Национальной академии наук республики казахстан



бет2/13
Дата23.06.2016
өлшемі5.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13






а

б

Рисунок 4 – Поперечный срез корней I. grandis Schrenk. (а),

I. helenium L.(б)

Ув. х 400



Выводы

  1. Inula grandis Schrenk. и I. helenium L. относятся к древним лекарственным растениям, широко применяемым в народной медицине при самых разнообразных болезнях. В научном плане, лечебные свойства видов девясила еще достаточно неизучены. Поэтому дальнейшее обстоятельное изучение фармакологических свойств видов является перспективной задачей научной медицины.

  2. Девясил высокий на Калбинском хребте произрастает в большом количестве на сыроватых лугах по берегам рек, водоемов, по межгорным понижениям, среди луговой растительности и на полянах среди ивового леса. На хребте Нарым девясил высокий растет по берегам рек, на высокотравных лугах.

  3. I. grandis Schrenk. широко распространен по степным и каменистым склонам низкогорий от Тарбагатая до Западного Тянь-Шаня. Выявлены конкретные места произрастания по Заилийскому и Джунгарскому Алатау, имеющие ресурсное значения участки.

  4. Изучена подземная сфера девясила большого на типичной для вида полнопрофильной темнокаштановой почве в предгорьях Заилийского Алатау. Растение с толстым, коротким, мясистым, бесформенным, побего- и корнеобразующим корневищем темно-серого цвета. От корневище отходят два типа придаточных корней: всасывающие, в количестве до 8-12, и немногочисленные скелетные, в количестве 3-4. Всасывающие корни белые, длиной до 17-20 см толщиной до 1-1,5 см. Они не ветвятся и выполняют всасывающую функцию. Скелетные корни темного цвета, толщиной в базальной части тоже до 3,5 см, проникают в грунт на глубину до 65-70 см.

  5. Корневище I. helenium L. толстое, короткое, обычно многоглавое, диаметром до 6-7 см, от него отходят немногочисленные корни длиной до 20 см и толщиной до 2-3 см. Корневища и корни снаружи буровато-серые, внутри желтовато-белые.

  6. Изучено анатомическое строение корней девясила большого и девясила высокого. Корень полиархный. Сосуды ксилемы крупные, с сильно утолщенными стенками. Во вторичной коре и в сердцевине встречаются вместилища овальной формы, с биологически-активными веществами.

ЛИТЕРАТУРА

1 Атлас лекарственных растений СССР. М., Изд-во мед. лит, 1962. 711 с.

2 Горшкова С. Г. Девясил — Inula L. – В кн.: Флора СССР. Т. 25, М.-Л., Изд-во АН СССР, 1959. 630 с.

3 Скляревский Л. Я., Губанов И. А. Лекарственные растения в быту. М., Россельхозиздат, 1968. 224 с.

4 А.В. Яницкая, И.Ю. Митрофанова Девясил высокий – перспективный источник новых лекарственных средств // Вестник ВолгГМУ. Вып.3 (43), 2012. – С.24-27.

5 Алимбаева П., Нуралиева Ж., Арбаева Э. Лекарственные растения Киргизии. Мектеп, 1990. 128 с.

6 Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений СССР / под ред. Толмачева А.И., Шретер А.И. – М., 1976. 340 с.

7 Методы анатомо-гистохимического исследования растительных тканей. Г.Г. Фурст, Москва:Наука, 1979. 154 c.

8 Вехов В.Н., Лотова Л.И., Филин В.Р. Практикум по анатомии и морфологии высших растений. – Москва: МГУ, 1980. 560 с.

9 Правила сбора и сушки лекарственных растений. М., Медицина, 1985. 327 с.

10 Адекенов С.М., Байтулин И.О., Мырзагалиева А.Б. Запасы сырья Inula helenium L. на хребтах Калбинский и Нарын // Доклады НАН РК. № 4, 2013. – С. 80-84.

REFERENCES

1 Atlas lekarstvennykh rastenii SSSR. M., Izd-vo med. lit, 1962, 711 s.

2 Gorshkova S. G. Deviasil , Inula L., V kn.: Flora SSSR. T. 25, M., L., Izd-vo AN SSSR, 1959. 630 s.

3 Skliarevskii L. Ia., Gubanov I. A. Lekarstvennye rasteniia v bytu. M., Rossel'khozizdat, 1968. 224 s.

4 A.V. Ianitskaia, I.Iu. Mitrofanova Deviasil vysokii perspektivnyi istochnik novykh lekarstvennykh sredstv. Vestnik VolgGMU. Vyp.3 (43), 2012. S.24-27.

5 Alimbaeva P., Nuralieva Zh., Arbaeva E. Lekarstvennye rasteniia Kirgizii. Mektep 1990. 128 s.

6 Atlas arealov i resursov lekarstvennykh rastenii SSSR pod red. Tolmacheva A.I., Shreter A.I., M., 1976. 340 s.

7 Metody anatomo-gistokhimicheskogo issledovaniia rastitel'nykh tkanei. G.G. Furst, Moskva:Nauka, 1979. 154 c.

8 Vekhov V.N., Lotova L.I., Filin V.R. Praktikum po anatomii i morfologii vysshikh rastenii. Moskva: MGU, 1980. 560 s.

9 Pravila sbora i sushki lekarstvennykh rastenii. M., Meditsina, 1985, 327 s.

10 Adekenov S.M., Baitulin I.O., Myrzagalieva A.B. Zapasy syr'ia Inula helenium L. na khrebtakh Kalbinskii i Naryn Doklady NAN RK. № 4, 2013. S. 80-84.

Резюме

С. М. Әдекенов1, И. О. Байтулин2, М. С. Лебедева1, К. Б. Бекішев3

(1«Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ, Қарағанды



2 «Экологиялық қайта құру» орталығы, Алматы

3Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды)

INULA GRANDIS CHRENK ЖӘНЕ INULA HELENIUM L.

ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОМОРФОЛОГИЯСЫ,

ОЛАРДЫҢ ТАРАЛУЫ

ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ

Мақалада үлкен андыз және биік андыз өсімдіктерінің Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда таралуымен байланысты сұрақтар қарастырылады, үлкен андыз өсімдігінің жер асты сферасының морфоқұрылымдық негізі зерттелді, үлкен андыз және биік андыз өсімдіктері тамырларының анатомиялық құрылысы зерттелді.



Кілт сөздер: Биік андыз, үлкен андыз, тамыр сабақ, тамыр жүйесі, анатомиялық құрылысы.

По тупила

ӘОЖ 504.054



Н. Ә. Әмірғалиев, Т. Қ. Құлмағамбет

(География институты, Алматы қ.

«Қазақстанның балық шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер»,

ҚазБШҒЗИ, Алматы қ.)



Арал-Сырдария бассейніндегі су

айдындарының экологиялық жағдайы

N. A. Amirgaliev, T. K. Kulmagambet

(Institute of Geography, Almaty

"Honored Worker of Fisheries Kazakhstan" KazNIIRH, Almaty)

"The ecological status of water bodies

Aral-Syrdarya basin"

Keywords: Small Aral Sea , the Syrdarya River, ecology, water resources, watercourses, salinity, pollution, pesticides, toxicology.

Abstract: The article presents the causes and consequences of shallowing of the Aral Sea, a lot of information and materials about the current ecological status of the Small Aral Sea, the Syrdarya River basins, ecosystems, biodiversity and water resources in the region. Also presents problems of preservation of the Aral Sea and the Aral water safety – the Syr Darya Basin.

Аннотация. Мақалада Арал теңізінің тартылу салдарлары, қазіргі кездегі Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзені бассейніндегі су айдындарының экологиялық жағдай-лары, аймақтың экожүйесі, биоәртүрлілігі мен су ресурстары туралы көптеген мәлі-меттер берілген. Сонымен қатар, Арал теңізін және жалпы су қауіпсіздігін сақтау пробле-малары баяндалған.

Ключевые слова: Малое Аральское море, Река Сырдария, экология, бассейн, водные ресурсы, водо-токи, минерализация, загрязнение, пестициды, токсикология.

Түйінді сөздер: Кіші Арал теңізі, Сырдария өзені, экология, бассейн, су ресурстары, ағынсу, минерал-дану, ластану, пестицидтер, токсикология.

Орталық Азияның құрғақшылық аумағындағы халықтың өмірі, олардың шаруашылық қызметі және жалпы өркениетті дамуы су тапшылығына байланысты шектеледі. Осы өңірдегі тұрғылықты елдің көпғасырлық өмірінде су проблемасы әрқашан толық шешімі табылмаған келелі мәселе болып келеді. Өткен ғасырдың екінші жартысында өзінің көлемі жағынан әлемде төртінші орын алатын балық қорына бай Арал теңізінің бір ұрпақтың көз алдында адам қолынан апатқа ұшырауы, аса үлкен тарихи трагедия болып есептеледі. Жергілікті халыққа үйреншікті балықшылық кәсібінің түбегейлі тоқтауы орасан зор әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемалар тұғызды (жұмыссыздық, халықтың қоныс аударуы, өмір сүру орталығының нашарлауы т.б.). Кеңес үкіметі дәуірінде Арал аймағындағы су ресурстарын ұқыпсыз, экстенсивті шаруашылық есебінде пайда-ланудың нәтижесінде 1990 жылы Арал теңізіне құйылатын судың жылдық көлемі 56 текше шақырымнан 9-12 текше шақырымға дейін күрт азайып кетті.

Арал теңізі су айдынының ауданы екі есе қысқарып, жалпы көлемінің 33 мың шаршы шақы-рымы тартылып, теңіз Солтүстік (Кіші Арал) және Оңтүстік (Үлкен Арал) болып бөлініп қалды, бұрынғы жағалауынан кейбір жерлерінде 100-150 шақырымға дейін тартылды. Теңіздің тартылуы салдарынан Амудария мен Сырдария өзендерінің атырауларында тұратын бес миллионға тарта адамдардың өмір сүру деңгейі мен денсаулық жағдайларына кері әсер етті.

Міне осындай жағдайда егемендік алған Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Арал дағдарысымен күресу, шекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану мәселелері жөнінде бірігіп қызмет етуге ынталылық танытты.

1993 жылы қаңтарда Орталық Азия елдері басшыларының Ташкенттегі кездесуінде Халы-қаралық Аралды құтқару Қорын құру туралы шешім қабылданды, осы жылы 26 наурызда әлемдік маңызы бар Арал проблемаларына арналған тарихи Халықаралық конференция болып өтті.

Қабылданған бағдарламалардың аясында Қазақстанның Арал аймағында ірі-ірі жобалар іске асырылды. Жалпы құны 85,8 млн. АҚШ долларны құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) ірі ұлттық жобасының бірінші кезеңі іске асырылды. Бұл жобаның экологиялық және балық шаруашылықтық бөлімдерін дайындауда осы мақаланың авторлары және Қазақтың балық шаруашылы ғылыми – зерттеу институтының (ҚазБШҒЗИ) Арал филиалының мамандары белсене қатысты. Нәтижесінде Кіші Арал теңізі қолдан қайта құрылып, іске асты, судың деңгейі Балтық жүйесі бойынша 39,90 метрден 42 метрге дейін көтеріліп, теңіз айдыны 2414 шаршы шақырымнан 3262 шақырымға дейін ұлғайды, су көлемі 15,6 текше шақырымнан 26,7 текше шақырымға жетіп, 70 пайызға артты.

Аймақтың экожүйесі, биоәртүрлілігі жақсара бастады, көлдер жүйесі суланып, балық өсірудің және оны аулаудың көлемі өсті. Арал маңы өңірінің және әлеуметтік-экономикалық жағдайы хал-ахуалы едәуір жақсарды. Дегенмен, экологиялық апаттық дағдарыстың келеңсіз салдарының әсері әлі толық жойылған жоқ.

БҰҰ әлемдегі су проблемаларының әрі қарай шиеленісуіне және олардың ғаламдық жағдайына байланысты 2005-2015 жылдарды «Су өмір үшін» халықаралық онжылдық жылдары деп жариялады. Өткен, 2013 жыл – Халықаралық су ресурстарын пайдалану жылы, ал 22 наурыз – Бүкіләлемдік су күні болып жарияланды.

Су қауіпсіздігін сақтау – қазіргі кездегі Қазақстандағы құрғақшылық жағдайда Ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың маңызды бөлігі болып саналады. Қазақстандағы су ресурстарының жалпы мөлшерін лимиттеудің маңызды аспектісі, ол ең басты өзендердің (Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық т.б.) трансшекаралық сипаты. Қазақстанда жылына жиналатын барлық – 91,3 км3 су ресурста-рының 44,3 км3 немесе 48,5% шекаралас мемлекеттерден келеді, ал республика территориясында жылына жиналатын жергілікті ағынды судың көлемі – 47,0 км3 [1].

Осындай жағдай трансшекаралық бассейндердегі су және биологиялық ресурстарын ұтымды және тиімді басқарудағы проблемаларды шешуде үлкен қиыншылықтарды туғызып отыр.

Орталық Азиядағы жаңа геополитикалық жағдай Сырдария және Амудария өзендерінің су ресурстарын пайдаланудағы проблемаларымен келіспеушіліктерін туғызуда. Орта Азиялық мемле-кеттер экономиканы өсіру мақсатында және қарқынды өсу үстіндегі тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін суды көп қажет еттін өндіріс салаларын дамытуда. Қырғызстан Сырдария өзенінің бойында Қамбарата ГЭС-ін іске қосуды жоспарлауда, трансшекаралық Шу, Талас бассейнінде су ресурстарын пайдалануда шиеленіскен жағдайлар жиі туындауда. Өзбекстан Сырдария өзенінен мемлекетаралық бөлінген лимиттен артық 3 км3 суды жинақтауды жоспар-лауда. Тәжікстан Амударияның бойынан Рангун ГЭС-ін тұрғызуды көптен жоспарлауда.

Соңғы жылдары Қытай халық республикасы (ҚХР) территориясында су шаруашылығын дамыту жұмыстарына байланысты Ертіс және Іле өзендерінің су ресурстарын пайдалануда едәуір ірі проблемалар туындауда. Ресей және Қазақстанның арасында трансшекаралық Ертіс, Жайық, Тобыл т.б. су ресурстарын пайдалану мәселесіндеде шешілмеген проблемалар бар.

Трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдаланудан туындайтын проблемалардың шешімін табу Қазақстан үшін өте маңызды мәселе. Болжамдық есепке сәйкес [2], өзен суларының ағып келуі жылына 2020 жылы – 81 км3-ге, ал 2030 жылы – 74,2 км3-ге дейін азаяды (қазіргі ағыстың көлемі – 91,3 км3). Оның ішінде трансшекаралық өзендердің ағысы екі есеге, 22,2 км3-ге дейін азаяды. Мысалы, Арал-Сырдария бассейні бойынша ағыс көлемі 2020 жылы – 2,3 км3-ке, ал 2030 жылы – 5,8 км3-ке азаюы мүмкін, бұл қазіргі – 15,9 км3-ке қарсы жылына 10,1 км3 деңгейінде болуы мүмкін (1 кесте).

1 кесте – Ағынсу ресурстарының қазіргі және болжамдық мөлшері



Ағынсу түрлері

Ағынсу мөлшері, км3

2010 ж.

2020 ж.

2030 ж.

Барлығы

91,3

81,6

72,4

Трансшекаралық

44,3

33,2

22,2

Жергілікті

47,0

48,3

50,2

Соңғы жылдары Кіші Арал теңізіне келетін ағын судың мөлшері азая түсуде. Қаратерең гидропостының мәліметіне сәйкес 2010 жылы – 5,5 км3, 2011 жылы – 3,5 км3, 2012 жылы –2,8 км3 құрады, ал 2013 жылы ағынды судың мөлшері бұдан артқан жоқ.

2013 жылғы көктемгі –жазғы кезеңде Сырдария өзенінен Шардары су қоймасына құйылатын судың мөлшері елеулі мөлшерде қысқарды. Бұның негізгі себебі өзеннің жоғарғы жағындағы Тоқтағұл, Фархад, Қайраққұм су қоймаларына суды көп мөлшерде жинақтау және егістік массивтерді суландыру. Бұл 1-суретте ҚазБШҒЗИ мамандарының материалдарында көрсетілген. Трансшекаралық су ағысының көп мөлшерде азаюы Кіші Арал және Сырдария атырауындағы көлдер жүйесін суландыруды нашарлатады.

1 сурет – Шардара суқоймасына соңғы жылдары құйылған ағынсу мөлшері


Осы проблемаларға байланысты қазіргі уақытта үкіметаралық келіссөздер белсенді түрде жүргізілуде, оның ішінде су және биологиялық ресурстарды пайдалану жөніндегі ғылымның алдына да айқын мәселелер қойылған. Арал – Сырдария өңіріндегі ұсыныстары және жоспардағы су шаруашылығы құрылыстары жөніндегі іс-шаралар бассейннің келешекте сумен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес жүргізілуін қажет етеді.

Жоғарыда айтылғандар Қазақстан территориясын, оның ішінде Арал – Сырдария бассейнін, сумен қамтамасыз етудің көлемдік мөлшері жағындағы проблемалар. Бұдан басқа, тұрғындарды және экономика салаларын сапалы сумен қамтамасыз ету проблемалары бар. Бұл жерде тек ағынды судың оңтайлы көлемін сақтауда ғана емес, оның ластайтын заттарды ағызып әкелуінде де мәселелер бар. Қазақстанның территориясы барлық трансшекаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан, оның ішінде Сырдария өзені, сондықтан трансшекаралық ағынды сумен республи-каның балық шаруашылығы бассейндерін антропогендік ластау, оларға өндірістік, ауылшару-ашылық және тұрмыстық-шаруашылық қалдық ағынды суларының қосылуы – қазіргі кездегі маңызды проблема болып табылады.

Сырдария жоғарғы деңгейде ластанатын өзен болып сипатталатыны белгілі. Бұл өңірдегі экологиялық тоқыраудың пайда болуының елеулі факторларының бірі Арал аймағындағы табиғи судың сапасының шамадан тыс нашарлауы екенін көпшілік біледі.

Сырдария өзені ауылшаруашылық және кәсіби өндіріс қалдықтарымен ластанады, жыл сайын оған 12-14 км3-ге дейін коллекторлық-дренаждық және өндірістік қалдық сулар құйылады, олар-дың құрамында әртүрлі химикаттар, металлдар, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар т.б. улы заттар бар. Бассейн бойынша осы сулардың тұздылығы 1,5 – 10 г/дм3 аралығында, ал орташа минералдану деңгейі – 3 г/дм3 [3,4].

Сырдария өзенінің су ресурстары экономикалық барлық салаларына және ауыз суға пайдалана-тындықтан, олардың минералдануын (тұздылығын) зерттеу өте маңызды. Өзен суының минералдануы ағыстың бағытымен біртіндеп өсе береді. Көкбұлақ пен Шардара қаласы аралығында (1 және 3 бекеттер) өзен суының орташа минералдануы 900 – 956 мг/дм3 аралығында болса, Қызылорда қаласының тұсында 1380 мг/дм3 – қа жетеді (2 сурет). Бұл көрсеткіштің өзен ағысының бағытымен өсуі егістік жерлерді суландыру жүйесінен құйылатын коллекторлық-дренаждық ағыстың және әртүрлі табиғи факторлардың әсеріне байланысты.

ҚР ақпараттық экологиялық бюллетен-дерінің мәліметтері бойынша соңғы жылдарда өзен суының ластану индексі 2,5-нан жоғары (4-класс), демек «ластанған» су көрсеткішімен сипатталады. Ластаушы қосындыларының басым көпшілігі мұнай өнімдері -4,0 мөлшері шектелген жинақталу (МШЖ) деңгейінде, фенолдар-6 МШЖ, мыс-2 ден 16 МШЖ дейін, азот қосындылары 3 тен 15 МШЖ дейін.



2 сурет – Сырдария өзенінің Қазақстандық бөлігіндегі судың орташа тұздылығының өзгерісі

ҚР ақпараттық экологиялық бюллетендерінің мәліметтері бойынша соңғы жылдарда өзен суының ластану индексі 2,5-нан жоғары (4-класс), демек «ластанған» су көрсеткішімен сипатталады. Ластаушы қосындыларының басым көпшілігі мұнай өнімдері -4,0 мөлшері шектелген жинақталу (МШЖ) деңгейінде, фенолдар-6 МШЖ, мыс-2 ден 16 МШЖ дейін, азот қосындылары 3 тен 15 МШЖ дейін.

Балық шаруашылығы суларындағы уытты қосындылардың белгіленген МШЖ деңгейінен айтарлықтай артуы бассейндегі балық қорының және жемдік организмдердің ұдайы өсуіне қауіпті, жағымсыз факторлар болып саналады.

Қабылданып жатырған келісімдер және халықаралық құжаттарға қарамастан Сырдария өзенінің трансшекаралық ағынды суы іргелес мемлекеттердің территориясынан көптеген лас заттарды ағызып әкеледі. Бар мәліметтерге қарағанда, шекаралық Көкбұлақ бекетіне транзиттік ағыспен көптеген хлорорганикалық пестицид қосындылары (ДДТ метаболиттері мен ГХЦГ изомерлері) келеді. Жоғарғы мөлшердегі мұнай өнімдері, фенолдар және азоттық қосындылар тұрақты тіркеледі. Жыл бойына мырыштың, мыстың және сынаптың концентрациясы балық шаруашылық суларына белгіленген МШЖ-дан едәуір артық, өзеннің кейбір тұстарында судың сапасының ирригациялық көрсеткіштері де нашарлайды.

Республикалық СЭС-тің мәліметтеріне қарағанда, агроөнеркәсіптік кешендер объектілері өткен ғасырдың соңына дейін, мүмкін қазіргі кезде де, құрамында хлор бар пестицидтер –ГХЦГ, гептахлор, ДДТ, хлорпиридин, метафос т.б. пайдаланылып келді, оның ішінде Қызылорда облы-сында саршұнақ және құмтышқандарға қарсы ДДТ қолданылған.

«ҚР 2009 жылғы қоршаған ортаны қорғау жағдайы туралы ұлттық баяндама»-да 2000-2009 жж. Қызылорда облысының территориясында 267,9 мың литр, ал Оңтүстік Қазақстан облысында тек 2008, 2009 жж. 336,9 мың литр пестицидтер қолданылған.

Сырдария өзені суында улы ауыр металдардың МЖШ деңгейі мырыш пен мыс 2-ден 5 есеге, қорғасын - 4,5 есеге артық, кейбір жылдары мыс 9-10 МШЖ деңгейінде (9-10 мкг/дм3), ал мырыш 3-11 МШЖ (29-108 мкг/дм3) деңгейінде болғаны тіркелді. Шекара бекеті (Көкбұлақ) арқылы ағып келген мыстың деңгейі рұқсат етілетін нормативтен орташа 4,3 есе артық болды. Өзеннің ағу бағытында мыстың концентрациясы біртіндеп өседі, сірә ол Қазақстан төңірігендегі суды ластайтын заттардың әсерінен болуы керек.






Өзеннің сағасындағы су айдындарының экологиялық жағдайы туралы қысқаша төмендегіше айтуға болады. Кіші Аралда әзірге оңтайлы гидрологиялық және гидро-химиялық режим сақталуда. Судың деңгейі 42,0 мБЖ, тұшу процессі жүруде, 2006 ж. орташа тұздылық 12,9 0/00 ден 2013 ж. 5,3 0/00 ге төмендеді. Кәсіби балықтардың табиғи түрде ұдайы өсуіне қолайлы жағдай тууда. Сырдария өзенінің Атырауындағы көлдер

3 сурет – Сырдария өзенінің Қазақстандық бөлігі суындағы мыстың орташа концентрациясының өзгеруі

жүйесінде соңғы жылдары су деңгейі тұрақталып, гидрохимиялық режим жақсарды. Бұл көлдердің балық шаруашылығына пайдалану мүмкіндігі едәуір артты.

Қазақстан территориясының төңірегіндегі трансшекаралық ағыспен келетін ластаушы заттар төмен қарай Кіші Арал теңізінің және Сырдария өзенінің Атыраудағы ірі көлдердің экосистемасына кері әсерін тигізуде. Өзен суының құрамындағы улы қосындылар балық шараушылығы су айдындары мен балық өсіретін объекті суында жылма жыл тіркеліп отыр. Кіші Арал теңізінің суындағы көптеген ауыр металлдар концентрациясының мөлшері балық шаруашылығы МШЖ деңгейінен жоғары. Нормативтік деңгейінен мыстың концентрациясы орта есеппен 45 есе, мырыш – 4,9 есе, кобальт және хром 14 есеге дейін, қорғасын – 9 есеге артты (2 кесте).

2 кесте – Кіші Арал теңізі суындағы ауыр металлдар концентрациясының орташа мөлшері


Жылдар

Ауыр металлдар, мкг/дм?

Cu

Zn

Pb

Cd

2004

23,3

23,3

77,0

12,5

2005

25,4

21,2

93,4

16,1

2006

23,2

23,2

64,9

8,9

2007

21,5

30,4

4,7

3,7

2008

10,4

22,0

13,0

1,0

2009

26,8

17,5

7,3

6,0

2010

38,0

13,1

1,3

5,0

Бассейн су айдындарындағы кәсіби балықтардың органдары мен ұлпарында улы заттардың жиналуы қауіпті жағдай тұғызады. Институт мамандарының зерттеу нәтижелеріне қарағанда, Кіші Арал теңізіндегі балықтар денесіндегі пестицидтердің мөлшері 0,280 мкг/кг-нан 9,0 мкг/кг-ға дейін, Қамыстыбас көлінің балықтарында 0,171-ден 2,0 мкг/кг-ға, Ақшатау көлінде 1,6-3,4 мкг/кг болды.

Кәсіби балықтардың ұлпаларында неше түрлі ауыр металлдар жиналады, олардың ішіндегі кейбіреулері (кадмий т.б.), балықтың бұлшық еттерінде тағамдық балық өнімдерінде қолданы-латын шектеулі санитарлық нормадан артық мөлшерде жинақталады. Кіші Арал және Шардара су қоймасындағы балықтардың органдары мен ұлпаларында жиналатын ауыр металлдар ҚазБШҒЗИ-ның Арал филиалының соңғы жылдары жүргізген зерттеулеріндеде тіркелген.

Кіші Арал теңізінің деңгейі 46-48 мБЖ дейін көтерілген жағдайда үлкен территория (бұрынғы теңіздің түбі) судың астында қалады, бұл қалың қамыс және сортаң бұталар өскен тұзды жер қыртысы. Теңіз суының ағысы күрт төмендеп не тоқтауына байланысты судың тұздылығы едәуір көбеюі мүмкін. Су астында қалған өсімдіктер массасы тереңдігі аз және вегетативтік кезеңдегі жоғарғы температуралық жағдайда қарқынды түрде биохимиялық бұзылу (деструкция) процесстері жүреді, соның салдарынан судың сапасы нашарлап, газ режимінің бұзылуына байланысты балықтардың тұншығып өлу қаупі туындайды.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар су және балық шаруашылығын дамытуда ескерілетін елеулі факторлар болып табылады.

Арал-Сырдария бассейні су айдындарының су және биологиялық ресурстарының ластануы, бассейннің сумен қамтасыз етілуі және су ресурстарының сапалық көрсеткіштерінің келешекте өзгеріске ұшырау мүмкіншілігі, су объектілерінің экологиялық және токсикологиялық жағдайына жүйелі зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Бұл шаралалар ұзақ мерзімге бағытталған мемлекеттік басым құжаттар ҚР-ның 2004-2015 жж. арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы және 1999 жылғы «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Заңының талаптарына сай келеді.



Каталог: elib -> library.kz -> Jurnal -> %D0%91%D0%98%D0%9E%D0%9B%D0%B8%D0%9C%D0%95%D0%94-4-2014
elib -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық Ғылым академиясы жшс «Қ. И. СӘтбаев атындағы геологиялық Ғылымдар институты» орталық Ғылыми кітапхана
elib -> Учебно-методическое пособие для студентов минск 2010 ббк утверждено на заседании
elib -> А. Ю. Смирнов традиции литературной антиутопии в романе в. Войновича «москва 2042»
elib -> Аймбетова улбосын утегеновна
Jurnal -> Сведения о статье № Сведения (статья)
%D0%91%D0%98%D0%9E%D0%9B%D0%B8%D0%9C%D0%95%D0%94-4-2014 -> Сведения о статье № Сведения (статья)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет