Құнанбаева Д.Ə


Функционалдық-құндық талдауды (ФҚТ) жүргізу тізбегі



бет33/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69
шб кытап ()

Функционалдық-құндық талдауды (ФҚТ) жүргізу тізбегі


ФҚТ тізбегі келесідей болып келеді: объектінің функцио- налдық-параметрлік сипаттамасын іздеу, функционалдық-құры-


лымдық талдау, функцияларды экономикалық бағалау жəне жаңа техникалық шешімдердің іздеу бағытын анықтау, техника- лық шешім нұсқаларын салыстырмалы бағалау жəне ең жақсы- сын негіздеу. Осыдан ФҚТ-ның типтік реті қалыптасты: дайын- дық, ақпараттық, талдаулық, зерттеу, ұсынылатын жəне енгізу.
Бірінші дайындық кезеңінде шығын көтеруші – талдау объектісі нақтыланады. Бұл, əсіресе өндіруші ресурстар шектеу- лі жағдайда маңызды болып табылады. Мысалы, үлкен көлемде шығарылатын өнімді анықтау, өңдеу немесе жетілдіру қымбат тауарды майда сериялы көлемде өндіруге қарағанда кəсіпорын үшін көп пайда əкелуі мүмкін.
Бұл кезең басқалармен салыстырғанда сапасы жоғары, əрі өзіндік құны төмен нұсқа табылғанда аяқталады.
Екінші ақпараттық кезеңде зерттелетін объекті туралы мəлі- меттер (тағайындалуы, техника-экономикалық сипаттамалары) жəне оның құраушы детальдары мен блоктары туралы мəлімет- тер (функциялар, материалдар, өзіндік құн) жиналады. Олар ашық ақпараттық желі қағидасы бойынша бірнеше ағынмен ке- леді. Оған өнім сапасын жақсарту жəне өнімді өндіруге кететін шығындарды төмендету бойынша ақпарат кəсіпорынның эконо- микалық жəне конструкторлық бөлімшелерінен жəне тұтыну- шылардан түседі. Тұтынушылардың қалаулары мен бағалаулары маркетингтік бөлімде жинақталады. Жұмыс барысында бастап- қы мəліметтер барлық мүдделі бөлімшелерден өтіп сапа мен шығынның сəйкесті көрсеткіштеріне айналып өңделеді жəне жоба жетекшісіне келіп түседі.
Үшінші талдау кезеңінде өнім функциялары (оның құрамы,
пайдалылық деңгейі), оның құны жəне қосалқы мен қажетсіз функцияларды шығарып тастау арқылы құнды төмендету мүм- кіндігі толығымен зерттеледі. Мұнда қосалқы мен қажетсіз функциялар қатарында тек техникалық қана емес, сонымен қа- тар органолептикалық, эстетикалық жəне тауардың немесе құ- рамдас бөлігінің басқа да функциялары болуы мүмкін.
Бұл əрекетті орындау үшін Эйзенхауердің АBC қағидасы пайдаланылады. АВС қағидасына сəйкес, функциялар бөлінеді: А – негізгі, маңызды, пайдалы; В – қосалқы, көмекші, пайдалы; С – қосалқы, көмекші, пайдасыз (6.2-сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет