Найманбаев алмас абдыманапович



Pdf көрінісі
бет21/41
Дата13.12.2022
өлшемі3.3 Mb.
#467173
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
dis

және шығармашылыққа негізделіпжазбаша түрде орындалуы керек. 
Пән бойынша 7 СӨЖ, 7 СОӨЖ жұмысы беріледі. Олардың әрқайсысында 
3 тапсырмадан берілді. Студент осылардың біреуін таңдауға құқылы. Әр 
тапсырманың соңында орындау талаптары және берілген жұмыс түрінің 
сипаттамасы көрсетіледі. 
Студенттердің 
кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін жетілдіруде 
көмектесетін аудиториялық лекция, семинар, практикалық сабақтармен бірге, 
студенттің өз бетімен істейтін өзіндік жұмыстары (СӨЖ) және студенттің 
оқытушымен жүргізілетін өзіндік жұмыстарының (СОӨЖ) маңыздылығы зор. 
СӨОЖ арқылы танымдық біліктілікті жетілдіре отырып, зерттеу жұмыстарын 
жүргізу студенттің кәсіби құзыреттілігін дамытып, белігілі бір білім-білік 
дағдыларын қалыптастырады. Бұл туралы педагогикалық сөздікте: «Өзіндік 
жұмыс дегеніміз – барлық құрылымның құрамаларында мәселені қоюдан 
бақылауды. Өзін-өзі бақылауды және түзедуді, қарапайым жұмыстың түрлерін 
күрделірегіне, іздену сипатында болатын студенттің өз бетіндік нақты 
деңгейінің болуын талап ететін оқу іс- әрекеті. Бұл студенттердің танымдық 
қабілеттерін қалыптастыратын, оларды үздіксіз өздігінен білім алуға 
бағыттайтын құрал» [160] деген анықтама берілген. 
Баяндама – берілген тақырып бойынша анықталған пікірлер мен 
тұжырымдарды жүйелеп беруі. 
Мақала – нақты зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерге талдау 
жасап, қорытынды беріледі. Сонан соң зерттеудегі өзінің аталғанмәселеге 
қатысты көзқарасын ұсынып, оны дәлелдейді. Мақала соңында қорытынды 
тұжырымдар жасайды.
Реферат – алғашқы түпнұсқаның негізгі мазмұнының қысқа, ықшамдалған 
түрі. Реферат түпнұсқада көтерілген барлық мәселені қамтуға тиіс. Рефераттың 
өз құрылымы бар.
1. Реферат жасалатын құжат саласының не бөлімінің аты. 
2. Тақырыбы. 
3. Түпнұсқаның авторының аты-жөні, шығарған баспа, жылы (журнал 
болса аты және нөмері). 
4. Реферат жазылатын материалдағы басты ойды ықшамдап береді, оған 
өз пікірін қосуға болмайды. 
5. Рефераттың мазмұны түпнұсқада берілген жүйемен, ізбен баяндалады. 
Рефераттар ақпараттық немесе реферат-конспект болып және индикативтік 


116 
немесе реферат-резюме болып бөлінеді. Алғашқысында барлық негізгі 
шығарылса, екіншісінде негізгі мәліметтерді санамалап қана айтып, бұл 
бойынша қорытынды дәлелдер келтірілмей-ақ беріледі. 
ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі 
бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік 
ойларының жиынтыңғы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-
биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе 
беллетристикалық сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, 
анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе 
пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. 
Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді. ол кез-келген стилде 
жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. 
Академиялық жазылым мәселелерін зерттеп жүрген Е. Оспанов «Эссе және 
оның түрлері» атты еңбегінде: «Академиялық эссе жазу барысында автор өз 
ұстанымын, идеясын жүйелі түрде жаза отырып, пікіріне қатысты дәлелдер мен 
дәйектер келтіруі тиіс. Автордың негізгі мақсаты – өз оқырманына өз ойын 
барынша тиянақты, мағыналық жағынан жүйелі етіп ұсыну болып табылады. 
Сондықтан эссе жазуда оның құрылымына, осы құрылымның логикалық түрде 
берілуіне аса мән беріледі. Эссенің мазмұндық тұтастығы осы құрылымға 
бағынады. Бірақ эссе құрылымының белгілі бір формуласы жоқ. Құрылым 
эссені тапсырмасына, яғни қай бағытта жазылуына тікелей тәуелді»,-деген пікір 
айтады[161, 3 б.]. Аталған еңбекте автор эссенің бірнеше түрін атап көрсетіп: 
дискуссивті эссе, аргументтік эссе, салыстыру эссесі, себеп-салдар эссесі, 
келісу немесе келіспеу эссесі, мәселе және оның шешімін қарастыру эссесі, 
синтез эссе, сипаттамалық эссе, уәждемелік эссеге мысалдар мен жаттығу 
тапсырмаларын жүйелеп берген.
Жоғары кәсіби білім беруде әдебиетті оқыту әдебиеттің даму 
тенденциясына байланысты көркемдік құндылығы жоғары туындыларды 
меңгертуді көздейді. Әдебиет үздіксіз даму үстінде болатын процесс 
болғандықтан, әдебиеттің соңғы жылдар ішіндегі табыстарының өзі қазіргі 
кезең әдебиеті курсының мазмұнына едәуір өзгерістер енгізіп, үнемі оқу 
бағдарламаларын жаңартып, қадағалап отыруды қажет етеді. Білім беруді 
түсінудегі өзгерістер оқытудың жаңа тәсілдерінің, білімалушыларды оқыту 
стратегияларының, құралдардың, әдістер мен әдістердің пайда болуына 
әкелді[162, 206 б.].
Оқу процесінде жеке тұлғаның білікті маман етуге бағытталған оқыту 
тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне шықты. 
Өйткені, белгілі бір оқу орнын бітіріп шыққан түлектің алған білімі жұмыс 
берушінің талабымен сәйкес келе бермейді. Ақыры, сол маманға мұқтаж болып 
отырған жұмыс беруші жас кадрды қайтадан даярлап, оқытуға мәжбүр. 
Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. 
Сондықтан да кәсіптік білім беру саласында студенттерді кәсіби мамандыққа 
үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. 
Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық 


117 
процестерді меңгеруі үшін өндірістік оқытуда көптеген инновациялық 
әдәстерді тиімді қолдана отырып, мамандығын жақсы меңгерген, білімін әрі 
қарай жетілдіріп отыратын білікті де, білімді кәсіби мамандар даярлауға әбден 
болады деп есептеймін. 
3.2 
Қазіргі қазақ повестеріндегі мифтік сарындарды оқытудың
инновациялық жолдары 
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – 
білім алушы жастардың білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге 
көтеру. Ол үшін білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын 
меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Уақыттың 
талабына орай педагогикалық технологияны меңгеру студенттердің кәсіптік
интеллектуалдық, азаматтық, адамгершілік, рухани және басқа да көптеген 
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Сонымен бірге өзін-өзі 
дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бұл өз 
кезегінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау жоғары мектептің маңызды 
міндетіне айналып отыр деген сөз. Мемлекеттік тапсырысқа сай мамандарды 
даярлау үшін кез-келген жоғары оқу орнының ең бірінші мықты оқытушылық 
корпусы болуы қажет. Сәйкесінше, жоғары мектеп оқытушысына қойылатын 
кәсіби талаптар да жоғарылауда. 
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға 
қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал 
және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен 
құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей 
білу 
мұғалімнің 
педагогикалық 
шеберлігіне 
байланысты. 
Берілген 
анықтамалардан «технология» technе – өнер, шеберлік және logos – ғылым, заң, 
яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге 
болады[159, 36 б.].
Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-
бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай 
жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына 
және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал 
әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, 
әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа 
материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, 
сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу 
технологиясын жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы 
жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерек-
шеліктерден оқытушының оқу шеберлігі көрінеді. Игібаева А.К., Дюсенбаева 
А.Т. «Жоғары мектеп педагогикасы» атты еңбегінде: «Педаго-гикалық 
технология кешенді, біріккен үрдіс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, 
құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және 
білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды 


118 
қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, 
олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде 
орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьяченко және т.б.), екіншіс іс –
тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жәнет.б.)» 
[154,104 б.],-деген пікір келтіреді. Яғни заман қаншама өзгеріске ұшыраса да, 
қоғам қаншама төңкерісті бастан кешірсе де өзгермейтін, білімнің қозғаушы 
күші болатын бір тұлға бар, ол – оқытушы деген ой келеді. «Қaзaқтың қaны бiр, 
жaны бiр қoлбacшыcы – мұғaлiм», - деп М.Жұмабаев айтқандай, ұрпағымыз 
саналы да білімді болуы – заман талабы және ортақ мақсатқа кіреді. 
Осы орайда технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі 
идея қашан пайда болған? деген сұрақтардың тууы орынды. Қазіргі заманғы 
педагогикалық технологияларды зерттеп жазған оқулық, оқу құралы, 
диссертацияларды т.б. қарағанда мұндай ғылымдық мәні бар жаңалықты 
барлығы Я.А.Коменскийден бастайды екен. «Ұлы педагог – ғұлама 17-ғасырда-
ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның 
мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский 
еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық 
пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі 
ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген 
жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты 
жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек»[159, 10 б]. 
Ал оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың 
басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық 
мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шетелдегі педагогикалық қазіргі 
заманғы технологияларды зерттеуде неғұрлым танымал зерттеушілер ретінде 
Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко, Л. Я. 
Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерики есімдері аталады. Отандық 
зерттеушілерден Г.М.Құсайынов, Ж.Қараев еңбектерінде педагогикалық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет