. Жарамас жүректегі жараны ашу, һәм хилаф ғұрпымызға араласу. Мұсылман некесіне кір келтірген, Муафиқ мыналарды дарға асу... (Қ. Тоғұзақов). Шариғат хилаф қылайын, низамға итағат қылайын... Ойла олса әмірі хан бұ мунафиқның. Өз елінде болғаны да?— деді ызалы Жәңгір (I. Жансүгіров);

қилап. «Бұл сөзің қалай?» - десеңіз, Әуелінде бар болып, Ақырында жоқ болмақ — Шариғатқа қилап заң (Шәңгерей). Патшаға қилап істен дін түңілер,— деді Ыдырыс (Қ. Бекхожин);

қылап. Қылапы, қисығы жоқ... (Шәңгерей). Қабыш отыр мұрт сипап, Сөзге тағы тым қылап,— деді домбырашы бала (Ғ. Мұстафин).

хилап. Қысқасы, шариғатымызға, низамиға, бұрынғының «теңі келсе тегін бер» деген сөзіне хилап болған ғұрып-әдеттерімізді қою парыз, қоймау харам болса керек (Мақыш). Қазір ислам дінінің қанауына хилап іс істеген адамдар көбейе бастады,— деді қазірет Қуанай (X. Есенжанов);

қылапсыз. Меңдігерейдің жатқан жері қылапсыз таза, тамағын тоқ етіп ұстауды тапсырған... Еркінен айырған кіріптар тұтқынға білгенін істеу заң-законға қылапсыз қызмет етемін деуші юристерге лайқат іс болды (X. Есенжанов).

خلافة (хилафатун) халифат1) орын басу; 2) орнын басушылық; 3) тарих. Мұхамметтен кейінгі араб басқыншыларының халифалар басқарған мемлекеттер аты; 4) халифалардың діни және саяси билігі (халифалар басқарған дәуір); 5) халифалар дәрежесі. Аббас халифат тұсында Отырардың аты Фараб болды (А. Машанов). Халифат мәдениетінің түрлі саласына қысқаша шолулар беріп отырған (Ш. Есенов);

қылапат. Мысырдан шықты бір қыз таңғажайып, Деп болмас «Зылиқадан сәл кемірек». Үстінен еркек шыбын өткен емес, һәм ерсіз жатқан емес бір күн мұнда-ақ. Әлі қыз қырық баласы қылапатта, Шеше алмай көп адамның ақылы — дақ (Шегебай);

халипат. Түрік халипаты да талай заман Самарқанды билеген (Ж. Арыстанов);

халифаттық. Соңғы жылдарда Түркияда діни фанатизм күшейе бастады... халифаттықты қайта құруды талап етті (X. Ақназаров). Египеттің халифаттық гвардиясы он үшінші ғасырда дені Қыпшақ жігіттерінен жиналған (I. Есенберлин);

خلاق (халлақун) халлақжаратушы (діни. құдай). Бұл жолда риясыз, жеңілдіксіз бірқатар тұрып ізденген ғана кісі істің кәмәлатына жетпек. Бұл заманда надир, бұған ғылымның да зоры, сиддық, қайраттың да зоры, махаббаттың халлақна да, уа халық ғаламға да бек зоры батылмақ керек (Абай). Ықсан дәлдә, құрбым, сақтағушы, Тиіссіз ашпа бабын бір шатақдың! Жазушы Молда Жүсіп қолыңды қой, Сүйеніп пазылына шаһы халлақтың (Қаңлы Жүсіп);

خلائق (халаиқу) халайық1) жәндік; 2) жаратылған; 3) табиғат. (Қазақша және кейбір Шығыс елдерінде халайықты халық, көпшілік, жұрт ұғымында пайдаланады Н. О.). Әр түрлі хикая мен дастан жазып, Болмай ма, қатарыңды жалпы жеңсең?! Атыңды халайыққа мәшһүр етіп... (Шораяқтың Омары). Кішкене даруасыз тар есіктен Кіргізіп, шығарады жұрттың бәрін. Бұл шәһәр қай жерде тұр, аты қалай, Түсіндір халайыққа білсең, жаным? (Байдырақ). Қазақтың батыр ұлдары, Жан үшін жан алған! Сендерге болып тұр, әне, Халайық көзі ғаламнан (Жамбыл);

қалайық. Ағатай тілің артық шешен екен, Көңілің жүйрік сөзге көсем екен. Сыр берме, болмашыға қалайыққа, Деп кетер ел қыдырған есер екен әме қыз). Тыңдаушы, сәлемімді ал, көп қалайық, Жыр төксем арманым не көпке лайық (Төлеген).

خلعة (хил‘атун) қылғаттарих. сыйға тартқан киім (өз үстіндегі), тон, шапан, награда. Бұрынғы заманда қылғатқа, шапанға арнап, елін сатқандар болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет