ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Жаратылыстану және география
институтының директоры
____________________Х.Н.Жанбеков
«_____» _____________2015 ж.
|
«6D060600 – ХИМИЯ» мамандығы бойынша докторантураға
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Құрастырушылар: х.ғ.д., профессор Бектуров Е.А.
п.ғ.д., профессор Ахметов Н.К.
х.ғ.д., профессор Мейірова Г.
Химия кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Н.К.Ахметов
|
ЖГИ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
|
___________
|
Ж.С.Муқатаева
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жаратылыстану және география институтының кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» __________2015 ж.
Физикалық химияның заманауи мәселелері
Статистикалық термодинамика элементтері. Термодинамиканың екінші заңының статистикалық сипаты. Қайтымды және қайтымсыз процестердегі энтропия өзгерісі. Статистикалық термодинамиканың негізгі түсініктері: фазалық кеңістік, термодинамикалық ықтималдық. Лиувиль теоремасы, эргоидты гипотеза. Больцман статистикасы. Энтропия мен термодинамикалық ықтималдылық арасындағы байланыс. Негізгі теормодинамикалық функциялар үшін статистикалық термодинамика мен статистикалық айтылулардың негізгі постулаттары.
Идеал газдардың термодинамикалық функциясын есептеу. Статистикалық термодинамика әдісімен тепе-теңдік константасын есептеу. Химиялық тепе-теңдіктің күйін сипаттайтын теңдеулер, сипаттаушы функциялар, термодинамикалық потенциалдар.
Термодинамикалық функциялы күй бойынша жалпы санының байланысы. Қозғалыстың әр түрлі формадағы күйі бойынша жалпы сандары: үдемелі, электронды, айналмалы, тербелмелі. Тербелмелі қозғалыспен шартталған ішкі энергияны құраушы жылу сыйымдылық пен энтропия.
Электролит ерітінділердің түзілу механизміне қазіргі көзқарас. Химиялық әрекеттесу электролит ерітінділердің тұрақтылығының негізгі шарты ретінде. Ерітіндідегі ион түзілудің стандартты энтальпиясы. Ерітіндіде ион түзілу кезіндегі стандартты Гиббс энергиясы. Ерітіндіде ион түзілу кезіндегі стандартты энтропия.
Иондардың сольваттануы (гидратация). Сольватация энергиясын есептеуге арналған Борн моделі және Борн-Габер термодинамикалық циклі. Иондық сольваттану термодинамикасы. Сольваттанудың жылулық эффектісі. Сольваттану энергиясын есептеп шығаруға арналған Борн-Бьеррум теңдеуі. Сольваттанудық шынайы химиялық энергиясы. Иондардың сольваттану (гидратация) жылуының иондық радиуске, зарядқа, химиялық табиғатына тәуелділігі.
Электролит ерітінділердің жылулық эффектісі. Кристалдық тор энергиясын және иондардың гидраттану энергиясын есептеуге арналған Борнның, Габердің, Капустинскийдің моделі. Дебай-Хюккель теориясының заманауи дамуы. Иондардың сольваттануының активтілік коэффициентіне әсері. Химиялық реакция жылдамдығына ерітіндінің иондық күшінің әсері. Электролиттердің орташа иондық активтілік коэффициенті және олардың мәндеріне әртүрлі факторлардың әсер етуі. Иондық атмосферамен ионның әрекеттесу энергиясы, иондық атмосфера радиусы. Электролит ерітінділердегі иондық ассоциация. Электролит ертітініделердегі комплекс түзілу және қышқылды-негіздік әрекеттесу процестеріндегі тепе-теңдік. Әлсіз электролит ерітінділер үшін Дебай-Хюккель теориясын қолдану.
Әрекеттесуші массалар заңы теңдеуі негізінде тепе-теңдікті шешу әдісі. Гесс заңы негізіндегі күй функциясын есептеу әдісі. Полиэлектролиттер. Полиэлектролиттер үшін күшті электролиттер теориясын қолдану.
Емтихан сұрақтары.
-
Статистикалық термодинамиканың негізгі түсініктері: фазалық кеңістік, термодинамикалық ықтималдық.
-
Термодинамиканың екінші заңының статистикалық сипаты.
-
Қайтымды және қайтымсыз процестердегі энтропия өзгерісі. Больцман статистикасы.
-
Негізгі теормодинамикалық функциялар үшін статистикалық термодинамика мен статистикалық айтылулардың негізгі постулаттары.
-
Больцман статистикасы. Термодинамикалық ықтималдылық пен энтропия арасындағы байланыс.
-
Химиялық тепе-теңдіктің күйін сипаттайтын теңдеулер, сипаттаушы функциялар, термодинамикалық потенциалдар.
-
Қозғалыстың әр түрлі формадағы күйі бойынша жалпы сандары: үдемелі, электронды, айналмалы, тербелмелі.
-
Тербелмелі қозғалыспен шартталған ішкі энергияны құраушы жылу сыйымдылық пен энтропия.
-
Электролит ерітінділердің түзілу механизміне қазіргі көзқарас.
-
Ерітіндідегі ион түзілудің стандартты энтальпиясы. Ерітіндіде ион түзілу кезіндегі стандартты Гиббс энергиясы.
-
Ерітіндіде ион түзілу кезіндегі стандартты энтропия.
-
Иондардың сольваттануы (гидратация). Борн моделі.
-
Сольватация энергиясын есептеуге арналған Борн-Габер термодинамикалық циклі.
-
Сольваттанудың жылулық эффектісі. Сольваттану энергиясын есептеп шығаруға арналған Борн-Бьеррум теңдеуі.
-
Электролит ерітінділердің термохимиялық эффектісі.
-
Кристалдық тор энергиясын және иондардың гидраттану энергиясын есептеуге арналған Борнның, Габердің, Капустинскийдің моделі.
-
Дебай-Хюккель теориясының заманауи дамуы.
-
Иондардың сольваттануының активтілік коэффициентіне әсері.
-
Химиялық реакция жылдамдығына ерітіндінің иондық күшінің әсері.
-
Электролиттердің орташа иондық активтілік коэффициенті және олардың мәндеріне әртүрлі факторлардың әсер етуі.
-
Иондық атмосферамен ионның әрекеттесу энергиясы, иондық атмосфера радиусы.
-
Электролит ерітінділердегі иондық ассоциация. Электролит ертітініделердегі комплекс түзілу және қышқылды-негіздік әрекеттесу процестеріндегі тепе-теңдік.
-
Әрекеттесуші массалар заңы теңдеуі негізінде тепе-теңдікті шешу әдісі.
-
Гесс заңы негізіндегі күй функциясын есептеу әдісі.
-
Полиэлектролиттер. Полиэлектролиттер үшін күшті электролиттер теориясын қолдану.
Негізгі әдебиеттер:
-
Физическая химия: Учебник для химических специальностей вузов (под ред. Стромберга А.Г., Семченко Д.П.) М.: Высшая школа, 1999 г
-
Физическая химия. В 2 книгах. (Учебник) Под ред. Краснова К.С. М.: Высшая школа, 2001 г.
-
Краткий курс физической химии. Учебное пособие. Бокштейн К., Л.: Химия, 2002
Қосымшаәдебиеттер:
1.Физическая химия. Под ред. Никольского Б.П. Л.: Химия.-1987.-880 с.
2.Физическая химия. Даниельс Ф., Олберти Р. М.: Мир. -1987.-645 с.
3.Практические работы по физической химии: Учебное пособие для ВУЗов, 2002 (под ред. Мищенко К.П., Равдель А.А., Пономарева А.М.)
4.Физическая и коллоидная химия. Гриф МО РФ, 2006г. Белик В.В., Киенская К.И.
Органикалық химияның заманауи проблемалары
Органикалық қосылыстардың реакция түзгіштігі және құрылымы. Органикалық синтез әдісі және шекті, шексіз, сондай-ақ ароматтық, гетероциклді және элементорганикалық қатардағы полифункционалдық қосылыстарды қолдану. Регио- және стерое-селективтіліктің қолданылу практикасы. Хиралды орталықты алу және тасымалдау. Конформациялық анализде заманауи физикалық әдістердің қолданылуы.
Гетеролиттік және гомолиттік реакциялардағы нуклеофильді, электрофильді және радикалды сипатты басқарудың нәтижелі амалдары.Олардың тұрақтылығын анықтайтын органикалық иондар және факторлар. Функционалық топтарды регенерациялау және қорғау. Макроциклдерді және краун-эфирлерді алу әдісі ретіндегі фазааралық катализ. Гетеросинтетикалық анализ. Синтондар – донор және акцепторлар. Синтетикалық эквиваленттер. Қайта топтастыруды қолдану, сондай-ақ полифункционалдық және полициклді молекулалар құрылу кезіндегі изомерлік және таутомерлік құбылысы. Электроциклді реакциялар және циклоқосылыстар реакциясы. Катетендер, фуллерендер және наноқұрылымдар.
Химия дамуының этаптары және металлдық комплекстерді, элементорганикалық қосылыстарды практикалық қолдану. Олардың каталитикалық активтілігі. Перспектива және практикалық қолдану аймағы. Органикалық қосылыстардың комбинаторлық химиясы. Беттік қабаттағы кейбір органикалық қосылыстардың иммобилизациясымен бағытталған синтез. Молекулалардың химиялық, биологиялық белсенділіктерін және электрохимиялық қасиеттерін компьютерлік болжау. Азот-, күкірт- және оттегі құрамдас циклдер қатарында биологиялық белсенділіктің құрылысына тәуелділігінің кейбір заңдылықтары.
Емтихан сұрақтары
-
Ассиметриялық синтезді жүргізу.
-
Заттың реакциялық қабілетіне әсер етуші факторлар.
-
Көпсатылы үрдістер сызбанұсқасын құру ережелері.
-
Хиралды орталығы бар заттарды алу жолдары.
-
Биологиялық белсенді заттардың молекулалық дизайны.
-
Электрофильдік механизммен жүретін реакцияларды басқару.
-
Питцер кернеуінің реакциялық жүру бағытына әсері.
-
Оптикалық белсенді заттарды алу жолдары.
-
Ароматты қатардығы қосылыстардың өзара айналулары.
-
Молекуланың энергиясын өзгертетін факторлар
-
Органикалық молекуланың стереохимиясының реакция бағытына әсері.
-
Функционалдық топтың реакциялық қабілеттілігіне әсер етуші факторлары.
-
Ароматты қосылыстардың өзара айналуларын бағдарлау ережелері.
-
Электрондық эффект және олардың молекулаларының реакциялық қабілетіне әсері.
-
Нуклеофильді орын алмасу реакцияларына әсер ететін факторлар.
-
Краун қосылыстардың ерекшелігі, классификациясы.
-
Электроциклдік реакциялар және оларды анықтайтын факторлар.
-
Органикалық иондардың тұрақтылығына әсер етуші факторлар.
-
Еріткіш табиғатының реакция бағытына әсері.
-
Органикалық қосылыстардың реакцияға қабілеті және құрылысы.
-
Макроциклдердің алыну жолдары, түрлері және қолдану аймағы.
-
Элементорганикалық қосылыстардың түрлері, алынуы мен қолданылуы.
-
Биологиялық белсенді заттарды бағытты синтездеу жолдары.
-
Дильс-Альдер реакциясы және оны стереохимиялық басқаруда қолданылуы.
-
Гомогендік және гетерогендік әрекеттесу бағытын анықтайтын факторлар.
-
Органикалық қосылыстардың компьютерлік, молекулалық дизайны.
-
Функционалды топтарды қорғау және қалпына келтіру.
-
Элементорганикалық қосылыстардың және металлокомплекстердің каталитикалық белсенділігі.
-
Молекула геометриясының өзгерісі мен қасиеті арасындағы байланыс.
-
Электрофилдік реакциясын басқару.
Негізгі әдебиеттер:
-
Реутов О.В., Курц А.Л., Бутин К.П. Органикалық химия. М.ЛЗ.-2004. 4 кітап түрінде.
-
Илиеэл Э., Вайден С., Дойл М. Основы органической стереохимии. М. ЛЗ.-2007. 703 с.
-
Ли Дж.Дж. Именные реакции. Механизмы органических реакций. М.ЛЗ.-2006. 456 с.
-
Травень В.Ф. Органическая химия. М.-2004. Т. 1,2.
-
Аграномов А.Е. Избранные главы органической химии. М. 1990. 270 c.
-
Петров А.А., БальянХ.В., Трощенко А.Т. Органикалық химия. Алматы. 1991. 437 с.
-
Терней А. Современная органическая химия. I, II T. М. 1981. 370 c.
-
Матье Ж., Панико Р. Курс теоретических основ органической химии. М. 1975.556 .
-
Рэмсден Э.Н. Начало современной химии. Л. Х. 1989. 784 с.
Қосымша әдебиеттер:
-
Смит В., Бочков А., Кейпл Р. Органический синтез. М.Мир.-2001. 570с.
-
Шабаров Ю.С. Органическая химия. М. Химия.-2000. Т 1,2.
-
Илиэль Э. Основы стереохимии. М.ЛЗ.-2005. 290 б.
-
Научные журналы: РФ «Журнал органической химии», «Химия гетероциклических соединений» и др., РК «Химический журнал Казахстана», «Вестник КазНУ» серия химическая, «Вестник КазНПУ» серия естественно-географическая и др.
-
Kurti L., Czako B. Strtegic Applications jf Named Reactions in Organic Synthesis. Background and Detailed Mechanisms.-Amsterdam – Boston – London-New York-Oxford-Paris-Sydney-Tokyo.-2005. 758p.
-
Татевский В.М. Строение молекул. М. 1977. 511 с.
-
Абланова Е.Х. Химиялық байланыс және зат құрылысы. Алматы. 2000. 290 б.
-
Артеменко А.И. Органическая химия. М. ВШ. 1987. 312 с.
-
Лабораторные работы по органической химии, под редакцией Гинзбурга О.Ф. М. ВШ. 1982. 275 c.
Аналитикалық химияның тандамалы тараулары
Жай және қосарланған химиялық реакциялардың тепе-теңдік термодинамикасы. Тұндыру кезіндегі стандартты Гиббс энергиясымен ерігіштік көбейтіндісінің өзгеруі. Заттардың стандартты термодинамикалық қасиеттері мен химиялық қатыстылығы. Бренстед – Лоуридің қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясы. Бренстед теңдеуінің талдауы: ерітінді құрамының компоненттерге тәуелді қышқылдардың күшін анықтайтын бірінші, екінші, үшіншілік салдары.
Гомогенді тепе-теңдік. Белсенділік пен белсенділік коэффициенті. Ерітіндінің иондық күші. Комплекстүзу реакциялары. Негізгі сипаттамалары. Координациялық қосылыстар ерітіңдісіндегі тепе-теңдік. Комплексті қосылыстардың тұрақтылығы. Комплекстүзгіш реакциялар. Негізгі сипаттамалары. Координациялық қосылыстар ерітінділеріндегі тепе-теңдік. Ерітіндідегі комплекстүзу кезіндегі реакция жылдамдығы. Комплексометрлік титрлеу кезіндегі титрлеу қисығы.
Ванадометрлік әдіс. Иодометрлік әдіс. Хроматометрлік әдіс. Перманганатометрлік әдіс. Меркуриметрлік әдіс. Тотығу және тотықсыздану реакцияларының енуіне әсер етуші факторлар. Тотығу және тотықсыздану реакцияларының жылдамдығы мен механизмі.
Қышқылдық негіздік анализді талдаудың бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ. Комплекстүзуші үрдістердің бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ.
Буферлік ерітінділер. Буферлік сыйымдылығы. Қышқыл-негіздік титрлеу әдістерін практикада қолдану. Комплексометриялық титрлеу әдісін практикада қолдануы. Тотығу-тотықсыздану анализдерін практикада қолдануы. Гомогенді тепе-теңдік. Ерітінділердің иондық күші. Координациялық қосылыстардың ерітіңділеріндегі тепе-теңдік. Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі.
Емтихан сұрақтары
-
Аналитикалық химияның дамуының негізгі кезеңдері мен мәні.
-
Аналитикалық химияның әдістері.
-
Титрлік талдаудың мәні
-
Титрметрлік талдаудағы есептеулер. Титрлеу қисықтары
-
Комплекстүзу реакциялары.
-
Комплексометрлік титрлеудегі титрлеу қисықтары.
-
Тотығу-тотықсыздану әдістерін талдаудың теориялық негіздері.
-
Ванадометрлік әдіс
-
Иодометрлік әдіс
-
Хроматометрлік әдіс
-
Перманганатометрлік әдіс
-
Меркуриметрлік әдіс
-
Тотығу және тотықсыздану реакцияларының енуіне әсер етуші факторлар.
-
Тотығу және тотықсыздану реакцияларының жылдамдығы мен механизмі
-
Қышқылдық негіздік анализді талдаудың бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ.
-
Комплекстүзуші үрдістердің бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ.
-
Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің бағыты мен шарттарын анықтау мақсатындағы графикалық анализ.
-
Буферлік ерітінділер. Буферлік сыйымдылығы.
-
Қышқыл-негіздік титрлеу әдістерін практикада қолдану.
-
Комплексометриялық титрлеу әдісін практикада қолдануы.
-
Тотығу-тотықсыздану анализдерін практикада қолдануы.
-
Гомогенді тепе-теңдік.
-
Ерітінділердің иондық күші.
-
Координациялық қосылыстардың ерітіңділеріндегі тепе-теңдік
-
Нашар еритін қосылыстардың ерігіштігі.
Негізгі әдебиеттер:
-
Основы аналитической химии. В 2 кн.: Кн. 1. Общие вопросы. Методы разделения: Учеб. для вузов./ Ю.А.Золотов, Е.Н.Дорохова, В.И.Фадеева и др. Под ред. Ю.А. Золотова.- М.: Высшая школа, 2002, 357 с.
-
Основы аналитической химии. В 2 кн.: Кн.2. Методы химического анализа: Учеб. для вузов./ Ю.А.Золотов, Е.Н.Дорохова, В.И.Фадеева и др. Под ред. Ю.А. Золотова.- М.: Высшая школа, 2002, 494 с.
-
Васильев В.П. Аналитическая химия. В 2 кн.: Кн. 2: Физико-химические методы анализа: Учеб. пособие для студ. вузов.- М.: Дрофа, 2005, 384 с.
-
Соколовский А.Е., Радион Е.В. Физико-химические методы анализа. – Минск: Белорусский гос.университет, 2007, 124 с.
-
Баев А.К., Свирко Л.К., Копылович М.Н. Физико-химические методы анализа. : Учеб. пособие для студ. вузов.- Минск.: Минский гос.экономич.ун-т, 2005, 66 с.
-
Лебедева М.И. Лабораторный практикум по физико-химическим методам анализа /М.И.Лебедева, Б.И.Исаева и др. Тамбов: Изд. Тамб. Гос.ун-та, 2002, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
-
Васильев В.П. и др. Аналитическая химия. Сборник вопросов и задач. М.: Дрофа, 2004. – 318 с.
-
Золотов Ю.А., Иванов В.М., Амелин В.Г. Химические тест-методы анализа – М.: Едиториал УРСС, 2002.- 304 с.
-
Васильев В.П. Аналитическая химия. Сборник вопросов, упражнений и задач: пособие для вузов / В.П.Васильев, Л.А.Кочергина, Т.Д.Орлова; Под ред. В.П.Васильева.- 2-е изд., перераб. И доп.- М.: Дрофа, 2003. – 320 с.
-
Попечителев Е.П., Старцева О.Н. Аналитические исследования в медицине, биологии и экологии.- М.: высшая школа, 2003.- 279 с.
-
Сидоренко В.М. Молекулярная спектроскопия биологических сред.- М.: высшая школа, 2004.- 191 с.
Достарыңызбен бөлісу: |