209
сипаттау. «Бірлесе қатысу» басқаруының жалпы идеологиясы
жоғарыда қарастырылды. Партисипативтік стильге қатысты ол
келесідей негізгі сипаттарда нақтыланады:
– жетекшінің қарамағындағылармен жүйелі кеңесі;
– олардың қарым-қатынасындағы ашықтық;
– атқарушыларды ұйымдық шешімдер жасауға және қабыл-
дауға тарту;
– жетекшінің өз өкілеттерін қарамағындағыларға беруі;
– атқарушылардың ұйымдық өзгерістерді жоспарлауға және
іске
асыруға қатысуы;
– дербес шешімдер қабылдау құқығы бар топтық құрылым-
дар (жұмысшылар комитеттерін, сапа үйірмелерін) құру;
– қызметкерлерге қандайда бір проблеманы дербес жасау,
инновациялық процестердің дамуына ықпал ететін жаңа идея-
ларды тұжырымдау мүмкіндігін беру.
Партисипативтік стиль ұйымдық қызметтің өте жоғары көр-
сеткіштерін береді, сондықтан көптеген зерттеушілер оны ал-
дыңғы тәсілдерде ұзақ ізделінген «абсолюттік жақсы» стильдің
идеалы деп есептейді. Бірақ бұл стиль үнемі қолданымда емес,
өйткені жетекшінің де, атқарушылардың да жақсы біліктілігін,
сондай-ақ белгілі бір ұйымдастыру шарттарын талап етеді. Оны
жүзеге асыруға қабілетті жетекшілер, бұл, әдетте, үлкен жастағы
адамдар; олардың өмірлік тәжірибесі бар, өздеріне сенімді; жо-
ғары мәдени-білімдік деңгейі жоғары; қарамағындағылардың
қабілеттері
мен ұсыныстарын бағалай біледі; атқарушылардан
жұмысқа деген шығармашылық қатынасты және моральдық
сапаларды дамытуын күтеді. Мұндай стиль белгілі бір сапалар-
ды игерген, яғни біліктілік пен кәсіби сапалардың жоғары
деңгейі; тәуелсіздікке қажеттілігі; шығармашылыққа бейімді-
лігі;
жұмысқа қызығушылығы; алыстағы мақсаттарға бағдары
бар атқарушыларға да сұранысты талап етеді.
Кейбір зерттеулерде, әсіресе менеджменттің жапондық мек-
тебінде басқарудың «новаторлық-талдаулық стилі» ұғымы пай-
да болды. Оның басты ерекшеліктері: ұйымға берілгендік; қуат-
тылық және жаңашылдық, жаңа ақпараттар мен идеяларға қызы-
ғушылық, идеялардың үлкен санын генерациялау, шешімдерді
жылдам қабылдау, мақсаттар мен бағдарды нақты тұжырымдау,
210
ұжымдық іс-қимылды жақсы интеграциялау, сәтсіздіктерге тө-
зімділік, басқалардың пікірлерін ескеру шеберлігі.
Жетекшіліктің негізгі стильдеріне жасалынған шолуда «же-
текшілік» және «көшбасшылық» ұғымдарын біріктіретін шетел-
дік ұйымдық психологияның дәстүрі сақталған.
Отандық зерт-
теушілер, сондай-ақ мәндес болса да, бірақ түрлі осы екі ұғым
арасындағы қатынасты қарастырды. Екі басты заңдылық бар:
жетекші мен көшбасшы рөлдері арасындағы көшбасшылық-
тың өзіне тән типологиясы және қарым-қатынастар ерекше-
ліктері.
Типтерді атап көрсету негізіне жатқызылған көрсеткіштер
бойынша және соларға қатысты көшбасшылық типтері атап
көрсетілетін топтардың ерекшеліктері
бойынша айырмалана-
тын көшбасшылықтың бірнеше негізгі типологиялары белгілі.
Б.Д. Парыгин көшбасшы рөлін үш көрсеткіш бойынша атап көр-
сетеді [33, 34]:
1. Іс-әрекет мазмұны бойынша: көшбасшы-дем беруші және
көшбасшы-атқарушы.
2. Белсенділік стилі бойынша: авторитарлық және демокра-
тиялық көшбасшылар.
3. Іс-әрекет сипаты бойынша: әмбебап және жағдайлық көш-
басшылар.
Л.И. Уманский осы үш көрсеткіштердің комбинациялары
арқылы көшбасшылықтың алты типін ажыратуды ұсынады:
ұйымдастырушы, бастамашы, эрудит, эмоционалдық көңіл-күй
генераторы, шебер және эмоционалдық тарту көшбасшысы.
Екі тәсіл де көшбасшының негізгі екі – аспаптық және эмо-
ционалдық типтерінің нақты варианттарынан тұрады. Біріншісі
жеке қабілеттер мен топ жұмысына қосқан үлесі негізінде,
екіншісі топ үшін
тартымды, онда тұлғааралық жақсы қарым-
қатынас орнатуға көмектесетін тұлғалық сапалар негізінде бай-
қалады. Р.Л. Киричевский көшбасшылықтың төрт типін, яғни
ұйымдастырушыны, мотивтеушіні, диспетчерді және генератор-
ды атайды, олар топтық қызметтің кең спектрі үшін қолдануы
мүмкін.
Көшбасшылықтың ұсынылған тағы бір типологиясын қарас-
тырайық, оның құрамына мынадай көшбасшылар кіреді: