Кеңес тіл білімі. Кеңес тіл білімінің алғашқы дәуірі және оның негізгі міндеттері - Орындаған: Асылбек Айгерім
- Тексерген: Асанбаева Сәуле
- Филалогия
- 304-топ
Жоспар: •Кеңес тіл білімі. •Кеңес тіл білімінің алғашқы дәуірі, оның негізгі міндеттері. •Н.Я.Маррдың “Тіл туралы жаңа ілім” оның негізгі концепсиясы. •Кеңес тіл білімінің әлем тіл біліміне қосқан үлесі. Қорытынды. Совет өкіметі орнауының алғашқы жылдарынан бастап-ақ партия мен үкімет ғылымының алдына халық мүддесіне, социализм мүддесіне қызмет ету талабын қойды. Мұндай ардақты міндетті орындау үшін тіл ғылымының жаңа, революциялық идеология, маркстік-лениндік философия принциптері негізінде қайта құрылуы қажет болды. Совет лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды.
Лингвисттердің басты міндеттері:
бүкіл совет халқымен бірлесе отырып, елімізде сауатсыздықты жою, жер-жерде жүздеп-мыңдап ашылып жатқан оқу орындарына жаңа әліппелер, грамматикалық әр түрлі оқулықтар жасау, өзіндік жазуы жоқ Россияның бұрынғы отары болған шағын халықтардың өз тіліне лайықты жазуға ие болуына, емлесінің, жазу тілінің қалыптасуына жәрдемдесу болатын.
Н. Я. Марр бастаған «Тіл туралы жаңа ілім».
Жаңа идеяға қызмет етуді мақсат еткен Н. Я. Маррдың ондай жат идеяға қарсы күресуі, әрине, табиғи нәрсе еді. Бірақ осы сын келе-келе салыстырмалы-тарихи тіл білімінің пайдалы жағынан да бас тартып, тіл біліміне марксизмге тән емес дөрекілік, асқақтаушылық, менмендік әуен енгізді.
Марксизм — құлдық, феодалдық, капиталистік қоғамдар — таптық қоғамдар, бұларда адамдар қанаушы, қаналушы таптарға бөлінеді, таптан тыс адам болмайды десе. Н. Я. Марр осы қағиданың ізімен таптық қоғамдағы тіл де таптық болады, қанаушытаптың өз тілі, қаналушы таптың өз тілі болады, жалпы халықтық тіл деген жалған сөз деді.
Н. Я. Марр тіл де қоғамдық қондырма, ол қоғамдық базиспен бірге жойылып отырады, феодалдық базис тұсындағы тіл капиталистік базиске, капиталистікбазис тұсындағы тіл социалистік базиске қызмет ете алмайды, қоғамдық формациялардың әрқайсысының өзіндіктілдері болады деді.
марксизм классиктері дыбыс тілі адам қоғамымен бірте туып, қатар жасап келеді, тілсіз қоғам, қоғамсыз тіл болған емес. Дыбыс тілі адамдар қатынасының ең маңызды құралы дейді.
Марксизм концепциялары
Н. Я. Марр тіл зерттеуде төрт түрлі элементке негізделген палеонтологиялық талдау әдісін қолдануды ұсынды. Бұл әдіс бойынша дүние жүзіндегі тілдерінің барлығының шығу төркіні, глоттогониялық процесі бір. Олардың барлығы да о бастағы сал, бер, йон, рош деген төрт элементтен тарайды. Бұл элементтердің қалдығын қазіргі заман тілдерінің қай-қайсысынан болса да табуға болады деді. Бірақ бұл бос болжам еді.
Даму жолында кездескен үлкенді-кішілі қайшылықтарға, сәтсіздіктерге қарамастан совет тіл білімі бүкіл әлемдік тіл білімінің даму тарихына елеулі үлес қосып отырды. Совет лингвистері ең алдымен, тіл біліміне жаңа философиялық принцип — диалектикалық материализм принципін енгізді. Бұл принципті тіл білімінің өзекті мәселелерін зерттеуде қалай қолданудың жолын, үлгісін көрсетті.
Қорытынды: Қазіргі совет тіл білімі әлем тіл білімі алдында тұрған күрделі проблемаларды шешу ісіне өз үлесін қоса бастады. Тілдің құрылымы, жүйесі, тілдің таңбалық сипаты, ішкі, тысқы лингвистикалық факторлардың тіл өмірінде алатын орны, тіл зерттеудегі сандық және сапалық тәсілдер, тілдердің грамматикалық құрылысы мен типологиялық классификациясы мәселесі; тіл мен ойлау; тіл мен қоғам; тіл мен мәдениет, тілдердің даму заңдылығы т.б. осылар сияқтылар қазіргі совет лингвистикасы алдында тұрған күрделі теориялық проблемалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |