Н., Нұрғазезова А. Н. Былғары және мех технологиясы



бет7/10
Дата03.07.2016
өлшемі0.96 Mb.
#173803
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ашытқымен өңдеу


Ашыту деп - мех жартылай фабрикатын, нан ашытқыларымен өңдеуді айтады. Бұның ерекше әсер қалдыру себебі, тері өте жұмсақ және тері тінінің иілімдігінде. Бірақта кері жақтары да бар: үлкен уақыт қажеттілігі, ашытқымен жүнді жабынның кірлеуі, қолданатын заттардың қымбаттылығы. Сол себепті, қазіргі таңда бұл тәсілді жоғары сортты қаракөл және бұлғын терілерін өңдегенде ғана пайдаланады.

Ашыту үшін құрамында крахмал, ақуызды заттар, қант, протеолитті және диастатты ферменттері бар ірі тартылған сұлы немесе арпа жармасын пайдаланады. Ашытудан өткен былғары тіні жұмсарып, соның әсерінен жоғары созымдылық қасиетке ие болады.

Ашыту дегеніміз не? Мех өңдеу әдісіне ащы болтушканы пайдалану арқылы жүреді. Болтушканы суға ұн мен ас тұзын қосып жасайды. Сұлыдан жасалған болтушка температурасы 35-39°С кезінде сүт қышқылы ашу басталады. Ашу үрдісі былай жүргізіледі: ұн крахмалы фермент әсерінен қантқа айналады да, сүт қышқылы бактериялар әсерінен органикалық қышқыл түзіледі. Қышқыл қосылған сайын шектелген қышқылдыққа жеткенше қышқылдана береді, осыдан соң бактериялар жойылады, қышқылданған ашытқыға ас түзын қосу нәтижесінде теріге күкірт қышқылы сияқты әсер ететін пикель алынады. Ашытудағы ферменттің әсерінен өзеңнің талшықты құрамы борпылдақтанады, ал оған органикалық қышқыл ашытқысын қосып, жұмсартылған, борпылдақ, созылмалы өзең алады.

Мехтік терілерді ашыту кезінде үрдістің басталуынан 2 сағат өткеннен кейін тұздың мөлшерін тексереді және қажетті болғанда оны бастапқы концентрацияға дейін күшейтеді. Ашыту үрдісінде, 1-2 рет ерітіндінің қышқылдығының өсуін бақылайды. Ашытудың соңында оның қышқылдығы сірке қышқылына санап есептегенде 10 г/л төмен болмауы керек. Қышқылдық жеткіліксіз болса терінің толық пикельденуі және микрофлораның өсіп - өнуінің ауытқуы пайда болуы мүмкін. Қышқылдықтың төмендеуі төмен сапалы ұнды пайдалану және температура режимінің тұрақты болмауының, салдарынан пайда болуы мүмкін. Ашытқы ерітіндісіндегі, ұнның тұнғаннан кейін, натрий хлоридінің мөлшерін, қышқылдықтың жалпы мөлшерін, ұшын кететін және ұшпайтын қышқыл мөлшерін, рН, анықтайды. Сонымен қатар ашыту үрдісінде ерітіндідегі натрий хлоридінің және қышқылдардың мөлшерін керекті мәніне келтіріп түзетеді. Мөлшерін керекті мәніне келтіріп түзетеді.

Қышқылдың жалпы мөлшерін анықтау үшін (сірке қышқылына есептегенде) 10 см3 сүзілген ашытқыны конус формалы шыны ыдысқа салады да фенолфталейннің қатысуыменен әлсіз қызғылт түске дейін 0,1 н сілті ерітіндісімен титрлейді. Қышқылдың жалпы мөлшерін сірке қышқылы бойынша есептегенде мына формуламен шығарады:

бұл жерде а - титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітіндісінің мөлшері, см3; К - сілті ерітіндісінің титріне түзетпе; 0,006 - 1 см3 0,1 н сілті ерітіндісіне сәйкес, сірке қышқылының мөлшері, г.

Ферментті әлсіз қышқыл ортада пайдаланады. Сондықтан ашытқыға шамамен 2-2,5 г/л алғашындағы қышқылдықты араластырады, 1-ші сірке қышқылын, сосын қышқылдығьн жоғарылата береді. Ашықыдағы теріні жылы қоймаларда ұстайды, ал 4-5 күннен соң қышқылдығы 10-12 г/л -ге жетеді.

Ұшпайтын қышқыл мөлшерін анықтау кезінде 10 см3 сүзілген ашытқы ерітіндісін конус формалы шыны ыдысқа салып, 400 мл тазартылған су қосады да ашық ыдыста бастапқы көлемге келгенше қайнатады. Содан соң ерітіндіні суытады және фенолфталейннің қатысуымен әлсіз қызғылт түске бояғанға дейін 0,1 н сілті ерітіндісімен титрлейді. Ұшпайтын қышқылдардың мөлшерін жалпы қышқылдардың мөлшерін есептегендей есептейді.

Ұшпа қышқылдардың мөлшерін, қышқылдардың жалпы мөлшері және ұшпайтын қышқылдардың мөлшері арасындағы айырмашылық арқылы есептейді. рН-ты индикатордың көмегімен немесе потенциометрмен анықтайды.

Қолмен ұстап, көзбен көру арқылы органолептикалық бақылау; ашытудан кейін тері жоғарғы илгіштікке және кейбір құрғақтыққа ие болуы керек. Шел қабаты жағынан бүктеген және қысқан кезде ақ жолақ (сушинка) пайда болады, ал түкті жабынының өзеңмен байланысы ашытудан кейін әлсірейді, әсіресе терінің қолтық жақтары. Ашытуды микроскоппен бақылау өзеңнің боялған тіліктерін микроскоппен қарау аркылы жүргізіледі.


Бейтараптау.

Бейтараптаудың мақсаты мех терілерін сілтілік реагенттердің (сода, аммиак) судағы ерітіндісімен өңдеу. Оны түк пен тері өзеңіне қажетті рН мәнін беру үшін жүргізеді. Бұл мехты келесі болатын буландыру мен бояу үрдістеріне алдын ала дайындап, олардың жүру жағдайын жақсартады. Бейтараптау кезінде, бір жағынан түкті жабын бетіндегі және тері өзеңіндегі майлы заттар, әртүрлі қоспалар алынып тасталады, сонда мехқа бояғыштың сіңуі жылдамдайды. Сілті ерітіндісімен өңдеу түк бетінің гидрофильдік қасиетін арттырады, бұл үрдіс өте майлы, түкті жабыны нашар боялатын мех шикізатын өңдеуге өте маңызды.

Ерітіндіге беттік белсенді заттар (ББЗ) қосып бояудын диффузиялық қасиеттерін арттырады.

Бейтараптауды жүргізу үшін мехты сілтілік ертіндіге батырады немесе ертіндіні мехқа жағады, көбінесе сілті ретінде натрий қарбонаты қолданылады. Сілтіні таңдау көптеген факторлар әсеріне негізделеді, мысалы, терінің тегі, сорты, ақауларының түрі, өңдеу әдісі және т.б. факторлар есепке алынады. Үрдіс дұрыс жүргізілмеген жағдайда, мысалы ерітіндіде шамадан тыс сілті концентрациясы артып кеткен болса, жүннің сапасы төмендеп, қылшық дараланып, майысып, кейін үзілуі мүмкін.

Бейтараптау кезіндегі натрий карбонатының ыңғайлы концентрациясы 4-6 г/л тең. Сілтілік ісіну жүрмес үшін ерітіндіге ас тұзын қосады. Өңдеу айналмалы аппаратта 1-2 сағат ішінде, 20-30°С температурада жүргізіледі.

Аммиак мөлшерін анықтау. 25 см3 сыналатын ерітіндіні конус шыны ыдысқа құйып, метилді қызғылттың қатысуымен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісімен немесе тұз қышқылы ерітіндісімен титрлейді. 25 продентті аммиактың судағы ерітіндісінің мөлшері, мл/л:

бұл жерде: а - титрлеуге кеткен 0,1 н қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3; 0,1н қышқыл ерітіндісінін титріне түзетпе; 0,0017 - 1 см3 0,1 н қышқыл ерітіндісіне сәйкес келетін аммиактың мөлшері, г, 0,91 - 25 пайыз аммиак ерітіндісінін тығыздығы.



Дихроматтық қатынасуымен қышқыл мөлшерін анықтау. 10 см сыналатын ерітіндіні конус шыны ыдысқа құяды, сумен 100-150 см3 дейін араластырады, кайнатады, содан сон фенолфталейннің қатынасуымен әлсіз қызғылт бояу пайда болғанға дейін 0,1 н сілті ерітіндісіменен титрлейді. Қышқыл мөлшері (күкірт қышқылына есептегенде), г/л

бұл жерде: а - қышқыл және дихроматты титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітшдісінің көлемі, см3; b - дихроматты титрлеуге кеткен 0,3 н натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі, см3; К1, К2 - сілті және натрий тиосульфаты титріне түзетпе; 4,9 - 1 дм3 0,1 н сілті ерітіндісіне сәйкес келетін күкірт қышқылының мөлшері, г.



Сутек пероксидінің (пертотығының) мөлшерін анықтау. Мехтік жартылай фабрикаттарды тотықтандыратын бояғыштармен бояу кезінде, 30 проц сутек пертотық ерітіндісінің, натрий және аммиак хлоридінің мөлшері бақыланады.

30 процентті сутек пертотық ерітіндісінің мөлшерін анықтау үшін 10 см3 сүзілген бояйтын ерітіндіні сыйымдылығы 250 мл конус шыны ыдысқа құяды, 10 см3 күкірт қышқылын (1:4), 10 см3 10 проц калий иодының ерітіндісін және 2-3 тамшы 10 пайыз аммоний молибденінің ерітіндісін қосады. Шыны ыдысты сағат шишасымен жабады да 10 минутқа қараңғы жерге қояды. Бөлініп шыққан иодты крахмал қатысуымен 0,1 н тиосульфат ерітіндісімен титрлейді.

Жүретін реакцияның теңдеуі:

H2O2+2KJ+H2SO4=K2SO4+J2+2H2O,

J2+2Na2S2O3=NaJ+Na2SO4O6

Сутек пертотығының мөлшері, мл/л:



мұнда: а - титрлеуге кеткен 0,1 н. натрий тиосульфаты ерітіндісінің көлемі, см3



К - 0,1 н. натрий тиосулфаты ерітіндінің титріне түзету коффициенті;

0,0017 - 1 см3 0,1 н натрий тиосульфаты ерітіндісіне сәйкес, сутек пертотығының мөлшері.
Бояу

Табиғатта эстетикалық сапасымен қанағаттандырылған мехтар (бір түсті) өте сирек кездеседі. Сонымен қоса тұқымы бір, бірнеше аңдардан тігілген терінің әрбір бөлігі біркелкі түсті болмайды. Барлығымызға сүйікті өте бағалы сортты мехтардың қымбат және қол жете бермейтіні құпия емес. Бұның бәріне себеп - мехтік бояуында.

Бояу - бұл жүн жабынын табиғи бояумен терендету жолымен әсемдеу. Мех өндірісіндегі көптеген үрдістер сияқты, бояу да бірнеше стадиялардан тұрады. Бояу кезіндегі негізі мәселе - тері тінінің қасиетін сақтап қалу.

Егер жоғары температурада немесе үлкен концентарциялы бояғышта өңделсе, онда ол жарылып, қатқылданып кетеді. Сондықтан суық немесе жылылау бояғышпен бояған дұрыс. Егер сіз бояу техникасын әлі меңгере қоймасаңыз, әлсіз ертіндіден бастап, біртіндеп жоғары концентрациядағы ертіндімен жұмыс істеген дұрыс.

Мехті және дайын өнімді бояу кезінде оның ұзындығы, жұмсақтығы мен жүннің иілгіштігі өте үлкен орын алады. Мамығына қарағанда жоғары талшықты бояу қиынға түседі.

Бояғыштар деп әртүрлі материалдарға әркелкі түр бере алатын органикалық түрлі-түсті қосылыстарды айтады. Бояғыштар табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде былғары мен мех өнеркәсібінде бояуы қанық, әрі химиялық құрылымы әртүрлі синтетикалық бояғыштар ғана пайдаланылады. Маталарды бояйтын көбіне өсімдіктерден алынған табиғи бояғыш заттар, мысалы, ойран шөп тамырынан - ализарин құрамына қаныққан глюкозиді бар, өсімдік жапырағынан - индиго өте ерте заманнан белгілі болған. Дүние жүзінде 5000-нан астам бояғыш заттар өндіріледі. Бұлардың көбі талшықты материалды бояуға жұмсалады. Жасанды жолмен алынған бояғыш заттар түрлі-түстілігіне, материалдың тегіне, бояу тәсіліне, химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: құрамында азотобы ( - N=N-1) бар азобояғыштар, триарилмет; ащы бояғыш заттар, құрамында нитротобы (- NO2) және ортонитрофенолдардың немесе ортонитроанилин туындылары болатын нитробояғыштар, күкіртті бояғыштар - органикалық қосылыстардың күкірт пен күкіртті сілтілермен әрекеттесуінен алынатын өнімдер және басқа бояғыш заттар тобы (индигиодты антрахинонды, полициклды т.б.). Физиқалық қасиеттеріне қарай, суда еритін және ерімейтін болып екі топқа бөлінеді. Суда ерітіндер – катионды және анионды деп бөлінеді. Біріншісі - диарилметанды, триарилметанды т.б. бояғыштар, екіншісі - диазо - полиазобояғыштар т.б.. Суда ерімейтін бояғьштарға кубты, күкіртті бояғыштар жатады.

Табиғи бояғыш заттар дегеніміз - тірі ағзалардан алынатын түсті органикалық қосылыстар. Бұрын бұлар аса маңызды болғанымен, жасанды бояғыштар алынғаннан кейін өте аз қолданылып отыр. Табиғи бояғыш заттардың құрамы өте күрделі. Сондықтан оларды химиялық, органикалық қосылыстар сияқты функционалдық тобы бойынша алифатты және алициклидті қатардың табиғи бояғыш заттары деп ажыратады. Бұларға негізінен қаротиноидтар кіреді, олардың бояғыштық қасиетімен қатар дәрі-дәрмектік қасиеттері де болады.

Былғарының және мехтің жартылай фабрикатын, жалпы талшықты материалды бояу кезінде, оларды бояғыштардың ерітіндісіне батырады. Бұл кезде бояғыштар мен талшық арасында әртүрлі күштердің пайда болуы нәтижесінде бояғыштар сіңіріліп, сорылады. Егер бояғыш заттар талшыққа сіңіп, бірақ ол тез сумен шайылып кететін болса, бұл үрдісті бояуға жатқызуға болмайды.

Бояу үрдісі төрт сатыдан тұрады: ерітіндідегі бояғыштың талшықты материалдың бетіне сіңіп диффузиялануы (сыртқы диффузия), талшықтың сыртқы бетіне бояғыштың сорбциясы, талшықтың ішіне бояғыштың диффузиялануы (ішкі диффузия), бояғыштың талшықпен байланысуы.

Осылай қанық бояуға және жартылай фабрикатқа біркелкі бояуға қол жеткізу үшін бояу үрдісінің алғашқы сатыларының өзінде-ақ бояғыш пен ақуыздың тартылу күшін азайтудың маңызы зор. Ал үрдістің аяғында керісінше, өзеңге сіңген бояғыштарды берік ұстап қалуды қамтамасыз ету қажет.Бояу кезінде колагенмен берілетін түстің беріктігі бояғыштың белокпен байланысының табиғатымен анықталады, олар ковалентті, координациялық, сутекті т.б. болуы мүмкін. Талшықта анионды (қышқылдық тура) және катионды (негіздік) бояғыштардың белокпен әрекеттесуі олардың арасындағы иоңдық және сутектік, сондай-ақ Ван-Дер-Ваальс күшінің есебінен деп пайымдалады. Аниондық бояғыштар мен ақуыздың амин және карбоксил тобы арасында ионды байланыстар орнайды:



Катиондық бояғыштар мен ақуыздың реакциясы мына схема бойынша жүреді:



Бұл реакциялардың жүруіне ортаның рН көрсеткіші әсер етеді. Қышқылды бояғыштар колагенге тек қана қышқылды ортада сорбцияланады және ерітіндінің рН көрсеткіші колагеннің изоэлектр нүктесінен төмен болуы керек. Орта неғұрлым қышқылды болса, талшықтағы оң заряд соғұрлым көп, ол қышқылды бояғышты көп сіңіреді. Қышқылдық ортада ақуыздың карбоксил тобы иондалмаған жағдайда болады, талшықтағы оң заряд ең көп мәніне ие болады.

Іс жүзінде қышқылдық бояғыштар рН 1,3-1,8 аралығында жақсы бояйды және қанық сіңеді, ал тура бояғыштар қышқылды ортада тұнбаға түседі, сондықтан тура бояғыштармен әлсіз қышқыл немесе бейтарап ортада бояйды. Көбінесе катиондық (негіздік) бояғыштар сілтілік ортада ерімейтін негіз түзеді, сондықтан ол бояғыштарға әлсіз негіздік орта қолайлы. Бояғыштардың молекуласы поляризацияланған дипольдардан тұрғандықтан, белокпен қос байланыстар түзе алады. Белокта диполь болғандықтан, бұл олардың өзара бір-біріне тартылуы талшық пен бояғыш байланысының беріктігіне әсер етеді. Белоктар мен бояғыштардың әртүрлі байланысын (1:1) металл құрамдас бояғыштардың белокпен әрекеттесуінен байқауға болады.

Бояу сутектік көрсөткіш рН 8,5-9,0 аралығында жүргізілсе ең жақсы нәтиже алынады. Әдетте тотықтырғыш ретінде сутектің асқын тотығы, ал сілтілік реагент ретінде аммиак қолданылады. Бояу температурасы 35-38°С аралығында. Мұндай температуралық режим анық және таза бояу алуды қамтамасыз өтеді.

Температураны жоғарылату бояудың өзгеруіне және мехтің тері тінінің пластикалық қасиетін төмендетуге себепкер болуы мүмкін. Бояуды СК 12-15, ұзақтығы 2-3 сағат аралығында жүргізеді. Кей кездерде бояу жағу тәсілімен атқарылады. Мехты бояу үшін анилин хлоридін қолдану өз мағынасын жоғалтты, өйткені ол көп еңбек пен уақытты қажет етеді.

Қышқылдық бояулармен бояу. Қышқылдық бояу молекулалары қылшыққа нашар сіңетін болғандықтан олар көпке дейін түкті жабынды бояу үшін қолданылмай келеді. Былғарыны, жүнді, қышқылды бояғыштармен бояу үрдісі жоғары температурада жүргізіледі, ал ондай температура, мех жартылай фабрикатының сапасын бұзуға себеп болады. Сондықтан тәжірибелер негізінде қышқылдық бояғыштар мен мехты терең және қанық бояудың мейлінше төмен температурасы анықталды, ол 40-60°С тең. Бұл әдіс бойынша жартылай фабрикатты бояуға дайыңдаудың маңызы зор. Бояғыштың қылшыққа сіңуін жылдамдату үшін түкті жабынды тотықтырғыш, тотыққыш және көп функциональды заттар бар ерітіндіде өңдейді. Ашық түсті бояу алу үшін пигменттенген түкті жабындыны қосымша катализдік әдіспен ағартады. Бұдан кейін қылшықтың бояумен химиялық әрекеттесуі күшейеді, бояудың жұғымдылығы жоғарылайды. Мұндай әсерді қылшықты тотыққыштармен, мысалы натрий дитионитімен өндеуде де алуға болады.

Түкті жабынды хлор қосылысымен, мысалы, хлораминмен қосымша хлорлау да қышқылдық бояумен бояу кезінде жақсы нәтиже береді. Сондай-ақ, полиакролеинмен өңдеуден соң қышқылдық бояумен бояу кезінде қылшық құрылысында кератин-полиақролеин бояғыш типтес берік комплекс түзіледі. Бұл комплекстің түзілуі бояудың жақсы сіңуін және оның әртүрлі сыртқы әсерге тұрақты болуын қамтамасыз өтеді.



Кубты бояғышпен бояу. Кубты бояғыштармен бояу бірнеше сатыдан тұрады. Біркелкі бояу алу үшін және бояғышты жақсы қолдану үшін мех алдымен жартылай фабрикатты бейтараптайды. Сонда бояғыштардың лейкоқосылыстары қылшыққа жайлап сіңіп, біркелкі бояу алуды қамтамасыз етеді. Бояғышты ерігіш лейкоқосылыстарға дейін тотықтыруды дұрыс жүргізу өте маңызды. Тәжірибеде бұл үрдіс "түссіз" (маточный) ерітінді дайындау деп аталады. Тотықсыздану 65-75°С температурада жүргізіледі. Бұдан жоғары температура бояғыш пен қылшықтың байланысын жоғалтуға, ал төмен температурада ерітілген лейкоқосылыстың түгел тотықсызданбауына, яғни бояуға айналмауына себепкер болады. Тотықтырғыштың негізділігі мен концентрациясын қатты қадағалап отыру керек. Көптеген кубты бояғыштардың лейкоқосылыстары жарық әсеріне және судың кермектігіне сезімтал болады.

Лейкоқосылыстардың тұрақтылығын арттыру олардың диффузиясын жақсартады, тұрақтылығын арттару үшін ерітіндіге натрий дитиониті және аммиак қосады. Натрий дитиониті бояу ерітіндіде лейкоқосылыстың ерте тотығуын болдырмайды, ал аммиак натрий гидросульфитінің бөлінуінен пайда болатын қышқыл заттарды бейтараптайды. Кубты бояғышпен бояғанда ашық түс алу үшін үрдісті 40-42°С, ал басқа түстер алу үшін 60°С температурада жүргізеді. Бояудың соңғы сатысында бояғыш ерітіндіге 30% сутектің асқын тотығының ертіндісін береді. Тотығу бір сағат жүреді. Бұдан кейін ерітінді төгіледі де, жартылай фабрикат жылы сумен шайылады. Кубты бояғыштарды қолдана отырып әртүрлі мехтің түкті жабынын бояуға және әдемі түстер алуға болады.



Активтік және дисперсиялық бояғыштармен бояу. Мехты бояу үшін активтік бояғыштар қолданғанда химиялық, физикалық-химиялық, механикалық әсерлерге тұрақты бояу алуға болады.

Мехтің түгін винилсульфондық бояғыш қолданып бояғанда жақсы нәтижелер алынады. Бояу үрдісін 60°С температурада, рН көрсеткіші 9-да жүргізген жөн, бояудың оптимальды концентрациясы 4 г/л болу керек. Осы көрсетілген жағдайда бояу түкке коваленттік байланыс арқылы бекітіледі.

Мех терісінің түгін дисперсиялық бояғышпен бояған кезде әртүрлі түс алуға болады. Температура 40°С-дан 60°С жоғарылағанда бояудың қанықтығы артады, мұны практикада әртүрлі қаныққан рең (оттенок) алу үшін қолданады. Ерітіндіге интенсификатор қосу дисперсиялық бояудың қанықтығын жоғарылатады және қылшықты ісіндіреді. Құрамы 1:2 болып келетін дисперсиялық бояғыштар теңіз жануарларының мехын, терісін және аң терілерін бояуға қолданылады.

Бояғыштарды ғылыми тұрғыдан топтастыру, олардың көп түрлілігімен құрамымен, молекулалық құрылымы және объектіні бояу қатынасымен байланысты. Өндірістің барлық түрлерінде, оның ішінде тоқыма және жеңіл өнеркәсібі бояғыштарды өте қажет етеді.

Қазіргі кезде бояғыштардың екі тобы бар: химиялық және техникалық.

Химиялық топтың құрылымы - химиялық құрамын, хромофордың жүйесін және алу тәсілін қамтиды. Бояғыштарды химиялық топтастыру, химиялық және техникалық тұрғыдан қарағанда өте ыңғайлы, бірақ мамандар үшін техникалық топтастыру бояғыштың қасиетімен қоса, алу жолын және қолдану жағын қарастыратын болғандықтан біршама жақындау.

Техникалық қасиеттері және боялатын объектіге қатынасына қарай бояғыштар 14 топқа бөлінеді: 1) Қышқылдық; 2) Негіздік; 3) Тура; 4) Протравты; 5) Кубты; 6) Кубозолдар мен индигозолдар; 7) Суықтай бояу өнімдері; 8) Күкіртті; 9) Пигменттер; 10) Лак; 11) Ацетатты жібек пен синтетикалық талшық бояғыштары; 12) Май және спиртте еритіндер; 13) Нигрозин; 14) Мех бояйтын бояғыштар.

Бұл топтастыру бояғыштардың химиялық құрылымын ескермесе де, практикада пайдалану үшін бояғыштарды таңдауды жеңілдетеді. Химиялық топтастыру бояғыштардың химиялық құрылымының айырмашылықтарына, оларда белгілі химиялық топтардың бар-жоғы және алу әдістерінің ортақтығына негізделген. Бұл топтастыру бойынша бояғыштар былайша жіктеледі:



  1. Азобояғыштар 7. Антрахиновды

  2. Нитробояғыштар 8. Полициклді кубты

  3. Нитрозобояғыштар 9. Күкіртті

  4. Арил-метанды 10. Фталоционинді

  5. Хинониминді 11. Полиметинді

  6. Индигоидты

Бояғыш аты екі сөзден - бояғыштың техникалық қасиетіне байланысты және түсінің атынан тұрады. Кейбір жағдайларда атына анықтауыш қосады (таза, түсті, ашық). Сондай-ақ, басымдау бояудың атын тиісті әріппен білдіруге де болады, мысалы: с - сарылау, ж - жасылдау т.б. Егер бір бояғыштың түсі екіншінікінен басымдау болса, онда әріп алдында сан жазылады.
Былғарыны әрлеудің механикалық операциялары

Механикалық операциялардың нәтижесінде, былғары мен мехтің сыртқы пішіні қойылған талапқа сай, серпімді, иілгіштік қасиеттерге ие болады. Былғарыны әрлеудің механиқалық операцияларына сығу, былғарының бетін тегістеу, созу немесе керу, сүргілеу, престеу, нығыздау, ауданын және қалыңдығын өлшеу жатады.

Мехті әрлеудің механикалық операциясына жататындар: жұмсарту, тарау, сабау және түкті жабынды тазарту, қырқу, қылшық жүнді қырқу, үтектеу, ауданын өлшеу. Былғарылық жартылай фабрикат пен мех тінін әрлеудің механикалық операциялары мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1. Былғарының қалыңдығын ауданы бойынша біркелкі ету, жартылай фабрикаттың беткі қабаты мен бахтарма жағына қажетті сыртқы өң беру, ақау-кемістігі болған жағдайда былғарының беткі жағын тегістеу, қыртысын жазу, жалтыраған түр, түс беріп, жасанды бедер салу.

2. Жартылай фабрикат пен мех тінінің құрылысын өзгерту үшін олардың құрылымдық элементтерін ажырату және тығыздау. Бұл операциялар былғары мен мехтің жұмсақ, созылмалы болуын қамтамасыз етеді.
Протравтау

Протравтау - мехты ауыр металл тұздары ерітіндісімен өңдеу. Мұндай өңдеу түк пен бояудың табиғатының ұқсастығын жақындатып, берік боялуды қамтамасыз өтеді. Протравтаудың маңызы әсіресе жүнді тотықтырғыш бояғыштармен бояуда өте зор. Қазіргі көзқарас бойынша бұл жағдайда бояу алдындағы протравтау сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш әсерін арттырып, металдың бояғышпен кешенге түсуіне ықпал етеді. Протравтау реагентінің табиғаты мен оның мөлшеріне байланысты түкті жабынға бір бояғышты қолданып-ақ әртүрлі түс беруге болады. Мысалы, түкті жабын тек "Д мехы үшін" бояғышпен протравсыз бояғанда көкшіл-сұр түске, ал хром, темір, мыс тұздарымен алдын-ала протравтау жүргізген соң, қара-қоңыр, сия көк, қара түске боялады. Протравтауға қолданылатын қалийдің, натрийдің дихромат тұзы практикада үлкен қолдау тапты. Қышқылды ерітіндіде бұл тұздар дихромды қышқылға айналады, ал ол қышқыл жүндегі кератин былғарымен байланысқа түседі.

Тәжірибелерге қарағанда жүн талшығы натрий дихроматын өз массасының 3%-на дейін сіңіреді, бірақ мұндай жүннің боялуы өте қиынға түседі, жүн талшығына сіңген дихроматтың мөлшері 1% болған кезде боялу жақсы жүреді.

Мыс тұздарымен протравтау арқылы мехты қанық және берік бояуға болады. Оның себебі, басқа металдардың қосылысына қарағанда мыстың қатысуында тотықтырғыш бояғыштар (органикалық жартылай өнімдер) сутегінің асқын тотығымен тез тотығады. Бірақ ыстың протравтауға арналған тұздары практикада қолдау тапқан жоқ, оның басты себебі: жүнге қаттылық береді және терінің икемділік (пластикалық) қасиетін төмендетеді. Егер протравтауға мыс сульфатының орнына мыс аммиагын қолданса [Сu(NH3)4]SО4 кемшіліктерді жоюға болады.

Жүнге біркелкі бояу бермейтіндіктен протравтауға темірдің (II) тұзын көп қолданбайды. Себебі, түбітті жүн талшығына қарағанда, түкті жабынның қылшық жүні темірді аз сіңіреді, боялуы біркелкі болмайды. Практикада бұл эффект арзан аң терісін бағалы аң терісіне ұқсату үшін, мысалы, түлкі терісін қара-коңыр түске бояуға қолданылады. Сондай-ақ, мех терілерін ағарту кезінде темір тұздарымен протравтау кеңінен қолданылады.
Жуу мен тұздау

Бояғаннан кейін түкті жабындағы бос бояғыштарды аластату мақсатымен сумен шаю жүргізіледі. Шаю тәртібі шикізат түрі мен бояу тәсіліне байланысты белгіленеді. Мехтің тері өзеңі жұмсақ болу үшін ас тұзы (30-50 г/л), ерітіндісімен тұздайды. Нәтижесінде мех терілерінің гигроскопиялық қасиеті күшейеді және олар қажетті ылғалдылықты сақтайды. Ол үшін глицерин, хром мен алюминий тұздарын пайдалануға болады. Кейде тұздауды майлаумен бірге жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет