Құнанбай мен Абай Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе, әсте. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолында»



бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі22.93 Kb.
#461945
түріСабақ
  1   2
құнанбай бейнесі


Құнанбай мен Абай
Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе, әсте. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолында» қос дара тұлға - Құнанбай мен Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді. Төменде аталмыш мәселеге ден қойып, кейбір аспектілерге оқырман назар аударып көрмекпін.
Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1885) күллі саналы ғұмырын ел жұмысына сарп етті. Заманы патшалық Ресей қазақ даласын отарлау үшін қабылдаған Ескі (1822 ж.) және Жаңа Ережелер (1868 ж.) аралығына тап келді. Қазақ мінезі, болмысы қалай өзгерді десек те, қазақ елі қандай бағытқа бұрылды десек те, һәмишә өзгерістер мен бұрылыстардың осынау екі Ереже аралығы - Құнанбай заманы сағасына құяры сөзсіз. Демек, кейіпкеріміздің бейнесін толық ашуға сол заманның қыры-сырын, қат-қабат қалтарысын түгендеу керек. Бірақ бұл мақала міндеті басқа. Құнанбайдың «тобықтыны ел қылған» қайраткерлігі, Абай, Шәкәрім тәрбиесіне тигізген ықпалы және мұсылмандық бейнесі деген қырларын демдеп көрсек те жеткілікті.
Құнанбайды Тобықты елі ә баста «мырза» деген, Мекке сапарынан соң «қажы» атаған. Қажының халық қамқоршысы болған қайраткерлік қыры аз айтылып-жазылып жүрген жоқ. Зерттеуші ғалымдардың еңбегі көбіне ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов жинақтаған естеліктерге, поляк саяхатшысы Янушкевичтің күнделігіне және өз ұрпағы Абай, Шәкәрім, Ахат айтқан сөздерге негізделеді.
Мұхтар Әуезов 1933 жылғы Абайдың толық жинағында: «Құнанбайдың кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын» деп мәлімдеген еді. Десе дегендей, Құнанбай туралы қанша айтсақ та артықтық етпейді. Ол Тобықты руларын орналастыру, дау-жанжалды реттеу, ауыл басы молда ұстау, мұсылмандықты өтеу (намаз оқу, зекет беру), балаларды оқыту т.б. әлеуметтік істерде көп еңбек сіңірді. Өзінің айналасына жақсы жерден қыз алу, араағайын татулығын сақтау, сол үшін бірінің баласын екіншісі бауырына салу салтын екті. Қысқасы, Ырғызбайлардың жалы күдірейген көшелі елге айналуы - Құнекеңнің арқасы.
Енді Құнекеңнің тәлім-тәрбиелік ықпалы дегенге ойысар болсақ, оның көпқырлы мәселе екені шүбәсіз. Сөз басында айтылғандай 1868 жылға шекті уақытты Құнанбай заманы десек, осыдан берідегі дәуірді Абай заманы деп анықтау заңды. Өйткені, Абайдың тұстастары «Жаңа низам» аталған жаңа Ереже жағдайында өмір кешті. Сөйтіп, «Абай жолы» роман-эпопеясының әкелі-балалы екі басты кейіпкері екі түрлі дәуірдің өкілдері болып табылады. Былайша айтқанда, бірі – ескінің арты, бірі – жаңа жолдың басшысы еді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет