Құнанбаева Д.Ə



бет53/69
Дата20.05.2022
өлшемі1.06 Mb.
#458312
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
шб кытап ()

10.1-сурет. Кəсіпорынның шығындарын талдау схемасы

Кəсіпорындардың өндірістік, қызмет көрсету жəне функ- ционалды-басқарушылық бөлімшелерінде шығындар бюджеті есептеледі, бекітіледі жəне олардың орындалуына талдау жүргі- зіледі.


Кəсіпорынның негізгі қызметі бойынша шығындарды тал- дау келесі негізгі жұмыстардың орындалуын қамтиды:

    • экономикалық элементтер бойынша өнімді өндіру жəне өткізу шығындарының жалпы сомасын талдау. Нəтижесінде шығындардың құрылымдағы өзгерістер мен өнімнің материал-, қор-, еңбексыйымдылығының өзгерісі анықталады;

    • калькуляциялық баптар бойынша дайын өнімнің (жұмыс- тың, қызмет көрсетудің) өзіндік құнын талдау. Калькуляциялық баптардың динамикасы шығындар қандай мақсатқа жұмсалға- нын жəне өндірістің спецификалық ерекшеліктерін көрсетеді;

    • өнімнің (жұмыстың, қызмет көрсетудің) жеке түрлерінің (жəне бірлігінің) өзіндік құнын талдау. Кəсіпорынның жалпы өнім көлемінде ең көп үлес салмағын құрайтын бұйымдар бойынша шығындардың өзгерісі зерттеледі;

    • өндіріске қызмет көрсету жəне басқару шығындарын тал- дау. Талдау нысаны болып табылатындар: жабдықтарды жұмыс күйінде ұстау жəне пайдалану шығындары, цехтық шығындары, жалпы өндірістік (жалпы шаруашылық) шығындары;

    • өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы шығындарды талдау. Нə- тижесінде кəсіпорынның шығындары тиімді немесе тиімсіз басқарылатыны анықталады;

    • өткізілген өнімнің шығындарын талдау. Талдау нысаны болып табылатындар: өткізілген өнімнің нақты өндірістік өзін- дік құны жəне коммерциялық шығындар, яғни өнімді сату жəне оны тұтынушыға жеткізу шығындары.

Талдау жасау барысында есептік кезеңдегі нақты шығындар деңгейін алдыңғы кезеңде болған немесе жоспарланған шы- ғындармен салыстыру, шығындардың көлемін жəне олардың құрамы мен құрылымы бойынша өзгеру себептерін айқындау, шығындардың өсу немесе қысқару факторларын белгілеу, оларды төмендету резервтерін анықтау қажет.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет