Құнанбаева Д.Ə



бет31/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
шб кытап ()

6.1-сурет. Сапа шығындарының классификациясы

Толығырақ қарастырайық:



  1. Ақаулардың алдын алу шығындары:

    • сапа жүйесін жоспарлау;

    • материалдың, процестің, өнімнің техникалық сипаттама- ларында сапа бойынша тұтынушы күтулерін өзгерту;

    • өлшеу жəне сынау жабдықтарын құру жəне құрылымдау;

    • сапаны талдау жəне құрылымды тексеру;

    • өлшеу жəне сынау жабдықтарын ұстау жəне тексеру;

    • сапасын бағалау үшін пайдаланылатын өндірістік жаб- дықтарды ұстау жəне тексеру;

    • жеткізушілер кепілдігі, əлеуетті жеткізушілерді бағалау жəне оларды қолдау;

    • сапа саласындағы кадрларды дайындау;

    • сапа жүйесіне аудит жүргізу;

    • сапаны жақсарту бағдарламасы, есептілікті құру жəне ба- қылау, оның ішінде мəліметтерді жинау мен талдауды қосқанда;

    • сатып алынғанды талдау жəне сапалық сипаттамалары туралы баяндама;

    • сапаны жетілдіру бағдарламалары.

  1. Бағалау жəне бақылау шығындары:

    • өндірістен алдыңғы тексеріс (тексерушілердің жалақысы, тексеріс үшін қажетті материалдарға кеткен шығындар жəне т.б.);

    • бақылау əдісін таңдау;

    • зертханалық сынақтар жүргізу;

    • бақылау жəне сынақтан өткізу;

    • бақылаушы жəне сынақтан өткізуші жабдықтар;

    • бақылау жəне бағалау үшін қажетті материалдар (бақылау шығындары жəне шикізат пен материалдарды сынақтан өткізу);

    • бақылау жəне сынақтан өткізу нəтижелерін талдау жəне олар туралы есеп;

    • жұмысқа қабілеттілікті тексеру;

    • қоймадағы қорларды бағалау;

    • қоймалауды түгендеу.

  1. Ішкі бас тартуларға байланысты шығындар:

    • ақау (сапа талаптарына сəйкес келмейтін материалдар құ- нын қоса есептегенде);

    • дилерлердің бас тартулары;

    • сапа деңгейінің төмендеуі (сапа талаптарына сай келмей- тін себептерді анықтауды қосқанда);

    • олқылықты;

    • қайта сынау жəне бақылау;

    • ақауларды іздеу жəне жою, ақауларды немесе бас тарту- ларды талдау.

  1. Сыртқы бас тартулармен байланысты шығындар:

    • шағымдар (шағымдардың себептерін зерттеу, тұтынушы- ның қанағаттанушылығын қалпына келтіру, құқықтық даулар мен өтемақы);

    • қайтару кепілдігі (қанағаттанарлықсыз өнімді ауыстыру немесе жөндеу, қызмет көрсету шығындары);

    • кемітулер;

    • тұтынушылар қайтарған өнімдер;

    • сатуды жоғалту;

    • өнімді сипаттау шығындары;

    • өнім үшін жауапкершілік.

Шын мəнінде, сапа шығындарын жою өте қиын. Шығын- дарды минимизациялауға ұмтылу қажет. Дегенмен сапа шығын- дарының барлығы төмендетуге келе бермейді. Сондай-ақ ақау- дың алдын алумен байланысты шығындар қажетті болып табы- лады, себебі шығындардың басқа топтарын қысқартуға мүмкін- дік береді. Мысал ретінде сапа бойынша персоналдарды дайын- дауды келтіруге болады. Егер басшылық осы сала бойынша ақ- шаны аямайтын болса, онда ішкі жəне сыртқы бас тартулар мей- лінше қысқаратын еді. Келесі шығындарды болдырмау жəне олардың орын алуынан қашу қажет:

    • пайдаланылмаған материалдар;

    • ақауларды өңдеу немесе қайта өңдеу;

    • ақаулы өнім шығаруға себеп болатын кешігулер, артық өндірістік уақыт;

    • анықталып қойған ақау деңгейін қосымша тексеру жəне бақылау;

    • міндеттеме кепілдігін қоса алғанда тəуекелдер;

    • тұтынушының қанағаттанбауымен байланысты сатуды жоғалту;

Осылайша, болдырмауға болатын шығындар жəне сапаның қол жеткізген деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті болып са- налатын шығын түрлері бар.
Сонымен қатар экономикалық əдебиеттерде сапа шығында- рының басқа да топтары қарастырылады. Жалпы олар келесі белгілер бойынша жіктеледі:

    • тағайындалу бойынша – сапаны бағалау, жақсарту, қам- тамасыз ету, басқару шығындары;

    • мерзімі бойынша – ағымдық, бір реттік;

    • орындылығы бойынша – орынды, орынды емес;

    • өзіндік құнға кіру бойынша – тікелей, жанама;

    • есепке алу мүмкіндігі бойынша – тікелей есепке алына- тын, тікелей есепке алынбайтын, есепке алу үшін экономикалық тиімсіз;

    • өмірлік циклдің саты бойынша – дайындау, өндіру, іске қосу (тұтыну) барысында сапа шығыны;

    • құрылымдау сипаты бойынша – кəсіпорын, өндіріс, цех, учаске, өнім түрі бойынша;

    • қалыптасу жəне есепке алу көлемі бойынша: өнім, про- цесс, жұмыс, қызмет.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет